Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 19:45, курсовая работа
Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи дамуының бірден-бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса, кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек айқындауды талап етеді. Шын мәнінде, әлемдік жаһандану процесінің үдей түсуі қазақ үшін зұлматқа айналып, төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды тығырыққа тіремейтініне кім кепіл?!
Қоғамның әр саласының өз бетінше даму жолына түскен жағдайында, жастар ұйымдарының жергілікті жерлерде шағын масштабтағы бірлестіктер ретінде бой көтеруі тиімді секілді. Сөз жастардың мүмкіндігінше заңды түрде өмір тіршілігіне жақын жергілікті жастар ұйымдарын құруы туралы болып отыр. Сол себептен де жергілікті атқарушы органдар жастар қозғалысы мен берлестік әрекеттеріне барлық шамада қолдау көрсету тиіс.
Сонымен, республика жастарының саясатқа деген қатынасына талдау жасай отырып, бәрінен бұрын қоғамдық саяси белсенділігі мен Қазақстан жастарының саясатқа қызығу деңгейі жылдан-жылға төмендеп келе жатқанын көруге болады. Мысалы, зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, жастардың үшке жуық бөлігі ғана үнемі саясатпен айналысады. Ал жас буын өкілдерінің бесінші бөлігі мүлдем саясатқа қызықпайды. Бұл санаттағы жастарға ауылдық жастарды жатқызуға болады.
Яғни, бұл көрсеткіштер жастардың кейбір жағдайда жеке проблемаларына, жеке даралық сана мен өмір салтына бейжай қарауына куә болады.
Дегенмен, жастардың негізгі бөлігінің саясатқа деген қызығушылық белгілерінің болмауы, мемлекетіміздегі жастар проблемасының, оның шешілу жолдарының жоқтығын білдірмейді. Керісінше, мемлекетіміздің жастар саясатын қолдау кейінгі уақытта күш алып ең өзекті даму бағыттарының біріне айналуда. Мемлекет саяси-экономикалық жетістіктерге жету жолында әлеуметтік-демографиялық топ ретінде халықтың басым бөлігін қамтитын жастарға көңіл аударуы заңдылық. Өйткені қай заманда болсын жастар қоғамның алдыға жылжуының тетігі болып, мемлекеттегі модернизациялану процесін баянды ете алатын ықпалды күшке ие.
Бұл жерде еліміздегі саяси партиялардың ішіндегі жастар қанатының болашақта атқаратын істері баршылық. Айталық, болашағына бейжай қарамайтын белсенді жастар еліміздің жан-жақты дамуына ұсыныстар айтып, мемлекеттік органдардың қызметін бақылайтын патриоттар санын көбейтудің амалын қарастырғаны жөн. Дәл қазіргі уақытта еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету ең маңызды құндылық болғандықтан отанымыздың шын мәніндегі патриотын тәрбиелеу ауадай қажетті саясат болғаны дұрыс.
Қазақстанның еңбек нарығындағы жастардың жағдайын талдау қажеттілігі екі маңызды жағдаймен түсіндіріледі. Біріншіден, жастар Қазақстанның еңбекке жарамды халқының басым бөлігін құрайды, екіншіден, ең бастысы, олар елдің болашағы, жастардың қызметке тартылуы елдің болашақ дамуын айқындайды. Жастар қазіргі кезде қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын көп жағынан белгілейді. Сонымен бірге олар әлемде еңбек нарығындағы ең әлсіз топ болып саналады. Аталған проблемалардың өзектілігіне қарамастан, оларға ғылыми зерттеу еңбектерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, үкімет құжаттарында аз көңіл бөлінеді.
Осы жұмыста біз 16-29 жас аралығындағы жастардың еңбек нарығындағы жағдайына талдау жүргізуге талаптанып отырмыз. Бұл жаста олар орта білімді бітіріп, кәсіптік білім алуға ұмтылады, бірқатары жұмыс іздейді, бірқатары еңбек қызметін бастайды.
Жасөспірім топты (18 жасқа дейінгі жастар) негізінен орта мектеп оқушылары мен кәсіптік училищелер студенттері құрайды. Олар негізінен еңбек қызметіне тартылмаған. Алайда халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендеуіне байланысты жастардың осы санатының өмірлік позициясын едәуір өзгертті. Олардың көпшілігі еңбек етіп, ақша табуды мақсат тұтады. Олар жұмыссыздар қатарын толықтырып, еңбек нарығына кіреді.
