Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психолгтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 22:05, реферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіз еліміздің қазіргі даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы өзгерістермен яғни, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастардың ерекшеліктерімен сипатталады. Қазіргі кезеңдегі жасөспірімтердің әлеуметтік жағдайға бейімделуіне, мінез-құлықтарының қалыптасуына, тұлға ретінде дамуына әсерін тигізетін тиімді жолдарын көрсету, анықтау да басты проблемалардың бірі болып табылады.
Егемен еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.

Файлы: 1 файл

kydyrbaeva.doc

— 149.50 Кб (Скачать файл)

2. Дамыту және психокоррекциялық  бағдарлама психологиялық және  педагогикалық бөлімдерден тұрады: а) жеке баламен арнайы жұмыс; ә) топ баламен жұмыс.

3. Бала психикасының  және жеке басының дамуына  бағыттлаған бағдарлама жасау.

Кеңестер беру жұмысы-бала тәрбиесі мен оқыту мәселелері бойынша  мектеп әкімшілігін, ұстаздар мен ата-аналарға кеңестер беру;

           Кеңес беру жұмыстары:           

           1.Баланың мектепке келуі, бейімделуі, бір сыныптан екінші    сыныпқа  

   көшуі туралы  ата-аналарға, ұстаздарға кеңестер  беру.

2.Балалардың әлеуметтік-психологиялық  реабелитациясы туралы сұрақтарды  қамту (ата-анасынан айырылған жетім балалар), осы аталмыш жұмыс орнында істейтін адамдар үшін берілетін кеңестер.

     3.Балаларды  оқыту-тәрбиелеу, мамандық таңдауында  өзін-өзі анықтауға жөн сілтеу, үлкендер мен қатарлас құрбыларының  арасындағы қарым-қатынасы туралы  топтық әрі жекеленген кеңестер беру.

  1. .Оқу-тәрбие жоспарын құруға мектеп әкімшілігіне баланың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып құруларына кеңестер беру.

          5.Баланың оқу-тәрбие\сі жөніндегі  мұғалімдеріне, ата-анасына кеңес  беру; т.б.

сай оқу-тәрбие іс-шараларын жоспарлауға кеңес беруші ретінде қатысу.

Психодиагностикалық жұмыстар:

1. Кабинетке келген  баланың психологиялық –педагогикалық  картасын толтыру;

2.Келген баланың ата-аналарына  психологияның теорияларымен таныстыру;

3. Баланың ересектер арасында кикілжің болса, оның себептерін анықтау;

4. Бала психикасының  дамуындағы кемшіліктерге тиісті  мамандармен бірігіп дифференциалдық  диагностика жасау.

Оқу-тәрбие жоспарын құруға мектеп әкімшілігіне баланың жеке басының  ерекшеліктерін ескере отырып құруларына кеңестер беру. Психолог өз қызметін ұйымдастырғанда  баланың жан-жақты және үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді. Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық қызмет түрлерімен тығыз байланысты ұйымдастырады [34.56].

        Психологиялық қызметті ұйымдастырушының  тәжірибиелік психолог квалификациясы  бар болуы қажет. Оның дәлелі  ретінде арнайы жоғары оқу  орнының дипломы немесе даярлық  курсынан өткен кәлікпен тұжырымдалуы  қажет [44.25].

   Психологиялық  қызметті жүргізу барысы, әр іс-шараларды  өткізу уақыты алдын ала жоспарланғанда  ғана, психолог өз жұмысын талаптарға  сай ұйымдастыруға мүмкіндік  туады.

Алға қойылған міндеттерді өңдеу үшін эксперимент ұйымдастыру жүргізілу көзделді. Зерттеуге Қызылорда қаласы, Ақжарма аулындағы Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатының

8-сыныптағы 20 оқушы қатысты.

Эксперименталды-психологиялық  зерттеу 3 кезеңмен жүргізілді:

  1. Анықтаушы;
  2. Қалыптастырушы;
  3. Бақылаушы

Анықтаушы кезеңде мазасыздықпен агрессивтілік бойынша алғашқы нәтижелер алынды. Бұнда балалардың бойындағы агрессивті және мазасыздану күйінің деңгейіне байланысты психокоррециялық жұмыс ұйымдастырылды. Оларды эксперименттік (анықтаушы кезең бойынша алынған нәтижелері) және бақылаушы (псхикоррециялық жұмыстан кейінгі нәтижелері) топ деп бөлдік. 

