Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2014 в 14:03, курсовая работа
Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарын талдай отырып, өзімнің де тарихқа жүгінуіме тура келді. Қашанда әдебиет пен тарих байланысты ғой. Сондықтан да диплом жұмыста көп нәрсеге түсінік беру үшін, тарихи мәлеметтерге сүйену керек болды. Бұл мақсатта «Қазақ ССР тарихы», «Қырғыз ССР тарихы», энциклопедиялар, тарихшылардың мақалаларының барлығына шолу жасалды. Әсіресе, жазушының Қаракерей Қабанбай туралы жазған «Дарабоз» романы көп ізденісті талап етті.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Қабдеш Жұмаділов прозасындағы тақырып пен идея.........................................5
«Атамекен романы»...............................................................................................28
«Дарабоз романы»..................................................................................................30
Қорытынды.............................................................................................................34
Сілтеме әдебиеттер................................................................................................38
Міне, осылайша көне тарихы соншалық аса бір көркемдік табыстары бар, алыптардың өзін қинаған күрделі жанр роман жазу – оңай тірлік емес.
Қазақ даласында роман жазу дәстүрін ХХ ғасырдың басында М.Дулатов алып келгені белгілі. Міне осы кезден бастап қазақ әдебиетінде қазақ романының тарихы басталады. Бүгінде жүз жылға жақын тарихы бар роман жанры өз мәресіне жетіп, шыңына шыққаны хақ. Танымал жазушылар Қабдеш Жұмаділов, Әкім Тарази, Қуаныш Жиенбай, Нұржан Қуантайұлылар бұл жанрды одан әрі дамытып, әдебиетке өз үлестерін қосып отыр. Әсіресе, бұл топтың басшысы - Қабдеш Жұмаділовтің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше.
Қабдеш Жұмаділовтің әдебиетке алып келген тұңғыш романы – «Көкейкесті» Кеңестік өмір шындығын суреттейтін жазушының бірден-бір шығармасы. Тұңғыш романға жызушының өзі жақсы білетін жастар өмірі арқау болыпты. Романның бас кейіпкері – Жәнібек Нұрбаев. Шығарма осы жас жігіттің түрмеден шығып, үйіне қайтып бара жатқан жерінен басталады. Пойызда Жәнібек Қарлығаш деген қызбен танысады. Асылы, романдағы сәтті жасалған бейнелердің бірі – Қарлығаш бейнесі. Автор сөзімен айтсақ, «дегдар отбасыда, таза ұяда өскен балапан, нұрлы жүзіне әлсін-әлсін лып етіп шыға қалатын жұқалтаң қызыл арай да - шыншылдық, пәктік нышанындай, кісімен сөйлесіп тұрғанда, сол бір сыр бүкпес шыншыл жүзімен, әр алуан ерке, ұяң тұнжыр, кейде мүләйім көзқарастарымен айтар сөзіне астар беріп, әр сөзін қинала толқып, бір балалық таза аңқаулығымен айтады»1. Жәнібек Қарлығаштың осы шынайы мінезін бірден танып, қызды жақтырқамай, жан тартып бірден үйірлесіп кетті. Жәбірленген, жылы алақан аңсаған жетім баладай кінәмшіл жігіт осы қызды бірден ұнатады. Қыз да жігітті ұнатады. Жігіт өз жайын, өзінің бұлыңғыр өмірбаянын жалтармай айтып береді. Өзі Алматыда зиялылар жанұясында туғанын, әкесі білдей профессор екенін, мектеп бітірген жылы кездейсоқ шырғалаңға ілігіп, үш жылға сотталғанын, енді міне түрмеден босап, үйіне сапар шегіп келе жатқанын айтады. Қарлығаш Жәнібектің осындай біртұтам өмірбаянын естіген де жігітке «осы шын айтып отыр ма» деп екі алақанын жағына тіреп, аңырап қалды. Жоқ, қыз өз алдында отырған күмәнді, мойнында қылмысы бар жігіттен қорықпайды, керісінше, қыз жігітті іштей аяды. Түрме адамды көп нәрсеге ойландыртады, көп нәрсеге үйретеді ғой. Қарлығаш өзі танысқан жігіттің тегін адам емес екенін бірден сезеді. Бұл да түрмеде отырып, еркіндіктен айырылып, көп ойланып, көп толғанған, өзінше өмірге деген пікірін қалыптастырған адам. Қызға өзі бір философ сияқты болып көрінеді. Қыз бен жігіт еркіндік, бақыт, өмір жайлы көп әңгіме айтады. Екі жас бір-бірін қатты ұнатады, бірақ пойыз Алматыға жеткенде екеуі екі жолға түсіп айырылысады. Осы екі жасты роман басында табыстырған жазушы соңында бәрібір табыстырады. Жолдары қақ айырылғанымен, түбінде екеуі бірге болады.
