Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 19:49, реферат
Жазушы шығармаларындағы өзектi тақырыптың бiрi – махаббат, ер мен әйелдiң жан сезiмi. Көкiрек қатпарына терең бойлап, не бiр нәзiк дiрiл мен сырлы перненi дөп басынына қайран қаласың. Шарпысқан құштарлық, қасiреттi қимастық арқылы өмiрдiң қуанышы мен тағдырлар трагедиясын барынша шыншылдықпен бедерлейдi. Осы сыршылдығына тәнтi болған оқушы қауым оны «Қазақтың Мопассаны», «Махаббат жыршысы» деп тегiн атамаса керек. Шын талант та гауһар сияқты, уақытқа түсiн алдырмай жарқырай бермек. Сиясы кеуiп үлгiрмеген әңгiмелерiн оқи отырып әйгiлi жазушының жорғасынан жаңылмаған жүрдек қаламның қуатты серпiнiн аңғарамыз.
Жетпiске толып отырған көрнектi қаламгердiң шығармашылық қуаты арта түспесе кемiмес. Оның қаламынан махаббат хикаялары, тарихи сүбелi туындылар, өмiрдiң өзектi тұстарына назар аудартатын талай публицистикалық шығармалар туатынына қалың оқырманы сенедi.
Қазақ әдебиеті атты шексіз айдынның бетінде ақ желкенін керіп, ақ кемедей жүзіп келе жатқан жазушының бірі Һәм бірегейі – Бексұлтан Нұржекеұлы. Бүгінде сөз таныр жұрт пен ой-таным өрбіткен азаматтың қай-қайсысы да оның қаламынан туған көркемдік әлемін, эстетикалық сұңғылалығын айналып өтпесі, керісінше, қайта айналып соғып отыратыны ақиқат. Біз білетін Бекең – қазақ қарасөзінің «беласқан» толқынының арасында өзіндік стилімен, ешкімді қайталамас ой-өрнегімен танылған тегеурінді тұлға. Сөз өнері атты киелі өлкеге саф тазалығымен келіп, өз өнерін өзгелер мойындайтындай өремен шыңдаған жазушы. Сонау 1966 жылдың шіліңгір шілдесі… Сегіз дәптерге жазылған романға бергісіз «Күнәлі махаббат» («Кінәлі махаббат» деп өзгертіліп шыққан) повесінің қолжазбасын көтеріп, жас жары Айзашпен, жас сәбиі Ләйләмен бірге «Жұлдыз» журналына алып келген. Сонда Жазушылар одағында атандай болып алғаш жолыққан адамы – Мұқағали Мақатаев. Мұзарт Мұқаңның «ағалық алақанын әдебиет табалдырығын аттаған сәтте-ақ көрген» жас Бекең шығармашылық атты киелі ұстанымға, сөз жүйесі атты қасиетті ұғымға адал болып қалды. Әлі күнге ақиық ақын аға аманаттаған сөз сонарын сол айнымас темірқазығындай бағдар етіп келеді…
Шығармашылық соқпағының басындағы бірлі-жарым әңгімелерін айтпағанда, Бекеңнің қаламгерлік қуаты қапысыз ашылған, суреткер жазушы ретінде қаламдастарын мойындатқан шығармасы – «Күтумен кешкен ғұмыр» («Күтумен өткен ғұмыр» деп те аталған) романы. Роман қаймағы бұзылмаған қазақ ауылының ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі мен Әтіке атты талантты әнші жігіттің өнерін, тайғақты тағдырын жымдастыра өрілумен ерекшеленеді. Жазушы өзіне таныс қазақ әдебиетіндегі сүрлеумен салдыртып ала жөнелуден бойын аулақ салады. Әтікенің арманды тағдырын ғашық еткен сахара сұлулары өмірімен өрімдей, оқырманды махаббат атты құдіретті күштің иірімінде ұйыта тартуға тырысады.
Жалпы, жазушының тек өзіне тән дара стилінде ер мен әйелдің арасындағы асыл сезімді айнытпай, суытпай бейнелеу басты мақсат болып табылады. Оның кез келген шығармасында махаббат мәселесі алтын арқау боп тартылып, қоғамдағы қилы әлеуметтік тартыс барысында ашылып, күллі көркем дүниенің жұлын-тұтасын ұстап тұрады. Тұңғыш романындағы Әтіке мен Қайныкештің де тағдыр-талайы ақ махаббаттың шерлі күйігімен тұйықталады. Ел ішіне әншілік дарынымен таныла бастаған тұста он алтының оппасына тап болған Әтіке сүйгенінен айырылып, қазақ ішіндегі бақталас жаламен нақақ күйіп, ақыры алмағайып уақыттың құрбаны болады. Тіпті өлі-тірісі белгісіз күйде ұшты-күйлі жоғалады. Шекара бойын жайлаған жұрт ішінде қаш-қашқа еріп, үркіндіге ұшырап, қашқын атанып арғы бетке ауғаны немесе Айсары болыс бастаған көтеріліс құрбаны болғаны да белгісіз… Ал артында қалған он сегіздегі жас жары қырық жыл бойы күтумен өтеді. Жұмбақ жесір тұңғиық тағдырды бастан кешеді. Әтіке секілді елге танымал әншінің белгісіз қалып, атсыз-атаусыз жоғалуында да терең сыр бар. Жазушы Әтіке өмірінің жарық жалғаннан қалай үзілгенін жұмбақ күйде қалдыру арқылы кешегі Кеңес кезеңінде қаншама қазақтың қилы тағдыры қалай аяқталғанын, мүлде белгісіз күйде, жұмбақ жағдайда опат болғанын мегзеп отырғандай көрінеді. Он алты мен ақ-қызылдың қасабы, отыз екі мен отыз сегіздің қазасы қаншама шаңырақтың күлдіреуішін күйретіп, қаншама ошақтың түтінін өшірді деген ой оралады. Қандай ғана қаранар азамат жоқтаусыз жоғалды деген сұмдық сезім бой шарпиды.
Жазушы Айсары болыстың аузына: «Біз атқа мініп ақ патшаға қарсы шықтық, келіп қатарымызға қосылсын. Өлсек, бірге өлерміз, өнерімен ер-азаматтардың рухын көтерсін! Оның орайы келмесе, өз жерінде қол жиып, ол да қарсылық ұйымдастырсын! Ақ патшаны тағынан түсіре алмаспыз, бірақ халық екенімізді қаһарымыздан сезсін, елдігімізбен санассын. Мен басымды осы жолға тіктім», – деген салмақты сөз салады. Сол кездегі қырағы көз цензурадан жазушы ел мен ерге деген азаматтық ойын, азаттық кесімін болыстың аузына салу арқылы өткізіп жібереді. Алпысыншы жылдары әдебиетке келгендер өздерінің ұлт пен жер туралы тамырлы, тегеурінді ой-сезімдерін осындай әдеби тәсілмен өткізіп отырғаны ақиқат. Мұндай шығармашылық айла-амал жалғыз Бексұлтанда емес, оның Оралхан мен Дулат, Төлен мен Кәдірбек бастаған құрдастары, достары шығармашылығында да айқын көзге шалынады. Асылы, өткен өртті ғасырдың жүзі жаймашуақ, өзегі сірескен тоң 60-жылдары әдебиет пен мәдениетке келген осы бір мәйекті толқын Кеңестің солқылдата соққан сұмдайрық идеология желі мен цензурасын алдыңғы аға толқындай қиюын келтіре әдемі айналып өтті. Қазақ халқына деген, қазақ жеріне деген шексіз махаббатын сөз сонарында алғаусыз айта алды.
