Қабдеш Жұмаділов прозасындағы тақырып пен идея

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2014 в 14:03, курсовая работа

Описание работы

Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарын талдай отырып, өзімнің де тарихқа жүгінуіме тура келді. Қашанда әдебиет пен тарих байланысты ғой. Сондықтан да диплом жұмыста көп нәрсеге түсінік беру үшін, тарихи мәлеметтерге сүйену керек болды. Бұл мақсатта «Қазақ ССР тарихы», «Қырғыз ССР тарихы», энциклопедиялар, тарихшылардың мақалаларының барлығына шолу жасалды. Әсіресе, жазушының Қаракерей Қабанбай туралы жазған «Дарабоз» романы көп ізденісті талап етті.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
Қабдеш Жұмаділов прозасындағы тақырып пен идея.........................................5
«Атамекен романы»...............................................................................................28
«Дарабоз романы»..................................................................................................30
Қорытынды.............................................................................................................34
Сілтеме әдебиеттер................................................................................................38

Файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 254.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          

Қорытынды

Талант  табиғаты

 

Жазушы  пайғамбар  емес.  Бірақ  бұрынғы өткен  пайғамбарлардың бәрі  де  жазушы болғанында  күмән  жоқ.  Ежелгі  Гректе,  Қытай  мен  Мысырда   ақын-жазушыны  әулие санаған. Құдайдың  айрықша жаратқан  адамдары  деп, айтқандарын  құп  алып, төрден  орын  берген.  Бұл  құрмет бертінге   дейін  жалғасты. Еуропада ХІХ ғасыр  әдебиетінің  «Алтын  ғасыры» атанды.   «Өнер алды  - қызыл тіл»  деп  білген  қазақ  қауымы  да  ақын-жырауларын  төбелеріне  тұтты.   Ең  соңы  Бұқар  жырау,   Ақтамберді  мен  аяқталатын  ұлы жыраулар  заманы  сөз  құдіретінің  шарықтау   шегі   болды. Бергі  заманда  сөз өнерінің  қадірі  кеми  бастағанын  көреміз.  Ұлы  Абайдың   «Қайран  сөзім қор  болды-ау»  деп  зарлануы  жайдан-жай  болмаса керек.

Алайда,  сөз  тыңдар  құлақ  өзгергенімен,  көркем  сөздің  қасиеті,   қаламгердің  қоғам  алдындағы   міндеті  өзгерген  жоқ.  Табиғат ерекше  дарын,  қабілет  сыйлаған,  зейін-зерде,  талант  берген жазушының  өмірі  мен  өнері - оның   өзіне ғана  тиесілі  емес,  бүкіл  адамзаттың  ақыл-ой жарысына  жаратып  қосқан   жүйрігі.

Тек  нағыз  жүйріктер  ғана ұзақ  жолға   шыдайтыны   белгілі. Осы  орайда  жазушылық  қызметте  қырық  жылға  жақын   қызмет  істеп,    жазушылардың   алдыңғы  шебінде  келе  жатқан   жүйріктердің  бірі – Қ.Жұмаділовті   айтпай  кетуге   болмайды.

