Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері және себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 09:47, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі Жұыссыздық – жалпы біздің елімізде ғана емес, қаржылық дағдарысы кезіндегі барлық елді де есеңгіретіп отырған қауіпті дерт.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жыл үшін экономикалық тарылудың салдарынан жұмыссыздықтың да арта түсетінін айтқан болатын. Ал бүгінде жаһандық экономика 2,6 пайыз тарылып отыр. Бұл көрсеткіш жылдың басынан бергі болжамдардың барлығынан жоғары. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, әлемдегі он миллиондаған адамды кедейшілік қинауы мүмкін. Тек бұл көрсеткіштің біраз бөлігін біздің еліміз еншілеп кетпесін деп тілейміз.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

I-тарау. . ҚР-ДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 ҚР-дағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері...........................................................................................................5

1.2 ҚР-дағы Жастар жұмыссыздығының пайда болуының алғышарттары..........................................................................................................8

II-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ҚОҒАМ ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР

2.1 Жастар жұмыссыздығы әлеуметтік проблемасы ретінде............................ 13

2.2 Жастарға арналған бағдарламалар……………………….............................17

III-тарау. ҚР-ДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

3.1 ҚР-дағы жұмыссыздықпен күрес……………................................................26

3.2 ҚР-дағы жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары..................................................................................................................32

Қорытынды............................................................................................................38

Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................39

Файлы: 1 файл

баур курсовой end1.doc

— 1.61 Мб (Скачать файл)

Бұл айтқанды қорта келе, жастар еңбек  ресурстарының жастық есептік кезеңін  алтын кесік әдісін қолдана отырып дәлелдеуге болады. Леонардо да Винчи 8 және 13 сандарының қатынасын алтын бөлік,  ал заңның өзін –  «алтын кесік заңы» деп атаған.

 «Алтын кесік» заңына сәйкес  жастардың еңбек ресурстарын  зерттеу 8 бөліктен тұрады (немесе 38,1% 8:13 қатынасында), бұл орайда 13 бөлік  (61,9%) – бұл қалған еңбек ресурстары. Соған сәйкес, барлық еңбек ресурстары 21 бөлікті, яғни 100%-ды құрайды.

Жастардың  еңбек ресурстарының  төменгі жас шегі  16 жасты  қабылдай және «алтын кесік»  әдістемесін  қолдана, сондай-ақ Қазақстан Республикасында  ерлер үшін еңбек белсенділік кезеңі 47 жасты құрайтындығын, яғни  63-16 жас аралығын ескере отырып, келесідей әрекетті орындаймыз: 47 : 21 · 8 = 17,9 жас,  бұл жастардың ерлер еңбек ресурстары  үшін «алтын кесік» екенін  анықтаймыз.

Осылайша, еңбек ресурстарының  төменгі шекарасы 16 жасты құрайды, яғни, соған сәйкес, жас ерлердің еңбек ресурстары үшін жоғарғы шекара —   33,9 жас (16 + 17,9) немесе 34 жас болады.

Бұл жағдайда жастар арасындағы әйел еңбек ресурстарының жоғарғы  шекарасы, біздің есептеулерімізге сәйкес, ерлермен салыстырғанда басқаша болады, яғни Қазақстан Республикасындағы әйел адамдардың еңбек ету белсенділік кезеңі ерлерден өзгеше болады және 42 жасты құрайды, яғни 58-16. Осындай есептеулерді жүргізгеннен соң, біз 32 жасқа тең жоғары шекараны анықтаймыз (42 : 21 · 8 + 16).

Осы есептеулер және қорытындылар жастардың  еңбек ресурстарының жас шекараларының  негіздемесі болып табылады, біздің анықтауымыз бойынша әйелдер  үшін 16 жастан 32 жасқа дейінгі және ерлер үшін 16 жастан 34 жасқа дейінгі  аралықта болады.

