Мемлекеттік билік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 18:29, курсовая работа

Описание работы

Яғни, елді президент басқарады және мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық болып табылады. Мемлекетімізде билік біртұтас, ол конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
Мемлекеттік билік ұғымы және оны Қазақстан Республикасындағы ұйымдастырудың қағидалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

cjw.docx

— 42.00 Кб (Скачать файл)

Парламент-Қазақстан Республикасының  заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс ітейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат  әр облыстан, Республикалық  маңызы бар қаладан және Қазақстан  Республикасының астанасынан екі  адамнан,  тиісінше облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары  депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Сенат  депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде  жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде 5 жыл азаматы болған, жасы 30 толған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс  стажы бар, тиісті облыстық, республикалық  маңызы бар қаланың не Республика астанасының, маумағында кемінде 3 жыл  тұрақты тұрған азаматы алты жыл  өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады.

Парламент палаталарының  бөлек отырысында мәселелерді әуелі  мәжілісте ал содан соң Сенатта  өз кезегімен қарау арқылы; заңдар қабылдайды;  республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелрін шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 54 бабында көзделген басқада өзгерістерді жүзеге асырады.

Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қарауға  қабылдау және қарау; Республика Парламенті қабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қасылықтары бойынша  ұсыныстар әзірлеу;

Палаталардың бірлескен  отырысында Парламент

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерулер мен тоықтырулар енгізеді; Конситуциялық заңдар қабылдайды; оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
  2. Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджетінің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
  3. Республика Президентінің қарсылығын туғызған зағдар немесе зағдардың  баптары бойынша ол жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылдағанын білдіреді. Егер Парламент әр палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен бұрын қабылдаған шешімді қуаттайтын болса, Презиент 7 күн ішінде заңға қол қояды. Еер Президенттің қарсылығын ескерілмесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есепелінеді;
  4. Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен 1 жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттілігін беруге хақылы;
  5. Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің төрағасын тағайындауына келісім береді,
  6. Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды; бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауысымен жүзеге асырыла алады және бұл Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді. Ондай көпшілік дауыстың болмауы Үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді.
  7. Әр Палата депутатары жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен, Парламн депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша  немесе Конституцияда белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсізік білдіреді.

Парламент бұдан басқа  да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Парламент  Республиканың бүкіл аумағында  міндетті күші бар Қазақстан Республикасының  Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат  пен Мәжілістің Қаулылары түрінде  Заң актілерін қабылдайды.  Заңдар аса маңызды қоғамдық қатынастаға  реттейтін  мынадай мәселер бойынша  шығарылуы тиіс:

  1. Жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;
  2. Меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға
  3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметінің негіздерінде
  4. Салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
  5. Республикалық бюджетке
  6. Сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелріне
  7. Білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға
  8. Кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге
  9. Айналадағы ортаны қорғауға
  10. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына
  11. Мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілеуге қатысты

Өзге қатыныастардың барлығы  заңға тәуелді актілермен реттеледі

Республиканың мұндай заңдары  Республика Президенті қол қойғаннан  кейін күшіне енеді. Парламент пен  оның палаталарының Заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы  санының көпшілік дауысымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Контитуцияда көзделген мәселер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының  кемімінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады

Қазақстан Республикасының  Президенті мынадай жағдайларда: Парламент  Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-министрді тағайындағанда екі мәрте келісім бермегенде, Парламеттің Палаталары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламетті тарата алады. Біркақ, парламетті Төтенше жағдай нмесе соғыс жағдайы кезінде, Президент өкілеттілігінің сңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратулан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.

Парламенттің ағымдағы қызметі  тұрақты комитетерде атқарылады, олардың саны әр Палатада 7 аспау  керек. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде құрылған комиссиялар құруға қақылы. Заңның Палата отырыстарында талқылануы оқылым деп аталады. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитетінде алдын ала қаралып, комитет ол бйынша қрытынды бергеннен кейін Мәжілістің жлпы отырысында талқыланады. Әдете, талқылау 2 оқылымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және конституциялық заңдар қабылдау немес оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелрі бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.

