Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2014 в 14:03, курсовая работа
Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарын талдай отырып, өзімнің де тарихқа жүгінуіме тура келді. Қашанда әдебиет пен тарих байланысты ғой. Сондықтан да диплом жұмыста көп нәрсеге түсінік беру үшін, тарихи мәлеметтерге сүйену керек болды. Бұл мақсатта «Қазақ ССР тарихы», «Қырғыз ССР тарихы», энциклопедиялар, тарихшылардың мақалаларының барлығына шолу жасалды. Әсіресе, жазушының Қаракерей Қабанбай туралы жазған «Дарабоз» романы көп ізденісті талап етті.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Қабдеш Жұмаділов прозасындағы тақырып пен идея.........................................5
«Атамекен романы»...............................................................................................28
«Дарабоз романы»..................................................................................................30
Қорытынды.............................................................................................................34
Сілтеме әдебиеттер................................................................................................38
1958 жылдың күзінде Қытайда «Үш қызыл ту» деген ұран көтерілді. Қытай иероглифтарымен таңбаланған бұл формуланы тарқатсақ, олар: сара жол, секіріп ілгерілеу, және халық коммунасы дегенді білдіреді. Жұртшылық «Стиль түзетуден» есін жия алмай мәңгіріп тұрған кезде, Қытайда тағы да бір науқан басталды дей бер. Науқан емес, трагедия! Тек зиялы қауым ғана емес, бүкіл халықтың басына түскен ауыр апат. Алпысыншы жылдардың басында Н.Хрущев коммунизмге өтудің жиырма жылдық жоспарын ұсынса, шығыста Мао оның алдын орап, коммунизмді үш-төрт жыл бұрын жариялап жіберді. «Секіріп ілгерілеудің» алғашқы қадамы болат қорытудан басталады. Көсем: «Егер Англия бір жылда он миллион тонна құрыш қорытса, біз оны биыл қуып жетеміз» деген ұран тастайды. Бұл науқанға қала мен қыстақ түгел қатысады. Шаруалар сол жылғы өнімдерін жинап ала алмайды. Қала халқы да оқу, қызмет дегенді жинастырып, жұрттың бәрі Шисан тауына болат қорытуға шығады. Ол кезде «оңшыл» атанған Жұмаділов те, бұл науқаннан қалыс қалмау тиіс еді, ол шахтада жұмыс істейді. Осылайша бір айға Үрімжіге курсқа келген Жұмаділов үшін, Алматы және ондағы бітпеген оқуды алыс сағымға айналады.
Бұл науқанның қажетсіздігі үкіметпен мойындалған соң, жұрт таудан түсіп, үй-үйлеріне тарайды. Ал қуғында жүргендер өз үкімдерін естіп, бірі - Такламан шөліндегі Тарим лагеріне, бірі – еңбекпен түзету лагеріне, ал бірі – «төмен түсіріледі». Қабдеш Жұмаділов ауыр еңбек үстінде жақсы қырынан танылып, түзелуге бет бұрғаны үшін, Алматыдағы оқуына қайтып жіберілуі тиіс еді. Ал, бұл ол кезде мүмкін болмаған соң, өз ауылына «төмен түсіріледі». «Төмен түсірілу» дегеніміз – қызмет бабының төменделініп, әрқашан үкімет қарауында болу.
Өз ауылына келгенде Қабдеш Жұмаділовті жаман жаңалықтар күтіп тұр екен. Ауыл адамдары коммунаға біріктіріліп, бір қазаннан тамақ ішетін болған екен. Босқындар жайлап кеткен екен. Аш-жалаңаш халық, бұрын былай жүдемеген еді. Былтыр болат қорытудың арқасында шаруалар егінді жинай алмағаны, астық тапшылығына әкеп тіреген. Қалада да, ауылда да халық жаппай аштықтан өліп жатты. Әр түрлі науқандардан, ұрандардан шаршаған халық тығылатын тесік таппай отыр екен. Өзінің ғана емес халқының басына осындай ауыр күндер туғанын сезген Қазақстанға шекара арқылы өтіп кетуді көп ойлайтын болды. Шекараның жақындығынан болар, жазушы бұл ойдан арыла алмай-ақ қояды. Қабдеш үшін осындай қиын-қыстау кезде ата-жұртқа өтіп кету ең дұрыс шешім секілді болатын. Тек Қазақстанға Қытай қазақтарын өткізеді ме, осы бір үлкен сұрақ еді. Бірақ Кеңес үкіметі қытай қазақтарын шекарадан өтікізіп қана қоймай, әр отбасыны баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етеді деп кім ойлаған. Атажұрт - Қазақстанға көшу 1962 жылы көктемде басталады. Қабдеш Жұмаділов те өз отбасымен «Ұлы өштің» бұйдасын ұстап, Қазақстанға біржола көшіп келеді.
