Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 13:47, реферат
Социология (XIX ғасырдың, 30-40 жылдарында қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Себебі оның ғылым ретінде қалыптасуына, қо-ғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік туды.Дегенмен, социо-логияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар ту-ралы ойлар болмады деген деген ойда болмауымыз керек. Керісінше, қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады.
Кіріспе
Социология (XIX ғасырдың, 30-40
жылдарында қалыптасқан) біршама жас
ғылым болып табылады. Себебі оның
ғылым ретінде қалыптасуына, қо-ғамдық
дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік
туды.Дегенмен, социо-логияның кеш пайда
болуы оған дейін қоғам және қоғамдық
құбылыстар ту-ралы ойлар болмады деген
деген ойда болмауымыз керек. Керісінше,
қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы
ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне
бастаған болатын. Мәселен, философиялық,
экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда
жалпы қоғам, оның кейбір элементтері
және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер
бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі
Шығыс цивилизациясының — Көне Египет,
Вавилон, Үнді, Қытай қоғам ту-ралы пікірі
мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар
коғамта-нушылар болып есептеледі. Олардың
қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселесі
— адамдар арасындағы қатынас және тәрбие
мәселесі болып табылады. Конфуций ертедегі
Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі
абырой-мен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл,
өнегелі , жаман кылықтардан бойла-рын
аулақ ұстау, қарапайымдылық, кішіпейілділік,
адамды сүю дәстүрін көр-сетеді. Сонымен
қатар Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы
ондай мо-ральдық нормалардың азайып бара
жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге,
атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс
алу тенденциясын, кегін екінші біреуден
алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің
жоғалу тенден-цияларын көрсетеді. Конфуций
этикасы қайырымдылық, кішіпейілділік,
адамды сүю тура жолмен жүру сияқты принциптерге
сүйенеді. Сайып кел-генде, Конфуций адамдар
арасындағы әлеуметтік қатынасты — борыш
пен заңды мойындап бірінші орынға қоятын
адам мен өз пайдасын көздейтін адамды
салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы
айырмашы-лықтарды ашу арқылы көрсетеді.
Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа
ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері
құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан.
Ежелгі Үндістанда
әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм
мектептері-нің социологиялык мифтерінде
біршама карастырылған. Мәселен, джайнизм
этикалық, эстетикалық жүйесінде адам
мінез-құлқындағы кейбір нормалар мен
тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары
берілген. Тақуалық (аскетизм) деген нәпсіні
тый деген мағынаны береді. Ондай норманың
бірі ретінде ахисаны алады, яғни тірі
жанға зиян келтірмеу принципі.
Әлеуметтік
теорияның біршама айқын элементтері
ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен,
әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін
Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге
болады. Алайда, ежелгі Грек философтарының
арасында қоғамға және коғамдық институттарға
ерекше көңіл бөлгендер софистер болды.
Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа
баса назар аударса, софистер адам мен
коғамға басты назар аударады. Өйткені,
сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай
философтарды адам мен қоғам мәселесіне
көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын.
(кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ,
қолөнершілер және құлдар. Адамдар арасындағы
касталық қатынасты жақтайды. Адамдар,
Платонның пікірінше, табиғатынан тең
емес. Жаратылысынан адамның бірі аристократ,
екіншісі шаруа, үшіншісі құл бо-лып туылады
және өмір бойы солай өтеді. Халық соны
мойындауы керек. Бірақ олар тату өмір
сүруі тиіс, өйткені олардың бәріне ортақ
нәрсе — Жер-Ана деп көрсетеді.
Социологияның ерекшелігін
түсіну үшін оның ХIХ ғасырдың алғашқы
жартысында нақты тарихи жағдайда, Франция
мен Англияда капитализм тұ-рақты орнаған
кезде және қоғам туралы білім алмаған
үшінші топтың (сословиенің) пісіп жетілген
кезде пайда болғанын ескеру қажет. Социоло-гияның
жеке ғылым ретінде тууы психологияның,
Сен-Cимонның
шәкірті және алғашқы кезде оның ізбасары
болған Огюст Конт (1798-1857) социологияда
позитивизмнің негізін салушы фран-цуз
философы. Позитивизм ұғымы латынның «позитивюс»,
яғни дұрыс, жа-ғымды деген және гректің
«неос», яғни жаңа деген мағына беретін
сөздерінен шыққан. Бұл әлеуметтану білімін
жаратылыстану ғылымының әдістемелігін
қолдану негізінде құрмақшы болған қоғамдық
ойдағы, ғылымдағы жаңа ағым. Ол позитивистік
көзқарастарын өзінің еңбектерінде тұжырымдап,
дә-лелдеді. Осыған орай Конт алты томдық
«Позитивтік философия курсы» де-ген еңбегінде
/1830-1842 жылдар аралығында жарияланды/ ғылымды
топ-тастырып, позитивтік философия мен
әлеуметтанудың принциптерін жасаса,
екінші бір еңбегін саясат негіздеріне
және болашақтың дініне арнады. Ал төрт
томдық кітабын «Позитивтік жүйе немесе
адамзаттың дінін белгілейтін трактат»
/1851-1854/ деп атаған. Конттың тірі кезінде
позитивизмді негізде-ген бұлардан басқа
да: «Қарапайым астрономия туралы философиялық
трак-тат» /1844ж./, «Позитивистік катехизис»
/1856/ еңбектері жарияланып, ал қайтыс болғаннан
кейін төрт томдық «Огюст Конттың өсиеттері»
деген шы-ғармасы жарық көрді. Конт әлеуметтану
ғылымына «позитивтік синтез» ре-тінде
қарап, оны ғылыми білімді жинақтаған
энциклопедияға балады. Қоғам-ды зерттеуге
жекелеген ғылымдар соншалықты қажет
емес, қоғамды зерттеу-ге бір ғана әлеуметтану
ғылымының көмегі жеткілікті деп әлеуметтануға
ба-сымырақ маңыз берді. Дегенмен, әлеметтанулық
білімді негіздеуде ғылым-дарды топтастыруға
ерекше мән берді. Ғылымды топтастыруда
олардың объективтік белгілеріне сүйеніп,
ғылымды абстрактылы және нақты ғылым
деп екіге бөлді. Мысалы, биология өмір
туралы жалпылама, абстрактылы
иерархия1 - (гр. hіeros – қасиетті, гр. arche – билік) –бүтін, тұтас нәрсенің бөлім, бөлшектерінің жоғарыдан төмен орналасу тәртібі;қызметтің атақ, дәреже, лауазымына сай бағынышты орналасу тәртібі
ғылым екен. Ал медицина сол биологияның заңдарын қолданатын нақты ғылым болады. Ғылымды топтастыру барысында ғылым иерархиясы1 жаса-лып, оған математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеумет-тану енгізілді. Сөйтіп, бүкіл жүйе білім дамуының қарапайымнан күрделіге,
төменнен жоғарыға, жалпыдан ерекшеге өтуінің тарихи процесін көрсетті. Сондай-ақ жалпы схемада әлеуметтанудың тікелей биологияның заңдарына сүйенетін, тіптен онсыз мүмкін емес екендігін айта келіп, бірақ, екінші жағы-нан әлеуметтанудың өзіндік ерекшелігі барлығын, бұл заңдардың соның негі-зінде түрін өзгертетінін, ал сол заңдағы өзгерістер индивидтердің өзара қи-мыл әрекетінен туындайтынын бекітеді. Әлеуметтік пен биологиялық өзара тығыз әрекеттің мазмұнын суретпен иллюстрациялау2 ретінде, Конт әлеумет-тіктің бастамасы етіп жануарлардың біріне-бірін тартатын жыныстық инс-тинкті және олардың ұрпағына қамқорлық жасауын алады. Адамдарда өзін сақтау инстинктінің ролі жоғарылығын, «индифидтік инстинктің» болатын-дығын мойындай отырып, Конт келе-келе адамда әлеуметтік эгоизмнің үс-темдік алатынын жазды.
Әлеуметтік теңсіздіктің нәтижесінде мемлекет шықты. Мемлекет қо-ғамды басқарады және қоғамның тұтастығын сақтауға қызмет етеді.
Конт қоғам дамуын 3 сатыдан өткізеді: теологиялық, метофизикалық3 және позитивтік. Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбы-лыс, процесс, зат болмысын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды. Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізін-де түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі ол қандай да бір затты, құбылыстарды, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауға қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылы-ми түрін, яғни позитивизмді дайындады. Ал, үшінші, яғни позитивистік ке-зеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәтіндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақы-лап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.
Иллюстрация2 - баспа қалыбын қолмен дайындауда шығыңқы баспада ағаш гравюрасы, ксилограф.
Метафизика3 [гр. “Meta ta physіka” –
“физикадан кейін” (Аристотельдің
философиялық шығармасы осылай аталған)] –болмыстың сезімнен
тыс тұрған принциптері туралы философиялық
“ғылым”;дамуды тек сан өзгерістері жағынан
ғана түсінетін және өзіндік дамуды теріске
шығаратын, диалектикаға қарама
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі –Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтану-ында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методоло-гиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапала-рын терең зерттеуі керек.
Дюркгейм «социологизмінің» басты принципі мен ерекшелігі – оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді. Бұның мәні – құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушілік-тің тұтқасына айналуында. Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детермина-ция4 адамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмпирикалық өмірдің екі жағына айналады. Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді. Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және құнды бағдарламалар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары кө-рінді: егерде сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адам-гершілік беделіне, адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса, әлеуметтік нормаларда соғұрлым тиімді болады.
Функция ұғымын Дюркгейм биологиядан алады, ол бойынша физиоло-гиялық процесс мәліметтері мен организм қажеттілігінің арасында сайма-сай келетін қатынастар бар. Осы ережені ол әлеуметтік терминге айналдырып, әлеуметтік құбылыстың немесе институттың функциясы - институт пен қоғамның кейбір қажеттіліктерінің арасындағы сәйкестіктерді жөнге салу, деп түсіндіреді.
Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде соционализм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себе-бін анықтауға тырысады.Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті
Детерминация4 - дүние құбылыст
қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына (түріне) байланысты болмақ. Нақты-лай айтатын болсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығында және әлеуметтік интеграцияның5 негізінде жатыр. Э. Дюркгейм нақтылы әлеуметтік мазмұнда жиналған материалдар негізінде мынандай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интег-рациясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен Э. Дюркгейм әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Мысалы, протестанттар мен католиктерді салыстырғанда бұл құбылылыс ка-толиктерде бірнеше есе кем, ал, қалалар мен селоларды салыстырғанда қала-ларда жоғары. Э.Дюркгейм өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін анықтап берді, олар: эгоистік, альтуристік6, экономикалық және фаталистік7. Бұлардың әр-қайсысының өзіне тән құпиясы бар, шешілуі жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты. Э. Дюргкеймнің бұл теориялық еңбегі қыл-мыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды. Бірақ, Э. Дюркгейм қылмыстық істердің психологиялық мо-тивтерін мойындамады.
Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материал-дардың негізінде Э.Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жаса-ды. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.
Интеграция5 (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.
Альтруизм6 (лат. alter - өзге, фр. altruisme) - басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу.
Фатализм7 (латынша satalіs – қашып құтылмайтын) – әрбір оқиғаны және адамның әрбір әрекетін о баста бекітілген деп білетін, қалау еркі мен кездейсоқтықты жоққа шығаратын дүниетанымдық тұжырымдама.
Макс Вебер – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғы-лымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеумет-тану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастыра-ды.
М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байла-нысты) жақтарын, нақтылай айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұ-нын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғам-ның даму заңдарының себебін ашуға болады.