Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 14:00, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықтау;
2. Сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгілеу.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
1-тарау. Лексика және оның қатысымда қолданылуының ғылыми-теориялық негіздері.
1.1. Тіл және сөйлеу, сөз қолдану мәдениеті........................................................5
1.2. Лексикалық норма және оның қолданылу аясы..........................................25
2-тарау. Сөз қолдану мәдениеті.
2.1. Сөздің қолданылу ерекшеліктері.................................................................33
2.2. Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестердің сөйлеудегі (жазудағы қолданысы)............................................................................................................41
2.3. Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану............46
2.4. Сөздердің сөз тіркесі мен сөйлемдерде қолданылу ерекшеліктері, грамматикалық норма..........................................................................................49
2.5. Жазба жұмыстарда болатын қателер және олардың жіктелуі..................77
Қорытынды...........................................................................................................86
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі..................................................................90

Файлы: 1 файл

сөйлеу әрекетіндегі лексикалық нормалары.doc

— 586.50 Кб (Скачать файл)

           Көптеген  тіл мамандары мен ғалымдардың  ой-пікірлерін қорытындылай келіп  стильдік қателердің мына сияқты  түрлері кездеспейтіндігі байқалады.

           1. Фонетикалық қате. Мұндай қателер адамдардың ауызекі сөйлеу барысында көптеп ұшырасады.                       

           а) Сөздегі  кейбір дыбыстыалмастырып қорлдану. Мысалы, бітірді-пітірді, жүз-дүз, ұқсап-құсап  т.б.

           ә) Сөздегі кейбір дыбыстарды түсіріп қолдану. Мысалы, алыпты-апты, қалыпты-қапты, атағанбыз-атағамыз, көргенбіз-көргеміз т.б.

           б) Кейбір  екі сөзден тұратын тіркестердегі  бірінші сөздің соңындағы дыбыстарды  түсіріп, қысқартып, екі сөзді біріктіріп  қолдану. Мысалы, барған соң – барғасын, келген соң – келгесін, алып барды – апарды, алып келді -әкелді т.б.

           в) Кейбір  сөздерге артық дыбыстар қосып  қолдану. Мысалы, тағы-тағын, барасыз-барасыңыз  т.б.

           2. Лексикалық қате. Адамдардың тілінде ең көп кездесетін қателердің бірі – лексикалық қате. Оның мына сияқты түрлері кездеседі.

           а) Бір  сөзді қайталап қолдана беру. Мысалы, Динара ерте тұрды. Динара  дене қимылдарын жасап, беті-қолын  жуды. Динара тамақтанып, мектепке  кетті.

           Мұндай қателерді адам мына себептерден жіберетіндігі байқалады: біріншіден, оның ой-өрісі тар, екіншіден, сөздік қоры тапшы, сол қолданылатын сөзді синонимімен немесе басқа сөздермен ауыстырып қоладануға дағдылыланбаған.

           ә) Сөздің  беретін мағынасын түсінбегендіктен орынды қолданбайды. Мысалы, Махамбеттің Исатай мықты жолдасы болды. Бұл сөйлемдегі «мықты» деген сөзді ауыс мағынада қолданғысы келгенмен, бұл сөйлемде ойды тиімді де көркем беруде септігін тигізіп тұрған жоқ.   

           б) Фразалық тіркестердің мәнін білмей қолдану. Мысалы, Абылай хан жас кезінде Төле бидің баласы болды. Бұл сөйлемде жазушы «қол бала» деген фразалық тіркестің «жәрдемші» ескермей, оны «жалшы» деген мағынада қолданған.

           в) Кейбір  сөздерді қолдануда кісілер сол сөздің экспрессивті-эмоциональды мәні мен стильдік реңін білмейтіндігі байқалады. Мысалы, Біржан Сараны күшті ақын екендігінен жеңген жоқ.

           Мұндай  қателерді сөздердің ауыспалы  мағынасы мен стильдік реңін  жете түсінбегендіктен жібереді.

           г) Кейде адамдар тілінде жергілікті диалект сөздер қолданады. Мысалы, Ер Төстік сосын жер астына түсіп кетті. Азанда ауқатын ішіп, мектепке кетті.   

           ғ) Ойға  қатыссыз артық немесе даяр  «штамп» сөздерді пайдалану. Мысалы: 1. Бала атасымен жолға шықты. 2. Содан соң бала сынған тағаны көрді. 3. Сөйтіп оны алмады.

