Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері және себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 09:47, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі Жұыссыздық – жалпы біздің елімізде ғана емес, қаржылық дағдарысы кезіндегі барлық елді де есеңгіретіп отырған қауіпті дерт.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жыл үшін экономикалық тарылудың салдарынан жұмыссыздықтың да арта түсетінін айтқан болатын. Ал бүгінде жаһандық экономика 2,6 пайыз тарылып отыр. Бұл көрсеткіш жылдың басынан бергі болжамдардың барлығынан жоғары. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, әлемдегі он миллиондаған адамды кедейшілік қинауы мүмкін. Тек бұл көрсеткіштің біраз бөлігін біздің еліміз еншілеп кетпесін деп тілейміз.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

I-тарау. . ҚР-ДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 ҚР-дағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері...........................................................................................................5

1.2 ҚР-дағы Жастар жұмыссыздығының пайда болуының алғышарттары..........................................................................................................8

II-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ҚОҒАМ ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР

2.1 Жастар жұмыссыздығы әлеуметтік проблемасы ретінде............................ 13

2.2 Жастарға арналған бағдарламалар……………………….............................17

III-тарау. ҚР-ДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

3.1 ҚР-дағы жұмыссыздықпен күрес……………................................................26

3.2 ҚР-дағы жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары..................................................................................................................32

Қорытынды............................................................................................................38

Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................39

Файлы: 1 файл

баур курсовой end1.doc

— 1.61 Мб (Скачать файл)

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМ  ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ                                            Т.РЫСҚҰЛОВ  атындағы  ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

                                   УНИВЕРСИТЕТІ

 

 




 

 

                       «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы

 

 

 

 

«Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәні  бойынша

 

Курстық жұмыс

тақырыбы:  Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері және себептері

 

 

 

                                   Орындаған:

050905 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының

Күндізгі  оқу  бөлімінің 

202 топ  студенті  Қораласов Б.К.

                                                                           Ғылыми  жетекші: ф.ғ.к., доцент

                                                                                                              Әбенова К.Ә..

                                                                                           Қабылдаған:  м.ғ.д., профессор

                                                                                                                 Алмабаев Ы.А.

                                                                                                                  аға  оқытушы

                                                                                                       Бердімұратова Қ.Қ.

 

                                                                                         

 

Алматы  2011ж.

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

 

I-тарау. . ҚР-ДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

1.1 ҚР-дағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері...........................................................................................................5

 

1.2 ҚР-дағы Жастар жұмыссыздығының пайда болуының алғышарттары..........................................................................................................8

 

II-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ҚОҒАМ ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ  ЖӘНЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР

 

2.1 Жастар жұмыссыздығы әлеуметтік проблемасы ретінде............................ 13

 

2.2  Жастарға арналған бағдарламалар……………………….............................17

 

III-тарау. ҚР-ДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

 

3.1 ҚР-дағы жұмыссыздықпен күрес……………................................................26

 

3.2 ҚР-дағы жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары..................................................................................................................32

 

Қорытынды............................................................................................................38

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К і р і с п е

 

Курстық жұмыстың өзектілігі Жұыссыздық – жалпы біздің елімізде ғана емес, қаржылық дағдарысы кезіндегі барлық елді де есеңгіретіп отырған қауіпті дерт.          Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жыл үшін экономикалық тарылудың салдарынан жұмыссыздықтың да арта түсетінін айтқан болатын. Ал бүгінде жаһандық экономика 2,6 пайыз тарылып отыр. Бұл көрсеткіш жылдың басынан бергі болжамдардың барлығынан жоғары. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, әлемдегі он миллиондаған адамды кедейшілік қинауы мүмкін. Тек бұл көрсеткіштің біраз бөлігін біздің еліміз еншілеп кетпесін деп тілейміз. 
 Көршіміз Ресейде де жұмыссыздық деңгейі биыл соңғы 9 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. «Ресей статистика» агенттігінің мәліметтері бойынша сәуір айының соңында елдегі нақты жұмыссыздық көрсеткіші 7,7 миллион адамды құраған, бұл экономикалық белсенді халықтың 10,2 пайызы. Ал Еуропада жұмыссыздық 10 пайыздан асып кетті. Англияда жұмыссыздар екі миллионға жетіпті. 
 Дамыған мемлекеттерде жұмыссыздық қаржы саласының қызметкерлерін қамтыса, дамушы мемлекеттерде шикізатқа әлемдік сұраныстың төмендеуіне байланысты осы саланың жұмыскерлерін қамтыған. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) болжамы бойынша әлемде 2009 жылы жұмыссыздар саны 50 миллионға жетсе, оның 23 миллионы Азия мемлекеттерінің тұрғындарына тиесілі делінген. Испанияда да 2000 жылдың шарықтау шегін аттап, былтырғы жылдың соңында мемлекеттің жұмысқа қабілетті тұрғындарының арасында жұмыссыздық көрсеткіші 13,91% өскен. Испаниядан кейін Словакия мемлекеті тұр – 10 пайыз. Соған ұқсас жағдай Чехияда да 5,3 пайызды көрсетті. Қытай мемлеке-тінде де жаппай жұмыссыздық, ресми тіркелген жұмыссыздар саны АҚШ-тан бес есе көп.  
 Азуы алты қарыс елдердің өзі жұмыссыздықпен жағаласып жатқанда біздің елдің мәселесі орынды екен деуіңіз де мүмкін. Ол да дұрыс. Бұл тұрғыдан біздің құзырлы орындар қол қусырып отырған жоқ. Мәселен, Үкімет осыдан екі жыл бұрын республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандар салу арқылы халықты жұмыспен қамту, несиелендіру тәжірибесін кеңейту, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту тәрізді толып жатқан жұмыссыздыққа жүген салатын бағдарламаларды қабылдады. Тіпті, ағымдағы жылдың аяғына таман Қазақстанда жұмыссыздық азая бастайды деп мәлімдеген еді ҚР үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев Президенттің қатысуымен өткен дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы жөніндегі кеңесте. «Республика экономикасында 2009 жылғы I тоқсанда 7,8 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жыл аяғына дейін әлі 250 мыңнан астам адам жұмысқа орналасуы тиіс» дейді мәліметтер. Бірақ мұның бәрі, Елбасының алдында ақталуды көздеген жалаң деректер болмаса игі.