Қазақстанға оралған Қабдеш Жұмаділовке дүниенің барлық есігі айқара ашылғандай болады. Өйткені, Жұмаділов ең алдымен, сұмдық сағынған ата-жұртымен қауышады. Әсіресе, ол Алматына қатты сағынған екен. Екіншіден, білім ордасының есігі, Қабдеш ағамыз үшін қайта ашылады. Қазақ Университетінің жаңа ректоры Асқар Закариннің көмегімен, ол төрт жыл үзілістен кейін қайтадан оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Ал үшіншіден, Қабдеш Жұмаділов осы өмірден көргені мен білгенін, өз басынан кешірілгенін бәрін ойда тізіп, сол жайлы шығарма жазуға кіріседі. Асылы, Қабдеш Жұмаділов - өмірбаяны аса бай жазушы. Бір елде туып-өсіп, есейген шағында екінші бір елге келіп, сол ел туралы шығарма жазу – екінің бірінің қолынан келер нәрсе емес. Екі түрлі өмірді, екі түрлі қоғамдық формацияны салыстыра зерттеуге мүмкіндік алған Қабдеш Жұмаділов, табиғи таланты мен өмір тәжірибесінің көмегімен шығармаларды өмірге әкеледі.
Қабдеш Жұмаділов әдебиеттегі шығармашылық сапарын сонау 1954 жылы Шәуешекте жүргенде-ақ бастаған-ды. Қазақ қаламгерлерінің көбіне ортақ өнер өлкесіне өлеңмен аттанатын дәстүр Жұмаділовтің шығармашылығына тән екен. Оның алғашқы өлеңі 1954 жылы бірінші қаңтарда «Шыңжаң» газетінде басылды. Ал тұңғыш прозалық шығармасы – «Жамал әңгімесі», 1956 жылы «Шұғыла» журналының бірінші санында жарық көрген екен.
Университетті 1965 жылы тәмамдаған соң, Қабдеш Жұмаділов екі жыл «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарды. Газеттен 1967 жылы «Жазушы» баспасының проза бөліміне ауысты. Ол кезде «Жазушы» баспасының басында белгілі жазушы Ілияс Есенберлин отырған еді.
Ілияс Есенберлин Қабдеш Жұмаділовке қамқорлық жасап, оған көп жәрдем берді. Мәселен, Қабдеш Жұмаділовтің тұңғыш кітабын басып шығаруға көмектескен, дәл осы кісі. Осылайша, жазушының 1966 жылы ең тұңғыш кітабы – «Жас дәурен» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.
«Жас дәурен» өлеңдер жинағы - жазушының ең тұңғыш және соңғы поэзиялық шығармалар жинағы болып табылады. Өйткені, Жұмаділов поэзия әлемінен проза әлеміне біржола өтіп, енді шағын шығармалар жаза бастады. 1968 жылы ең алғашқы шағын әңгімелер жинағы «Қаздар қайтып барады» деген атпен «Жазушы» баспасында жарық көрді. Бұл жинаққа «Қаздар қайтып барады», «Қайран құрдастар», «Өмір, сен тамашасың» сияқты әңгімелер енді.