Қаламгер қуат - зерек ой мен зерделі көкіректен от алмақ. Жазушы табиғатының өзгеден биіктігі де, оның рухани қазынасының қалыңдығында жатыр. Онда шын суреткердің сырын қаламгер жан дүниесінің өзіндік болмыс бітіміне іздеген абзал. Осы тұрғыдан сараптасақ Қабдеш Жұмаділов шығармашылығының алуан сырлы, көп қырлы әлемі өз бедер белгісімен көрініс береді. Тұңғыш туындысы «Көкейкесті» романы жарық көрген соң, жазушы көп еңбек етіп, «Соңғы көш», «Тағдыр», «Атамекен», және тағы басқа романдар өмірге келді. Сол романдардың ішінде Кеңестік қоғамның гумманистік қырын өте жақсы ашып көрсететін шығармасы - «Атамекен».
Қабдеш Жұмаділов іркіліксіз ізденген шығармашылық қиялы бай, көркем ойының көкжиегі кең жазушы екенін «Атамекен» романы дәлелдейді. «Атамекен» романының көтерген әлеуметтік салмақты жүгі суреткерлік ой тереңдігі кейіпкерлердің тұлғалану ерекшеліктері осы пікірімізді пайымдап тұр.
Романның бас қаһарманы – ғылым жолын қуған академик Ақжан Атаханов. Қабдеш Жұмаділов осы романды жазуда Атаханов образын жасауда қандай қиыншылық көргені жайында ғұмырнамасында былай деп жазады: «Маған ауырлық келтірген бір нәрсе, өз кейіпкерім Ақжанға ғылымның қайдағы бір қиын саласын таңдапппын. Менің романымда Академик Ақжан Атаханов ұзақ жыл генетиканы зерттеген ірі биолог, атақты селекционер болуға тиіс. Ол қазақтың ақбас сиыры мен ақ қойының неше түрлі тұқымын шығарып өз әріптестерін еріксіз мойындатуы керек. Әрине, бас кейіпкер ғұлама болған соң, автордың өзі де сол саладан бірдеңе білуі шарт. Маған енді генетика ғылымын зерттеуге тура келді. Сол мақсатта Алматыдағы эксперименттік биология институтына барып, генетик ғалымдармен, қой шаруашылығымен айналысып жүрген селекционер жігіттермен сөйлестім. Сөйтсем, ол жәй сұрап ала салатын нәрсе емес екен. Генетика – Кеңес дәуірінде көпке дейін қуғынға ұшыраған ғылым көрінеді. Менің талабымды құптаған маған бір қоржын кітап берді. Сол кітаптарды оқып, мен өз кейіпкеріме мамандық, кәсіп тауып, жан-жақты дайындықпен «Атамекен» романын жазуға кірістім»1. Жазушының бұл сөзінен, біз жазушы мамандығының көп ізденіс талап ететінін дәлелдейміз.
Шығарманың желісі, роман оқиғасы отызыншы жылдары заманның қыспағымен екі айрық жолға түсіп, алпысыншы жылдары табысқан екі достың өмірінен өрілген. Бұл елде тұра алмай Қытай асып кеткен Қайдар мен осы бетте қалған Ақжан тағдыры.
Әйгілі ғалым Ақжан Атаханов романда шатырман тағдырды адамы ретінде көрінеді. Бір кезде кәмпескеге ұшырап, жер аударылған бай баласы қазақ жерінен тұрақ таппай, көп жыл Мәскеуді паналайды. Мәскеуде генерал Виктор Алексеевич Кирсановтың қызы Елизаветаға үйленеді де, ұясынан үркіп ұшқан қаздай, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін салмайды. Ал Қайдар Қарашев болса Қытайдан отыз жылдан кейін бір-ақ оралады. Домбыраның қос ішегіндей қатар желі тартқан осы екі тағдыр романның орта тұсында қайта түйіседі.
Романның прологі Ақжан мен Қайдардың отыз екінші жылдың көктемінде шекара бойындағы Күргей тастың үңгірінде қош айтысады. Олар үш жыл ішінде бір-бірімен көрісуге серттеседі. Бірақ бұл ажырасудың өздері ойлағандай үш жыл емес табаны күректей қырық жылға созылатынын сол сәтте екеуі де білмейді. Романның бірінші бөлімі қырық жыл өткеннен кейінгі оқиғаларды баян етеді. Қырық жылдық мерзімді бастан өткізген бүгінгі Атаханов баяғы елден кеткен жасөспірім Ақжан емес. Атақ-абыройы да шен-шекпені жететін сыйлы кісі, білдей ғалым. Романның «Жарық дүние» бөлімі Атаханов ауруханада жатқан жерінен бастау алады. Атаханов совет ғалымдарының құрамында Вьетнамға барып, ол сапардан орала салған соң, біраз күн сіркесі су көтермей аяқ асытнан қан қысымы көтеріліп ауруханаға жеткізіледі. Онда екі апта емделіп, жарық дүниеге шығуға асығады. Атаханов жасы егде татып қалса да, өмірден әлі суынып болмаған, тіршілікке шөлі қанбаған кісі.
Романның «Жалғасқан өмір» бөлімінде Ақжан Гүлжазирамен біржола қосылады. Арман оқуға түсіп, Қайдардың қызы Ардаққа үйленеді. Сонымен қатар, Ақжан академик атанады. Осылайша өмірі күрт өзгерген Ақжанға жазушы өз тарапынан жақсылықты аямайды.
Асылы, Қабдеш Жұмаділовтің «Атамекен» романы тілі құнарлы, шырайлы. Мұрат Қаниев Қ.Жұмаділовтің елу жылдығына байланысты жазған мақаласында: «Қабдеш шығармаларының оқушыны жіпсіз жетелейтін сыр-сиқыры шұрайлы тілінде», - деп жазады. Шынында да, Жұмаділов тіл төркінін түсінетін, сөз қасиетін жете бағалайтын жазушы. Оның шығармаларының тілі – хас шебер қолымен қаланған сәулетті сарайдың өрнегімен сүзіліп, қиыннан қиюласып маржандай тізіліп тұрады. Сондықтан Қабдеш Жұмаділов – сыршыл да ойшыл жазушы.
«Тарих қайталауды сүйеді» дейді халық нақылы. Тарихтың қатыгездігі де осында болса керек. Ал біздің қазақ халқы болса ел болып, етек жиғалы туған тарихында талай зобалаңды өткеріп, әр жолы қуғын-сүргін мен біржола құрып кету қаупін басынан кешіріп, қанға шыланған тарихи күрес жолын қаншама рет бастан кешіріп келеді. Халықтың елдігін, ерлігін, ездігін сынайтын талқыны қазақ қауымы қадымша жыл қайырудан бергі дәуірде үш рет басынан кешті.
Ол – жарық дүниеге келгенде қан уыстан туған «Шыңғыс ханның шапқыншылығы», елді еңіретіп, «Ақтабан шұбырынды» еткен жоңғар ойраны мен үшіншісі, ең талмалы-талмауытты тұсы – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қарсаңы.
Қазақ елінің басына қара бұлт үйіріліп, бүкіл халыққа қолына қару ұстатқан кезең – XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы. «Дарабоз» атты шығармада жоңғарға қарсы соғыстың даңқты қолбасшысы Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі мен жорықтары арқау болады. Романда XVIII ғасырдағы Абылай ордасы, оның ішкі-сыртқы саясатына да кең орын беріледі. Жазушы тек Қабанбайдың ғана емес, тарихта орны бар басқа да батыр мен билердің реалистік бейнесін салуға күш салған.
Жазушының романның орталық кейіпкері ретінде Қабанбайды таңдауы тегін емес. Жоңғарға қарсы азаттық соңғысы кезінде, ол – Абылайдан кейінгі екінші тұлға. Жәй ғана батыр емес, әлемдік деңгейдегі ұлы қолбасшы. Қазақ даласында ол қатыспаған бірде-бір жорық не шайқас жоқ. Қабанбай әлі Ерасыл атанып жүрген он алты жасында ағасы Есенбайдың кегін жоқтап, жеке шайқасқа нояны Өлже Жырғалдың басын алған. Содан былайғы елу-алпыс жылда қылышын қынабына салмаған. Қайыпхан мен Әбілхайырдың дарынсыздығынан жеңіліске ұшыраған 1718 жылғы аягөз шайқасы, «Ақтабан шұбырынды» кезіндегі қорғаныс ұрыстары, 1728 жылғы бұланты текетіресі, 1730 жылғы Аңырақай, алакөл соғыстарынан бастап, 1751-1754 жылдардағы қазақ жерін Жоңғардан тазартқан ең соңғы аттанысқа дейін түгел қатысқан. 1756 жылғы қытай әскеріне қарсы қорғаныс ұрыста мен 1769 жылғы қырғыз-қоқан жорығы да Қабанбайсыз өтпеген. Ол осының бәрінде Абылайға тірек болып, қазақ әскеріне қолбасшылық еткен. Романда осы тарихи оқиғалардың барлығы да орын алған.
