Отбасымен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 16:58, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
- отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәнін айқындау;
- отбасымен әлеуметтік жұмыстың маңызын анықтау;
- қазіргі заман отбасында ата-ананың тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін
ашып көрсету;
- бала мен ата-ана қарым-қатынасының педагогикалық – психологиялық
тұстарына сипаттама беру;
- ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогкалық шарттарын
айқындау;
- жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттарын көрсету;

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі
теориясы мен әдістемесі............................................................................5
1.1 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері......5
1.2 Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері.............................8

ІІ тарау Қазіргі заманғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысқа
талдау...........................................................................................................12
2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде...................................12
2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі..........................15

2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
түрлері....................................... ....................................................................19

ІІІ тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты дамытудың
жолдары.......................................................................................................23
3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары..................23
3.2 Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары.....................................26
Қорытынды..................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................32

Файлы: 1 файл

Султанова Г. отбасымен әлеуметтік жұмыс.docx

— 104.34 Кб (Скачать файл)

Қазіргі қазақстандық жас  отбасының әлеуметтік пробдемаларының  ішінде бірінші орында материалдық  жағдайсыздық тұр. Қазақстандық жастардың  құндылықтардың ішінде»материалдық жағынан қамтамсыз етілу» алдыңғы орында: республиканың 84,8% жас респонденттері бұл қажеттілікті басқа базалық және әлеуметтік қажеттіліктердің, соның ішінде «сүйікті адамды табу», «отбасын құру», «бала өсіру» сияқты қажеттіліктерден де бірінші орынға қояды екен.

Жас отбасының  тағы бір  өткір проблемасы тұрғын-үй проблемасы. Жоғырыда аталған, «Қазақстан жастары  – 2000» жобасының шеңберінде жүргізілген  зерттеулердің проблемалардың ішінде жас тұлғалардың «тұрғын-үйінің болмауы» проблемасы «отбасын материалдық жағынан қамтамсыз ету қиын», «мамандығыма жұмыс табу қиын» және «кәсіптік білім алудың мүмкіндігі жоқ» сияқты проблемалардан кейін төртінші тұрады екен.

Материалдық – экономикалық проблемалар, тұрғын-үй проблемасымен  бірге белгілі бір дәрежеде жас  отбасыларының неке құру жасына, айырылысуға  және бала тууға әсер етеді.

Тағы бір жас отбасылары үшін күрделі проблема аз балалық, халықтың репродуктивтік бөлігі болып табылатын  жастар арасындағы бала туудың төмендеуі. Бала туу үрдісінің төмендеуінің аналардың жастарына байланысты көрінісі 2.1-кестеде көрсетілген.

Жас отбасымен жасалатын  әлеуметтік жұмыс көп аспектілі  сипатта болады. Нақты отбасыларының  нақты проблемаларын шешуге бағдарланған экономикалық, психологиялық, білім  беру және басқа да бағдарламалар  арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, оның негізіне жалпы мемлекеттік отбасы саясаты мен одан шығатын отбасын  әлеуметтік қорғау жатады.

Нарықтық қатынастарға көшкен өзгермелі қоғамда мемлекеттік  отбасы саясатының негізгі бағыттары  мыналар:

  • Отбасы экономикасындағы табыстарының деңгейі мен рөльдерін көтеру, оның экономикалық дербестігін бекіту, нны көптеген жұмысшылардың өздерін және өз отбасыларын асырауға жеткілікті мөлшерде еңбекақы деңгейімен, отбасының өмірлік игіліктер құрылымын ақылы және ақысыз қызметтерінің арақатынасын ақылы жағына қарай өзгертумен байланысты шешу;
  • Отбасының өндірістік қызметін әртүрлі жеке меншік түрлерін дамыту арқылы қайта өрлетіп, кеңейту үшін материалдық-қаржылық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық алғы шарттарды құру;
  • Қоғам мен мемлекеттің үй шаруашылығын жүргізуге деген қатынасын өзгерту;
  • Аз қамтамасыз етілген отбасыларға өтемақы төлеу арқылы балалар тамағына, киіміне, мектеп құралдарына және т.б. ақша бөлу арқылы адрестік, жекеленген материалдық қолдау көрсету;
  • Жас отбасыларын тұрғын-үй сатып алуға, үй шаруашылығын жүргізуге, ұзақ уаөытқа қолдану заттарын және т.б. алуға бір реттік несие беруге кепілдік беретін еңбек келісім – шарттарын жасауға көмектесу;
  • Жалғыз басты аналарға 16 жасқа дейінгі балаларына өмір сүру деңгейіне сәйкес жәрдемақы төлеуді және оларды индексациялауды реттеу;
  • Отбасы қатынастарын тұрақтандыру, отбасы адам мен қоғамның ұдай өндірісінің  маңызды әлеуметтік организмі ретінде бекіту, олардың толық дамыту мақсатында отбасына әлеуметтік көмек көрсетудіңерлі-зайыптыларға, ата-аналар мен балаларға психоло-педагогикалық әсер етудің ғылыми негізделген және практика жүзінде бағдарланған бағдарламаларын жасау және енгізу.     Отбасының беріктігі-намыстан. Тексіздің ұлы мен қызы да опасыз келеді. Жаман жүрісті әйел-бүгінде талай жігітті зарлатуда. Соның себебінен ішкіштікке салынып жатқандар қаншама?