           Кейбір  адамдар ауызекі сөздерін де  ғана емес, жазба жұмыстарында  да басқа тілден енген сөздерді  қалай болса, солай қолданатындығы  байқалады. Әсіресе, орыс тілінен  енген сөздердің аудармасы бола тұра, орынсыз, бей-береке қорлдана береді. Мысалы, дежурный болдым, остановкада тұр, светті жақ т.б.

           3. Морфологиялық қате. Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай білмеуден, олардың стильдік реңін дұрыс түсінбеуден жіберіледі. Адамдардың ауызекі сөздері мен жазба жұмыстарында оның мынадай түрлері кездеседі.

           а) Адамдардың  тілінде кейде өзінше «сөз  жасау» практикасы кездесіп қалады. Мысалы, мектеп құрылысына баташылар  мен сылаушылар, ағаш ұсталары  мен ісшілер келді. Бұл сияқты қателер адамның қосымшалардың сөз тудыру, жалғану аясын білмегендігінен болады.

           ә) Кейбір  септік жалғауларынан мағыналық  реңдерін түсінбей ауыстырып  қолдана береді. Мысалы: Абай жас  кезінде молдаға оқыды. 

           б) Көптік  жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау немесе көптік жалғаудың көптік мәнінен басқа рең беру ерекшеліктерін білмей қолданады. Мысалы: Егістіктерде малдар жайылып жүр. Биылғы көктемде жауындар көп болды.

           в) Бір  түрлі жалғауларды сөйлемде қат-қабат қолдану арқылы сөйлемнің көркемдігіне нұқсан келтіреді. Мысалы, көктемде күзде орманның ағаштарының жапырақтарының түсі сарғаяды.

           г) Сөз  таптарының жұрнақтарын сөйлем  мен сөйлемді байланыстыру мақсатында  немесе негізгі сөздер мен  көмекші сөздерді пайдалануда қатар қолданып, ойды түсінуді қиындатады. Мысалы, Төстік жоғалып кеткен ағаларын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шықты.

           Мұнда  етістіктің қосымша түрінің жұрнағын  қайталар үсті-үстіне қолдану  жай сөйлемдерді тиянақсыз айтайын деген ойын түсінуді қиындатады.

           4. Синтаксистік қателер. Бұндай қателерге сөз бен сөздің байланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем түзуінен жіберілген кемшіліктер жатады. Бұл қателердің мына түрлері кездеседі. 

           а) Сөйлемдегі  сөздердің байланысу тәсілдерінен  қате жібереді. Мысалы: Алыстан ағаш  басы қарауытып көрінеді. 

           ә) Сөйлемдегі  сөздердің орын тәртібінен қате  жібереді, сөздердің әдеттегі орнын  ауыстырып қолданудағы стильдік  мәні ескермейді. Содан адамдар инверциядан қате жібереді. Мысалы: Ұзақ сапардан арып-ашып келді Ер Төстік. Бұл сөйлемде бастауыш (Ер Төстік) өз орнында тұрған жоқ.

           б) Құрмалас  сөйлемдегі жай сөйлемдердің  ара жігі ажыратылмай араластырып, бір-бірімен байланыстырылмай, айтайын деген ойы шашыраңқы берілуі кездеседі. Мысалы: Интернатқа Борыштың апасы келіп, анасы оны көріп, сүйіп, айқайлап жылап, құшақтады.

           в) Сөйлемде  екі бастауыш қатар қолдану  кездеседі. Мысалы: Ғабит Мүсірепов  ол «Қос шалқар» әңгімесін жазды.

           5. Логикалық қате. Ойды көркемдеп әдеби тілдің нормасында жеткізуде әр сөз, сөз тіркесін және сөйлемді сұрыптап, оның құрылысына, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіне, сөздің лексикалық мағынасына қарап әсерлі де нақты пайдалану тілімізде жеткіліксіз.

           Кейде  адамдар ауызекі сөздері мен  жазбаша жұмыстарында айтайын  деген ойын шашыратып, сөйлемдеріндегі  ой бір-бірімен байланыспай, тұжырымды  пікір айту мен қорытынды жасауда  кемшіліктерге жол береді. Бір  ой аяқталмай-ақ екінші ойды бастайды немесе араластырып қолдана береді. Логикалық қателерге негізінде мынадай қателер жатады.

           а) Сөйлемдегі  айтылатын ойдың иесі белгісіз  болып қалады. Мысалы: Амангелді  сарбаздарына мылтық пен қылыш  таратып берді. Бұл сөйлемдегі Амангелдінің сарбаздарына мылтық пен қылышты таратып берген өзі ме, әлде басқа біреу ме екендігі белгісіз.