Курстық жұмыстың мақсаты  Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтайшылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетті, кейінірек ол «Филлипс қисығы» деп аталды. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикады жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмағандардан құралады. Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі. Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдый отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, табиғи және т.б.Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықды екі топқа бөледі:

·        Жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты;

·          Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты.

     Еңбек нарығының қажеттіліктері жастардың өмір құндылықтарына сәйкес келмегені диссертацияда көрсетілген, сонымен қатар бұл сәйкессіздік жастардың белсенді түрде жұмыс іздеуіне кедергі болады, сондықтан да  экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне сәйкес келетін жүйені қалыптастыру керек.

Бұл жүйе төмендегідей қалыптасу  кажет: кәсіпорында, ұйымда және мемлекеттік  мекемелерде конкурстық сұрыптау негізінде  жастарды жұмыспен қамту және тәжірибелерді  ұйымдастыру;

    • жастар үшін жұмыс орындарын үлестіру мақсатымен аудандық арнайы бюджеттік қорлар жасау;
    • білім беру мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің ынталандыру жүйесін жетілдіру;
    • жастармен мамандыққа бағытталған ескертпелі жұмыс жүргізу;
    • жастар жұмыссыздығын алдын-ала ескерту жөнінде іс-шараларда қалыптастыру және жүзеге асыру;
    • жастарды баспа және электронды ауқымда ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру, еңбек нарығы және жастарды қолдану шаралары туралы анықтамалық және ақпараттық-әдістемелік әдебиеттерді баспаға шығару;
    • жас кәсіпкерлікті және жастар кәсіпкерлігін құру тәжірибесін дамыту, жастардың бизнес-жоспарларын кеңеспен және эксперттермен қамтамасыз ету.

 

 

 

I-тарау. ҚР-ДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

1. 1 ҚР-дағы Жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері

 

Қазіргі қоғамдағы жастар ролі, жас буынның әлеуметтік қызметтері, оның саяси позициясы мен көзқарасы, білімі мен кәсіби біліктілігі деңгейі, адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің теориялық және практикалық мәні аса зор. Қоғамдық үрдістегі жастар рөлі, оның қызметінің түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылығы, қажеттіліктері мен психологиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипатымен шарттасылған.

Халықтың осы тобын  зерттеудің негізгі мәселелерінің  біріне, біздің ойымызша, жастар еңбегінің  пайдаланылуын бағалау жататын  сияқты. Бұл өз негізінде жастардың  еңбек ресурстарын, жастардың еңбек  нарығын және оның жұмыспен қамтылуы мен   жұмыссыздық, көшіп-қону, табиғи өсу сияқты құрамдас бөліктерін әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси және басқа проблемалар мен факторлар аясында теориялық және практикалық зерттеу қажет екенін көрсетеді.[3]

Жастардың орнын әлеуметтік-экономикалық жүйеде талдау қажеттілігі ең аз дегенде екі маңызды шартпен негізднледі. Біріншіден, жастар шамамен Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 25% құрайды; екіншіден, бұл аса маңызды, олар – елдің болашағы, олардың қызметі оның әрі қарай дамуымен байланысты. Бүгінде жастар көбінесе қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын анықтайды. Сонымен бірге бұл дүние жүзіндегі еңбек нарығында, әсіресе Қазақстанда қатты осал топтардың бірі болып табылады. Аталған мәселелердің маңыздылығына қарамастан, оларға ғылыми зерттеулерде, бұқаралық ақпарат құралдарынды, үкіметтік құжаттарда аз көңіл бөлінеді.