Қалыптастырушы кезеңде  эксперименттік топтағы 20 оқушыға психокоррекциялық  жұмыс жүргізілді. Содан кейін  салыстыру талдау анализі жүргізілді.

 Анықтаушы кезде әр топқа әдістемелерді жүргізілгеннен кейін мазасыздануы мен агрессивтілігі жоғары деңгейдегі 20 оқушы алынды. Олар екі эксперименттік және екі тексеруші топқа бөлінді.

Анықтаушы кезеңдегі  екі топ бойынша жалпы мәліметтерді салыстыру келесі кестеден көре аламыз.

 

Кесте 5 - Екі топ бойынша салыстыру

 

Зерттелінуші топ

Көрсеткіштер

Нәтижесі

1

1 әдістеме бойынша

8

Жоғары

2

2 әдістеме бойынша

39

Орташа


 

Қалыптастырушы кезеңде  екі эксперименттік топқа, яғни 10 адамға психокоррекциялық жаттығулар жүргізілді.

Бақылаушы кезеңде эксперименттік топтарға және тексеруші топтарға мазасыздық пен агрессивтілік деңгейлерін тексеру үшін екі әдістемені қайта жүргізеді.

 

 

 

Кесте 8 - Бақылаушы кезең бойынша нәтижесі екі топтың нәтижесі

 

Зерттелінуші топ

Көрсеткіштер

Нәтижесі

1

1 әдістеме бойынша

5

Орташа 

2

2 әдістеме бойынша

31

Төмен


 

Осы нәтижелерді салыстыратын болсақ психокоррекциялық жұмысқа  дейінгі агрессия – 8 (жоғары), ал мазасыздану – 39 (орташа), психокоррекциялық жұмыстан кейін агрессия – 5 (орташа), ал мазасыздану – 31 (төмен) өзгерді.

Осы кесте бойынша  көруге болады агрессия мен мазасыздану  деңгейлері психологиялық коррекция  жұмысын жүйелі жүргізілгеннен кейін біршама төмендеді. Яғни біздің болжамымыз: егер коррекциялық жұмыс жүйелі, жоспарлы жүргізілсе, онда девиантты мінез-құлықты алдын-алуға және реттеуге болады. Соның негізінде тұлғаның қалыптасуына жағдай жасауға психокоррекциялық жұмыстың әсері бар деген дәлелденеді.

Қалыптастыру  кезеңінде психокоррекциялық жұмыс  жүргізіліп, бағдарламасы ұсынылды.

Девиантты мінез-құлықтың түзетудегі психокоррекциялық жұмыс  бағдарламасы

Девиантты мінез-құлық  коррекциясының мақсаттары мен принциптері.

Әсер ету тиімділігі механизмдері мен жағымсыз құбылыс себептерін зерттеу негізінде қалыптасатын мақсаттарымен анықталады. Мінез-құлық құрылымында бірнеше өзара байланысқан деңгейлері бөлініп шығарылды: мінез-құлықпен бірге жүретін эмоциялық процестер; мінез-құлықтың өзіндік реттелуі; сырттай бақыланған көріністер мен әрекеттер. Бұл жүйелер ауытқушы мінез-құлықтың себептерімен бірге жүреді және психологиялық әсердің бағытымен анықталады.

 

 

 

1 –  сурет. Практик психологтың девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмысының экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі көрсеткіш динамикасы.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

Біздің қоғамымызда  жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне  қоятын талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа тәрбиелеуге баса назар  аударылуда. Ал қазіргі кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын ұрлық, зорлық, бұзақылық т.б. қылмыстық әрекеттер мен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр. Елдің экономикалық жағдайы, бұрынғы дүниетанымның құлдырауы мен бәсекелі және жоғары өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау іскерлігі мен дағдысының жоқтығы – қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі.

Жастар арасында ересектермен күрделі және қиын қарым-қатынастар көрінеді. Сонымен қатар, қаталдық пен  агрессивтілік пайда болып, қылмыстық әрекеттер көбейді. Осындай жағдайларға байланысты жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылықтарын психологтар зерттеп білулері шарт.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларен жұмыс жасаудың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен жасөспірімдермен дұрыс тіл табысып, сөйлесе білу керек. Жақсы беделге ие болған мұғалімнің жеке өнегесі қандай оқушыға болса да күшті әсер етеді.

Көмек көрсететін психологтар  баланың ішкі жан дүниесін алыстан  көріп білуі шарт. Мінез-құлқы  ауытқыған оқушыны ешқандай ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек. Бұл олардың зиянды істермен айналыспай, жауапкершілік сезімін туғызуға жол салады.