Қаралған заң жобасы бойынша  Сенаттың Президент сияқты қарсылық білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының  көпшілікпен дауысымен қабылданбаған  жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс  депутаттары жалпы санының үштен  екісінің көпшілік дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта  талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын  сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды.

ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі мына схема бойынша құрылады. Жоғарғы атқарушы билік органдары (ҚР Үкіметі) – Үкіметтің құрамына кіретін орталық атқару органдары (ҚР министрліктері, ведомстволары) – Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы билік органдары – жергілікті атқарушы билік органдары (облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктер).

Үкімет – ҚР Конституциясына  сәйкес Қазақстанда атқарушы билікті  жүзеге асырады, атқарушы билік органдарының жүйесін басқарады және олардың  қызметтеріне басшылық етеді. ҚР Үкіметі өз қызметінде ҚР Президенті алдында жауапты, ол ҚР Парламентіне есеп береді, Үкіметті ҚР Президенті құрады. ҚР Үкіметінің құрамы мынадай мүшелерден тұрады: Премьер – министр, оның орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар. Премьер – министрді ҚР Президенті Парламенттің келісімімен тағайындайды. Үкіметтің құрылымы және құрамы туралы ұсынысты ҚР Премьер – министрі тағайындалғаннан кейін 10 күннің ішінде ҚР Президентіне ұсынады. Үкіметтің қызмет ету тәртібі 1995 жылдың 18 желтоқсанында қабылданған “Үкімет туралы” ҚР конституциялық заңмен анықталады. ҚР Үкіметі өз құзырлығындағы сұрақтар бойынша ҚР барлық территориясында міндетті күші бар қаулылар шығарады. ҚР Үкіметінің өкілеттіліктері:

  1. Әлеуметтік – экономикалық саясаттың, қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын әзірлеу;
  2. Қоғамдық тәртіпті қорғану қабілеттілігін қамтамасыз ету;
  3. Орталық және жергілікті атқарушы органдарды басқарады;
  4. Республикалық бюжетті дайындап Парламентке ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етеді және осы туралы есеп береді.
  5. Мәжіліске заң жобаларын ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
  6. Сыртқы саясатты жүргізу бойынша шараларды даярлайды.

ҚР Үкіметінің құрамы (2007 жылдың 1 ақпаны бойынша):

  1. Сыртқы істер министрлігі – Марат Тәжин
  2. Қорғаныс министрлігі – Даниал Ахметов
  3. Ішкі істер министрлігі – Бауыржан Мухаметжанов
  4. Қаржы министрлігі – Наталья Коржова
  5. Әділет министрлігі – Зағипа Балиева
  6. Ауыл шаруашылық минисирлігі –
  7. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі – Ермұхамбет Ертісбаев
  8. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі – Гүлжан Қарагусова
  9. Білім және ғылым министрлігі – Асылан
  10. Сауда және индустрияминистрлігі – Оразбах Жанұзақов
  11. Көлік және коммуникация министрлігі
  12. Энергетика және минералды ресурстар министрлігі
  13. Денсаулық сақтау министрлігі – Анатолий Дерновой
  14. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
  15. Төтенше  жағдайлар бойынша министрлік – Виктор Храпунов
  16. Экономика және бюжеттік жоспарлау министрлігі
  17. Мемлекеттің материалдық қорлары бойынша Агенттік
  18. Статистика бойынша Агенттік
  19. Көші-қон және демография бойынша Агенттік
  20. Туризм және спорт бойынша Агенттік
  21. Мемлекеттік сатып алу бойынша Агенттік
  22. Кедендік бақылаубойынша Агенттік
  23. Ақпараттандыру және байланыс бойынша Агенттәк

ҚР Министрлігі – мемлекеттік  саясатты жүргізетін және белгіленген  қызмет аясында басшылық ететін орталық атқару органы. Министрліктерді ҚР Президенті құрады, қайта және таратады. Оның басшысын – министрді ҚР Президенті тағайындайды және босатады. Министрліктердің құқықты мәртебесі қандайда болмасын сфераны реттейтін әртүрлі заңдарда, заң күшіндегіактілерде, мысалы, Министрліктер туралы жағдайда бекітіледі. Министрлердің орынбасарлары, премьер – министрдің ұсынысы бойынша үкіметпен тағайындалады, сонымен қатар министрліктердің кеңес берушілік- үйлестіруші және кеңесуші бөлімдер ашылады, олар министрдің бұйрығын іске асыру үшін шешім қабылдау көмектеседі. Министрліктің құрамында департаменттер, бас басқармалар, комитеттер ққрылады. Министрліктердің, ереже бойынша, екі жақты сәйкес бағыныштылықта болатын, министрлікке вертикаль бойынша, жергілікті әкімшіліктерге – горизонталь бойынша бағынатын аумақтық бөлімдері болады, мысалы, білім беру бөлімдері және т.б.

Министрліктерге өздеріне тапсырылған  басқару салаларын, ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамытуға, мемлекеттің  осы салаларындағы барлық өнімдерінің түрлеріне сұраныстарын анағұрлым толық қанағаттандыруға жағдайы үшін жауапкешіліктер артылады. Министрліктер өздеріне тапсырылған салаға басшылық жасайды, өздеріне берілген құқықтар шегінде барлық сұрақтарды шешуге өкілетті, өз қызметінде сала аралық мәселелерді шешуде және әзірлеуде басқа минитрліктер мен ведомстволармен байланыс жасап және іскерік ынтымақтастықты жүзеге асыруға арналған.

Министрліктер өз құзырлықтарының  шегінде заңдардың және мемлекеттік  биліктің және басқарудың жоғарғы органдарының  шешімдерінің негізінде және солардың орындалуы үшін актілер шығарады, олар бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер түрінде  болады.

Министрліктерге әртүрлі  өкілеттіліктер берілген, мысалы, қандайда бір қызметтен айналысуға рұқсат береді, әртүрлі объектілерді тіркейді, қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асырады, шаруашылық қызмет, құқық  қолданушылық қызмет және т.б.

ҚР Агенттігі – ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқару органы болып табылады. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша ҚР Президенті құрады, қайта құрады және таратылады. Агенттік тиісті саланы басқарады, сала аралық және өзге де басқаруды, арнайы және рұқсат берушілік функция атқарады. Агенттіктің құрылымын оның жетекші төрағасы бекітеді және ереже бойынша департамент пен басқармалардан тұрады. Агенттіктің актісі – агенттік төрағасының бұйрықтары болып табылады.

Ведомоство – бұл жекелеген  сала аралық, басқарушылық немесе министрліктің  шегінде арнайы салалық функцияларды атқаратын орган. Көбінесе рұқсат берушілік, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды атқарады. Ведомстволарды екі негізгі топқа бөлуге болады:

  1. Үкімет жанынан құрылған – оны ҚР Президенті құрады және таратады;

б) министрліктер құрамында құрылатын және әрекет ететін – бұны ҚР президенті де және Үкіметі де құрады, мысалы, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитеті.

Жергілікті атұару органдары. ҚР әкімшілік-территориялық құрамына сәйкес атқарушы билік әкімдерімен  басқарылатын оның органдарымен жүзеге асырылады.

Әкім – сәйкес әкімшілік- территориялық бірліктің жергілікті атқару органын басқаратын лауазымды тұлға және Президент пен Үкіметтің өкілі болып табылады.

Обылыс әкімдері және республикалық  маңызы бар қалалардың әкімдерін  Премьер-министрдің ұсынысы бойынша  Президент тағайындайды. Өзге әкімшілік-территориялық  бірліктің әкімдерін ҚР Президенті белгілеген тәртіпте  лауазымға  тағайындалады немесе сайланады. ҚР Президенті қалауы бойынша әкімдер  лауазымынан босатылады.

Информация о работе Мемлекеттік билік жүйесі