18-24 жас аралығындағы жастар, бұл  – студенттер немесе кәсіптік  дайындықты аяқтаған жастар. Олар  еңбек нарығына кіріп жатқан, жеткілікті кәсіптік және әлеуметтік тәжірибесі жоқ, сонымен қоса төмен бәсеклестік мүмкіндігі бар осал топ болып табылады.

25-29 жастағы жастар, негізінен, кәсіптік  таңдау жасайды, қандай да бір  өмірлік және кәсіптік тәжірибесі  бар топқа жатады. Олар не қажет  ететінін біледі, көбінесе өзінің жанұясы бар және ұсынылатын жұмысқа үлкен талаптар қояды.[17]

Еңбек нарығындағы жағдайларда  маңызды көрсеткіш болып жұмыссыздықтың деңгей, сыйымдылығы және еңбек нарығының  конъюнктурасы болып табылады. Алайда мұндай статистика толығымен еңбек нарығындағы толық жағдайды көрсетпейді. Жастар еңбек биржасында басқа жастағы адамдармен салыстырғанда сирек тіркеледі. Нәтижесінде нарықтық қатынастың ерекшеліктерімен байланысты, жасырын жұмыссыздық, жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа құбылыстарының барлығы есепке алынбайды. жылдам өсу үстінде, әсіресе жылдам коммерциаланғандарда. Егер де қазіргі кездегі білікті мамандарды дайындау және оларға деген сұраныс өзгермесе, жақын аралықта біліксіз мамандар халық арасында жұмыссыздықтың ұлғаюын алып келуі мүмкін, ең алдымен жалпы орта мектепті бітірген, әрі қарайғы оқуын жалғастырмаған, мамандығы немесе қажетті біліктілігі жоқ – жастардың арасында. Сондықтан да жалпы білім беруін және жастарды кәсіптік оқытуды ұтымды ұйымдастыру қажет.

Қазіргі заманғы құрылымында аграрлық, индустриалды, қызмет көрсету және жұмыспен қамтамасыз етудің ақпараттық секторларында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен, себебі кәсіби білімінің жоқтығына байланысты. Аграрлық секторда  жұмыспен жастардың аз бөлігі қамтамасыз етілген, себебі еңбек ақысының төмен болуы. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету ұйымдасқан - экономикалық қатынастар жиынтығын көрсетеді деп есептейді, бұл басқару объектісінің және субъектісінің әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталған, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігін береді.

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясаты жөніндегі» заңына сәйкес жастар - бұл 16 жастан бастап 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттердің азаматтары және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты өмір сүріп жатқан азаматтығы жоқ тұлғалар.

Заңнамада анықталған еңбек ресурстарының  төменгі шекарасы болып 16 жас есептелетіндігін, сондай-ақ осы жасқа қарай жас  адамда бұлшық ет пен сүйек жүйесі қалыптасатындығын және оның белгіленген жұмысты орындай алатындығын  назарға ала отырып, осы жас жұмыс істеу кезеңінің заңды негізделген бастапқы сатысы болып табылады.

Сонымен қатар, дәл осы жаста  жастардың басым көпшілігі жалпы  білім мектебін аяқтайды және әр түрлі  себептерге байланысты ЖОО-ға немесе басқа білім мекемелеріне түсе алмағандары өзінің төмен біліктілігімен ерекшеленетін  белгілі бір еңбек түрімен айналыса бастайды.

Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап 2001 жыл аралығында  Қазақстан  Республикасының 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікті қамтамасыз ету жөніндегі» заңына сәйкес зейнеткерлік жас өзгертілді. Қазіргі кезде олар әйелдер үшін 58 жас және ерлер үшін 63 жас деп қабылданған.

Қазіргі таңда физиологтар былай деп тұжырымдайды, яғни отыз жастан асқан жас адамның денесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұлғаюы, басы мен бас миының көлемінің өсуі өз  жалғасын табады және осы процесс ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда ұзағырақ созылады.

Жоғарыдағы барлық айтылғандарды жалпылай отырып, Қазақстан Республикасында жастардың еңбек ресурстарының жоғарғы шектері әйелдер үшін 16-32 жасты, ал ерлерде  16-34 жасты құрауы тиіс.

Бұған сәйкес, заңнамада және тәжірибелік  қызметте жастардың еңбек ресурстарының  жас шектерінің ұлғаюы статистикалық материалдарды өте объективті түрде өңдеуге және осы санаттағылар санын талдауға ғана ықпал етіп қоймай, сонымен бірге зор ғылыми нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігіне, жастар өмірінің жағдайлары мен өмір сапасын жақсартуға, оның кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ  ұсынылатын жас аралығында өте өнімді қызметті жүзеге асыруға ықпал етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері және себептері