Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 08:35, реферат
Қоғам әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Бұнда өзара әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру негізгі сипатқа ие болады. Ондай өзара әрекеттер институционалдандырылады. Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі. Әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кіріспе
Қоғам әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Бұнда өзара әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру негізгі сипатқа ие болады. Ондай өзара әрекеттер институционалдандырылады. Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі. Әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді. Ол әлеуметтік институттарды зерттей отырып, оның алты түрін сипаттап көрсетті. Олар: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, рәсімдік, діни, жанұялық. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.
Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практика- лық кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағат- тандыруға бағытталады. Яғни, институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе.
Әлеуметтік ұйым – белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатын күрделі, өзара байланысқан, өзара иерархиялық әлеуметтік жүйелер, екінші қатардағы ірі әлеуметтік топтар. Әлеуметтік ұйым қоғамның әлеуметтік құрылымының элементі ретінде, қандай да бір топтың іс-әрекетінің түрі ретінде, әлеуметтік жүйенің элементтерін қалыптастырудағы ішкі тәртіп, келісімділік ретінде сипатталады.
Әлеуметтік ұйымдар, олардың түрлері
Тұлға, отбасы, топ, қауымдастық - әлеуметтік құрылымның адами материалдары. Алайда адамдар қоғамда жай механикалық түрде біріге салмайды, белгілі бір жағдайда, белгілі бір қажеттілікпен ұйымдасады, біреуі басқарушылық функция атқарса, екіншісі – басқарылады, біреуі ой еңбегімен айналысса, екіншісі дене еңбегімен айналысады және т.б. Сөйтіп бірін бірі толықтырып, белгілі әлеуметтік бірлікті (единица) құрап, ұйым деген атқа ие болып әлеуметтік құрылымның маңызды элементіне айналады.
Ұйым түсінігінің әртүрлі мәні бар, бірақ негізінен үш мағынада қолданылады.
Біріншіден, ұйым деп белгілі әлеуметтік функция атқаратын мекемені атаймыз. Мысалы, мемлекеттік, саяси, қоғамдық, өндірістік, ауыл шаруашылық, мәдени және т.б.
Екіншіден, ұйым деп құрылымның элементтерінің тәртіптелу деңгейі, объектінің ішкі құрылымын айтамыз. Бұл мағынада объектінің жоғары немесе төмен ұйымдасқандығы туралы айтады. Барлық әлеуметтік объектілердің өзінің ұйымы бар, яғни өзін құрайтын элементтердің байланыстары бар.
Үшіншіден, ұйым деп бір нәрсені ұйымдастыруға, әлеуметтік объектілер қызметін үйлестіруге бағытталған адамның қызметі түсіндіріледі. Бұл мағынада митингілерді, демонстрацияларды, спорттық кештерді және т.б. ұйымдастыруды айтады.
Бұл анықтамалардың барлығы кез келген әлеуметтік жүйенің әртүрлі аспектілерін, атап айтқанда, оның объективтілігін, құрылымдық күрделілігін және жеке ұйымдардың, сондай-ақ бүкіл қоғамның қызмет етуін қолдауға бағытталған мақсатты іс-әрекетті береді. Сонымен әлеуметтік ұйымдар - әлеуметтік жүйенің маңызды элементтері ретінде қоғам мүшелері үшін әлеуметтік мәнді қатынастарды тәртіпке, ретке келтірудің, тиянақтаудың, оларды міндетті етудің негізінде қалыптасады.
Әлеуметтік ұйымдар дегеніміз белгілі бір әлеуметтік топтар мен индивидтердің мүддесін білдіріп, оны қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, мүшелерінің арасында еңбек бөлінісі жүзеге асқан, төменнен жоғарыға дейін тұрақты ұйымдық құрылымы бар, өзін-өзі басқаратын азаматтардың бірлестігі. Ұйымның барынша қарапайым анықтамасы - бұл екі немесе одан көп индивидтер іс-әрекеттерінің саналы үйлестірілген жүйесі. Бұл анықтамада ұйымның екі маңызды сипаттамасы бар: әлеуметтік ортақтық, бірлік (әлеуметтік қауым белгілі мүшелері бар ұйымнан тұрады) және қауымдастықтың мақсатты қызметі.
Әлеуметтік ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді. Ұйымдық құрылымның негізгі өзегі билік - басқару қатынастары болып табылады. Сондықтан бұл құрылымда басқарушы блок (басшы немесе тиісті функцияларымен, штатымен басшылар) және орындаушылар блогы болады. Әлеуметтік ұйымның ең жоғары формасы мемлекет болып табылады.
Ұйымдар әкімшілік, қоғамдық
және формалды және формалды емес типтерге
бөлінеді. Әкімшілік ұйымдар
Сонымен қатар әлеуметтік ұйымдар мынадай түрлерге де бөлінеді:
1.Қоғамдық-саяси мүдделерге сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
2.Экономикалық мүддеге қарай құрылған ұйымдар.
3.Таптық белгісіне сәйкес құрылған ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
4.Қызмет түріне қатысты
құрылған ұйымдар (ғылыми-
Әлеуметтік ұйымдардың қоғамда атқарар белгілі рөлдері бар. Ол олардың қызметтерінен туындайды:
1). Бірлестік
мүшелерінің мүдделері мен
2). Әлеуметтік ынтымақтасу
мен жұмылдыру функциясы.
3). Әлеуметтендіру
функциясы. Әлеуметтік ұйымдар
өздерінің мүшелерін белгілі
бір маңызды мәселелерді
Әлеуметтік ұйымның маңызды сипаттары:
1) ұйым табиғи мақсатта құрылады, яғни нақты бір мақсаттарды тез уақыт аралығы мен нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін қалыптасады;
2) ұйымдар әрдайым адамдар бірлестігінің қызметін қамтамасыз ететін құрал мен тәсілдерді қалыптастырады;
3) ұйымдар адамдар бірлестігінің қандай да бір мақсатты іске асыруға бағытталған іс-әрекеттерін реттеуге арналады;
4) ұйым мүшелері иерархиялық саты бойынша атқаратын рөлі мен мәртебесіне сай бөлінеді;
5) ұйым еңбек бөлінісі негізінде және функционалдық белгісіне қарай қалыптасады;
6) ұйым басқармасы барлық элементтердің іс-әрекеттерін бағыттап отыратын, оның бөліктері мен ұйымның алға қойған мақсаттан ауытқушылығын мүмкін деңгейден шығармайтын орган болып табылады.
Әлеуметтік институт, оның мәні
Әлеуметтік ұйымдар сияқты әлеуметтік жүйенің маңызды элементі - әлеуметтік институттар. Ол қоғам мүшелері үшін әлеуметтік мәнді қатынастарды тәртіпке, ретке келтірудің, тиянақтаудың, оларды міндетті етудің негізінде қалыптасады. Нақты индивидтердің, адамдардың, әлеуметтік топтардың, жіктердің және басқа қауымдастықтардың әлеуметтік байланыстары, өзара әрекеттері және қатынастары негізінде әлеуметтік институт пайда болады.
Әлеуметтік институт — бұл адам баласының әлеуметтік ойының ұлы жемісі. Біздің тұрмысымыздың барлық маңызды салаларын қамтитын күнделікті өмірдің ұжымдық түрлері ондаған, тіпті жүздеген жылдар тұрақты қызмет етуге қабілетті. Әлеуметтік институтар адам өмірінде кездейсоқтық емес, тұрақтанған, сенімді әрекеттестік, жетекші рөл атқарады. Сол себепті де әлеуметтану үшін институттар талдаудың аса маңызды объектілердің бірі, ал олардың қызметін түсіндіру әлеуметтанудың өзегі болып саналады. Сол себепті де қазіргі әлеуметтану ғылымы институт проблемасына ерекше көңіл бөледі. Белгілі әлеуметтанушылар Г. Спенсер, Э. Дюркгейм әлеуметтік институттарды әлеуметтік фабрика деп атаулары жайдан-жай емес.
Қоғамда жеке әлеуметтік институттар ерте заманнан қалыптасқан. Мысалы, отбасы, мемлекет, білім және т.б. Уақыттың сұранысына орай жаңа әлеуметтік институттар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы қазіргі нарықтық және демократиялық жағдайлардан туындаған нарықтық институттар, демократиялық институттар және т.б.
Күнделікті өмірде институтты әртүрлі әлеуметтік құрылым деп түсінеміз. Адамның қауіпсіздігі, оның білімі, денсаулығы, шаруашылық қызмет, демалыс, тағы басқа біздің күнделікті өміріміздің мәнін құрайтын құбылыстар институттық сипатқа ие болды. Бұл - институттанған, қалыптасқан, тәртіптелген, нығайтылған, жүйеге түскен әлеуметтік өмір. Мысалы, отбасы институты, білім институты, армия институты, дін институты, т.с.с.