Қазіргі кезде жасөспірімдердің мінез - құлқындағы ауытқушылықтарынан әртүрлі қылмыстық әрекеттер мен жағымсыз істер көбейіп отыр. Осы жағдайлардың алдын алып, түзету үшін әрбір педагог, ата-ана, психолог бірлесе жұмыс жасай отырып, әрбір жасөспірімнің дербес ерекшеліктері мен мінез-құлқын ескеріп, анықтап, соған сәйкес жұмыстар жүргізу керек.

 

Диссертацияның  негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

1. Қыдырбаева Г.А., Ағыбаева У.Б. «Мектеп психологының кеңес беру жұмыстарының психологиялық ерекшеліктері». Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз мемлекет құрудың Қазақстандық моделі: ерекшеліктері, жетістіктері, даму стратегиясы» Қызылорда.21 қазан, 2011ж.

2.Қыдырбаева Г.А., Ағыбаева  У.Б. «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психолгтың ролі», Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың ғылыми мақалалар жинағы.Қызылорда 2012ж.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы«Білім» мемлекеттік бағдарламасы. - Алматы, 2000. - 479  б.
  2. Абрамова Г. С. Введения в практическую психологию. М.,   1995 г. -с. 469 
  3. Ауталипова Г., Бапаева М.  Практикалық психология, Алматы, 2007 ж. - 160 бет.
  4. Абрамова Г.С. Психологическая служба школы.М.,1994г. с. 452 
  5. Аверин В. Психология детей и подростков. СПб., 1998 г.- с. 568
  6. Ежова Н.Н. Рабочая книга практического психолога. Ростов- на –Дону,  2007г. - с.450
  7. Рожков М.И. Воспитание трудного ребенка,дети с девиантными

поведением.М.,2001г.- с.241

  1. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М.,1989г. - с.252
  2. Змановская Е.В. Девиантология. М., 2003г.- с.345
  3. Кочетов А.Н. Работа с трудными детьми. М., 1991 г.- с.251
  4. Кащенко В.П. Педагогическая коррекция: Исправление недостатков

характера у детей. М., 1996г. - с.458

  1. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М.: Владос, 1998. 2-х томах.- с.326

 

Түйін сөздер: Психокоррекция, фобия, девиантты мінез-құлық, адаптация, профилактика, психотерапия, психогигиена, рефлекция, релаксация, стрес, психотренингтер, депрессия, делинквент, практикалық психология.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕЗЮМЕ

 

На реферат диссертации  на соискание академической степени  магистра педагогических наук по специальности 6М010300-педагогика и психологии

 

Кыдырбаева  Гульхан Арыновна

 

Организация работы практика-психолога с девиантным поведением подростков.

 

Актуальность  исследования

В современный период проблемой развития молодежи, как  активной личности, ее адаптация к  социальной жизни  является формирование активной жизненной позиции, а главное  – характера. Перед общеобразовательными учреждениями наряду с обучением и воспитанием возрастает требование повышения качества, а вместе с тем формирование устойчивости психики человека. Школа однозначно с воспитанием стремления к жизненным ценностям должна вести психологическую подготовку личности.

Но вместе с тем  в социально-экономическом преобразовании страны встречаются семьи, где дети практический неуправляемы родителями. Родители зачастую не могут найти  контакта с ними, их интересы сужаются до общения с детьми плохого поведения. О какой бы форме девиатного поведения детей мы не говорили, все они взаимосвязаны между собой. В характере девиатного поведения детей находят отражение употребление наркотических веществ, спиртных напитков, проявление агрессивности и так далее. Девиантное поведение подростков – главная проблема педагогической психологии.

 

Цель исследования

Определение особенностей девиатного поведения подростков и  организация работы с ними практика-психолога.

 

Объект исследования

Подростки с девиатным поведением (13-14 лет)

 

Предмет исследования

Организация работы практика-психолога  с девиатным поведением подростков.

Гипотеза  исследования

Если коррекционная  работа практика-психолога будет  вестись исстелено, планомерно, тогда  можно предупредить отклонения в девиатном поведении подростка. Следовательно, результаты с воспитании будут положительным.

 

Задачи исследования

1. Изучить теоретический  материал по проблеме девиатного  поведения подростков.

2. Показать особенности  в организации работы практика-психолога с девиатными поведением подростков.

Информация о работе Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психолгтың қызметі