Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 08:35, реферат
Қоғам әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Бұнда өзара әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру негізгі сипатқа ие болады. Ондай өзара әрекеттер институционалдандырылады. Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі. Әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қоғамның әлеуметтік
құрылымы әр алуан қырынан қарастырылады.
Мәселен, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің
себеп-салдарлық (детерминшілдік) байланысы,
бір-біріне бағыныстылық тәртібі анықталар
кезде, қоғам, әдетте (мысалы, марксшілдік социологияда) негізгі төрт арна — экономика, әлеуметтік саяси және рухани (
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде зерттеу ісі өзара байланысты міндеттерді: а) “қоғамды жалпы түрде” зерттеуді, яғни қоғамның жалпыға бірдей, әмбебап қасиеттерін, байланыстары мен жағдайларын (әлеуметтік философиямен етене байланыста әрі оның жетекшілігімен) зерделеуді; ә) қоғамның нақты-тарихи тұрпаттарын, өркениеттің даму сатыларын зерттеуді; б) жекелеген нақты қоғамдарды, яғни нақты өмір сүруші елдер мен халықтар қоғамын зерттеуді қамтиды. Әлеуметтік құрылым дегеніміз — кең мағынасында: қоғамның әрқилы, алуан сипаттағы құрылымдық бөлімшелерін және олардың арасындағы байланыстарды қамтитын ортақ түзілім. Оған қоғамның әлеуметтік-демографиялық та, әлеуметтік-таптық та, әлеуметтік-территория да, әлеуметтік-этникалық та, әлеуметтік-діни де т.б. құрылымдары жатады; ал тар мағынасында — қоғамның әлеуметтік-топтық жіктелуін — таптарға, әлеуметтік топтар мен жіктерге бөлінуін ғана білдіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ұ.Е. Сыдықов
2. С.СФролов Соцологоия М. «Логос» 1998
2. А.И.Кравченко Соцология учебное пособие
Екатеренбург 1998
3. Ю.П.Андреев. Н.М.Коршевсая, Н.Б.Костина
Соцальные
институты: содержание, фунуци, контроль.
Сверловск 1998
4. Ю.М.Резник Гродонское общество как
феномен цивилизаци.
6. Человек и общество // Социально-политические
науки
7. Н.Смелзер. Соцология М.1994
8. М.Тәжин. Б.Айғанов. Социология негіздері
1993
9. Тәңірбергенова. Ж.Сәрсенова. Әлеуметтану
2000ж
10. Аженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
А.2002.