Ертедегі қазақтар ондай  әйелді бірден талақ еткен. Атқа теріс  мінгізіп төркініне қайтарған. Қазіргі  еркектерде ондай батылдық жоқ. Өзін-өзі  іштей жеп, арақтан өшін алады. Өз үйінде жастайынан бұзылған ашық етектілерге  бүгінгі ортада жол ашық. Қайдағы  бір момын жігітке алдап тиіп, басын қатырады да, өмірден ерте кетуіне себеп болады. Ондай жесірдің тапқан ұлы өскенде ынжық болады. Қызы өзіне тартып, ізін жалғастырады. Бұзық әйелдердің саны өсіп көбеюде. Оның артында тексіздік жатыр. [13]

     Отбасының  беріктігі үшін басты қажеті-даналық.  Тұтас елдің бүтіндігі де даналықпен  ұсталады. Даналық дегенің-жеті жасардан  бастап жетпістегілерге дейін  ортақ  қажеттілік. Онсыз өмір  мәнді емес. Жаңа заманның жастары  қалай қарайды? «Кеше сүйіп  қосылған едік. Бүгін ұнатпай  қалдым» сөзі балалықтан емес, барып тұрған қадірсіздікті көрсетеді.  Ажырасу- надандық іс.

 

2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс

түрлері

 

Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, педагог, ата-ананың орны бөлек. Олай дейтіе себебіміз, бала бір жақта  тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде ата-ана  баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім –тәрбиедеі жарасымдылық бірлесіт жұмыс істеген жағдайда ған үйлесімділік табады. Өйткені баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге  оқыған құрбы-достарына, олардың күнделіктіі  іс-әрекеттеріне байланысты.

Отбасы - өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты  даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт беруімен айналысатын әлеуметтік институт.

Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың  педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында.

Қазіргі кездегі аса бай  отбасылардың пайда болуы оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары  баланың кез-келген сұранысына сол  мезетте қанағаттандыруы, аламын деген  нәрсесінің сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының  өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі  келетін арам тамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.

Дәл осыған қарама-қарсы  әрекет істейтін ата-аналардың да түсінігі балаларының тура жолдан шығаруға итермелейді.

Ондай ата-аналар өз балаларын  аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп  әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сол нәрсеге бола қатаң  жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер  жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды.Мұндай жағдайда, әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың  баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы  да екіталай.

Әрбір баланың өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста  болатынын, солардың әсерімен дамитынын  ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай  әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік. Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер етуі жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады:

  • Баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді.. Олар көп емес, алайда өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді...
  • Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
  • Балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтерге қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, «қиын» балаларды беретін отбасылар.

 Отбасы тәрбиесінде қоғамдық жағдайдың алатын орны ерекше. Дегенмен бала тәрбиесінде ата-анаға көмекке келетін жанашыр – педагогтер қауымы. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде педагогтердің іс-әрекеті көпшілік жағдайда кешегі Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан кейбір жұмыстармен ғана шектелетін еді. [14]

Тәрбиелеуге қиын балалар  мен педаготың оқудағы қарым-қатынасын, балалардың қараусыз қалушылығын педагогикалық  рөлдің субъектпен байланымын көрсетуінде  функционалдық байланыс бар.

