Отбасымен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 16:58, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
- отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәнін айқындау;
- отбасымен әлеуметтік жұмыстың маңызын анықтау;
- қазіргі заман отбасында ата-ананың тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін
ашып көрсету;
- бала мен ата-ана қарым-қатынасының педагогикалық – психологиялық
тұстарына сипаттама беру;
- ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогкалық шарттарын
айқындау;
- жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттарын көрсету;

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі
теориясы мен әдістемесі............................................................................5
1.1 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері......5
1.2 Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері.............................8

ІІ тарау Қазіргі заманғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысқа
талдау...........................................................................................................12
2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде...................................12
2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі..........................15

2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
түрлері....................................... ....................................................................19

ІІІ тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты дамытудың
жолдары.......................................................................................................23
3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары..................23
3.2 Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары.....................................26
Қорытынды..................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................32

Файлы: 1 файл

Султанова Г. отбасымен әлеуметтік жұмыс.docx

— 104.34 Кб (Скачать файл)

 Шешесі, әкесі немесе  әжесі мен атасы өздерінің  өмірінің мәні баланың физикалық  жағдайына қарау мен оны тәрбиелеу  деп қана санауы мүмкін. Олар  өздерінің өмірдегі мақсаты басқа  бір нәрсе деп, бала тәрбиесін  әрқашан мойындамауы мүмкін. Олар  өздерін бақыттымын деп тек  олар біреуге қажетті болғанда  ғана сезінеді. Егер балалары  ер жетіп, олардан кетсе, ата-аналар  өз өміріміздің мәнін жоғалттық  деп санауы да мүмкін. Ол үшін  олар өздерінің қамқоршы деген  атауын сақтауға тырысып, «балам  мұны дұрыс істей алмайды»  деп баланың барлық ұсақ-түйек  жұмыстарын өзі істеп беретін  ата-аналарды мысалға келтіруге  болады. Осының нәтижесінде баласы  өзінің қажеттігін сезінеді, бірақ  оның кез-келген өз бетінше  бір әрекет етуі ендігі жерде  ата-анасы жағынан кедергіге ұшырап  отырады. Ал мұндай әрекеттер  бала өмірінің тиімді дамуына  керісірше зиянды болып келеді. [22]

     Ата-аналардың  мұндай шаралары олардың эгоизмінен  туындайды: «Біз өз балаларымызды  өзімізге ұқсатып қалыптастырғымыз  келеді, өйткені олар біздің ұрпағымыз  ғой» деп ойлайды. Бұл жағдайларда  бала тәуелсіздіктен айырылады,  бала өзінің жеке тұлғалық  қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіншілігі  болмайды. Осының салдарынан оның  мүмкіншілігі одан биік шындарға  жететін алғыр балалардың мүмкіншіліктері,  қабілеттері ескерілмей қалады.

     Балалары өз  ата-аналарының махаббаты және  мейірімін қанағатандырып, олардың  үмітін үзбес үшін өзіне тиесілі  емес жат әрекеттерді істеуге  тура келеді. Бұл жағдайда осы  әрекеттер баланың тұлғасына  және табиғи қабілетіне сәйкес  келмейтін жалған жолға түседі  де, ол ақырында жетістіксіз жағдайларда  аяқталады. Кейбір жағдайларда бала өзіне жат талаптарға қарсы шығуы мүмкін, бұл әрекет арқылы бала ата-анасының сенімдерін ақтамағаны үшін ата-анасын ренжітуі мүмкін, осының нәтижесінде бала мен ата-аналардың арасында белгілі бір алшақтық пайда болады. Отбасында анықталған бір жүйе бойынша тәрбиені ұйымдастыруды жетістік қажеттілігін жүзеге асырудың бір нұсқасы деп атауға болады.

     Тәрбиелеудің  мақсатын баланың өзінен алшақтатып  бағыттауына себеп болатын жанұялар  кездесі мүмкін. Бұл жанұядағы  ата-аналар өз балаларына көп  уақыт бөліп, көп қиналатын  ата-аналар. Қандай да бір себептермен  жаңа тәрбиелеу жүйесімен таныса  сала ата-аналар осы жүйелерді  өз отбасында жылдам және мақсатты  түрде іске асыруға кіріседі.Тіпті  осындай тәрбиелеу мақсаттардың, яғни тәрбиелеудің белгілі бір  үлгісіне сәйкес пайда болатынын  бақылауға болады.