Ойшыл  қаламгер  Қабдеш  Жұмаділов  қоғамдық  құбылыстарға  дер  кезінде   үн  қосып  отырған  жазушы.  Жазушы  деген  халық  жалпы  адамзатқа   тән  мәңгілік  тақырыптарды  қозғаумен  қатар, өз  ұлтының  мұн-шерін,  арман-мүддесін  айтпай тұра  алмайды ғой. Кейде  тіпті  саясатқа  араласады.   Жұмаділов  те өз  ұлтының  алдындағы  борышын  орындауды   өмірлік  мақсат етті.   Ол  шындықты  жазудан  қорықпады.  Өзінің  қойын  дәптерінде  былай  деп  жазады:   «Қаламгерлікке  қозғау  салып,  түркі  болатын себептер  аз  емес.  Солардың  ішінде  биік  мақсатқа  жетелейтін   ең  сенімдісі – шындықты  айту  құштарлық». Әрине,  өз кезінде  Қытайда   тұрғанда-ақ шындықты  жасырмай,  ашық  жазғаны үшін  қуғын-сүргінге  ұшырап,  зәбір  көргені  аз  емес-ті.   Әйтсе де ол  жолынан таймай,  өз  дегенінежетуге  тырысты. Жазушының  ғұмырнамалық  романында  былай  деп  жазғаны  тағы  бар:  «Қазақстанға  келіп, қайыс ноқтаның  орнына темір ноқта кигеннен кейін де,  ешкім менің  маңдайымнан сипаған  жоқ.  Екі  империя тұсында да саяси  жатқан  сенімсіз,  үкіметке  қадірсіз  жағдайда ғұмыр  кештім.  Тағдыр  әу  бастан-ақ біздің  маңдайға  шен  алып,  шекпен  киюді  жазбаған.  Қашанда жазушының   қаламын  қайрап,  жігерін   танитын  бір  күш  бар.  Мен  көздеген  нысанама  тек  жазу  арқылы  жететінімді  жақсы  білдім. Қаламнан  басқа  қару,  қағаздан  өзге  қалмаған».

Қаламын қару  деп  санаған  Жұмаділов: «Ар-ұяттың тазалығы – жазушы үшін  басты шарт» деп біледі. Алдында жатқан ақ  қағаз қандай  таза болса,  жазушының  жан-дүниесі  де  сондай   кіршіксіз, таза  болуы  керек.

Асылы,  Қ.Жұмаділов – мақсаты  айқын,  ары  таза   жазушы  екенін  дәлелдеді.

Қ.Жұмаділовтің  шығармашылығы  бірдестен  лайықты  бағасын  алды  деп  айта алмаймыз.  Қабдештің   өзі де,  шығармалары  да  біраз қиянат  шеккені  бар. Бұған  халық  емес,  сол кездегі  уақыт талабы   кінәлі   екені  белгілі.  Алайда,  дүние  бір  орында  тұрған  жоқ  қой.  өмірде  әділдік  жоқ  емес.  Қабдештің  шығармалары  өз  әділ  бағасын  алып,  бүгінде  қазақ  әдебиетінің  алтын  қорындағы  ең  үздік  шығармалар  қатарында.  Жазушының ойынша,  шығарма  жазылмайды,  ол туады.  Жазушының  түсінігінше,  көркем  шығарма – бойға  біткен  перзент  тәрізді.  Күні   жетіп,  толғағы  піскенде  ғана дүниеге  келмек. Шынында да,  жазушы  үшін  оның  шығармасы  оның   бір  бөлшегі   сияқты. Адам  баласы  дүниеге  келгенде  оның  түр тұлғасы  ата-анасына  тартады.   Дүниеге  келген  сәби ата-анасының  бойындағы  әйтеуір бір  қасиетіне  ие  болады. Шығарма  да  тап солай. Ата-ана – автордың  сөзі болса,  шығарма  оның  дүниеге  әкелген  нәрестесі.  Көркем  шығарманың  тілі  туралы   айтар  болсақ,   жазушыға қойылатын  басты  шарт:  оның  ана  тілінің  айдынына   өзін  судағы   балықтай  еркін  сезінуі.  Бұл  жағынан  келетін болсақ,   біздің  Қ.Жұмаділовке   қоятын  мініміз  жоқ.