Қазіргі кездегі жасөспірімдерді жұмысқа тарту жағдайлары алаңдаушылық туғызады. Бұл ең алдымен өз бетімен автомашина жууға немесе газет сатуға не экономикалың «көлеңкелі» секторына жұмысқа жалданған жастарға қатысты. Бұл ретте олармен арнайы шарт жасалмағандықтан түрлі сылтаумен жасөспірімдердің еңбекақысын уақтылы толық төлемеу, жұмыс барысында денсаулығына зиян келтірілсе, оны өтемеу фактілері кездеседі. Сондықтан жастардың осы тобының жұмыспен қамтылуына мемлекет тарапынан қатаң бақылау болмаса, онда қоғамның қылмыстық потенциалы ұлғайып кетеді деген қауіп бар.
18-24 жас аралығындағы жастарға студенттер мен негізгі кәсіптік даярлықтан өткен жастар жатады. Олар да еңбек нарығына қосылып жатқан әлсіз топ болып есептеледі. Өйткені жеткілікті кәсіпқой және әлеуметтік тәжірибелері аз, соның салдарынан бәсекеге қабілетсіз.
25-29 жастағылар негізінен кәсіби таңдау жасай алады, белгілі бір біліктілігі, бірқатар өмір тәжірибесі бар. Олар өздерінің нені қалайтынын біледі, көпшілігінің отбасы бар, ұсынылған жұмысқа жоғары талаптар қояды. Сондықтан да Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың ішінде осы топтың үлесі мол. Бұл ең алдымен қазақстандық жастардың еңбек нарығына жұмыс таңдау мүмкіндігінің молдығына байланысты жылдам бейімделгендігін көрсетеді.
Еңбек нарығындағы маңызды көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі, еңбек нарығының сыйымдылығы мен конъюнктурасы, ұсыныс пен сұраныстың ара қатынасы жатады.
Біздің статистика көп жағдайда еңбек нарығындағы жсатардың жай-күйін толық көрсете алмайды. Өйткені жастар ересектерге қарағанда еңбек биржасында жиі тіркеуден өте бермейді. Статистика тек жалпы үрдісті сипаттауға ғана мүмкіндік береді. Жұмыспен қамту қызметтері еңбекке сұраныс пен жұмыс күші ұсынысының тек бір бөлігін ғана көрсете алады. Нәтижесінде, жасырын жұмыссыздықтың бар қыры толық ашылмай қалады.
Зерттеулер көрсеткендей, жастардың 50% мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейді, 25%-ке жуығы әртүрлі салада. Кәсіпкерлікпен айналысушылардың ішінде жастардың үлес салмағы басым. Жастардың жалпы санының 2,5-3,0% шағын және орта бизнеспен шұғылданады.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2002 жылдың басында 14-тен 29-ға дейінгі жастағы жас азаматттардың саны 4 260 000 адамды, немесе халықтың жалпы санынан 28,7%-ды құрады. Салыстыру үшін айта кететіні, 1999 жылы осы көрсеткіш 3 787 700 адамды, немесе халықтың жалпы санынан 25,7%-ды құраған. Жастар санының осындай күрт өсуі көптеген жылдар бойы байқалмаған (1 кесте).
1995-2001 жылдары халықтың жалпы санындағы жастардың үлесі
1995 |
1996 |
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 | |
Жастар % |
24,7 |
24,7 |
25,0 |
25,4 |
25,7 |
26,9 |
28,7 |
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, 2002ж.
Жастардың ауылдық жерден ағылуы проблемасы сақталып отыр. Статистика деректері бойынша 2001 жылы ауылдан қалаға қоныс аударған жас адамдардың саны өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе асты. 2001 жылы ішкі қоныс аударуға қатысқан адамдардың жалпы санындағы жастардың үлесі 41,4%-ды құрады. Әдетте, ауыл жастарының қалаға көшуінің басты негізгі себебі оқу және жұмыс іздеу болып табылады.