     Тәуелсіздік  мәселелері егер тәрбие ата-ананың  өзіне ұнайтын белгілі қасиеттерді  қалыптастыру мотивтеріне бағынатын  болса, онда бұдан тәрбиелеу  процесі мүлдем күрделенуі мүмкін. Бұрынғы тәжірибе ықпалымен адам  санасында өте жоғары деп аталатын  құндылықтар қалыптасады. Мұндай  құндылық болып белгілі бір  адамның қажетті, өмірде маңызы  бар деп табылған қасиеттері  саналуы мүмкін. Мұндай жағдайларда  ата-аналар өз балаларында да  осындай қасиеттер қалыптасатындай  етіп тәрбиелеуге талпынады. Мысалы, ата-аналар өзінің ұлының немесе  қызының мейірімді, ақ көңіл  болып өсуі керек деп тапқан  қасиеттері баласының индивидуалдық,  өзіне ерекше тән қасиеттеріне  қарама-қарсы келгенде баланың  тәуелсіздік мәселесі одан сайын  күрделене түседі.

     Отбасында  ата-ана өзінің баласын қандай  адам етіп тәрбиелеуді өздері  алдын-ала белгілейді. Әр отбасында  тәрбиеде қолданатын әдістер  де өзгеше. Отбасында әр баланың  аз да болса өзіндік өмір  тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы  мен қызығулары қалыптасады. Сол  себептен отбасындағы тәрбиеге  ерекше мән беріледі. Отбасында  әр түрлі жағдаяттар мен төтенше  ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін  меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі,  үйдегі ахуал, отбасының психологиялық  тынысы арқылы балалардың әдеті,  мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау  уәзіндегі (критерий) қалыптасуымен  бірге қандай қылықтары үшін  сөгіс алып, не үшін жазаланатынын,  әділдік пен адалдық туралы  ұғынып түсінеді. [24]

     Қазақ халқының  отбасындағы осындай өзіне тән  тәрбиелік ережесі ұрпақтың ауыз  бірлігін бірі жолына қарай  құрмет көрсетуі ішкі жан сезімінің  сүйкімділігін, мінез-құлық ережесінің  қалыптасуының негізгі шарттары.

     Дүниеге келген  баланың бала болып өмір сүріп  кете салуы да оңай емес. Үлкен  күтім, жылы алақан, қамқор әке,  әже, ана еңбектері керек. Сонда  ғана өсіп келе жатқан балалар  отбасының қарт мүшелерін қадірлеп, сый-құрмет көрсетеді.

     Әрбір отбасы  ұлы мен қызына жеті атасын  білуге үйрету керек, жұртын  білуге баулуға тиіс. Жеті атасын  білген ұл, жеті рулы елдің  қамын жер. Бала тәрбиесіндегі  жеті атасын білу шежіреден  хабары болуы керек деген сөз.  Ал «шежіре» деп кімдерден  кімдердің туып, қалай өрбігенін  баяндайтын атадан балаға мирас  болып келе жатқан деректерді  айтады.

     Қазақтың отбасында  баланың өмірінде сабақ боларлық  жекжат, жұрағат сияқты сөздерді, мақал-мәтелдерді орынды жерде  пайдалана білу, ізгі тілектерді  айта білу, асыл сөздер, ырымдар, тиым сөздер айтуды әдетке айналдыруға ерекше мән берген.

     Баланың адамгершілік  қасиеттерін тәрбиелеу дегеніміз-жан  жақты мазмұны кең құбылыс.  Отбасы өз ұрпағына адам баласына  тән барлық жақсы, жағымды қасиеттерінің  бәрін өз бойына сіңіруді қалайтыны  да даусыз. Бірақ, өмірде әр  адамның мұндай ізгі-тілегі, арманы  орындала бермейді. Өйткені, біріншіден, табиғаттың әркімге әр түрлі  қабілет, әр түрлі мүмкіндік  беруі болса; Екіншіден, әркімді  қоршайтын орта оған өз ықпалын  жасамай қоймайды. Табйғатынан дарынды  адам өмірден өз орнын алады,  бірақ оған да ортаның әсері  тимей қоймайды.