Шебер   қаламгер: «Тіл  сенің  еркіңе  бағынып,  имкеміңе   көнетін  болсын».  Мұндай  биікке  көтерілмеген  қаламгер  ешқашан  кемелдікке  жете  алмайды.  Бір  сөзбен  айтқанда,  жазушы деген  кім  десеңіз, ол – ана  тілінгің  бар  байлығын  бойына  сіңірген  адам», - деп жазады.  Алайда,  тіл байлығы  дегеніміз – естіген-білген  сөздеріңді   орынды-орынсыз   тықпалай  беру  емес екенін  ескеруіміз  керек.  Жазушы  тілін суретшінің болуына  теңер  болсақ,  ол барынша  нәзік,   үнемнен,   орынды   жұмсалғанда  ғана,  әсемдік   дүниесіне айналмақ. Жұмаділов: «Артық  ауыз  сөз  ой мен  суретке   кедергі жасамасын. Өз басым жазып отырғанда «мына сөзді  қолданайыншы»  немесе «мына  бір сөйлемді сұлу  етіп  шығарайыншы» - деп  зорланған  емеспін.   Мен  үшін   өздігінен  құйылып    түскен,   сол  сәтте  құдайдың  өзі  «сыбырлаған»  сөздер  «қадірлі»,  - деп  жазады  ғұмырнамасында.

Тіл шеберлігі,  стиль  сұлулығы  текстегі  бар  сөйлемдерге  емес,  жол арасында  жазылмайтын  жолдарға   байланысты.  Оқырманды жалықтырып  жіберетін,  көп  сөзді,   мылжың  кітап  қандай    шығады  дейсіз?

Оның  түп  төркіні  нені  жазып,  нені  жазбау  керектігін  ажыратпайтын балғампаздықта  жатыр.  Жұмаділовтің  шағын   әңгімелерінен бастап  көлемді  романдарын  оқи  отырып,  оқырманнан кітаптан  көз  ала  алмайды. Ол өз  басымнан  жай.   Қай  шығармасын  оқиын,  мен  сол  шығарманың  ішіне  еніп,   ондағы  кейіпкерлердің арасында   жүрген  сияқты  боламын.  Оның  кейіпкелері де  халыққа  жақын.  Шығармадағы  кейіпкерлерден мен  өмірдегі өз  таныстарымды  танып  отырдым.   Танып  алып  «е,  мынау  ана  кісі – ғой» - деп қойып,  ол кісіні  жазушы  тани ма не?» - деп  өзіме сұрақ  қоямын. Бұл жағдай  нені  дәлелдейді?  әрбір   жазушы  ең  алдымен  адамтанушы.  Иә,  тегінде   «жазушы – адам  жанының  инженері» - деп тегін  айтылмаған. Сондықтан,  менің  ойымша  Қ.Жұмаділовтің  шеберлігінде  шек  жоқ.   Шығармаларында  әрбір  нәрсені  суреттегенде  ұсақ-түйекті  тәптіштей  тізе  бермей,  деталь,  штрихтарды  әділ  ойната  біледі.  Шығармада  бір-бірінен  туындайтын  оқиғалардың  әсем  үйлесімдік  тауып,бұлдырсыз  жұмдастырып,  формалық  гармониясын  тараулардың  тепе-теңдігін қадағалап  отыр.

Қаламгер  қолынан  шыққан  көркем  прозаны  оқыған  адам  ештемеге  сүрінбей,   өкпесі  қысылмай еркін   тыныстап  отырады.  Қабдеш  шығармаларының  алғашқы  сөйлемін  оқи  отырып-ақ,  сіз  оның    шығармасының  қандай ырғақпен  жазылғанын  байқайсыз.  Ол бірден оқырманды   баурап  алады.  Көбінше  шығарманың  оқу-оқылмауы   көп  жағдайда   оның  алғашқы   сөйлеміне  байланысты.   Ол бейне  домбыраның  құлағы  іспетті.  Оқырманды  әр  күдірге   бір  салмай,  мүмкіндігінше,  сол а лғашқы  ырғақтың  сақталғаны жөн.

Бәрін айт та, бірін айт.  Қ.Жұмаділов  шығармаларының ең  басты  қасиеті – шынайылық.  Шынайылық  көркемдіктің  ең  басты  таразысы.  Оқиға шынайылығы,  сезім мен  сурет шынайылығы,  бір   сөзбен  түйіп  айтқанда,  өмір шындығының  өзі.

