Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 13:47, реферат
Социология (XIX ғасырдың, 30-40 жылдарында қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Себебі оның ғылым ретінде қалыптасуына, қо-ғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік туды.Дегенмен, социо-логияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар ту-ралы ойлар болмады деген деген ойда болмауымыз керек. Керісінше, қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады.
М. Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеумет-тік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жеке – дара нысаланбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталды. М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету (ожидание), дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәнініе саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әректтің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы, мақсат-қа сәйкес келетін іс-әрекет (целерацинальное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады. Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды қолданады. Сондықтан, М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады, ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процесттің басты бағыты.
Ақыл-парасаттылық, ақылға жеңдірушілік тек қана адам және топ тәрті-бінде ғана болатын қасиет емес, сонымен қатар шаруашылықты басқаруға, жалпы адам өмір салтына да тән қасиет. М. Вебердің пікірінше, капитализм-нен бұрын болған қоғамдарда салт-дәстүр маңызды орын алды. Ақыл-пара-саттылық тек қана капиталистік қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізгі принципінде (яғни, басшылыққа алып отыратын ой-пікір) болады.
Бұл жерде М. Вебер ойының тағы бір қыры ашылып отыр – ол экономи-каны дінмен байланыстырады. “Протестанттық этика және капитализм рухы” деген еңбегінде М. Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс- әре-кетке ықпалын түсіндіруге тырысты. М. Вебер осы тұрғыдан діни сенімдер-дің, діни этиканың, әсіресе, оның адамгершілік ілімін капиталистік экономи-ка дамуының негізгі ынталандыру факторы және адамдардың еңбек сүйгішті-гін, ұқыптылығын, әділеттілігін, белсенділігін, т.б қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретінде қарады.
М. Вебер капиталистік қоғамды үнемі мақтамайды. Ол бұл қоғамның алуан турлі өлшемдерін, күрделілігін, ондағы орын алып отырған қайшылық-тарды, әсіресе, алуан түрлі таптар мен топтар арасындағы қарым-қатынастар-ды жақсы біліп талдап отырды.
М. Вебер әлеуметтік топтарды зерттеді. Ол топтарды ең алдымен беделі-не, мәртебесіне, қадіріне (престиж) және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қа-рай бөлді, олардың арасындағы дау-дамай, жанжалды дұрыс бейнелеп –көр-сетті. Ол шенеуніктік – бюрократтық аппараттың билікті пайдаланып, адам-дарға көп қысым жасап отырғанын атап көрсетті. Ол осымен қатар Маркстің пролетариат диктатурасы туралы ілімін өткір сынға алды. Вебердің бұл пікір-лері де көпшіліктің көңілінен шықты.
М. Вебердің пікірінше, еуропалық өркениеттің (мәдениеттің) даму про-цесінде қоғамдық өмірде парасаттылықтың (әсіресе, экономикада, саясатта, ғылымда, исскуствода) күшеюі байқалады.
Батыс Еуропа капитализмінің дамуындағы ақыл-ой, парасаттылықтың ықпалын зерттеу оның “Протестантская этика и дух капитализма” атты еңбе-гінде негізгі тақырып ретінде қаралған. Бұл еңбегінде М.Вебер капитализм-нің пайда болуына К.Маркс көрсеткендей жалғыз экономикалық алғышарт-тар себеп болған жоқ. Сонымен қатар әлеуметтік, рухани, мәдени, әсіресе, діни-этикалық алғышарттардың ықпалы тиді. Бұлардың ішінде протестант-тық діни этика адамдардың санасына, шаруашылыққа саналы және ұқыпты-лықпен қарауды, ықыластықты, т.б. құндылықтарды сіңіре берді. Мұның өзі капиталистік кәсіпкерлердің, өндіріс қожайындарының шығуының, қалыпта-суының қажетті алғышарттары да болды.
М. Вебер саяси әлеуметтануы дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді: харизматикалық; дәстүрлік; бюрократты. Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде ат-қаратын үстем ету формасы. Осыдан барып “бюрократизм” деген ұнамсыз ұғым пайда болды. Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қа-рау, істі көпке созу. Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтардың кәсіби дең-гейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемді-гін дәлелдейді.
Мұнда М.Вебер биліктің легитимдігі,
яғни заңдылығын тілге тиек етіп отыр.
Басқаша айтқанда, легитимдік дегеніміз,
халықтың үстем етіп отырған саяси
билікті мойындауы болып
Бұл тұрғыдан алғанда өкіметтің бюрократтық үстем ету түрі формальды, заңға сүйенген, құқықтық өкімет болды. Мұндай өкіметтік үстем ету еуропалық капитализмнің пайда болу кезеңінде шықты. Бұл басқа үстемдік етудің үлгісінен біршама жоғары тұрғанымен әлі күнге солқылдақтық танытып келеді. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы, Вебердің ойынша, плебицитарлық демократияны дамыту. Плебицит –ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың ой-пікірін сұрау, анықтау негізінде үстемдік ету. Бұл жалпы халыққа саяси лидерді (мысалы, президентті) сайлауға мүмкіндік береді. Осыған орай жаңадан сайланған лидер елді халық атынан басқаруға мүмкіндік алады.
М.Вебер әлеуметтік страфикация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
М.Вебер өз еңбектерінде өкімет билігі жөніндегі көзқарасын анықтап, тұжырымдап негіздеді. Ол өкімет билігін 3 түрге бөлді:
1) заңдастырылған;
2) дәстүрлі;
3) харизматикалық.