     Баланың ақылын  тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін  жан-жақты дамыту, әр түрлі түсінулердің  кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты,  естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың  елестетуін ынталандыруды талап  етеді. Мәселен, жұмбақтар халық  педагогикасында осы талапты  жүзеге асырудың аса құнды  дидактикалық материалы болып  табылады. Олар баланың ойлауын  дамытуға ықпал жасайды, оларды  қоршаған ортаның түрлі салаларынан  заттар мен құбылыстарды талдай  алуға үйретеді және де сол  зат (құбылыс) жайлы материалдардың  молдығы (мәселен, жалпы адам  туралы, адамның жекелеген дене  мүшелері: бас, ми, көздер, тістер, шаш,  тіл, саусақ, жүрек, тамырдың соғуы  және т.б.б әрқайсысы туралы  айтылатын жұмбақ мол) затқа  (құбылысқа) соғұрлым кеңірек  сипаттама беруге мүмкіндік береді[25].

«Ұяда не көрсең, ұшқанда  соны ілерсің» демекші, өз отбасына ізеттіліктің, әдептіліктің барлық түрлерін бойына сіңіріп өссе, сол адам әдепті. Қазақ  қыздарына ізеттілікті, әдептілікті  ерекше үйреткен. Мысалы, «қызға қырық  үйден тыю қала берсе, күңнен тыю», «тау сондай тұнық бол, қыз мінезі сынық бол» деп, ал ұлдарға «қыздай  қылықты», «қыз мінезді жігіт екен»  деген қанатты сөздер бар. Айналасындағы  жақсы, жаман әдеттің бала тәрбиесіне ықпалын тигізеттінің пайымдап, «ұлың  өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың  өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деп  қызы инабатты, тәрбиелі болатының  мензейді. Қыз бала отырған жерде  бейпіл сөйлемеген, «қыз өссе елдің  көркі»,- деп қастерлеген. Биязы сөйлеуге жүріс-тұрысының сыпайы болуын, үлкеннің алдын кесіп өтпеу, үйде үлкен кісілер отырғанда сыртымен шықпауын, үлкен адам отырғанда жарысып сөйлемеуін, кішілерге қамқор болуын үйреткен.

Күнделікті ертемен меңдайынан ата йіскеиеген, әже бауырының  жылылығын сезбей өскен бөьектің рухани жан дүниесіне нұсқан келе береді. Мектептің одақтасы болса, ол бала тәрбиесі жөніқтар сабақтастығы жалғана бермек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ойымның түйініне тоқталсам, Елімізде әлеуметтік жұмыс мамандығының маңызы зор, соның ішінде отбасымен  жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың орны ерекше. Себебі, отбасы – қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Ол әлеуметтік қоғамдық дамуда маңызды роль атқаратын құрылымның негізі. Отбасы мүшелерінің арқасында қарым-қатынас ерекше тиісті міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар – қоғамның жалғасуына, нығаюына қызмет еткендер, ал орындамағандар болса, олар – қоғамның тәртібін бұзған әлеуметтік тәрбиеден үлгі алмаған бақытсыз жандар. Адам баласы қасиетті борыштарын үлкенлерге құрмет, кішілерге мейірімділік көрсету керек. Сондай-ақ адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін отбасынан үйренеді. Отбасы сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың бастау бұлағы. Адам баласы мұқтаж болған рақатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандық сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады.

Отбасы – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіндегі мәдени орта. Отбасы өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге әлеуметтік дайындауда ерекше роль атқаратын мәдени құбылыс. Онда адам дүниеге келеді және оны отбасының мәдениетін қабылдай отырып, сол арқылы қоғамдық өмірге икемденіп қалыптасады.

Отбасы – шағын мемлекет. Белгілі бір ұлт не халықтың көптеген ғасырлардан бері қалыптасқан салт, сана, әдет-ғұрпы, тұрақты қарым-қатынастары  мен мәмілесі бар. Кейде әр отбасының  өзіне тән ешкім білмейтін  бала тәрбиелеу тәсілдері болады. Ол сол отбасының ерекшелігіне байланысты. Олар өз жағдайын өздері шешеді, сондықтан  әлеуметтік педагог оған килеге алмайды. Барлық проблеманы отбасы өзі ғана шеше алмайды, әсіресе бұл отбасының материалдық жағдайына байланысты. Қалай десек те отбасының тұрақтылығы, ондағы бала тәрбиесінің орынды балуы мемлекеттің қалыптасуына да белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.