«Сөз  өнері -  дертпен тең» - дейді  ұлы  Абай.  Осы  бір  киелі де  қасиетті сөздің  қадіріне  жету  үшін қаламгерлер көп  еңбек  етуі  қажет. Қазақ  әдебиетінде  көп  жылдар  еңбек  етіп,  өз  үлесін  қосып  келе  жатқан  Қабдеш  Жұмаділовке  айтар  алғысым ерекше.

Жасы  жетпіске жақындап қалған  қаламгер  әлі де  «Сөз  өнері»  атты  дерттен   айыға  алмай  отыр.

Ол  айықпайды  да,  оны  мәңгі   сөз   өнерінің  рухы   қолдап  отырады.  Ол – нағыз     талант  қаламың  талмасын  қадірлі  жазушы!

 

Сілтеме  әдебиеттер

 

  1. Жұмаділов Қ. «Көкейкесті». Роман. Алматы,  «Жазушы»,  1969 жыл.
  2. Жұмаділов Қ. «Соңғы  көш».  Роман. І – кітап.  Алматы, «Жазушы», 1974 жыл.
  3. Жұмаділов Қ. «Соңғы  көш». Роман-дилогия. ІІ-кітап. Алматы, «Жазушы», 1981 жыл.
  4. Жұмаділов Қ.  «Атамекен»  Роман.  Алматы, «Жалын», 1985 жыл.
  5. Жұмаділов Қ. «Тағдыр».  Роман. Алматы,  «Жазушы», 1988 жыл.
  6. Жұмаділов Қ. «Екі  томдық шығармалар»,  І-том, роман, повесть,  әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1989 жыл.
  7. Жұмаділов Қ. «Екі томдық  шығармалар»,  І-том, Повесть.  Алматы,  «Жазушы» 1989  жыл.
  8. Жұмаділов Қ. «Дарабоз». Тарихи роман. І-кітап. Алматы,  «Шабыт», 1994 жыл.
  9. Жұмаділов Қ. «Дарабоз».  Тарихи  роман-дилогия. ІІ-кітап.  Алматы,  «Шабыт», 1996 жыл.
  10. Жұмаділов Қ. «Қалың елім, қазағым». Пікірлер, ойлар,  толғаныстар.  Алматы, «Қазақстан», 1999 ж.
  11. Жұмаділов Қ. «Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман. Алматы, «Тамыр», 1999 жыл.
  12. Жұмаділов Қ.   «Тағдыр».  «Жұлдыз»  журналы  №4,  1988 жыл,              4-89 бет.
  13. Жұмаділов Қ.  «Тағдыр» романы.  «Жұлдыз»  журналы  №5,  1988 жыл, 6-82 бет.
  14. Жұмаділов Қ. «Прометей ауылы» тарихи романы. «Жұлдыз»  журналы  №7,  2002 жыл, 79-112 бет.
  15. Жұмаділов Қ.  «Прометей ауылы» тарихи романның жалғасы.  «Жұлдыз»  журналы  №8,  2002 жыл, 52-100 бет.
  16. Нұрмағамбетов Т. «Шынайылық  шырайы». Мақала.  «Егемен Қазақстан»  газеті. 11  маусым, 2003 жыл.
  17. Нұрғали Р. «Сөз  өнерінің  эстетикасы».  Кітап. Астана, «Елорда», 2003 жыл. 
  18. Тарази Ә.  «Суреткер  жолы».  Алғы  сөз.  Қ.Жұмаділовтың  «Екі томдық шығармалар жинағы»,  Алматы,  «Жазушы», 1989 жыл,            3-7 бет.
  19. Қалиев М. «Атамекен  қасиетін  ардақ  еткен». Сыни мақала. «Жұлдыз»  журналы  №4, 1986 жыл. 187-189 бет.

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

 

 


Информация о работе Қабдеш Жұмаділов прозасындағы тақырып пен идея