Мемлекеттік билік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 18:29, курсовая работа

Описание работы

Яғни, елді президент басқарады және мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық болып табылады. Мемлекетімізде билік біртұтас, ол конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
Мемлекеттік билік ұғымы және оны Қазақстан Республикасындағы ұйымдастырудың қағидалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

cjw.docx

— 42.00 Кб (Скачать файл)

Барлық әкімшілік –  аумақтық бірліктердің әкімдері мемлекеттік  – өктемді сипаттағы өкілеттіктерберіледі, сәйке аумақта:обылыс,аудан,қала көлеміндеміндетті  күші бар шешім қабылдайды.

Әкімдердің қызметінің негізгі  бағыттарына мыналар жатады:

  • Маслихаттардың бекітуіне сәйкес әкімшілік – территориялық бірлікті дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалырының жобаларын дайындап ұсынады және олардың орындалуларын қамтамасыз етеді;
  • коммуналдық меншікті басқарады;
  • жергілікті әкімшіліктің құрылымдық бөлімдерінің басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады;
  • жоғарғы атқарушы органдар делегирленген өкілеттіліктеріне сәйкес коммуналдық меншікті басқару бойынша ұйымдастырудың қызметін үйлестіру;
  • ҚР жер туралы заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттейді;
  • ссуда, займ және басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер туралы шешімдер қабылдайды.

Әкімдердің жанынан кеңес  берушілік орган – коллегия құрылады, оның құрамын әкім бекітеді. Әкімдердің қызметінің ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін аппарат құрылады.

Әкімшіліктің құзырлығындағы сұрақтар бойынша әкім шешімдер мен  өкімдер шығарады. Жергілікті атқарушы органдардың қызметтері мынадай  қағидаларға сүйеніп жүзеге асырылады:

  • Президентке, үкіметке және жоғарғы әкімшілік басшыларына есеп беруі;
  • оның қарамағындағы мәселелер бойынша сәйкес өкілді органдардың бақылауында болуы;
  • заңдылық;
  • дара басшылық;
  • азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қамтамасыз ету;
  • өз құзырлығы шегіндегі дербестігі мен тәуелсіздігі;
  • өз қызметі үшін және қабылдаған шешімдері үшін жауаптылығы.

Қазақстан  Республикасының  сот жүйесін Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.

Жергілікті соттарға мыналар  жатады:

  1. облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, Республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот – Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар);
  2. аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар).

Қазақстан Республикасының  сот жүйесінің бірлігі:

  1. Конституцияда, осы Конституциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптері;
  2. Сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
  3. Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;
  4. Заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
  5. Заң күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;
  6. Барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасындағы  соттар қызметінің тәртібін және судьялардың  мәртебесін белгілейтін заңдар Қазақстан  Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі, сондай-ақ сот  төрелігін іске асыру тәртібі  Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа  да заң актілерімен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының  Президенті бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде бір ауданды сот  немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін. Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңды белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.

Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкілеттілігін  атқарады.

Аудандық сотта кеңсе  құрылады, оның штат санын сот төрағасымен  келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

Аудандық соттың өкілеттілігі:

  1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.
  2. Аудандық сот:
  3. өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;
  4. сот статистикасын жүргізеді;
  5. заңда көзделге басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Аудандық соттың төрағасы:

  1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
  2. сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
  3. соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  4. азаматтарды қабылдауды жүргізеді;
  5. судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;
  6. сот статистикасын жүргізумен талдауды ұйымдастырады;
  7. өкімдер шығарады;
  8. заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
  9. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойынша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.

              Бірқұрамды сот төрағасы уақытша  орнында болмаған жағдайда оның  міндетін атқару аумақтық уәкілетті  орган басшсының ұсынысы бойынша  облыстық сот төрағасының өкімімен  басұа соттың судьяларының біріне  жүктеледі.

Облыстық соттың жалпы  отырысы:

  1. Обылыстық сот қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет жалпы отырыстар өткізеді, оларда:
  2. алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;
  3. сот жұмысының жоспарын талқылайды;
  4. алқалар төрағасының хабарламаларын тыңдайды;
  5. сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
  6. уәкілетті органға белгілі бір адамды облыс соттарының әкімшісі қызметіне тағайындауға келісімін береді;
  7. облыс соттары әкімшісінің қызметі туралы есбін тыңдайды;
  8. аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар жасайды;
  9. уәкілетті органға облыс соттары әкімшісін қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
  10. судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әділет біліктілік алқасына тиісті қорытынды береді;
  11. заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  12. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларды жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.
  13. Облыстық соттың жалпы отрысының жұмыс тәртібі ол бекіткен регламентпен анықталады:
  14. облыстық және оларға теңестірілген уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
  15. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Облыстық сот төрағасы:

    1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады.
    2. Қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы.
    3. Қажет болған жағдайларда бір алқаның судьял<span cla

Информация о работе Мемлекеттік билік жүйесі