Заңдастырылған өкімет билігі – қоғамда қалыптасып, өмірде басшылыққа алынып отырған тәртіптің заңдылығын мойындау негізінде құрылған биліктің түрі. Ал заңды биліктің таза түрі етіпбюрократикалық билікті алған. Бұл жағдайда шенеунік жеке адам ретінде қарастырылмайды, керісінше оны белгілі бір саяси функцияны атқарушы ған ретінде қарастырады. Сондықтан, адамдар шенеунікке тұлға ретінде бағынбайды да, оны тек нормаларды іске асырушы ретінде ғана мойындайды. Дәстүрлі өкімет билігі - ежелгі дәстүрлер мен адамдардың заңды жәйттерін қасиетті деген сенімге сүйеніп, сол дәстүрлердің негізінде іске асатын өкімет билігі. Харизматиалық өкімет билігі – тұлғаның, көсемнің барлық адамдарда болмайтын ерекше сапаларға сенуден туындаған биліктің түрі. Мұнде дәлел ретінде, көріпкел, балгер, соғыс батырларын мысал келтіруге болады.
М.Вебер түсінуші әлеуметтану тұжырымдамасын жасап дамытты, оның міндеттеріне: біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды олардың жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұғынып, түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың тадаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды.
М.Вебер өзінің түсінуші
әлеуметтануында құндылықтар
Дюркгейм мен Маркс жетекшілікті қоғамға бағыттаса, Вебер жеке адамға және қоғамның даму себебіне әлеуметтік құндылықтарды жатқызды. Вебер бойынша, тек жеке адам ғана қызығушылықтарға, мақсат пен танымға ие болады. Ғылыми айналымға «рациональдылық», «идеалды тип» түсініктерін енгізді. Вебер әлеуметтануының негізі болып идеалды типтер жөнінде ілім болды. Идеалды тип – бұл объективті эмпирикалық ақиқатты емес, ойлаудың нәтижесін, ғалымның іс-әрекетін бейнелейтін теориялық конструкциясын айқындады. Идеалды тип – бұл зерттеуші-әлеуметтанушының нақты материал танып, білудегі жүйелеу әдісі. Идеалды типтер 2 түрге бөлінеді: тарихи – тарихты бейнелейді, әлеуметтанушылық – ғалыммен жасалады.
Оның идеалды типтер жөніндегі
ілімі «түсінетін»
М.Вебердің маңызды тұжырымдамасы – идеалды типтер. Ол идеалды типке теориялық конструкция түрінде көрінген дәуірдің мүддесі ретінде қарады. Адамға аса пайдалы осы идеалды модель адамның өмір сүрген дәуіріндегі мүддесін объективті түрде көрсетеді. Осыған орай идеалдық типтер ретінде моральдық, саяси, діни және сол сияқты басқа да құндылықтар және олардан туындайтын адамдардың мінез-құлық және қызмет көріністері, олардың мінез-құлық ережелері мен нормалары, с онымен қатар әлеуметтік қарым-қатынас дәстүрлері болуы мүмкін.
Идеалды типтер қоғамдық күйдің бүкіл мәнін – өкімет билігінің жағдайы, тұлға аралық қарым-қатынас, жеке адам және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар өзіндік ерекше критерийлерге айналады, соған сәкес адамдардың рухани, саяси, және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип қоғамда орын алған дүниемен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қайшылыққа түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған.
Қалай дегенмен де, идеалды типтер рухани және басқа да құндылықтар жүйесінің өзара байланысын көрсетумен қатар, маңызды әлеуметтік құбылыстар ретінде байқалады. Олар қоғамдық мірде адамдардың ойлауы мен мінез-құлқына, ұйымдасушылығына мақсаттылықты енгізуге ықпал жасайды.
М. Вебер өзінің әлеуметтану
зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне
көп көңіл аударуына
Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методологиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырды. Бұл оның “идеалды типтер” әдісіне жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі.) ол зерттелетін маңызды құбылыстарды адамның ой-пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А.И.) негізінде жасалады.
Идеалды тип дегеніміз, ол
объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік)
шын,дықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші
ғалымның ойлауының, ой-пікірінң жемісінің
теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды
тип зерттеушінің нақты материалды
жүйелеп реттеудің бейне-
Осыларға сәйкес әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқынан бастауы қажет. Адам мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны әр уақытта қызықтарып отырады, өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді, оны түсінуге тырысады. Осыған орай, әлеуметтану “түсіну” ғылымына айналады.
Идеалды тип - бұл белгілі бір қоғамның моделі. Вебер бұл ретте идеалды типті өз қатарында ең керемет тип деп санамады. Оның ойынша идеалды тип теориялық түрде ғана кездеседі және ол әлеуметтану ғылымында қолданылатын көптеген категорийлар идеалды тип болып табылады. Абсолютті капитализм, феодализм жоқ деп есептеуге болады.
Вебердің келісімі бойынша, идеалды тип рұқсат етеді:
М.Вебердің идеалды типтері жақсы бұқаралық жағдайларды қарастырады – биліктің, жекеаралық қарым-қатынас, жеке және топтық сана жағдайлары және т.б. Вебердің сөзі бойынша, идеалдф тип қоғамдағы бар нәрсемен толығымен келісе бермейді, сонымен қатар белгілі бір шекте қиялдың белгілірін алып жүреді.
М.Вебердің кеңесшіл бюрократия
жөніндегі идеалды типіне тоқталатын
болсақ, ол кеңесшілдерге мынадай
тән қасиеттер тән деп