           ә) Сөйлемдегі  ой бір-бірімен байланысқа түспей  түсініксіз берілуі. Мысалы: 1. Әкесі  мен баласының қоштасар сәті  келді. 2. Екеуі құшақтасып ұзақ уақыт тұрды. 3. Оның көзінен, жас шықпады. Бұл сөйлемде кімнің көзінен жас шықпағаны белгісіз күйде қалған.

           Қорыта  айтқанда, адамдардың сөйлеуінде  негізінде осындай қателер кездеседі. Әрбір мәдениетті адам қарым-қатынас  үрдісінде осынау қателерге жол бермеуі тиіс.

 

 

                                                 Қорытынды

 

           Мектептегі  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  арқылы тіл дамытудың хал-жайын  зерттеу ісі мектеп оқушыларының  тілдік қорының жұтандығын, өз  ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алмайтындығын көрсетті. Оның басты себептері мыналар деп тұжырымдалады:

           - мектепте  тіл дамыту мен тіл мәдениетін  жетілдірудің тұтас жүйесі, көлемі  белгіленіп, ұйымдастыру нұсқаларының  анықталмағандығы;

           - қазақ  тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің тіл дамыту жұмысында ұйымдастыру мақсатында пайдаланатын зерттеулер, тәжірибелер жинақталып әдістемелік жүйенің болмағандығы; 

           - тіл  дамыту мақсатында қолданылып  келе жатқан бағдарламасы нақты  талап қойғанымен, оқулықтар мен дидактикалық оқу құралдарындағы, материалдардың жеткіліксіздігі, тілін дамыту мақсаты бойынша жетілдіру, толықтырудың қажеттігі.

           Лексикалық  қорды дамыта оқыту әдеби тіл  нормасына орай жүргізіледі. Әдеби  тіл нормасы білім 5-9-сыныптарда жүргізіледі. Ал 10-сыныпта тіл мәдениеті мақсаты бойынша қорытынды білім беріліп, тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Сондықтан біз зерттеуімізде бағдарлама талаптарына байланысты тіл мәдениетін дамыта оқытудың жүйесін бұрынғы игерген білім, білік дағдыларының негізінде құрдық. Бұл жүйе бойынша лексикалық құралдарды мына төмендегі мәселелер негізінде қарастырдық:

           1. Лексикалық  норма бойынша сөзді қолдана  білу мәдениеті икемділіктері  мен дағдыларын дамыту;   

           2. Грамматикалық  норма бойынша сөз тіркесі сөйлем құрастырудағы лексикалық құралдардың қолданылуы;

           3. Ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы  сөздер дің қолданылуы.

           Лексика  бөлімінің білімдік, танымдық маңызы  оқушылардың тіл білімі туралы  ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикасымен, морфологиясы, синтаксисі және стилистикасымен қатынасын түсінуіне, сөйтіп бүкіл тілдің жүйесін тұтас ұғынуына мүмкіндік береді, ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматика туралы білім барысында кеңейіп, тәжірибелік маңызы ашыла түседі.

           Қазақ  тілі сабақтарында тіл дамыта  оқыту мақсатындағы лексикалық  білім беру мына бағытта ұйымдастыралады:

           1. Сөзді  мағынасына қарай дұрыс қолдана  білу. Мұндағы мақсат – оқытылатын  тақырып, мәселеге байланысты сөздерді, терминдерді игеру және оны өз тәжірибесінде пайдалана білу.  

           2. Игерген  сөздерді, өз ойын жеткізуде, сауатты  жазуда қолдана білу.

           Ана  тілі қарым-қатынасты жүзеге асырудағы  тілдік құралдарды қолдана білудің жүйесі. Тілдік әрекет ойлау әрекетімен байланысты. Сондықтан әрекетті іске асыратын қабілеттілікті икемділік деп, амалды автоматты түрде жүзеге асыру қабілеттілігін дағды деп түсінеміз. Демек, жазбаша сөйлеу дағдысы дегеніміз – сөйлеу амалы, ал икемділік қарым-қатынастың әр түрлі ахуал мен жағдайындағы білім мен дағдыны қолдана білу қабілеттілігі. Сондықтан қатысымдық біліктілік деген мәнді білдіреді десек, екіншіден, қарым-қатынастың ахуалына орай сөйлеу әрекетін шешу болып табылады.

