Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 09:47, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі Жұыссыздық – жалпы біздің елімізде ғана емес, қаржылық дағдарысы кезіндегі барлық елді де есеңгіретіп отырған қауіпті дерт.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жыл үшін экономикалық тарылудың салдарынан жұмыссыздықтың да арта түсетінін айтқан болатын. Ал бүгінде жаһандық экономика 2,6 пайыз тарылып отыр. Бұл көрсеткіш жылдың басынан бергі болжамдардың барлығынан жоғары. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, әлемдегі он миллиондаған адамды кедейшілік қинауы мүмкін. Тек бұл көрсеткіштің біраз бөлігін біздің еліміз еншілеп кетпесін деп тілейміз.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
I-тарау. . ҚР-ДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 ҚР-дағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері...........................................................................................................5
1.2 ҚР-дағы Жастар жұмыссыздығының пайда болуының алғышарттары..........................................................................................................8
II-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ҚОҒАМ ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР
2.1 Жастар жұмыссыздығы әлеуметтік проблемасы ретінде............................ 13
2.2 Жастарға арналған бағдарламалар……………………….............................17
III-тарау. ҚР-ДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
3.1 ҚР-дағы жұмыссыздықпен күрес……………................................................26
3.2 ҚР-дағы жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары..................................................................................................................32
Қорытынды............................................................................................................38
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................39
Қазіргі таңда мемлекет басшысының жастар
саясатына қатысты реформаларын мен білім
алып жатқан 75-жылдық тарихы бар әл-Фараби
атындағы қызық ұлттық университеті жемісті
жүзеге асырып жатқандығын өзімнің көзім
көріп жүр. Ректорымыз Бақытжан Тұрсынұлы
бастап отырған университет басшылығы
жастардың толыққанды білім алуына, олардың
кәсіби біліктілігін арттыруына, бәсекеге
қабілетті азамат болып қалыптасуына
ізгі шаралар ұйымдастыруда. Студенттік
өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылық
мектебінен өткен бүгінгі студент, ертеңгі
күні мемлекеттік саясат тұрғысынан ойлап,
Отан үшін қызмет ететін азамат болатындығына
сенімім кәміл! Осы орайда Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің студенттері
тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
салиқалы саясатымен қарқанды дамып келе
жатқан Қазақстанның жарқын келешегін
сомдаушы тамаша кезеңнің жеткіншектері
болып табылады. Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық
– еңбек нарығының бөлінбес элементі.
Жылдан жылға жұмыссыздық деңгейі әртүрлі
болып келеді. Бір жылы жұмыссыздық деңгейі
жоғары болса, келесі жылы төмен болады.
Бұған себеп не? Бұл мәселеде көптеген
себептерді алға тартуға болады. Ол: мемлекеттің
экономикалық деңгейі, халқымыздың әлеуметтік
жағдайы, білім деңгейі, инфляция, жұмыс
орындарының аздығы немесе жұмысшыларға
қойылатын талаптардың жоғарылығы, қатаңдығы,
тіптен еңбек шартының өзі де жұмыссыздықтың
туындауына әсер етеді [1]. Жұмыссыздық
әр мемлекетте бар және нарықта белгілі
бір көлемде болып жатады. Жұмыссыздықтың
шамадан тыс болуы халықтың әл-ауқатына
кері әсерін тигізері хақ. Ал бұл жағдай
мемлекеттің араласуын талап етеді. Қандай
мемлекет болмасын халықтың тұрмысы мен
әл-ауқаты деңгейінің жоғары болуы сол
елдің экономикасының артып, барлық жағынан
дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын
көрсетеді [2]. Жұмыссыздық – Қазақстандағы
кедейшіліктің басты себебінің бірі болып
отыр. Кедейлік себептерінің қатарына
жұмыссыздық пен қатар хылықтың шағын
бизнеске қатысуының шектеулі қол жеткізуін,
жұмыс істейтін кедейлер жалақысының
төмен деңгейін, коммуналдық және білім
саласындағы қызметтерге қол жеткізудің
төмендігін, азаматтардың жекелеген санаттарының
масылдық көңіл-күйін, сондай-ақ кедей
халықтың қоғам өміріне қатысу дәрежесінің
төмендігін жатқызған жөн. Жұмыссыздықтың
деңгейі жылдан жылға әртүрлі көрсеткіштермен
сипатталады. 2009 жылы жұмыссыздық деңгейі
6,6%-ға дейін жетті, ал бұл көрсеткіш 2008
жылы 6,6% құрады ал 2007 жылы 7,3% құраған
болатын. Яғни, жылдан жылға жұмыссыздық
деңгейінің төмендеуін байқауға болады.