Еліміз егемендік алып, дербес мемлекет ретіндегі даму қоғамның болашақ ұрпақтарын дербес ерекшелііктермен тәрбиелеуді қажет етеді. Тәуелсіз қазақ елі үшін бүгінгі күні үшін  дені сау, жүйкесі таза, саналы болған абзал. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып  қалыптасуы осыларға байланысты. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті, білімді болуы ең алдымен ата-анадан, отбасы ошақ қасынан басталады. Отбасы адам қоғамының ең негізгі және ертеде пайда болған алғашқы бірлестік. Бұл адам әулиетін дамыту, бала әкеліп, өсіру отбасы мүшелерінің барлығына әрдайым әсер етеді. Тәрбие отбасынан басталады. Сондықтан да ата-бабаларымыз отбасын құруда әдеп сақтап, берекесін келтірмеуге өте ұқыптылықпен қараған.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, әлеуметтік жұмыстың ең негізгі бөлігі – отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс. Яғни, біз әлеуметтік қызметкер  ретінде отбасына, әсіресе нашар отбаысларын, проблемалы отбасыларын қорғау, оларға көмек, қолдау көрсетуіміз керек. Сондай-ақ, адамда, отбасында, топта пайда болған проблемаларды жеңе білуде әлеуметтік көмектің барлық түрін көрсетету біздің басты міндетіміз болып табылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Этнопедагогика №5 2008ж 52бет
  2. М.Т. Баймұқанова «Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс» Астана

2005ж 3-15 бет

  1. КазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы №2(29)
  2. Бикенов К.Ү. Жаназарова З.Ж. Нұрбекова Ж.А. КазҰУ 2003ж. 3-22 бет
  3. Ж.Жаназарова “Социальная работа с семьей” – Алматы – 2003 ж.17-25 бет
  4. Қазақ отбасы. Х.Арғынбаев., Қайнар баспасы-1996ж. 288-бет
  5. Сарсенова Ж.Н. “Әлеуметтік жұмыс” 34-46 бет
  6. Халитова І. «Әлеуметтік педагогика» 86-98 бет
  7. “Социальная работа” Холостова Е.И. 35-40 бет
  8. Социальная работа: учебное пособие. Курбатов В.И., Москва-2007 .
  9. А.Н.Агафонов, Қ.Н. Меңлібаев “ Жастармен жүргізілетін әлеуметтік            

жұмыстар” – Астана 2005 ж. 281-287 бет

  1. Тәжіғұлова П.М. Таным шебінде: жастардың ғылыми творчествасы
  2. Ы. Ибадулаев “Отбасы және жастар” – Қазақстан тарихы – 2007 ж.
  3. Қиын баланың өзін-өзі тәрбиелеуі «Білім» №5 2008ж.
  4. Қиын баланы қайта тәрбиелеу. Керімов Л.
  5. Қиын балалар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыс. Жұмабаев М.
  6. «Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарлама »
  7. Интернет көздері «www.google.kz: rambler.ru »
  8. « Қазақстан тәуелсіздік жылдарында » 2006 жылы
  9. « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » 2007ж. 28 ақпан
  10. Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі » Алматы 2006 жыл
  11. К.А. Әлікенов «Қазіргі заманның әлеуметтік мәдени жастары» // Қазақстан жоғарғы мектебі 2008 ж
  12. «Егемен Қазақстан» газеті 2008ж13 наурыз 6-7 бет
  13. П.С. Ахметова, Ғ.Т. Бижанова «Әлеуметтік мәдени орта – бейімделу медиаторы» // Қазақстан мектебі-2007жыл;
  14. Ұлт тағылымы 2007 №1 8-11 бет
  15. Советхан Ғаббасов «халық педагогикасының негіздері» Алматы 1995ж

 

 

 

 


Информация о работе Отбасымен әлеуметтік жұмыс