Тұлғаның құрылымы әлеуметтанулық сипаттамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 22:26, реферат

Описание работы

Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері. Профессор Е. С. Кузыминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның енуі, тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы, оның негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі бастау көзі болып келеді.

Файлы: 1 файл

Aleumettanu_rgr_Utemisov.docx

— 59.65 Кб (Скачать файл)

 

 

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды.

 

      Бала  көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және  моральдық біліктерге, еңбек дағдылары  мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде  дамуындағы ең бастысы – оның 
бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипатгайды. 

Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады. 
Педагогика мен психологңяда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оньщ пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз – бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда – адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер). 
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып бөлінеді (сурет 1). Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары).

 

 

 

Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді. (Кесте 1). 
Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері 
№ Орта компоненттері Олардың бала дамуына әсері. 
1. Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары) Бала организмінің мүмкін болатын күштерін оятады. 
2. Әлеуметтік орта (макро-орта) 
а) өндіріс күштерінің деңгейі; 
б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі; 
в) өмір сүрудің материалдық жағдайы; 
г) мәдени даму дәрежесі; 
д) көпшілік ақпарат құралдары; 
е) техникалық құралдар. Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, бежілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді. 
3. Микро -орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше әсерлері. Талап-тілектерді анықтайды, құндылыктырды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды. 
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз – өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Қорытынды

Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан  айырмашылығы,  жеке адамды  зерттеудің бір ракурсы – жеке адам – әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның  шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың  бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және  қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.

Біріншісі әлеуметтік институттар, қауымдастықтар, жалпы қоғам қалай құрастырылған, жеке адамның қажеттіліктерімен қандай қатынаста болатындығының мәнін ашуға; біріншілері оның мүдделерін қаншалықты бейнелей алатындығына және бейнелеуі керектігіне немесе олар тәуелсіз, тек өз даму логикасына байланысты екендігін ашуға бағытталған.

«Қоғам және  жеке адам» мәселесінің екінші ракурсының мәні – бірнеше  мәселеден  тұрады: белгілі бір социуммен жеке адам қаншалықты өзара әрекет етеді, қаншалықты өз тәуелсіздігін, автономдылығын көрсете алады; немесе қоғам, қоғамдық байланыстар, институттар жеке адамның құндылықтарын, олардың иерархиясын, өмір жолын қатал реттейтіндігін зерттейді.

Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның  қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс болып жеке адамның түрлі әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың екінші жартысынан) пайда болуы саналады: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы т.с.с. Теориялардың ортақ қасиеті – адам даралығын спецификалық фактор және белгілі бір факторлардан: индивидтер әрекеттестігі, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруы, әлеуметтік стимулдар, қажеттіліктер, бағыттардан тікелей пайда болатын туынды ретінде мойындау. Жеке адаммен, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер  жиынтығын талдай отырып, жеке адам социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады.

 

 

                           Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Андреева Г.М. Социальная психология. – М., 1995.

2.     Джеймс У. Личность. – В кн. Психология личности. Тексты. – М.: 1982.

3.     Зейгарник Б.В. Теории  личности  в зарубежной психологии. – М.: 1982.

4.     Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы:

Экономика баспасы, 2007.

5.     Кон И.С. В поисках себя: Личность и самосознание. – М., 1984.

6.     Козлова О.Н. Личность – граница и безграничность социального //Социально – гуманитарные знания. – 2003. – №4.

7.     Маслоу А. Самоактуализация. – В кн.: Психология личности. Тексты. – М., 1982.

8.     Основы социологии: Курс лекций. – ч 2. – М., 1994.

9.     Пиаже Ж. Избранные  психологические труды. – М., 1969.

10. Попов М.Ю. Социализация  личности в условиях  дендеологизации: в поиске идеологии  консолидации // Социально – гуманитарные  знания. – 2004. – №6.

11.  Пузиков М.Ф., Калиева А.А. Социальная адаптация личности в условиях капитализации //Вестник КазНУ, серия Психология и социология. – 2006. – №2.

12.  Саморегуляция  и прогнозирование социального  поведения личности.  Под ред. Ядова В.А. – Л., 1979.

13.  Смелзер Н. Социология. – М., 1994.

14. Социология. Оқулық. –  Алматы, 2002.

15.  Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. – Алматы, 2001.

16. Фрейд З. Введение в  психоанализ. – М., 1989.

17. Шәмшәтұлы И., Дәкенов  М., Дәуіт Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану. – Алматы, 1999.

18.  Ярошевский Т. Личность и общество. – М., 1973.  

 

 

 

 

 


Информация о работе Тұлғаның құрылымы әлеуметтанулық сипаттамалары