           Бала тілінің дамуы өзі қарым-қатынас жасайтын ортасының ұйымдастырылуына байланысты, сондықтан баланы ең алдымен сөйлей білуге, қарым-қатынас жасауға жаттықтырылады.

           Тіл  мәні мен мазмұны баланың қарым-қатынас  жасау үшін ана тілінің жүйесі  мен заңдылықтарын игеруіне, сол игерілген білім мен дағдыларын өзін қоршаған өмірдегі ұғымдар, пайымдау негізінде ойлау икемділіктерін арттырып, күнделікті қарым-қатынас пен өз тәжірибесінде түрлі орындар мен ахуалдарға орай пайдалана білу шеберліктерін қарастыру болып табылады.

           Ойлау  мен сөйлеудің қатынасы жөніндегі  мәселе психологиялық зерттеулерде  орын алады. Оқушылардың ақыл-ой  жағынан дамуы олардың тілінің  дамуына да игілікті ықпал  жасайды.

           Қоршаған  ортаны жеке адам тіл арқылы  қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде толық біле алады. Бұл оқытудың негізі болып, таным мен қарым-қатынас арасындағы әр түрлі байланыстар оқу үдерісі нәтижесінде жан-жақты кеңейтіледі. Ол тек әрекет барысында ғана емес, таным қызметіне әсер етеді. Демек, мұғалім жетекшілігімен танымдық іс-әрекет оқушылар әлемді нақты, жүйелі тану, ғылыми ақиқаттарды меңгеруге көшеді, білімі артады. Нәтижеде бала жазбаша сөйлеуге, қатысым жасауға материал жинақтайды.

           Адам  ой әрекетімен ашылған заңдылық, байланыс, тәуелдік қатынастар тілдің сөздік және грамматикалық тұлғаларында өмір сүреді. Ой танымының жоғарғы сапасы ретінде де, үрдіс ретінде де ойлау мен сөйлеудің осы бірлігінен туындайды. Демек, тіл дамыту – ой дамыту. Ойлау, сөйлеу әрекетін туғызады. Сөйлеу әрекетінің жүйелі, мазмұнды болуы ақыл-ой амалдарына: талдау, жинақтак, нақтылау, абстракциялау, жалпылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау дағдыларына байланысты. Демек, тіл дамыту әрекет дәрежесінде жүргізіліп, қарым-қатынастың табиғи түрінде, пікір айту оқытудың түрткілері арқылы  жүргізілсе нәтижелі болады.

           Логикалық  ойлау амалдары баланың ойлау-сөйлеу  әрекетінің икемділіктері мен  дағдыларын арттыруға негіз болады.

           Қатысымдық  іс-әрекет негізінде оқытудың  мазмұны жалпы оқытудағы қарым-қатынас  үрдісінің моделі ретінде қарастырылады. Тілді меңгеру дегеніміз жеке адамның әр түрлі орта мен ахуалда қарым-қатынас мақсатымен жасалатын сөйлеу әрекеті. Жазбаша сөйлеудің өзіндік тілдік біліктілігі, икемділік пен дағдылары болады. Сөйлеуде дамыту мәселесі ретінде сөйлеу біліктілігінің мазмұнына мына төмендегі мәселелер енгізіледі: 

           - қатысымдық  әрекет мақсатына сай сөздік  қорының болуы. Сөйлеу әрекеті  лайық сөздік қоры мен өз  ойын жеткізуде қолдана білу  икемділігі мен дағдысының қалыптасуы;     

           - тілдік теориялық, орфографиялық, стилистикалық нормаларын нақты игеріп, ол туралы біліктілік пен қолдана білу іскерлігінің, тәжірибесінің жіктелуі;

           - сөйлеуде  қарым-қатынас пен әлеуметтік  жағдай (орны, стилі, ахуалы т.б.) міндеті  мен мақсатына сай жүргізе  білу іскерлігі.

           Бұл  біліктілік іскерлік пен дағдыларды  дамыту дұрыс оқытуға байланысты. Оқытуды ұйымдастыру нұсқалары  мен әдіс-тәсілдері педагогикалық –дидактикалық қағидалар мен ұстанымдарды басшылыққа алады. Сонымен бірге дамытудың өзіндік ұстанымдары бар: а) сөйлеу мен ойлауды бірлікте қарау; ә) қатысымды; б) жағдайға ыңғайлылық, ахуалдық; в) кешенді жүргізу; г) әдеби тіл нормасын есепке алу.

Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы