Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 13:47, реферат
Социология (XIX ғасырдың, 30-40 жылдарында қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Себебі оның ғылым ретінде қалыптасуына, қо-ғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік туды.Дегенмен, социо-логияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар ту-ралы ойлар болмады деген деген ойда болмауымыз керек. Керісінше, қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады.
Бірақ М.Вебер анықтағандай идеалды тип шындығында жүзеге аспайды. Ол ұйымдардың тиімісіз қызмет атқаруының бейнесін суреттеп, кеңесшіл – ережелердің бәрін қатал ұстанатын, жауапкершіліктен қашатын, қағаз жұмысын кешіктіріп, созып орындайтын шенеуніктің бейнесі деп есептеді.
Жалпы айтқанда, идеалды тип – құрылымды, тарихи дамып жатқан ілім. Белгілі бір жағдайдағы адамның тікелей индивидуалды уайымы, өмірлік тәжірибесі «идеалды тип» конструциясына тізбектелінеді, осыдан идеалды типтің өзі жекенің сана компонентіне айналатынын көруге болады.
М.Вебердің «идеалды тип» теориясы бізге қозғалыстағы жүйенің тілін, бағалығын, ережесін, сонымен қатар осы жүйенің институттарының және оның психологиясын түсіндіреді. Бұл тип мінез-құлық және мотивация кестелерін, ұйымдастырушылық формаларын және саяси басқару жүйесін қамтиды. Қалай дегенмен де, идеалды типтер рухани және басқа да құндылықтар жүйесінің өзара байланысын көрсетумен қатар, маңызды әлеуметтік құбылыстар ретінде байқалады.
Қорытынды
ХІХ ғасырдың ортасына таман социология жеке ғылым ретінде қалыптасты. Социологиялық білім фактілерге сүйенген, эмпирикалық және аналитикалық социологиялық зерттеулер білімі ретінде анықталды. Бұл социологияны абстрактылы құрылымнан кетуге мүмкіндік берді, жаратылыстануға жақын білім болуға, шынайы ғылымның әдістерін қолданатын және қоғамдық өмір мәселелерін шеше алатын ғылым болды.
Социологияны білім жүйесі ретінде қарап, классикалық социология мен заманауи социологияны салыстырып қарайтын болсақ, екеуінің арасында үлкен айырмашылық бар екенін есепке алуымыз керек. Классикалық социология әлемнің сырттан қарауға тырысты. Оның мақсаты субъекттің маңыздылығына қарамай, объектті жазып, маңыздылығын ашу. Заманауи социология объект пен субъекттің, теория мен практиканың, танымдық және әлемді бағалау қарым-қатынасы теңдігін қарастырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі