Әлеуметтік ұйымдар, олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 08:35, реферат

Описание работы

Қоғам әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Бұнда өзара әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру негізгі сипатқа ие болады. Ондай өзара әрекеттер институционалдандырылады. Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі. Әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 183.50 Кб (Скачать файл)

1. Экономикалық институттар: меншік, нарық, ақша, еңбек ақы, т.б. Бұл институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және оларды пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша - тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы - жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.

2. Саяси институттар: мемлекет, сот, армия, парламент, саяси партиялар және т.б. Бұлар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырады.

3. Рухани институттар:  ғылым, білім, дін, мәдениет, тәрбие, моральдық ережелер, т. б. Бұл саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.

4. Отбасы саласындағы  институттар: отбасы, ана, әке,  неке, балалары,

т.б. Бұл институттар - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

5. Денсаулық институты (медицина мекемелері, спорт және туризм).

6. Ақпарат және коммуникация институты (коммуникация мен ақпараттың  бұқаралық құралдары).

Бұл әлеуметтік институттар  арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар  экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.   

Кез келген әлеуметтік институттардың негізгі мазмұндық қызметі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру, өйткені  олар сол үшін құрылды және сол үшін өмір сүреді. Осы бағытта әлеуметтік институттар қанша болса, олардың соншалықты қызметтерін айтуға болады:  

1. Кәсіби іс-әрекеттің жалпы ережелерін жасау жолымен субъектілердің әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

2. Әлеуметтік функция. Бұл адамдар арасындағы байланыстар мен қатынастарды анықтайды, нығайтады және қайта пайда етеді. Әрбір институт өзінің мүшелерінің мінез-құлқын қалыпқа түсіреді, нығайту үшін құндылықтар жүйесін, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін жасайды. Институт шеңберінде оның мүшелерінің қызметін, өзара байланысы мен қарым-қатынасын тәртіпке салып, реттеп отыратын белгілі әлеуметтік бақылау қалыптастырады.

3. Қоғамдық өмірдің тұрақтылығы мен бірқалыптылығын қамтамасыз етеді.

4. Біріктіруші функция. Бұл жалпы ережелерге байланысты әлеуметтік топтар, қауымдастықтардың бірігуі, бір-біріне бағыныштылығы, бір-біріне тәуелділік үдерістерін қамтиды, біріктіреді.

5. Коммуникативті, яғни байланыс функциясы. Бұл өзара әрекет және ақпарат алмасу негізінде жүзеге асады. Институт мүшелерінің байланысының өзіндік ерекшеліктері бар.

6. Трансляциялық функция.  Бұл әлеуметтік тәжірибе ретінде  көрінеді. Әрбір институттың өздерінің  құндылықтары, нормалары мен мінез-құлықтары  үлгілерін меңгеру негізінде  индивидтерді әлеуметтендіретін  белгілі тетіктері бар.  

Сонымен әлеуметтік ұйымдар  мен институтар қоғамда аса маңызды  функцияларды атқарып,  миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өткізіп, оларды әлеуметтендіру үдерісінде айрықша рөл атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда әлеуметтік құқықтық мемлекет институттары қызметін жетілдіру үдерісі

Қазақ елінің өз тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгеніне биыл жиырма бір жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында еліміз қиын да, қыстаулы кезеңдерді, жетістіктер мен алға ілгерушіліктерді бастан кешірді. Алғашқы күннен бастап еліміз зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет құру бағытын таңдап алып, азаматтық қоғам инстутуттарын дамытуды басты мақсат етіп қойды. Қазақстан Республикасының қазіргі 1995 жылы қабылданған Конституциясы бойынша әлеуметтік және құқықтық мемлекетті құрудың алғышарттары мен негізгі принциптері белгіленген: «1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму бағыты ретінде Ата Заңымызда бекітілген әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру негізгі қағидаларды жүзеге асыруды талап етеді. Олардың қатарында биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуіне ерекше назар аудару қажет. Онда әлеуметтік құқықтық мемлекеттің басқа талаптары да қамтылған. Шындығында, заңның үстемдігі, адам құқығы мен бостандығын жоғары құндылық ретінде бағалау, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі және оны жүзеге асыру талаптары заң шығарушы және атқарушы биліктің басты міндеттері. Ал, заң мен басқа да нормативті – заңдық актілердің орындалуын қадағалау сот билігінің міндеті. Биліктің бөлінуінің әрекетшілдігі және тиімділігі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының өзара әрекетінде айқын көрінеді. Бұл екі билік тармақтары ара – қатынасының мүлтіксіз деңгейіне жету мүмкін емес, арадағы қайшылық демократия институттарын жетілдіріп, құқықтық мемлекетке ұмтылудың бастау көзі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі – бір заңдылық туындайды. Қоғамды демократияландырудың өзегі болып табылатын заң шығарушы билікті, парламентаризмді дамыту атқарушы биліктің әрекетін шектейді, оның тетіктерін жетілдіру қоғамды демократияландыру деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру елімізде парламентаризмді, парламентті, оның қызметін жетілдірумен қатар жүргізіліп отыр.

Сот билігі адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауы және осы арқылы қоғамда тұрақтандырушы рөл атқаруы қажет. Ол үшін сот билігі тәуелсіз болуы қажет. Бұл мәселені АҚШ-та соттарды заңгерлер мен халық өкідері қатысуымен алдын – ала таңдау арқылы ұзақ мерзімге немесе өмірлік тағайындау арқылы шешкен. Мұндай тағайындаудан кейін соттар сот кодексін бұзған жағдайда ғана қызметінен босатылады. Мұндай жүйе соттарды шешім қабылдауда барынша тәуелсіз болуына мүмкіндік береді. Тәуелсіздіктің екінші негізі – материалды тұрғыдан қамтамасыз етілу. Төменгі деңгейдегі соттардың өзі жергілікті билік тарапынан қаржыланбауы қажет. Материалды жағдайдың жоғарылығы сот қызметінің беделін арттырып, қоғамда соттарды теріс ойдан сақтандырады. Мұның бәрі сот билігіне қоғам алдында жауапкершілікке ие білікті заңгерлерлің келуін қамтамасыз етеді. Аталған мәселелер елімізде тек соңғы уақыттарда ғана қауымдастық алдында кеңінен талданып, соттардың материалды жағдайын жоғарылату, соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету өзінің оң шешімін табуда.

Әлеуметтік құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі – заңды негіздерге сүйене отырып шешім қабылдайтын тәуелсіз сот жүйесінің болуы. Биліктің бір тармағы болып табылатын тәуелсіз сот билігінсіз әлеуметтік құқықтық мемлекеттің болуы мүмкін емес. Сот жүйесінің тәуелсіздігі, ең алдымен, соттардың құқықтық статусымен, сонымен бірге, олардың обьективті әділдігімен анықталады. Елбасы Н. Назарбаев еліміздегі сот жүйесін жетілдіру мәселесін әрдайым басты назарда ұстау қажеттігін ескертеді. Атап айтсақ, өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту мәселесіне арнайы тоқталып, соттардың жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру, арбитраждық аралық соттар жүйесін нығайту, судьялар жасағын қалыптастырудың тәртібін қайта қарау туралы өкілетті орындарға өз тапсырмаларын берді .

Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметік құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен азаматтық қоғам талаптарын қабылдау процестері қатар жүріп отыр. Сондықтан 2006 жылдың 25 масымында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының және 2011-2020 жылдарға арналған құқықтық саясатты дамыту тұжырымдаманың бекітілуі бұл бағдарды ілгерітушілік болып табылады . Бұл құжат билік органдарының белсенділігімен бекітілді, өйткені қазіргі күннің өзінде қоғам азаматтарының енжарлығы анық байқалады. Тәуелсіз даму жылдарында Қазақстанда жаңа саяси-құқықтық режим қалыптасып қана қойған жоқ, сондай-ақ босап қалған әлеуметтік кеңістікте көптеген ұйымдар мен ассоциациялар құрылды. Бірақ, демократиялық қоғамға тән азаматтық қатынастар жүйесі қалыптасты деуге әлі де ерте. Қазақстан азаматтық қоғамының көптеген құрылымдарының тәуелсіздігі сөз жүзінде қалып отыр, өйткені идеологиялық, материалдық, ұйымдастырушылық тұрғыдан әлі де билікке тәуелді. Бұл азаматтық қоғам институттарының іс әрекетін қамтамасыз етуші нормативті негіздің әлсіздігімен байланысты.

Демократиялық институттарды қалыптастыруды халықтың әлеуметтік қабылдауы әрдайым артта қалып отыр. Саяси реформалар жылдарында еліміз демократия институттарының формалды негіздерін қалыптастыра алды, бірақ оларды шынайы мазмұнмен толықтыру үшін, жаңа азаматтық, саяси-құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін уақыт керек секілді. Қазақстандық қоғам демократиялық өзгерістерді жеткіліксіз құрылмаған, субъективті тасымалдаушысы жоқ жаңадан қалыптасқан саяси ағымдармен бастады. Әлеуметтік және саяси мүдделер нақтыланған жоқ, әр түрлі топтар мен қабаттардың талаптарын білдіретін тетіктер болмады. Азаматтардың аздаған ерікті ассоциациялары мен одақтары әлеуметтік жатсынуды, халықтың маргиналдылығын және кедейлікті, әлеуметтік бейтараптылықты жеңуге мүмкіндігі болмады. Азаматтық қоғам институттары халық пен саяси жүйе арасын байланыстыра алмады, олар мемлекетпен ара-қатынаста, саяси шешімдерді қабылдауда, түрлі әлеуметтік салалардағы заңдар, саяси бағдарлар мен технологияларды жасауда серіктестік қызметін атқара алмады. Сонымен бірге, ең басты мәселенің бірі азаматтық қоғам субъектісінің, яғни белсенді, өзінің азаматтық, саяси, әлеуметтік құқығын білетін, өз мүдделерін конституциялық-құқықтық негізде қорғай алатын азаматтың қалыптаспауы. Мұндай жағдайда қоғамның әлеуметтік, саяси, құқықтық және басқа салаларында мемлекет шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ, мемлекттік саясаттың маңызды басымдығы елді демократияландыру барысында халықтың азаматтық белсенділігінің өсуі үшін, азаматтық қоғамның құқықтық және әлеуметтік-мәдени алғышарттары қалыптасуы үшін негізгі шарты ретінде қалып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда азаматтардың ерікті бірлестіктері мен қауымдастықтары көптеп құрылды, бірақ олар өз жиынтығымен азаматтық қоғам жүйесін құрған жоқ. Мұндай жағдайда Қазақстан өтпелі посткоммунистік қоғам болып табылады. Оның ерекшелігі батыстық қоғам институттарына ұқсас әлеуметтік-саяси институттардың болуы, бірақ бұл институттар батыстағыдай өз қызметтерін әлі атқарып отырған жоқ. Азаматтық қоғамның жетілмегені оның әлеуметтік-мәдени алғышарттарының толық қалыптаспағанымен байланысты. Қазіргі Қазақстан жағдайында жоғарыдан төменге бағытталған қатынастар азаматтық қатынастар мен байланыстарға үстемдік етіп отыр. Әзірге еліміз халқының басым бөлігіне азаматтық қоғам институттарына жаттанған қатынас тән, ол кез-келген қоғамдық іс-әрекетте, ортақ мүдделер мен мақсаттарға біріккен кез-келген қоғамдастыққа қатысында көрінеді.