Шағын әңгіме жазып шыныққан жазушы, енді көлемді шығармалар жазуға кірісті. Ең тұңғыш көлемді шығармасы – «Көкейкесті» романы. Болашақ жазушы романның идеясы қалай туғаны жайлы өзінің ғұмырнамалық романында былай деп жазғаны бар: «Тұңғыш романға өзім жақсы білетін жастар өмірі арқау болып еді. Біржола Семей жаққа бара жатып, пойыз үстінде бір жас жігітпен танысқаным бар. Түрмеден шыққан беті екен. Мектепті бітірген жылы әке көзіне шөп салған өгей шешенің кесірінен жанжалға ұрынып, үш жылға кесіліп кеткен. Әкесі жә деген ғалым көрінеді. Жас жігіт мына бетінде өзін межі еткен Алматыдан қашып, сонау шығыстағы нағашыларын іздеп барады. Болашақ романның идеясы осылай туды. «Көкейкесті» көлемді шығарма жолындағы алғашқы тәжірибем еді ғой»1. Романның басты кейіпкері - Жәнібек. Ол өз әкесінен безіп, нағашы жұртына кетіп қалады. Кеңестік дәуірде туған топырақтан, ата-баба дәстүрінен қол үзген мәңгүрт әке мен ежелгі тегіне, бастау көзіне ұмтылған саналы жастың арасындағы тартыс.
«Соңғы көш» дилогиясы (І кітабы) – жазушының 1974 жылы жарық көрген екінші көлемді шығармасы. «Соңғы көштің» негізгі идеясы жазушы сонау Қытайда өмір сүріп жүргенде туған. Оның мазмұнына келетін болсақ роман оқиғасы Шығыс Түркістан республикасының мемлекет болудан қалып, 1950 жылы Қытай Халық азаматтық армиясының Тарбағатай аймағына кіруінен басталады да, алпысыншы жылдары Қытайдағы социалистік қоғамның заңдылықтарын аяқасты еткен желбилеушілерді арандатушылық саясаты тек Қытай халқына ғана емес, аз ұлттарға, соның ішінде қазақтардың да басына қара дауыл боп соғып өтті. «Соңғы көш» дилогиясының бас қаһарманы кім дегенде, ол – алданған, опық жеген, ақыры тағдырдың тәлкегіне ұшырап, туған жерден ауа көшкен бұхара халық десек болады. Романның бірінші кітабында сол халықтың әлеуметтік құрамы, тұрмыс күйі, азаттық жолындағы күресі желі болып тартылған. Әрине, халық деген жалпы ұғым. Көркем шығарманың негізгі объектісі – адам екені түсінікті. Адам обзары жасалмаған жерде ғалым жаңа фактілер жиынтығына, белгілі белгілі идеялардың ана рупорына айналып кетуі оп-оңай. Мұндайда ең дұрыс тәсіл халық басындағы трагедияны жеке адамдардың тағдыры арқылы көрсету болса керек. «Соңғы көште» басты кейіпкерлер ретінде көрінетін Естай, Нұрбек, Жолбарыстар, жазықсыз мерт болған Тұрсын, Шәкен, Нартайлар, алуан тағдыры Қанағат, Ұзақ, Жағыпарлар – сол халықтың типтік өкілдері. Романда баяндалған оқиғалардың барлығы да, міне, осы адамдардың тағдыры да, ара қатынасы, көкірек көзі арқылы өтіп жатады. Бұлардың ой-өрісі, білім – түсінігі, қоғамдық көзқарасы, күрес тәсілдері түрлі-түрлі болғанымен, бастарына түскен тағдыр ортақ – бәрі әділетсіздік құрбандары, жазықсыз жәбірленушілер. Бұл адамдар қанша қайсар болғанымен, өмірде өз қарсыластарын жеңе алған жоқ, жеңуі де мүмкін емес еді. Автор романда осы шындықты ұстанады. Романның екінші кітабы 1981 жылы жарық көреді. Мұнда халықтың ашық қарсылық көрсеткен саналы тобы жазықсыз оққа байланып, жазалау лагеріне айдалып, қаталдық құрбаны болып кетеді де қалғандары бостандыққа ұшырап, көрші елдерге бас сауғалауға мәжбүр болады.