Қазақстанның нарыққа көшуi жұмыс iстеуге қабiлеттi адамдардың жұмыспен қамтылуын төмендетiп жiбердi. Жұмыссыздық көбейiп кеттi. Жұмыс күшiнiң көлеңкелi рыногы дамыды. Ресми түрде тiркелген жұмыссыздықтың деңгейi немесе жұмыс iздеп жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға өтiнiш жасаған азаматтардың үлесi экономикалық белсендi халықтың 4,4 %-ын құрайды. Еңбек рыногында белсендi түрде жұмыс iздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудiң негiзгi өлшемi - бос қызмет орындары банкiн қалыптастыру, ұлғайту және пайдалану болып табылады. Белсендi жұмыс iздеудiң нақты қадамдарына: халықты жұмыспен қамту жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органдарда немесе жеке меншік агенттiктерде тiркелу, жұмыс берушiлерге өтiнiш жасау, бұқаралық ақпарат құралдарына жұмыс iздеу туралы хабарландыру беру, өзiнiң жеке iсiн ұйымдастыруға әрекет ету немесе еңбек рыногындағы сұраныстарды ескере отырып, кәсiби даярлықтан өту жатады. Қалалар мен аудандардағы халықты жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдар мынадай қызметтердi көрсетедi:

1) азаматтарды жұмысқа  орналастырудың мүмкiндiктерi туралы  және осы немесе басқа бiр  жұмысқа орналасқысы келген адамдарға  қойылатын талаптар жөнiнде хабардар  етедi;                                                                                                2) жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң түлектерi мен әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж азаматтарға лайықты жұмыс таңдауда, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарына, вахталық әдiспен, шетелде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi;    3) жұмыс iздеуде қиындық көрiп жүрген азаматтарға консультация бередi; 
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; 
5) жұмыссыз азаматтарды оқытады және қайта оқытады; 
6) шағын несие беру арқылы жұмыссыздарға өзiнiң жеке iсiн 
ұйымдастыруға жәрдемдеседi; 
7) кәсiби даярлауға, iскерлiк машықтарын үйретуге мемлекеттiк 
тапсырысты кәсiби білім беру оқу орындарының желiсi арқылы анықтайды; 
8) бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының түлектерiн жұмысқа 
орналастыруға жәрдемдеседi.

 

 

 

1.2 ҚР-дағы Жастар жұмыссыздығының  пайда болуының алғышарттары

        