Әлеуметтік және құқықтық мемлекет идеясы бойынша адам өмірінің құндылығы және оның өмірінің кепілінің шартын қалыптастыру мемлекеттің міндетіне берілуі қажет. Бұл өз кезегінде жеке адам мен қоғамның құндылықты бағдарының жаңа жүйесін жасауды қажет етеді, оның шеңберінде жеке адам құндылығына, оның еркіндігі мен дербестігіне оның құқығы мен өз мүддесін өзі анықтау мүмкіндігіне басымдық беріледі. Өркениетті қоғамның, құқықтың мемлекеттің міндеті мен мәні оны процесті қамтамасыз ету, ережелер шеңберінен тыс индивид әрекеттерін шектеу болып табылады. Бұған құқықтық сананың жетілген формалары болғанда ғана қол жеткізуге болады. Әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру Конституцияда бекітілген Қазақстан Республикасының алдына қойған маңызды мақсаты. Оған жету азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырмай, қоғам өмірінің көптеген салаларында етек жайып отырған құқықтық нигилизм әсерін жоймай мүмкін емес. Құқықтық нигилизм биліктің көптеген құрылымдарының іс әрекетінде көрініс беріп отыр, бұл өз кезеңінде құқыққа деген теріс көзқарас қалыптастырып отыр.

Қорытынды

 

Әлеумет — қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат,  қауым,  жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым,қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.

“Қоғам” аталатын адамдар  қауымының күрделілігі, көп қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны  әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру  қажеттігін алға тартады. Қоғам бір  текті емес: оның алуан реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік түзілімі мен құрамы бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекеттер, әлеуметтік қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесулер, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар т.б. болып табылады. Олардың әрқайсысы өзара тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады әрі өзіне лайықты рөл атқарады. Осы орайда, ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай-ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам өміріндегі олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары мен әрекеттесулерін түсіндіру социология ғылымының басты міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам емін-еркін, бейберекет жиылған тобырдан да, өзінің жөнге салынған құрылымы бар өзге әлеуметтік құбылыстардан да мүлдем ерекше тұрады, демек, басқаша сапалық қасиеттерге ие болады. Ал, әлеуметтік құрылым көп жағдайға жүйе ретінде бүкіл қоғамның табандылығы мен тұрақтылығын айқындайды.  Қоғам және тұлғалардың, олардың байланыстары мен әрекеттесулерінің, өзара іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының жай ғана қосындысы емес, біртұтас жүйе, ал мұндай бірлестіктер жаңа интегралды, жүйелік сапаны туындататын болғандықтан, ол жекелеген адамдардың не олардың қосындысының сапалық қасиеттеріне мойынсынбайды. Әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам — өзінің дербес заңы бойынша қызмет атқарып, дами беретін әлеуметтік ағза өзара табиғи байланыстарына қарамастан, әлеуметтік құрылымға қарағанда “әлеуметтік жүйе” атауы әлдеқайда кең ұғым. Егер әлеуметтік жүйе өзінің аясына кіретін элементтердің бүкіл жиынтығының бір-бірімен және тұтастай әрекеттесуін ұйымдастыру тәсілі болса, онда әлеуметтік құрылым — жүйенің және олардың байланыстарының салыстырмалы түрде баянды, қалыпқа түскен әрі ұдайы өніп отыратын, сондай-ақ, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы мен қызмет атқаруын қамтамасыз ету тетігін құрайтын негізгі элементтерінің жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік құрылым — қоғамдағы әлеуметтік статус пен рөлдің нығаюына ықпал ететін әлеуметтік жүйенің аса маңызды бөлігі, ұйтқысы, берік ұстыны. Сонымен, әлеуметтік жүйе дегеніміз — бір-бірімен өзара байланысып, әрекеттесуші және бірегей әлеуметтік тұтастықты құраушы құбылыстар мен процестердің тәртіптелген ауқымды жиынтығы.

Информация о работе Әлеуметтік ұйымдар, олардың түрлері