2 Б.НҰРЖЕКЕЕВ
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК
2.1 Прозадағы психологизмді дамытушы
Адам жанының ішкі иірімдеріне әуезовше терең үңілу мен қоғамның қасіретті қара дақтарына келелі барлау жасау да осы толқынның маңдайына бұйырып, таңдайынан төгілді. Олар бұл ұлттық миссияны абыроймен атқарып шықты. Қазақ атты қалың оқырманы да, кейінгі жас толқын да шүбәсіз мойындап, шексіз ықыласын танытты. Ең ғажабы, Кеңестің сүбелі белін басып тұрып, «беласқанның» белді тұлғалары бүгінгі тәуелсіздік тұсында да тыңнан сүрлеу салып, жандарын ақ параққа жалдап, қаламдарын ақ жалынға малып, соны шығармалар тудырып келеді. Оның айқын мысалының басында Оралхан Бөкейдің «Атаукере», Мұхтар Мағауиннің «Сары қазақ» романдары тұрса, Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» повесі, Кәдірбек Сегізбайдың «Беласқан», Бексұлтан Нұржекеұлының «Жау жағадан алғанда» романдары, Дулат Исабековтің әңгіме, пьесалары жазылғаны белгілі. Сөз жоқ, кесек те келісті туындылар. Бүгінгі бұла кезең мен кешегі құла кезең суреттері, характерлері ашылған көркем дүниелер. Сөз сарасына әдебиетші-мұғалім, тәлімгер ұстаз тұрғысынан тыңғылықты мән беретін Бекең – сырбаз суреткер, сарабдал сыншы. Ең алдымен, өз-өзіне – жазып отырған шығармасына қатал сыншы. Онысы әр шығармасы мен мақаласынан айқын шалынып отырады. Бүгінгідей шөпті де, шөңгені де, есекті де, тезекті де әңгіме-повесть, тіпті кереқарыс роман етіп жазып жатқан жазғыштар заманында тап осы Бекеңнің бойындағы ішкі рух сыншылығын іздейсің. Жазармандар сөз киесімен бірге өз-өзіне деген сындарлы сыншылықты жоғалтып жіберді-ау деген ойға ораласың. Сол бір өткен ғасырдың 80-жылдары біздің студент кезімізде Бекеңнің «Бір өкініш, бір үміт» романы жарық көріп, қолдан қолға көшкені шындық. Жастар – әсіресе, студент қыздар таласа оқып, Дулат Исабековтің «Қарғын», Мұхтар Мағауиннің «Көк мұнар» романдарымен салыстыра, жарыстыра сыр-сұхбат құратындары әлі есімізде.
Бұл шығармалардағы махаббат тақырыптары өзінің жастық пен мастық, еркелік пен тентектік, тіпті қоғами әлеуметтік пен бозбалалық еркіндік сипаттарымен елітіп әкетуші еді. Жігіттер жағы Бекең романының бас кейіпкері Шегенді Дулат пен Мұхтар шығармаларындағы кесек кейіпкерлермен теңестіріп, әрқайсысы туралы арқалы сезім мен ордалы ой түйіп, әр суреткердің композициялық, фабулалық, сюжеттік, тіпті стильдік ерекшеліктері туралы таным топшылап жататын. Әлбетте, оқырманға – әсіресе, албырт ойлы, әдеби сауатты студенттер қауымына ұнау; ұнай отырып ой-танымына өрелі, сезімді сана қалыптастыру кез келген қаламгердің қолынан келе бермесі ақиқат. Бұған алымды суреткерге тән шалымды шеберлік, жалаңаш шындықты көркемдік шынайылыққа ұластыра алатын сыпа сұңғылалық қажет. Бұ жағынан «беласқан» толқынның қамшы салдырмас суреткерлер екенін оқырман қауымы әлдеқашан мойындаған. Олар да сүбелі сөз, төбелі ой тұнған туындыларымен дәлелдеген. Бірінші жақтан да, үшінші жақтан да ой тербеп, сөз қайыратын Бекең «бір өкініш, бір үміттен» тұратын Шегеннің образын әр қырынан ашуға айрықша ден қойғаны байқалады. Автордың фабулалық ізденісі романның композициялық құрылымын жаңаша қырынан көрсетіп, оқырманын сюжет уысынан шығармай отыруына ықпал етеді. Жалпы, мұндай шығармашылық шыңдалу мен мәнерлі «мен» – сол уақтағы менмін деген жазушылардың жүрекжарды жетістігі. Ең бастысы, олардың қатары ұлттық әдебиетке сондай соны ізденіс әкеле отырып, өздері сол ізденісті жүйенің тұтқыны болып қалған жоқ.