Қазақстан Республикасының  индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан  облысының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды.  
 Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізуде.  
 Алдын ала деректер бойынша облыста тіркелген кәсіпкерлік жастар саны 142,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127,7 мың бірлікті құрап 266,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген кәсіпорындардың саны 16,6 бірлікке жетіп, оның 13,0 мың бірлігі жұмыс істеуде. Онда 72,1 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11,3 пайызға артқан. Облыс бойынша шағын бизнес саласында 338,2 адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,1 пайызын құрайды.  
2007 жылы шағын кәсіпкерлік құрылымдары 130,9 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан.  
 Облыста заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 1 қаңтарына 1228 кәсіпорын құрылып, 3547 жаңа жұмыс орны ашылды.  
 Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады. Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде - екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар арқылы жүргізілуде.  
 Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына жалпы-74107,9млн.теңге, оның ішінде екінші дәрежелі банктерден –66818,0 млн.теңге, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы –475,8 млн. теңге , “Несие беру Қазақстандық қоры” – 4601,5 млн. теңге және “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры” қоғамдық қорымен – 117,4 млн теңге, ауылшаруашылық несие серіктестіктері мен несиелік серіктестіктері-2096,0 млн. теңге. Барлық қаржылық институттардан шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына бөлінген несие қаражаттардың көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 45,3 пайызға өскен.  
 Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік тосқауылдарды жоюдың тиімді механизмдерін әзірлеу мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі заңдардың және басқа да республикалық, облыстық деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірленді  
2007 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігіне 2008-2010 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасына Халықаралық Сауда Ұйымына кіру барысындағы отандық тауарөндірушілерді кері әсерінен қорғау жолдары, ИСО–сериялы халықаралық стандарттарды енгізуде кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру, шағын және орта бизнеске арналған оқыту бағдарламасының тұрақты жүйесін қалыптастыру туралы ұсыныстар енгізілді.  
 “Атамекен” Одағымен бірлесе мемлекет пен бизнестің әлеуметтік-әріптестікті стратегиясын және отандық бизнестің экспортқа бағытталған жүйесін қалыптастыру бойынша 2007 жылға арналған негізгі бағыттары белгіленіп, облыстың әлеуметтік саласындағы қаржылық және тағы басқа мәселелерді шешуге кәсіпкерлерді тарту бойынша ұсыныстар енгізілді.  
 Қазақстан Республикасы Үкіметіне «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен аурухананың құрылысын жүргізу» жобасын жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізілді олар: құрылысқа және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды кеңейтуге қатысты жобаларды шұғыл түрде несиелендіру мәселесі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, отандық құрылыс индустриясының өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету туралы және тағы басқа. 
 Жастар белсенділігі артып келеді 
Талдықорған қаласында Парламент Мәжілісінің депутаты, “Жас Отан” жастар қанаты республикалық кеңесінің төрағасы Тәңірберген Бердіоңғаров облыс аумағындағы аудандық және қалалық жастар көшбасшылары-мен кеңес өткізді.       Оны Алматы облыстық “Жас Отан” жастар қанаты және “Жетісу жастары” жастар орталығы ұйымдастырды. 
 Жиынды “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары   Айтбай Сейітов ашып, жастар тәрбиесі мен олардың қоғамдағы орны жайлы әңгімеледі. Одан соң облыстық “Жетісу жастары” жастар орталығының директоры Қуаныш Тұрсынбаев сөз алып, “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заңның аясында атқарылған жұмыстар мен оның орындалуын, түйінді мәселелерді шешу жолдарын ортаға салды.       Сонымен қатар, ол жастарды “Қазақстан – 2030” Стратегиясының 10 жылдығымен       құттықтады. 
 Өткен мерзім ішінде аталған ұйымның ұйытқы болуымен “Жетісу жастары” атты бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 16-29 жас аралығындағы 1551 жұмыссыз жастың 1163-і жұмыспен қамтылды және 137 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ “Менің ауылым” үгіт автопойызы елді мекендер тұрғындарымен Отанды сүю, құрметтеу бағытында кездесулер, акциялар өткізіп, аталған шараға 10 000-нан астам жастар қамтылды. Президент Н. Ә. Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Жолдауын басшылыққа алу арқылы жаз айларында 150 студент “Ауыл құрылысы”, “Даубек” және   “АЛЖТМ”, “Газ-маркет” құрылыс отрядтарында еңбек етіп, 124 млн. теңгенің құрылыс жұмыстарын жүзеге асырды. Осылайша жұмыссыздық мәселесін шешу барысында мүмкіндіктері шектеулі жастарға нысаналы көмек көрсетіп, олардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру қолға алынды.  
 – Бүгінде елімізде жастарға жоғары сенім көрсетіліп, олар биліктің әр тармағына келе бастады. Жастардың ұшқыр ой-пікірі осылайша еліміздің өркендеуіне негіз қалауда. Бүгінгі кездесуді Парламент пен жастар арасындағы байланыстың алғашқы қадамы деуге болады. Жастар өмірі, оқуы, тұрмысы, әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелер көпшілікті толғандырады. Жастарға деген облыс әкімінің ағалық қамқорлығы әрдайым сезіледі, – деді Т.Бердіоңғаров. 
 Кеңесте облыстық жастар мәслихатының спикері Қимәділ Бекболат, Қапшағай қалалық “Жас Отан” жастар қанатының төрағасы Арыстанғали Сансызбаев, облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев сөз алып, “Жастар саясаты туралы” Заң аясында атқарылған істер мен өмірге келген тың мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, Қапшағай қаласындағы “Жастар-2030” қоғамдық бірлестігінің жұмыстары ерекше атап өтілді.