Негізінен барлық мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытын  орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың  нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Бүгінде  берекесі жоқ  отбасылардың саны өсіп келеді. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық  ықыласынан айырылған балалар көшенің  қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі, киелі  сәті  балалық дәуреннің қызығымен  осылай ерте қоштасып үлгереді. Туған-туыстарынан, жақын адмдарынан демеу таппаған қыздар мен ұлдар кездейсоқ азаматтардың жетегіне еріп, ішімдікпен есіркіге құмартады. Сол арқылы қылмыс әлеміне қадам басады. Қылмыс субъектісіне айналған кәмелетке толмағандардың әлеуметтік жағдайына талдау жүргізсем, олардың жартысынан астамы тұрмысы төмен, толыққанды емес және берекесіз отбасылардан шықандары дәлелденіп отыр.

   Көптеген ата-аналар өндірістік еңбекпен бала тәрбиелеуге қолы босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны желеу ететіндердің көпшілігі баласының кешкісін және бос уақытында немен айналысатынын, кімдермен бірге жүретінін біле білмейді. Елімізде еңбекпен айналыспайтын адам кемде- кем, өндірістік міндетін атқара жүріп, тәрбиелі, іскер, білімді, мәдениетті ұрпақ өсірген ата-аналар да мыңдап саналады. Олардан үйренетін жақсы дәстүр – баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермеуі (музыка, спорт, түрлі үйірме жұмыстары), әрі үйдегі үлкенді – кішілі мәселенің бәріне баланы араластырып, ортақ мүдде үшін міндеттілікке, жауап кершілікке тәрбиелеуі.

    Педагогикалық  зерттеу мақсатымен ата-аналарға  кешкісін баласының немен айналысуы  жайында анкета жаздырғанда олардың  54 пайызы түнде баласының қайда  жүретінін білмейтінін, 46 пайызы  кешкісін жұмыстан шаршап келуіне  байланысты баланы күнделікті  қадағалауға мүмкіндігі жоқтығын  мойындайды. Ал «қиын» бала ретінде  есепке алынғандардың бос уақытын  қалай өткізетінін сұрағанда,  үй шаруасына көмектесетіндері 5, сабақ әзірлейтіндері 3, спортпен  айналысатындары 1,5 ,театрға баратындары  13, көркем әдебиет оқитындары 9, кино көретіндері 64, бұзықтық жасайтындары 3 пайыз болып шықты. Мектептегі оқу бағдарламасына ілесе алмай,  үлгермеушілер санын көбейтетін оқушылардың

85 пайызы осындай «қиын»  балалар екені анықталды. Сондай-ақ  отбасы жағдайында баланың күн  тәртібі дұрыс ұйымдастырылмауы, сабаққа әзірленуге мүмкіндік  жасамауы да үлгермеуге себепші  болады. Бұл мәселе бірден-бір  ата-анаға байланысты, солардан талап  етілетін нәрсе. 

     Ата-аналар  көңіл аударатын мәселенің бірі  – отбасында бір не екі,  немесе одан да көп бала  болудың тәрбиесіндегі орны. Белгілі  педагог А.С Макаренков отбасында  жалғыз баланы тәрбиелеуден бірнеше  баланы тәрбиелеу жеңіл екенін  дәлелдеген. Өйткені көп балалы  үйде ұжымдық, бір-бірімен санасу  сияқты  отбасы дәстүрі ұсталып,  тәрбие жүйесі жинақталады. Ағалы-қарындасты, інілі-сіңлілі бауырластар біріне-бірі  көмектесіп, сүйеніш болу арқылы  ұжымшыл ниетте, бір-бірлерінің кемшілігін  көргіш, жақсы өнегесінен үйреніп  өседі. Ал отбасындағы жалғыз  бала менменшіл, өркөкірек, ішінара  еңбекке құлқы жоқ, енжар жан  болып қалыптасады. Мұндай балалар  алдауға тез түседі, «алақаны  ашық», керек болса жолдастарына  қажет нәрсені үйінен тасып  береді. Сөйтіп жүріп «қиын» балалардың  ықпалына түсіп қалады. [15]

Қазақстанда  қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізілуінің статистикалық сипаттамасы.

      Педагогикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша үнемі ұрыс-жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбірлеу кездесіп тұратын отбасында өскен балалардың 40-43 пайызы ішімдік орын алған ортада өскен балалардың 30 пайызы, жезөкшілік пен моральға қайшы әдеттермен айналысатын ата-ана өсірген балалардың 12 пайызы «қиын бала» аталады. Оларға тән қасиеттер – дөрекілік, қатыгездік, қиқарлық т.б. жағымсыз мінездер.

      Статистикалық  көрсеткіш жасөспірім қылмыскердің  құқық бұзушылық саласындағы  белсенділігінің мықты екендігін  айғақтап отыр. Республикадағы әрбір   бесінші қылмыстың  кәмелетке  жетпеген балаусаның қолымен  жасалуы  ойланарлық жайт. Өткенге  көз жүгіртіп шүкіршілік жасауға  болатын шығар. Себебі 1991 жылы  балалар жасаған қылмыс саны  өзінің шарықтау шегіне жетіп  13 мыңды құраса, 1999 жылы бұл көрсеткіш  7 мыңға түскен. Бүгінде жасөспірімдер  қылмысы 1995 жылмен салыстырғанда  екі есеге азайып отыр. Ішкі  істер органдарының қызметкерлері   мұндай жағымды ахуалдың бірқатар  себебін алға тартады.

    Бұған ықпал еткен бірінші жағдай көші-қонмен байланысты. Егемендікке қол жеткізген уақыттан бергі жылдары көптеген ұлт өкілдерінің өз Отандарына оралуының салдарынан Қазақстандағы 6 000000 200 000 балалар мен жасөспірімдердің саны 4 000000 900 000-ға дейін азайған. Яғни, мұндай кемудің балалар арасындағы қылмыстық көрсеткіштен көрініс табуы түсінікті. Ал, екінші себеп полиция қызметіне қатысты. Ішкі істер органдарындағы түбегейлі өзгерістің нәтижесінде кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторларға белгіленген әкімшілік учаскедегі қылмыстық жағдайға  жауапты болу міндеті жүктелді. Әрине, айтып өткен екі себептің жасөспірімдер арасындағы қылмысты тежеуге ықпалы болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ балалар жасайтын құқық бұзушылықтың санының кемігеніне қарап марқаю оның шынайы бағасын бермегендік болр еді. Енді осы қылмыстардың мазмұнына үңіліп көрейік. Көрсеткіш азайғанмен бала санасының барған сайын зұлымдық, қатыгездік сипат алып бара жатқанын жазбай тануға болады. Сарапшылар соңғы кезде бас бостандығынан айырылғандардың ішінде адам өлтірген, зорлық жасаған , өзгенің денсаулығына қасақана ауыр зардап келтірген жеткіншектердің салыстырмалы түрде көбею үстінде екендігін жасырмайды. Айталық, соңғы 5 жылдың көлемінде адам жанын жаһаннамға аттандырған жендет жасөспірімдердің қатарына (бұған дейін 130 еді) 20 бала қосылып отыр. Бұл қылмыстардың әрқайсысының қандай қасапшылықпен жүзеге асқанын ескерсек, Қазақстан үшін аз көрсеткіш еместігіне көз жеткіземіз.

      Қазіргі  таңда бала санының өсуіне  байланысты «қиын бала» санының  көбейгені де дәлелденіп отыр.  Дегенмен, бейресми деректер бойынша  сарапшылар тұжырымы 2010 жылғы көрсеткіште  қылмыс саны төмендейді деген болжамға саяды.[16]

Қиын баланы қоғамдық істерге  икемдеу

Әлеуметтік-педагогикалық  сауықтыру кезінде төмендегілер маңызды орын алады:

  • әлеуметтік емес тәртіп фактілерін анықтау және алдын алу, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • мұғалімдерге, ата-аналарға кеңес беру, ол үлкендерге балалар мен жасөспірімдердің жас-жыныстық және жеке бастық-психологитялық ерекшеліктерін дұрыс түсінуге көмектеседі;
  • педагогтар, оқушылар, ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен өзара әрекеттестіктің нығаюына әсер ету (тренингтер);
  • әлеуметтік- педагогикалық проблемалар бойынша ата-аналар, педагогтар үшін кездесулер, «дөңгелек үстелдер», семинардар ұйымдастыру (салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер мен оларддың ата-аналарына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету);
  • жасөспірімдер спорт секцияларына, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға тарту.

Информация о работе Отбасымен әлеуметтік жұмыс