Жұмыссыздардың жалпы саны 2009 жылы 554,7
мың адамды, 2008 жылы 557,8 мың адамды, ал 2007
жылы 597,2 мың адамды құрады. Оның ішінде
жастар жұмыссыздығының деңгейі 2009 жылы
6,7%, 2008 жылы 7,4%, ал 2007 жылы 9,4% құрады. Соның
ішінде әсіресе жастар жұмыссыздығы мәселесі
өзекті болып отыр [3]. Қалай десек те, жұмыссыздық
дерті – ауыр дерт. Осыншама жастарымыздың
жұмыссыз болып, олардың арасында нашақорлық,
түрлі қылмыс көбейе түскендігіне түк
таңдануға болмайды. Қандайда жұмыссыздық
болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық
және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде
жұмыссыз болу – тек қана жұмысты жоғалту
ғана емес, сонымен бірге адам өзінің ар-намысын,
абырой-беделін жоғалту деп есептеледі.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмыссыз
қалу өзінің қасірет жағынан жақын туыс
адамның өлімі немесе түрмеге түсуден
ғана кейін тұрады екен. Нарықтық экономикасы
дамыған көптеген елдерде еңбек нарығындағы
әртүрлі категориядағы адамдарға дифференциалды
түрде қарау көзделген. Әсіресе жастарға.
Осы мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықпен
күресу үшін арнайы бағдарлама жасалып,
ол өмірге ендірілді. ҚР Президентінің
1996 жылы 6 қазанда «Мемлекеттік жастар
саясатын жетілдіру шаралары туралы»
шешім шығып, онда осы мәселелерді қарастыру
көзделген [4]. Еңбек нарығындағы жағдайды
жақсарту мақсатында келесідей шараларды
жүзеге асыру қажет: -
- Шағын кәсіпкерліктің ары қарай дамуы үшін жағдайлар құру;
- Қала кәсіпорындарында жаңа жұмыс күшін құруға жәрдемдесу, жұмыс орындарын құруда жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру арқылы жұмыс күшінің біліктілігін жоғарылату;
- Көптен бері жұмыссыз жүргендердің мониторингін жүпгізу;
- Еңбек құқығы мәселелері жөнінде жұмыссыздарға кеңес беру бойынша қызметтер көрсетуді ендіру;
- Нақты мамандықтар бойынша бос орындар жәрменкесін өткізу тәжірибесін жалғастыру және арнайы бос орындар банкісін қалыптастыру;
- Жұмыс бастылық, еңбек ақы және еңбек
жағдайлары, бейімделу үрдісін қамтамасыз
ету мәселерін шешуде әлеуметтік серіктестіктердің
ролін жоғарылату; -
- Жаңа жұмыс орындарын құруда жұмыссыздардың құрылымын ескеру. Елдегі жұмыспен қамту мәселесін шешуде кемшіліктер, кедергілер аз емес. Мәселен, халықты жұмыспен қамту туралы заңға бір жылда екі рет өзгеріс енгізілсе, оның орындалу механизмін кешіктіру жұмысты жоспарлы түрде жүргізуге кері әсерін тигізеді.
Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға бағытталғын бағдарламаны дер кезінде қаржыландыру жұмысқа ділгер болып отырған арасындағы шиеленісті бәсеңдетіп қана қоймай, сонымен қатар отбасына, көп жағдайда, бірден-бір табыс табу мүмкіндігіне қол жеткіздіреді. Қазақстан Республикасының статистика және сараптау комитеті ай сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген. Жалпы 2000-2001 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны өндірісте – 20712 мың адамға, ауыл шаруышылығында – 287 мыңға, транспорт пен байланыс саласында – 68 мыңға, құрылыста – 747 мыңға өскен. Егер аталған кемшіліктерді жоюға мына міндеттерді шешуге қалаулылары, түрлі деңгейдегі депутаттар тікелей араласса, онда жұмыссыздар біздердің тарапымыздан жүргізіліп жатқан жұмыстардың нақтылы нәтижесін сезіне бастаған болар еді. Кедейшілікпен күрестегі ең басты мәселе – бұл жұмыссыздық деңгейін төмендету. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс белсенді түрде жұмыс іздеп жүргендер үшін өрістетілетін болады. Жұмыссыздарды тоқсан сайын есепке алу және жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың санаттарын анықтау жолға қойылады, еңбек биржаларының қызметі олар адамдарды жұмыспен нақты қамтамасыз ете алатындай етіп жандандырылатын болады. Еңбек рыногында белсендi түрде жұмыс iздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудiң негiзгi өлшемi - бос қызмет орындары банкiн қалыптастыру, ұлғайту және пайдалану болып табылады Егер басымдықтарды белгілейтін болсақ, мынадай: жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, кәсіптік дайындау кезінде оқудың, қайтадан оқудың құнын төлеу, кәсіби біліктілігін арттыру және қайтадан дайындау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек ақысын төлеу, шағын несие беру үшін жағдай туғызуға, кедейшілікке душар болғанда материалдық көмек көрсету, шағын және орта бизнес саласын жұмыспен қамтуға қолбаныс беру. Қорытып келгенде, біздің экономикалық реформалар ендігі жерде адамдар тұрмысының елеулі жақсаруына әкеле алатындығына және әкелуге тиіс жағдайға жетіп келе жатқандығына көз жеткіздім. Ендеше бұдан әрі қарай жұмыссыздықпен күресті үдете түсу қажет. Ол үшін кәсіпорындарды қайтадан ашып, инфляция көлемін азайтып, адамдарды толығымен жұмысқа тартуға тырысуымыз керек. Сонда ғана экономикамыз жаңарып, дамып, өсіп, мемлекетіміз гүлденген мемлекетке айналмақшы. Ал, әлеуметтік жағдайымыз жақсарып, жұмыссыздық пен кедейшілік болмасын.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- -
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері және себептері