  Жастар – жас адамдардың әлеуметтік жағдайы, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы олардың орны мен атқаратын іс-әрекеті, ерекше қызығушылықтары мен құндылықтарының жас мөлшерімен анықталатын әлеуметтік-демографиялық топҚазақстанда жас мөлшері 14-тен 29-ға дейінгі адамдар жастар қатарына жатқызылады. Бүгінгі таңда жастар еліміздің халқының 30% құрап, қоғамның маңызды бөлігі болып табылады.            Осыған сәйкес, жастар саясатының қазіргі жағдайы мен оның болашағын айқындау мәселесі үлкен өзектілікке ие. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және дамыту   Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының стратегиялық маңызы бар басымдықтарының бірі. Жыл сайынғы Елбасының жолдауларында әлеуметтік-хабардар мемлекеттің құрылуы мен дамытылуына айрықша көңіл бөлінеді. Мұндай әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен алдағы уақытта тұрақты дамуының шешуші факторы – жаһандану жағдайындағы қазіргі халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін отандық бәсекеге қабілетті жастар қатарын қалыптастыру және дамыту болып табылады.   Осындай жастарымыздың болуы – ұлттың гүлденуі мен дамыған азаматтық қоғамның кепілі, яғни, еліміздің демократия институтының тірегі. 14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жас бала өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, өздерінің жас мөлшеріне байланысты жас адамдар қандай да бір салада үлкен тәжірибеге ие болмағанымен, ірі көлемді инновациялық және шығармашылық мүмкіндіктер, сондай-ақ жемісті еңбек етуге деген айрықша құлшынысқа ие. Саясаттанушы Гүлден Жоламанованың мақаласы Қазақстан   Республикасындағы жастардың жұмыспен қамтылу мәселесіне арналған. Өзінің «Қазақстан Республикасының жастар нарығындағы жағдайың сараптамасы» атты мақаласында ол жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейінің төмен болу себептерін келтіреді:     Біріншіден, жоғары оқу орындарына белгілі бір мамандықты оқуға түскен жастар еңбек нарығындағы ағымдағы сұранысқа назар аударады. Ал оқуларын аяқтаған жастар заман талабына сәйкес мамандықтарға деген сұраныстың да өзгеріп кеткенін түсінеді.        Екіншіден, техникалық мамандықтар, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар, сондай-ақ, био және нанотехнология салаларындағы мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттар санының арту үдерісіне қарамастан, білім беретін оқу ордаларының професорлық-оқытушылық құрамы мүлдем өзгермейді, осыған байланысты, студенттерге берілетін білім нарықтағы жұмыс берушілердің талаптарына сай келмей, бұрынғы сабақтастығын сақтап қалады. Айта кететін жайт, жоғары оқу орны түлектерінің оқу үрдісінде алатын теориялық білімі, іс жүзіндегі дағды мен ептілікті былай қойғанда, еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің талаптарына мүлдем сәйкес келмей жататын жасырудың қажеті жоқ.    Осылайша, Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы студенттердің мамандану деңгейі шынайы өмір ағымы мен талаптарына жауап бермейді деуге толық негіз бар.  