Әлеуметтанушылар арасында әлеуметтік институт терминін түсіндіруде бірыңғай пікір жоқ. Дегенмен мынандай анықтамалар ұсынуға болады.
Әлеуметтік институт - бұл адамдардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында пайда болған, белгілі бір әлеуметтік мәні бар функцияларды атқаратын, әлеуметтік әрекеттестіктің тарихи қалыптасқан, нығайған, өзін-өзі тұрақты жаңартып отыратын, әлеуметтік жүйеде тығыз байланысқан, әлеуметтік нормалар мен ережелер, әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер негізінде мақсатқа бірге қол жеткізетін адамдардың ұйымдасқан бірлестігінің түрі.
Әлеуметтік институт – бұл ең бірінші әлеуметтік құрылымның өмір сүруін қамтамасыз ететін әлдеқалай дәстүр, қоғамдық өмірдің уставы (жарғысы), адамдардың қызмет істейтін бірлестіктер және оларды ұжымдарға мақсатты біріктіретін ұйымдастырушы күш.
Әлеуметтік институт - бұл адамдардың біріккен тірлігінің тарихи қалыптасқан тұрақты ұйымы, іс-әрекеті мен өзара әрекеті, олардың қызметінің әртүрлі саласын, мінез-құлқын реттеуші және оларды әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесіне жинақтаушы тұрақты ережелер, нормалар мен тәртіптер (установки) кешені.
Әлеуметтік институт – бұл дәстүрлер, нормалар және құндылықтарға негізделген адамдардың ұжымдық тірлігінің түрі, адамдарды ортақ мақсатқа жетуге күш-жігерін ұйыстыратын ұйымның ерекше формасы.
Қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік, сондай-ақ адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік ережелері мен мінез-құлқының нормаларын бойына сіңірген қоғамдық қызмет пен әлеуметтік қатынастардың белгілі ұйымы.
Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік қызмет соншалықты әр алуан болса, әлеуеттік институт та шексіз. Мысалы, отбасы институты, дін институты, білім, өнер, ғылым, мәдениет институты, өндіріс, банк, несие, сауда институты және т.б. болып кете береді. Яғни адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін сипаттайтын кез келген тұрақты әлеуметтік құрылым әлеуметтік институт бола алады.
Институт дегеніміз не? Соның анықтамасына тоқтала кетелік. Институт («институтты» латыннан аударғанда орнату деген мағынаны береді) дегеніміз адамдардың аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үдерісі тәртіпке келтірген, тұрақты сипаты бар, өзін-өзі жаңартып отыратын әлеуметтік әрекеттер мен өзара қарым-қатынастардың жиынтығы.
Әлеуметтік институттардың негізгі функциялары
Әлеуметтік институттар өмірге қалай келеді және олардың ең мәнді сипаттары қандай? Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты – маңызды өмірлік қажеттілікті қанағаттандыру. Кез келген институт әлеуметтік қажеттіліктен туады, соған сай қызмет етеді. Мысал үшін отбасы институтын алайық. Ол, біріншіден, қоғамдық құндылықтар (балаларға қатынас, отбасылық өмір). Екіншіден, қоғамдық рәсімдер (процедуры) (балалардың тәрбиесі, олардың денсаулығы, денесінің өсуі жөніндегі қамқорлық, отбасылық ережелер мен міндеттер). Үшіншіден, отбасындағы рөлдер мен мәртебелердің бір-бірімен араласып жатуы (отбасында ата мен ененің, әкенің, ананың, баланың, жас өспірімнің, аға мен қарындастардың рөлдері мен мәртебелері). Осылардың көмегімен отбасылық өмір жүзеге асады. Қауіпсіздік пен әлеуметтік тәртіпті әлеуметтік саяси институттардың аса маңызды түрі мемлекет қамтамасыз етеді. Білім беру мен жас ұрпақтарды әлеуметтендіруге, кадрларды дайындауға қажеттілікті білім институты қамтамасыз етеді. Рухани, оның ішінде барлығынан бұрын өмірлік мағыналы проблемаларды дін институты қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік институттар өздеріне тән әлеуметтік функцияларды атқарады. Бұл функциялар әртүрлі. Қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттар 4 топқа бөлінеді: