Тұлғаның құрылымы әлеуметтанулық сипаттамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 22:26, реферат

Описание работы

Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері. Профессор Е. С. Кузыминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның енуі, тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы, оның негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі бастау көзі болып келеді.

Файлы: 1 файл

Aleumettanu_rgr_Utemisov.docx

— 59.65 Кб (Скачать файл)

Рөльдер теориясын жақтаушылардың ойынша, жеке адам дегеніміз, индивидтің қоғамда атқаратын әлеуметтік рөльдері жиынтығының функциясы болып табылады, сондықтан, әлеуметтік рөль – индивид пен қоғам  әрекеттістігі механизмінің маңызды элементі. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар олардың қоғамдық қатынаста белгілі бір жұмыс түрін (мұғалім, инженер, әке, бала және т.б. функциялар) орындау тапсырмасы түрінде болатын  әлеуметтік функциялар негізінде құрылады. Атқарылған функциялар қоғамдағы әлеуметтік құрылымдағы адамның  жағдайын сипаттайды. Осылайша, студенттің басты функциясы кәсіби және жалпы азаматтық мәдениетті танып білу. Индивидтің функциялары және одан туындайтын міндеттер мен құқықтар жеке адамның әлеуметтік статусын белгілейді. Жеке адамның әлеуметтік статусы – бұл индивидтің әлеуметтік топтардағы және  бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері) және қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.

Әлеуметтік статустар иерархиясы қоғамдағы немесе әлеуметтік қауымдастықтағы, қабаттағы, топтағы адамдардың белгілі бір позициясының маңыздылығын бейнелейтін «престиж» ұғымымен бекітіледі. Мамандық, лауазым, қызмет түрлері престижді болуы мүмкін. Престиж – адам тілектерін, ниеттерін, әрекеттерін қозғаушы, ал престиждік бағалау – кәсіби жұмыс бастылықты, әлеуметтік орын ауыстыруды, тұтыну құрылымын анықтайтын т.б. адам мінез-құлқын реттеуші болып табылады.

Рөльдік теория негізін қалаушылардың бірі Р.Линтон әлеуметтік рөльді – адам статусымен байланысты күтілетін мінез-құлық ретінде анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы.

 

 Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде  де ол әртүрлі ракурста көрінеді. Р.Мертон берілген статустан туындайтын  рөльдер қосындысын рөльдер жиынтығы  деп атады.

Адам бір уақытта бірнеше статусқа ие болуы мүмкін және көптеген шексіз рөльдерді атқарады. Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа бекітілген ресми және бейресми рөльдерді қамтиды. Осылайша ЖОО оқытушысынан тек жоғары кәсіптік ғылыми деңгейді және т.б. ғана емес сонымен бірге, бейресми ғылыми ортада қалыптасқан қарым-қатынас стилін және мәдениет деңгейін игеру талабы қойылады. Мұнда әр жеке адам тек өзіне тән рөльдер үйлесімділігіне ие екенін айта кету керек, бұл оның  индивидуальдылығын білдіретін негізгі қасиет.

Рөльдердің көптігі рөльдік қақтығыстар деп аталатын жеке адамның ішкі қақтығыстарын туғызады. Олар көбінесе іс-әрекет мотивтерінің күресі түрінде болады. Бұл мотивтер негізінде белгілі бір функциялардың дұрыс, мақұлданған орындалуы туралы көзқарастар жатыр. Бұл рөльдер қақтығысында индивид үшін берілген жағдайда маңыздырағы жеңіске жетеді. Басқаша айтқанда, рөльдер статустар сияқты иерархиялық болып келеді және әр жеке адам өзінің талғам пирамидасын құрайды. Әлеуметтіқ функциялар, әлеуметтік статустар және әлеуметтік рөльдер өзіндік бір  түйіскен механизмді құрайды. Осы арқылы әр адам кейбір қоғамның  бөлшегі, оның мәдениетін, сапасын ұстанушысы болады. Жеке адамның орындайтын әлеуметтік рөльдер жиынтығы ол қосылған қоғамдық жүйедегі байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.

Жеке адам өмір шарттары мен қоғамдағы мінез-құлықты игерген адамның нәтижесі екендігі туралы ой необихевиоризмде пайда болған, мұнда тұлға ретті түрде талданған және әлеуметтік стимулдар жиынтығына деген әлеуметтік қолайлы жауаптар жиынтығы деп түсіндірілген. Жеке адам кейбір аралық, әлеуметтік емес сипаттағы айнымалылармен байланысты болатындығы мүмкін болды, бірақ олар шынайы ғылыми талдау пәні ретінде мойындалмады.

Ұстанымдар теориясында жеке адам индивидке күнделікті ықпал жасау арқылы қоғамды тудыратын, кейде саналы емес ұстанымдар түрінде қарастырылады. Түрлі ұстанымдарды жинақтай отырып, адам жеке адам болуға әдеттенеді. Оның санасында жеке адам болу қағидалы ұстанымы пайда болады.

Жеке адамның әлеуметтік концепцияларының бір тобы жеке адамға социогендік қажеттіліктер жиынтығы және қоғам тудыратын бағыттар түрінде қараумен байланысты. Қоғам жеке адамның дамуына әсерін тигізетін әртүрлі қажеттіліктерді тудыра отырып, дамиды.

 

 

Жеке адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады. 

 

 

 Жеке адамның әлеуметтенуі

Жеке адамның қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік-мәдени күйге түсуі – бұл өте күрделі процесс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар қатысады. Әлеуметтану ғылымы жеке адамның әлеуметтену процесін, әлеуметтік қасиеттердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың, ережелердің және әлеуметтік мінез-құлық, білім алу, іскерлік пен дағды принцитерінің  қалыптасу процесін талдауға  мүмкіндік беретін негізгі қатарды белгілеуге тырысады. Сол арқылы адам әлеуметтік байланыстардың және қауымдастықтардың әрекет ететін мүшесі болады. Ал қоғам өз өмірін сабақтастық арқылы жаңартып отырады. Сонымен бірге, әлеуметтену процесінің түрі және үлгісі қоғамның қандай кұндылыктарға бағынуына, әлеуметтік әрекеттестіктердің қандай түрінің туындауына байланысты екенін ескеру қажет.

Қазіргі әлеуметтену концепциясы француз социлогы Г.Тардтың шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының негізі – адамдар қарым-қатынасының түбірі еліктеу қағидасы болып табылады. Ал оқытушы – оқушы қарым-қатынасын ол типті әлеуметтік қатынас деп атады. Американ социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.

Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл  әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.

Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.

 

 

 

 

Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.

Әлеуметтік шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism – ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм – өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен  қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы.

Ал енді жеке адамның әлеуметтенуінің механизмі әлеуметтік бақылауға тоқталайық. Бұл терминді ғылымға енгізген француз социлогы Г.Тард. Басында ғылым оны қылмыскерді қоғамдық қызметке қайтару құралы ретінде қарастырған. Кейіннен, бұл  терминнің мәнін кеңірек қарастырып, Г.Тард әлеуметтік бақылауды жеке адамның әлеуметтенуінің бір факторы деп қарады. Г.Тард көзқарасының ықпалымен американ социологы әлеуметтік тәртіпті орнату мақсатымен қоғамның индивидке мақсатты түрде әсер етуі және индивидттің мәдениетті игеруі мен оны ұрпақтан – ұрпаққа тапсыру үрдісін қамтамасыз ететін құрал ретінде, әлеуметтік күш пен адамзат табиғаты арасындағы белгілі бір қатынасты үйлестіруші деп түсінді.

Әлеуметтік бақылау – бұл нормативті жөнге келтіру арқылы құрамындағы элементтердің қатынасын, әлеуметтік жүйелерді реттеуші құрал. Әлеуметтік бақылау жүйесін тұрақтандыру функциясы – әлеуметтік қатынастардын, әлеуметтік (топтық, кластық, мемлекеттік) құрылыстардын үстем типтерін тудыру болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің мақсатты қызметі, оның бағыттылығы және маныздылығы берілген әлеуметтік жүйенің, ондағы бір-бірін ауыстыратын қоғам типтерінің тарихи дамудағы тарихи – шартты, әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік – саяси, әлеуметтік – құқықтық сипатына байланысты.

Әлеуметтік бақылау – бүкіл әлеуметтік институттар: саясат, білім, мәдениет, мораль бағытындағы индивидтердің әлеуметтік тәртібін реттейді.

 

 

Әлеуметтік бақылау механизмі – қоғамның әр түрлі санкциялар арқылы (қоғамдық көзқарас әсерінен репрессияға дейін) әлеуметтік топтар көмегімен жеке адамның белгілі бір рөльдің нормаларға сәйкес әлеуметтік рөльді орындауын қадағалаумен жүзеге асады.

Әлеуметтік іс-әрекет пен жеке адамның мінез-құлқының механизмдері.

Әлеуметтік іс-әрекет, жеке адам мінез–құлқы социологиясының мәні адамның қоршаған ортаға деген реакциясын емес, басқа адамдардың қажеттіліктері, қызығушылықтары және әрекеттерін және қоғамдағы әлеуметтік нормаларды ескере отырып, саналы түрде жасалған мақсатты әрекеттерді бақылайды. Адамның ыстық шәйнекке тигендегі немесе екі асығыс адамның кенеттен соқтығысуына деген инстинктті реакция әлеуметтік әрекетке жатпайды. Ал басқа адамдармен қарым-қатынас және жеке адамның еңбек қызметі, оның әлеуметтік институттар арқылы қажеттіліктерін өтеуі – бұл әлеуметтік іс-әрекет түрлері.

Әлеуметтік іс-әрекет адамның әлеуметтік ортамен қатынасын, оның қажеттіліктерді өтеу мақсатымен қоғамдық қатынасты белсенді қолдану немесе өзгерту үрдісін сипаттайды.

Мотиві бар және әлеуметтік статусқа реакциясы бар жеке адамның өз қылықтарының және басқа әлеуметтік әрекеттерінің жинағы адамның мінез-құлқын құрайды. Жеке адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің объективті негізі болып оның қажеттіліктері мен қызығушылықтары табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Тұлға бостандығы

 

 

 

      Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.) 
 
     Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. 
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). 
Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық.

 

 

 

 

 

 

 

     Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен -жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады. 
   

       Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері  – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке  тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері  мен іс-әрекеттерінде қоғамдық  прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік  белгілер мен қасиеттердің айқын  және өзіне тән ерекшелігінің  көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі  шығармашылық қасиетінің деңгейі  арқылы анықталады.

 

     Бұл  орайда «адам», «жеке тұлға» деген  ұғымдардың қатары «даралық»  деген ұғыммен толықтырылуы қажет. 
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады. 
     Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -»жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында. 
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады. 
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр. 
   

Информация о работе Тұлғаның құрылымы әлеуметтанулық сипаттамалары