Бұл университет қабырғаларында білім беретін профессорлық-оқытушылық құрамның өзгермеуі мен берілетін білімдердің бұрынғы сарынмен, жаңа үрдерістерге сәйкес болмауына байланысты. Ағымдағы өмір көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орындарының түлектері өз мамандықтары бойынша жұмыс таба алмай, басқа кәсіппен айналысады немесе сұранысқа ие мамандықты алу мақсатында қайта оқуға түсуге мәжбүр. Бұл мәселенің шешімін табудың өзіндік жолы ретінде «Дипломмен ауылға» акциясы ұйымдастырылған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, 2009 жылы әлеуметтік саланың 6 582 маманы ауылдық жерлерге көшіп жұмысқа тұрды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Оразаев М. айтуы бойынша,, олардың 78% – мұғалімдер, ал қалғандары – денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет пен спорт салаларында жұмыс істейтін мамандар. Оразаев М. сөзіне сенсек, бұл бағдарлама осы жылы да жалғасын таппақ. Сонымен қатар,, «көтерме жәрдемақы ретінде төленетін ақшаға қосымша бюджеттік несие беру мақсатында 3,5 млрд. теңге бөлінетін болады”, деп атап өтті вице-министр. Бұл акция 6 582 жас маманның жұмыспен қамтылу мәселесін шешті, алайда бұл 600 000 жас маманның небары 1 % құрап отыр. Игерілген мамандықтың қыр-сырын іс жүзінде шыңдай түсуге университет қабырғасынан жаңа шыққан жастарды жұмыс берушілердің қабылдамауы да кедергі болып отыр. Тіпті жолы болып, сынау мерзімінен сүрінбей өтіп жұмысқа қабылданған жас түлектің жалақысы оның қажеттіліктері мен талаптарына жауап бермейтіні анық.                                                               Сонымен қатар, елімізде мамандануға бағыттау, жастарға еліміздің экономикалық талаптарын ескере отырып мамандықтың түрін таңдауға көмектесу жұмыстарын реттеумен айналысатын арнайы қызметтің жоқтығын да ерекше атап өткен жөн.Жастардың қызметтік мансапты жылдам өсіруді көздеп, жұмысты «әлеуметтік лифт» ретінде қарастыратындарын жасырудың қажеті жоқ. Ал жұмыс берушілердің көпшілігі жас кадрларды «қосымша оқытуға» қаражат шығындауға әркез дайын бола бермейді. Сонымен қатар, жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындарының түлектері үшін ешқандай әлеуметтік көмек, ең алдымен, тұрғын үй алу мәселесі қарастырылмаған. Өздігінен аяғынан тік тұруды көздеген жас мамандар үйлі-баранды болуға да асықпайды. Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстандағы ер адамдардың некеге тұру жасы 28-30 құраса, әйел адамдардың ішінде – 27 жасты құрайды . Сол себептен де, жұбайлардың жасы 29 аспайтын, сондай-ақ балалары бар жас отбасына арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу мүмкіндігі де өте төмен. Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алатын жас мамандардың қатарынан жастарды көру мүмкін емес, ал қазіргі жағдайда олардың басым бөлігінің жалақысы отбасын асырауға де жетпей жатады. Сондай-ақ, Алматы қаласында пәтер жалдап тұруды әрбір мемлекеттік қызметкердің қалтасы көтере бермейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ҚОҒАМ ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ

 

2.1  Жастар жұмыссыздығы әлеуметтік проблемасы ретінде

   

Біз, тәуелсіздік бесігінде  тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды.  
 Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізуде.  
 Алдын ала деректер бойынша облыста тіркелген кәсіпкерлік жастар саны 142,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127,7 мың бірлікті құрап 266,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген кәсіпорындардың саны 16,6 бірлікке жетіп, оның 13,0 мың бірлігі жұмыс істеуде. Онда 72,1 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11,3 пайызға артқан. Облыс бойынша шағын бизнес саласында 338,2 адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,1 пайызын құрайды.  
 2007 жылы шағын кәсіпкерлік құрылымдары 130,9 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан.  
 Облыста заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 1 қаңтарына 1228 кәсіпорын құрылып, 3547 жаңа жұмыс орны ашылды.  
 Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады. Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде - екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар арқылы жүргізілуде.  
 Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына жалпы-74107,9млн.теңге, оның ішінде екінші дәрежелі банктерден –66818,0 млн.теңге, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы –475,8 млн. теңге , “Несие беру Қазақстандық қоры” – 4601,5 млн. теңге және “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры” қоғамдық қорымен – 117,4 млн теңге, ауылшаруашылық несие серіктестіктері мен несиелік серіктестіктері-2096,0 млн. теңге. Барлық қаржылық институттардан шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына бөлінген несие қаражаттардың көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 45,3 пайызға өскен.  
Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік тосқауылдарды жоюдың тиімді механизмдерін әзірлеу мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі заңдардың және басқа да республикалық, облыстық деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірленді  
2007 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігіне 2008-2010 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасына Халықаралық Сауда Ұйымына кіру барысындағы отандық тауарөндірушілерді кері әсерінен қорғау жолдары, ИСО–сериялы халықаралық стандарттарды енгізуде кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру, шағын және орта бизнеске арналған оқыту бағдарламасының тұрақты жүйесін қалыптастыру туралы ұсыныстар енгізілді.  
“Атамекен” Одағымен бірлесе мемлекет пен бизнестің әлеуметтік-әріптестікті стратегиясын және отандық бизнестің экспортқа бағытталған жүйесін қалыптастыру бойынша 2007 жылға арналған негізгі бағыттары белгіленіп, облыстың әлеуметтік саласындағы қаржылық және тағы басқа мәселелерді шешуге кәсіпкерлерді тарту бойынша ұсыныстар енгізілді.  
Қазақстан Республикасы Үкіметіне «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен аурухананың құрылысын жүргізу» жобасын жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізілді олар: құрылысқа және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды кеңейтуге қатысты жобаларды шұғыл түрде несиелендіру мәселесі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, отандық құрылыс индустриясының өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету туралы және тағы басқа. 
Жастар белсенділігі артып келеді 
Кеше Талдықорған қаласында Парламент Мәжілісінің депутаты, “Жас Отан” жастар қанаты республикалық кеңесінің төрағасы Тәңірберген Бердіоңғаров облыс аумағындағы аудандық және қалалық жастар көшбасшылары-мен кеңес өткізді. Оны Алматы облыстық “Жас Отан” жастар қанаты және “Жетісу жастары” жастар орталығы ұйымдастырды. 
Жиынды “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айтбай Сейітов ашып, жастар тәрбиесі мен олардың қоғамдағы орны жайлы әңгімеледі. Одан соң облыстық “Жетісу жастары” жастар орталығының директоры Қуаныш Тұрсынбаев сөз алып, “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заңның аясында атқарылған жұмыстар мен оның орындалуын, түйінді мәселелерді шешу жолдарын ортаға салды. Сонымен қатар, ол жастарды “Қазақстан – 2030” Стратегиясының 10 жылдығымен құттықтады. 
Өткен мерзім ішінде аталған ұйымның ұйытқы болуымен “Жетісу жастары” атты бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 16-29 жас аралығындағы 1551 жұмыссыз жастың 1163-і жұмыспен қамтылды және 137 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ “Менің ауылым” үгіт автопойызы елді мекендер тұрғындарымен Отанды сүю, құрметтеу бағытында кездесулер, акциялар өткізіп, аталған шараға 10 000-нан астам жастар қамтылды. Президент Н. Ә. Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Жолдауын басшылыққа алу арқылы жаз айларында 150 студент “Ауыл құрылысы”, “Даубек” және “АЛЖТМ”, “Газ-маркет” құрылыс отрядтарында еңбек етіп, 124 млн. теңгенің құрылыс жұмыстарын жүзеге асырды. Осылайша жұмыссыздық мәселесін шешу барысында мүмкіндіктері шектеулі жастарға нысаналы көмек көрсетіп, олардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру қолға алынды.  
– Бүгінде елімізде жастарға жоғары сенім көрсетіліп, олар биліктің әр тармағына келе бастады. Жастардың ұшқыр ой-пікірі осылайша еліміздің өркендеуіне негіз қалауда. Бүгінгі кездесуді Парламент пен жастар арасындағы байланыстың алғашқы қадамы деуге болады. Жастар өмірі, оқуы, тұрмысы, әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелер көпшілікті толғандырады. Жастарға деген облыс әкімінің ағалық қамқорлығы әрдайым сезіледі, – деді Т.Бердіоңғаров. 
Кеңесте облыстық жастар мәслихатының спикері Қимәділ Бекболат, Қапшағай қалалық “Жас Отан” жастар қанатының төрағасы Арыстанғали Сансызбаев, облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев сөз алып, “Жастар саясаты туралы” Заң аясында атқарылған істер мен өмірге келген тың мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, Қапшағай қаласындағы “Жастар-2030” қоғамдық бірлестігінің жұмыстары ерекше атап өтілді.