Жастар урбанизация процестеріне қатысатын халықтың аса белсенді санатында қалып отыр. Қала халқының құрылымындағы жастардың саны 2000 жылы 25,8%-ды құраса, 2001 жылы бұл көрсеткіш 27,9%-ға дейін өсті. Бұл ретте, ішкі көші-қонның осындай көрсеткіштеріне қарамастан, ауыл халқының құрылымында жастардың үлесі жоғары деңгейде қалып отыр. 2001 жылы ауыл жастарының саны 29,8%-ды құрады.
Жұмыс іздеуден туындаған жастардың ішкі көші-қоны масштабтары елеулі дәрежеде елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Жастарды жұмыспен қамтуға, қылмысқа қарсы күреске, тұрғын үй проблемаларын шешуге бірқатар әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемалардың өзектілігі артуда.
Отбасы құру проблемаларын көрсететін және жас отбасыларын әлеуметтік қолдаудың қажеттілігіне назар аудартатын неке-отбасы қатынастар көрсеткіштері аса маңызды мәселелердің қатарында. Статистикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, неке қиюдың негізгі жасы 19-дан 24-ке дейінгі жас аралығы екені мәлім. 2000 жылы 25-29 жас аралығында өз қатынастарын заңдастырған 42414 адамға қарағанда, 19 бен 24 жаста некеге тұрған ерлер мен әйелдердің саны 80453 адамды құрады. Сонымен қатар, неке қатынастарының «есею» үрдістері байқалады. Соңғы жылдары осы үрдіс ерлерге қарағанда, әйелдерде көбірек байқалады (2 есеге). Бұл отбасы рөлінің екінші орынға ығыстырылып, дәстүрлі құндылықтар жүйесінің белгілі бір өзгеруі туралы айтады.
Сонымен бірге, тіркелген некелер санының қысқаруына қарай келеңсіз беталысы алаңдаушылық тудырады. Неке қию және ажырасу туралы статистика деректеріне сәйкес 1989 жылы 165 400 неке тіркелген. Ал 1999 жылы осы көрсеткіш 64 001 некені құрады /9/. Неке санының азаюы ажырасу санына да тікелей әсер етеді. Мәселен, 1999 жылы жастар арасындағы ажырасу коэффиценті 1,9-ды құраса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 1,4-де дейін азайды. Бұл ретте, 2000 жылғы ажырасулардағы жастардың үлесі 28%-ды құрады.
Нәтижесінде халықтың туу деңгейі төмендеуі мүмкін, өйткені ажырасулардың көпшілік саны ең репродуктивті жастағы өкілдерге тиесілі. Осы үрдістің екінші салдары отбасының орташа мөлшерінің қысқаруы және толық емес отбасылар санының өсуі болып табылады. Жағдай некеден тыс, толық емес отбасыларда туылған балалар санының ұдай өсуімен ушығуда.
Осыған байланысты, жас отбасылық жұптардың арасында ажырасудың жоғары көрсеткішінің сақтауына әкелетін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы үш негізгі себептерді бөліп айту керек:
- жас отбасыларды мақсатты мемлекеттік қолдаудың болмауы;
- отбасын материалдық қамтамасыз етудің және еңбекке орналастырудың қиындықтары;
- тұрғын үйдің болмауы.
Практика көрсеткендей, дәл осы жас адамдар үшін шешуі қиын проблемалар жиынтығы бүгінгі таңда отбасы ішілік қатынастардағы жанжалдың, олардың тұрақсыздығының бірінші себебі болып табылады. Тұтастай алғанда, атап өткеніміздей, Бұл жағдай Республикадағы туу көрсеткіштерінің төмендеуіне және демографиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғады.
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі жүргізген социологиялық сауалнаманың нәтижелері бойынша 19-дан 25-ке дейінгі жас арасындағы топ мамандық бойынша жұмысқа орналасу (39,5%) және тұрғын үй болмау (12,7%) проблемаларына неғұрлым жиі кезігеді, ал 26-29 жастағы жастар отбасын материалдық қамтамасыз ету қиындықтарын бірінші орынға қояды. Осы проблема өз неке қатынастарын ресімдеген жас адамдар арасында аса үлкен көрсеткішке (57,9%) ие.
Қазіргі уақытта жастардың жалпы санынан шамамен 15%-ының ғана өз тұрғын үйі бар. Жастардың 5%-ынан астамы өз меншігіндегі пәтерді ата-аналарының көмегі есебінен иеленіп отыр.