Романның бірінші кітабы 1994 жылы «Шабыт» баспасында жарық көрді. Роман Ғайсаның туған күнінен есептегенде, бір мың жеті жүз қырық сегізінші ұлу жылы, мамыр айының алғашқы жаңасында, Сарысу бойында отырған Әбілмәмбетханның ордасында, ежелгі ата салты бойынша, жылда көктемде шақырылатын хан кеңесінен басталады. Бұл жылдары Алаш ұранды қазақ үшке бөлініп, Кіші жүз руларының дені әбілхайыр ханның соңына ілесіп, Әбілмәмбеттің құзырында негізінен Орта жүз ғана қалған. Шынында да жоңғарға қарсы азаттық соғысының негізгі ауыртпалығы. Орта жүздің мойнына түскені – тарихи факт. Өйткені, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін қазақ ордасы үшке бөлінеді.
Ұлы жүз жері түгелімен жау қолына өтіп кетті де, амалы құрыған Жолбарыс хан жоңғар бодандығын қабылдады. Төле би өз ұлысын аман сақтап қалу үшін, халден Серең атынан Ташкентке он екі жылдай (1733-1745) бек болып тұрды. 1730 жылғы Аңырақай ұрысынан кейін хандыққа өкпелеген Әбілхайыр Кіші жүз қолын бастап, майданнан шегініп кетті. Ол бұдан ары орыс патшалығымен әуейі боп кетті де, шығыстағы жоңғарға қарсы ұрыстарға ат ізін салған жоқ. Әбілқайыр бұл жолы Әбілмәмбет ханның ордасындағы хан кеңесіне келмей қояды. Бірақ Әбілмәмбеттің иелігінде Орта жүз ғана қалғанымен, отыз жыл бұрын өткен қазақтың ұлы ханы Әз-Тәукенің аруағын сыйлаған жұрт оның немересі отырған шаңырақты әлі де Ұлы орда деп біліп, хан кеңесіне жиналады. әйтсе де бұл жылдары Ұлы орданың баяғыдай айдыны жоқ еді. Жазушы сөзімен айтсақ, «киіз туырлықты қазақ түгел қарайтын Ұлы ордадағы хан жарлығының дуасы кете бастаған. Біреулер орысты жағаттап, екіншісі ойратқа кіріптар болып жүрген қазіргі жайгершілік заманда кімнің кімге бағынып, қайда қоныстанғанын тектеп біліп отыру да өте қиын еді. Шынында да хан кеңесіне шақырылған жұрттың біразы келмей қалады.
Олардың көбісі Әбілқайыр төңірегіндегі адамдар еді. Қаратаудың күңгейі мен сырдың төменгі ағысын жайлаған Кіші жүздің Тама, Табын, Алшын, Жаппас руларының біраз батыр, билері ежелгі ата салтын бұзбай, кеңеске дер кезінде келіп жетеді. Бұлар негізінен Әбілқайырға бағынбай, батыр сұлтанның иелігінде жүрген рулар еді. Бұлардан басқа Әбілмәмбет ордасын қорғап жүретін Ұлы жүздің Наурызбай, Бердіқожа, Тілеуке бастаған жау жүрек батырлары бар еді. Хан кеңесіне Төле бидің келуі біраз көтеріп тастайды. Сексендегі Төле би соңғы он-он бес жылда өз елін артық қан төгістен аман сақтап қалу үшін, амалсыз Жоңғар хандығына болдан болып, Халдан Цереннің Ташкенттегі әміршісі болып жүргенді. Төле бидің артынан арғын, Найман, Керей, Уақ – төрт арыстың ел тұтқасын ұстаған беделді билері мен ру басы ақсақалдары, түмен басы, мың басы батырлары түгел-ақ жиналады. Қашанда Абылай туынның астынан табылатын Арғынның Бөгенбай, Олжабай, Малайсары, Сырымбет, Байғозы секілді батырлары мен Бұқар, Үмбетей сынды жыраулары әрқайсысы нөкерлерімен кеңес басталардан бірнеше күн бұрын келсе, ертеңіне олардың үстінен Қабанбай батыр, Ақтамберді жырау, Боранбай, Төбет, Қу дауысты Құттыбай билер бастатқан Найманның қалың тобы келіп, ошарылады. Жазушы тек Найманның Қабанбай батырымен ғана шектелмей, ер Еспембет, Есенгелді, Баймұрат, Көкжал Барақ, Дәулетбай секілді әйгілі батырлар, олардың ерлігі жайында да мағлұмат береді.
Информация о работе Қабдеш Жұмаділов прозасындағы тақырып пен идея