Жастар – жас адамдардың әлеуметтік жағдайы, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы олардың орны мен  атқаратын іс-әрекеті, ерекше қызығушылықтары мен құндылықтарының жас мөлшерімен анықталатын әлеуметтік-демографиялық топҚазақстанда жас мөлшері 14-тен 29-ға дейінгі адамдар жастар қатарына жатқызылады. Бүгінгі таңда жастар еліміздің халқының 30% құрап, қоғамның маңызды бөлігі болып табылады.  Осыған сәйкес, жастар саясатының қазіргі жағдайы мен оның болашағын айқындау мәселесі үлкен өзектілікке ие. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының стратегиялық маңызы бар басымдықтарының бірі. Жыл сайынғы Елбасының жолдауларында әлеуметтік-хабардар мемлекеттің құрылуы мен дамытылуына айрықша көңіл бөлінеді. Мұндай әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен алдағы уақытта тұрақты дамуының шешуші факторы – жаһандану жағдайындағы қазіргі халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін отандық бәсекеге қабілетті жастар қатарын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Осындай жастарымыздың болуы – ұлттың гүлденуі мен дамыған азаматтық қоғамның кепілі, яғни, еліміздің демократия институтының тірегі.           14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жас бала өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, өздерінің жас мөлшеріне байланысты жас адамдар қандай да бір салада үлкен тәжірибеге ие болмағанымен, ірі көлемді инновациялық және шығармашылық мүмкіндіктер, сондай-ақ жемісті еңбек етуге деген айрықша құлшынысқа ие.

 

1-кесте.

Жұмыссыздар

 
         

мың адам

 
 

1тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

жыл

 

2007

624,0

601,8

583,9

578,8

597,2

 

2008

573,8

557,2

540,6

559,3

557,8

 

2009

583,1

568,2

535,7

531,8

554,5

 

2010

526,2

503,8

481,7

474,7

496,6*

 
             

Жұмыссыздық деңгейі 

 
         

пайызда

 
 

1тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

жыл

 

2007

7,7

7,3

7,0

7,0

7,3

 

2008

6,9

6,6

6,4

6,6

6,6

 

2009

6,9

6,7

6,3

6,3

6,6

 

2010

6,2

5,8

5,6

5,5

5,8*

 
             

Жастар жұмыссыздығының  деңгейі

 
         

пайызда

 
 

1тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

жыл

 

2007

11,0

9,6

8,6

8,2

9,4

 

2008

8,1

7,4

7,0

7,1

7,4

 

2009

7,7

7,2

5,9

6,0

6,7

 

2010

6,1

5,2

4,7

4,7

5,2*

 
             

Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі

 
         

пайызда

 
 

1тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

жыл

 

2007

3,5

3,3

3,2

3,2

3,3

 

2008

2,9

2,7

2,6

2,7

2,8

 

2009

2,7

2,6

2,5

2,3

2,5

 

2010

2,3

2,2

2,1

2,1

2,2*

 

 http://www.kaz.stat.kz/digital/UZHN_kz/Pages/default.aspx

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері және себептері