Жастар халықтың тұрғын үймен ең аз қамтылған бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен, жастарға өз меншігіне үй сатып алуға және үй салуға, жер бөлуге арналған тұрғын үйді кредиттеу тетіктерінің жоқтығына байланысты. Бұл проблеманы шешу көбінесе жастардың кепілдікке берер қарыз қаражатының, меншігінің немесе мүлкінің болмауымен байланысты қиындап отыр.
Жоғарыда көрсетілген келеңсіз үрдістердің сақталуы, көптеген жас отбасылардың өмір сүруіне қауіп төндіреді, ол өз кезегінде ажырасушылар санының тым елеулі өсуіне алып келуі мүмкін, ол нәтижесінде қолайсыз әлеуметтік-демографиялық зардаптарға ие болады.
Қазіргі әлеуметтік-демографиялық жағдай және қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жастардың рөлі оның дамуына жасалынған бірдей әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен анықталады. Ондай жағдайлар жасау мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Жастардың дамуындағы неғұрлым көкейкесті мәселелердің арасынан жастарды еңбекпен қамтамасыз ету проблемасын және жас азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету, сондай-ақ, қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесінде жастардың әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасауды атап айтуға болады.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2002 жылдың 1 тоқсанында республикада экономикалық қызметпен айналысатын жастардың жалпы саны 169622 адамды (жалпы жастар санының 40%-ы, немесе экономикалық белсенді жастар санының 75,5%-ы) құрайды. Экономиканың жекелеген салалары бойынша жастардың жұмыспен қамтылу жағдайы 2002 жылы көрсеткіші мынадай бейнеде қалыптасты (2-кестені қараңыз). Экономикалық белсенді жастардың саны 2 241118 адамды құрайды. 15-29 жас аралығындағы жұмысссыздардың саны 545 496 адамды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші 24,3%-ды құрады, ол жалпы жұмыссыздық деңгейінен екі есе (10,8%) артық. Барлық жұмыссыздардың 75%-ға жуығы жастар болып көрсетілуі дерегі ерекше алаңдаушылық тудырады.
2 кесте. Экономика саласында еңбекпен қамтылған жастардың саны
№ |
Экономикада қамтылған, оның ішінде: |
Қамтылған халықтың ішіндегі жастардың жасы |
Барлық қамтылған халық, адам | |||
|
||||||
адам |
Қамтылған халықтың пайызға шаққанда |
адам |
Қамтылған халықтың пайызға шаққанда |
Адам | ||
1. |
Барлығы: |
908519 |
14,19 |
787003 |
12,29 |
6402993 |
2. |
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы |
459552 |
19,64 |
275213 |
11,76 |
2339429 |
3. |
өнеркәсіп |
62503 |
8,08 |
88566 |
11,45 |
773546 |
4. |
Тау-кен |
14144 |
8,01 |
21339 |
12,12 |
176627 |
5. |
Өңдеу |
37091 |
8,54 |
51532 |
11,86 |
434571 |
6. |
Электроэнергия, газ және су өндіру және бөлу |
11268 |
6,94 |
15635 |
9,63 |
162348 |
7. |
Құрылыс |
35499 |
12,46 |
28663 |
10,06 |
284935 |
8. |
Сауда, автомобиль күнделікті бұйымдар мен жеке пайдаланыстағы заттарды жөндеу |
15178 |
17,14 |
116547 |
13,16 |
885498 |
9. |
Қонақ үйлер мен мейрамханалар |
15597 |
22,51 |
11971 |
17,28 |
692690 |
10. |
Көлік және байланыс |
30014 |
6,77 |
48087 |
10,84 |
443586 |
11. |
Қаржылық қызмет |
8751 |
14,39 |
10758 |
17,69 |
60797 |
12. |
Жылжымайтын мүлікпен, жалға берумен айналысу және тұтынушыларға көмек беру |
13040 |
120,67 |
10806 |
100,00 |
10806 |
13. |
Мемлекеттік басқару |
25450 |
8,79 |
47363 |
16,35 |
289652 |
14. |
Білім беру |
52932 |
8,93 |
72776 |
12,28 |
592414 |
15. |
Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызмет көрсету |
22519 |
11,31 |
27105 |
13,62 |
199052 |