«Соңғы көштің» екінші қабаты жарық көрген соң, Жұмаділов біржола кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық қызметін қайта бастады.
Жазушының 1981 жылдан 1985 жыл аралығында жарық көрген шығармаларының барлығы да советтік өмір шындығын, қайта құру кезеңін суреттейді. Сол жылдар жарық көрген «Атамекен» романы, «Сарыжайлау», «Сәйгүліктер», «Бір қаланың тұрғындары», «Бір түп тораңғы» сияқты повестер уақыт талабымен жақсы үндескен шығармалар. Осы жерде жазушының «Атамекен» романына тоқтала кетейік. Бұл роман жайлы Әкім Тарази былай деп жазғаны бар: «Қандай тақырыпқа қалам тарса да, шиыр болмаған санаға ұмтылу – Қабдештің айнымас принципі. Ол әрбір шығармасында оқырманның күтпеген жерінен шығып отырады. Мәселен, жиырмасыншы жылдардың аяғында бай-кулактарға конфиска жүргізіледі. Қанаушы алпауыт аталған адамдардың талайы тап ретінде жойылды. Ал солардан ұрпақ қалды ма деген сұрақ туады. Қалса, олардың тағдырғы советтік дәуірде қалай қалыптасты? Шынымды айтайын, өзбасым бұл жайында ойланбаған екенмін. Қабдештің «Атамекен» романын оқи отырып, ойға қалдым. Иә, кезінде жойылып кетті делінген табы жат адамдардан да ұрпақ қалған екен. Және олар жай өлместің күнін көріп қана жүрген жоқ, кейбіреулері қоғамның алдыңғы қатарлы, мүшесіне айналған. «Атамекен» романындағы Атаханов сол мыңдардың бірі ғана1.
Бұл айтылғаннан қорытарымыз, шынында да Жұмаділов - өз ісінің шебері. Автор Атаханов образы арқылы советтік қоғамның гуманистік қырын өте жақсы ашып көрсеткен.
1985 жылы жазушы біржола тарихи романдар жазуға көшеді. Жұмаділовтің «Соңғы көштен» кейін жарық көрген екінші тарихи әлеуметтік сарындағы шығармасы – «Тағдыр» романы. «Тағдырдың» бас қаһарманы – Демежан Үкірдай. Демежан Шыңжаң қазақтарының азаматтық теңдігі үшін алысып жүріп, сол жолда басын берген. Маошыл берушілері оны 1908 жылы Шәуешекте дарға асып өлтірді. Демежан заманы оқиғаларға аса бай, Ресей мен Қытай империялары арасында шекара сызығы тартылып, бір қазақтың екіге бөлінуі сол тұсқа тура келді. Демежан образы арқылы Қытайдағы қазақтардың өміріндегі ірі тарихи оқиғалар суреттелген.
Асылы, «Соңғы кеш» дилогиясы мен «Тағдыр» романы – жазушының қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан «шедеврлері» болып табылады. Қабдеш Жұмаділовке 1983 жылы «Соңғы көш» романы үшін М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілсе, 1990 жылы «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді.
Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдар топтамасын «Дарабоз» романы толықтырды. Жазушының бұл тарихи романында – жоңғарға қарсы соғыстың даңқты қолбасшысы - Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі мен жорық жолдары әңгіме болды. Романда XVIII ғасырдағы Абылай ордасы, оның ішкі - сыртқы саясатына да кең орын берілген. Жазушы тек Қабанбай төңірегімен шектелмей, тарихта орны бар басқа да батыр, билердің реалистік бейнесін жасауға күш салған.
«Дарабоздың» бірінші кітабы 1994 жылы «Шабыт» баспасында басылса, екінші кітабы 1996 жылы «Жазушы» баспасында басылды. «Дарабоздың» екінші кітабының жарық көруі, жазушының 60 жасқа толған мерей тойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.
Той салтанаты 1996 жылы 21 маусымында Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Академиялық театрда өтті. Тойға Шерниаздан Елеукенов, Мұхтар Мағауин, Қалдарбек Найманбаев, Тұманбай Молдағалиев, Жәркен Бөбешов, Иранбек Оразбаев, Мұхтар Құл-Мұхаммед сияқты есімі елге елеулі азаматтар қатысты. Той салтанатын Жазушылар одағының төрағасы Қалдарбек Найманбаев ашты. Ол Елбасының жазушыға жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Н.Назарбаев жазушының «Соңғы көш» дилогиясын, «Тағдыр» романын, «Дарабоз» сияқты тарихи романдарын ерекше атап өтіп, той иесін шын жүректен құттықтап, отбасы аман-саулығын және ең алдымен шығармашылық табыс тіледі.
Иә, шынында да өнер адамы үшін ең үлкен табыс та, байлық та, әрине, оқырманның ықыласы мен шығармашылық табыс екені белгілі. Асылы – жазушыны жазушы ететін халық қой. Тек халық мүддесін қорғап, халықтың тілегін тілейтін адам ғана мұндай атаққа ие бола алады. Қабдеш Жұмаділов халық алдындағы миссиясын толығымен орындады – ау деймін. Бүгінде «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атқа ие болған Қ.Жұмаділов әлі де шаршап шалдығар емес. Жазушы осы жылдың сәуір айының жиырма төртінші жұлдызында алпыс сегіз жасқа толды. Алпыс жылдық мерей тойы өткен соң жазушы тағы да бірқатар шығармаларды дүниеге әкелді. «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романы, «Прометей алауы» тарихи романы, «Қыл көпір» сияқты романдары бүгінгі оқырманның ойынан шығып отыр.
Алпыстан асып, пайғамбар жасына таяп қалған жазушы 1999 жылы жарық көрген «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романында қазіргі өз жағдайына келе, былай деп қорытыпты: «Міне, алпыстан асып қалыппыз. Алда қанша ғұмыр бар, ол жағы - тағдырдың ісі. Дегенмен, енді қалған ғұмырымды олжа деп қарайтыным анық. Бұл жаста енді пәлен жұмыс бітірем, түген кітап жазам деп уәде беру артық болар. Бірақ, бойда қуат, ойда сәуле бар кезде, ала қағаздан аулақ кетпеспіз»1.
Лайым солай болғай! Жазушыға небір қиын кездерде сүйеніші әрі серігі болған жалғыз қаруы - қаламы әрқашан қолында болсын. Қолың талмасын ардақты жазушы! Ал, сенің шығармаларыңды оқудан біз шаршамайық!
Сонау он бірінші ғасырда дүниеге келген, өн бойына лирика мен трагедияны қабат өретін, сан бояулы сансыз мүмкіндігі мен күрмелуі қатты күнделілігі қапталдасып қатар жарысқан, кемел ойлы, кең құлашты эпикалық жанр-роман он сегізінші, он тоғызыншы ғасырдан бастап әдеби әдістер мен жинақтау тәсілдерін толық игеріп, көркемдіктің биік шыңына шықты. Алғаш үнді-европа тобындағы роман тілдері арқылы сөз алған француз, ағылшын, испан, румын, португал жазушыларының қауымымен қашалған бұл эпикалық жанрдың көкжиегін кеңейтіп, бағын жандырған ілгерідегі бағбандардың алдыңғы легінде француз Бальзак пен Флобер, орыс Толстой мен Достоевский, Ағылшын Диккенс пен Скотт, АҚШ-та Джек Лондон мен Марк Твен, неміс Томас Манн мен Генрих Манн, испан Сервантес сынды алыптар бар. Кейінірек бұл қатарға Джон Стейнбек, Михайл Булгаков, Габриэль Гарсиа Маркес және басқалар келіп қосылды. Михайл Шолоховтың «Тынық Дон», Юрий Бондаревтің «Жағалау», «Таңдау», «Тыныштық» атты романдар шоғыры әлем әдебиетінің қорына қосылған асыл қазыналар. Төменде тұрып төбесіне қарасаң бас айналар осынау шырқау шыңға ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы арқылы қазақ әдебиеті де көтерілді.
Информация о работе Қабдеш Жұмаділов прозасындағы тақырып пен идея