Мемлекеттік билік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 18:29, курсовая работа

Описание работы

Яғни, елді президент басқарады және мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық болып табылады. Мемлекетімізде билік біртұтас, ол конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
Мемлекеттік билік ұғымы және оны Қазақстан Республикасындағы ұйымдастырудың қағидалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

cjw.docx

— 42.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Мемлекеттік билік ұғымы және оны Қазақстан Республикасындағы ұйымдастырудың қағидалары
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қай елді алсақ та оның мемлекеттік  билік жүйесінде белгілі бір  ерекшелігі болады. Сонымен қатар  Қазақстан Республикасы да мемлекеттік  билік жүйесінде бірқатар ерекшеліктері  бар. Алдымен Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы  біртұтас мемлекет.

Яғни, елді президент басқарады  және мемлекеттік биліктің бірден-бір  бастауы – халық болып табылады. Мемлекетімізде билік біртұтас, ол конституция мен заңдар негізінде  заң шығарушы, атқарушы және сот  тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік  әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану  арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне  сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген  – мемлекеттік органдардың мемлекеттік  билікті жүзеге асыру әдістері мен  құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билікті, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган – мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.

Мемлекеттіктің негізгі  мәселесі билік болғандықтан, мемлекетімізде билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттыңсаяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп білуге көмектеседі. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі деген екен.

Ағылшын философы, қоғам  қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.

Американың әйгілі әлеуметтанушысы  Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси  жүйеде билік те соншалықты орын алады  деп тұжырымдаған.

Билік туралы мынадай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.

Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.

Алғашқы қауымдық құрылыс  кезенінде билік қоғамдық сипатта  болды. Мұнда қауым болым тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсызеркіне көндірген мекемелер пайда болды.

«Билік» сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету объектісіне байланысты былай бөлуге болады:

Ата-аналар билігі, Мемлекет билігі, Экономикалық билік, Саяси билік, Әлеуметтік билік, Құқықтық билік, Әскери билік, Рухани билік, т.с.с.

Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады. Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай үш негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Парламаенті және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасының  Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің  ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның  мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жүмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (40-бап).

Қазақстан Республикасынан  тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иелену қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.

Президент  өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде  саяси партиядағы қызметін тоқтата  тұрады. Ол ешкім тиіспеу ққұығына ие.

Қазақстан Республикасының  Парламенті – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Қазақстан Республикасы Парламенті төменгі Палатасы – Мәжіліс жалпыға  бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы –  Сенат жанама сайлау құқығы негізінде  жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап).

Қазақстан Республикасының  Үкіметі – атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың  қызметіне басшылық жасайды. Оны ҚазақстанРеспубликасының Президенті құрады.

Сот билігін – сотта  іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық  және заңмен белгіленген өзге де нысандары  арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың соттары  болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілиейді (75-бап).

Судьялар сот төрелігін  іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға  ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне  қандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке  әкеп соғады. Нақты істер бойынша  судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады. Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).

Президент қызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы  24 сәуірде  Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н.Ә.Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халқының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырып дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н.Ә.Назарбаев тағыда сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант қабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылды. Соңынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Кнституция енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.

Демек, Президент мемлекеттік  биліктің шыңы. Атқарушы билікті тікелей  жүзеге асырмса да ол еліміздің билік  құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дегеніміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде  Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституцияның 40 бабының 3 тармағына сәйкес Республика Президенті мемлекеттік барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол-халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Бұл жорамалымыздың дұрыстығын Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ.

Президент атқарушы билік  саласында:

Парламенттің келісімімен  Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны қызметінен босатады;  Премьер-министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді; оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, қайта  құрады; Үкімет мүшелерінің антын  қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды  мәселелер бойынша отырыстарында  төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын  Парламент мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облысташ, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды н толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің біріңғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтін өкілеттілігін тоқтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Премьер-министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметтің орнынан түсуі туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда қабылдайды.

Республика Парламентінің  кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;  Парламенттің бірінші  сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын  қабылдайды; Парламент палаталарының  кезектен тыс бірлескен отырыстарын  шақырады.

Парламент сенаты ұсынған  заңға 15 жұмыс күн ішінде қол қояды, зағда халыққа жария етеді  не заңды немесе оның жекеленген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

Парламенттің келісімімен  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны  өызметтен босатады; 

Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерін басқара отырып, Президент  Қарулы күштердің жоғары қолбасшыларын  қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады; жоғары әскери атақтар мен  өзге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында  немесе оның жекелеген жерлерңнде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы  жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; Қауіпсіздік  Кеңесін құрады;

Президенттің басты міндеті-ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме бұл жағдайда Прездент елді халықаралық  қатынастардың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлкет ретінде  танытады деген сөз. Президент бұл  салада келіссөздер жүргізіп, Қазақстан  Республикасының Халықаралық қатынастарда, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық  және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

Қазақстан Республикасының  Президентін конституциялық заңға  сәйкес жалпыға бірдей, тен және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың  кәмелетке толған азаматтары жасырын  дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Бұл  сияқты мәліметтерді Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Жарлығынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияғ өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңынан алуға болады. Президентті сайлау жалпы сайлау сияқты Республиканың Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен жүргізіліп өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептелінеді. Егер кандидаттардың бірде бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған 2 кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Президентке ешкімнің, тиісуіне болмайды, яғни оны қандай да бір  жауапкершілік түріне таратуға, ұстауға, қамауға, тінт уге және т.с.с болмайды.

Республиканың президенті өзінің міндеттерін атқару кезінде қылмыстық  іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыдық жасаған жағдайда жауап  береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінен бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санынан көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің сақталғаны туралы конституциялық кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Республика Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қралуына себепші болған. Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқатуға әкеліп соқтырады. Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салалрының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғандығы туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының көлемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.

Информация о работе Мемлекеттік билік жүйесі