Ұлттық әдебиеттегі классикалық
үлгілерді қолдың саласындай бұтарлай,
бөлшектей отырып, романның өз ішінде
Әбіш Кекілбаевтың жеке мендік монологы
да, Сайын Мұратбековтің шалқыған лирикалық
новелласы да, авторлық баяндаумен ұштасқан
Қалихан Ысқақовтың хикаясы да, тұтас
тағдырлар тоғысын сапырған Рамазан Тоқтаровтың
романдық логикасы да қылаң ұратын. Бексұлтанның
байсүліктей бауырын еркін жазған жанры
да – роман. Тіпті «Беу, қыз дәурен!» хикаяты
секілді лирикалық толғауы да батыстық
роман жүгін еркін арқалап тұрғаны ақиқат.
Ал «Бір өкініш, бір үміт» романындағы
Шегенді: «Тәп-тәуір тілі, қызықты оқиғасы
болғанмен, автордың айтқандары адамды
иландырмайды. Жалпы, Шегеннің жазғандарынан
замана рухы сезілмейді» деп сынайтыны
бар. Оған: «Сын емес, сұмдық үкім. Қайта
қоғамға қарсы адам демегеніне де шүкір»,
– деп Шеген шамданады. Ақиқатында, бұл
– жазушы Бексұлтанның да ойымен өрелес
пікір. Бұдан сол уақтағы Кеңес заманының
солақай сыны мен сұм саясатының лебі
де есіп тұр. Солақай сын «ұсақ» ұлттық
әдебиеттің сорын қайнатқан кезеңдер
болғаны да ақиқат. Талай таланттың түбіне
жеткені де шындық. Небір дарындылар тайқып
кеткені де белгілі. Жүсіпбек Аймауытовтың
«Елес» әңгімесіндегідей ағысқа қарсы
жүзбек болғандардың аз қалғаны да рас.
Жазушы сондықтан да Шегенге қаратып Райбек
деген кейіпкерінің аузына мынадай сөз
салады: «Тіпті тақырып таппасаң, бала
күніңді жаз. Бала күн деген жазушының
таусылмайтын шикізаты: топырақтың астында
қалған ағаштың шіри-шіри кенге айналатыны
тәрізді, бала күнгі әсерлер есте сақтала-сақтала
жүріп нағыз асыл ойларға айналады. Жалпы,
өзінің сәби күнін зерттемеген адам сәбиліктен
ұзай алмайды, ессіз балалықтың байыбына
жетіп көрмеген кісінің есті болып ержетуі
екіталай».
Осы бір лейтмотив жазушының да негізгі
құбылнамасы, шығармашылығының тұғырнамасы
іспеттес. Оның әр шығармасынан балалық
шақта әсер алған бастаулардың тұнық толқымалары
байқалып қалады. Еренқабырғадай ұлы таудың
ұшар биігінен ұланғайыр етегіне дейін
көзімен тінтіп, көңілімен кескіндеген
Бекең балалық шағынан нәр тартатыны анық.
Қайбір толымды туындыларында туған жер
табиғаты мен туған өңір адамдарына айналып
соғып отыратыны да содан. «Жау жағадан
алғанда» атты тәуелсіздік тұсында жазған
жаңа романындағы кейіпкерлер характері
«Күтумен кешкен ғұмыр» немесе «Күнәлі
махаббат» секілді туындыларындағы кейбір
бейнелерден хабар беретіні бар. Кітапбек
секілді ұлт үшін туған азаматтың атпал
істері мен кесек мінезді тағдыры бұл
романға айрықша жүк артып тұрғаны ақиқат.
Ел аштыққа ұшырап жатқан тұста жанын
шүберекке түйген ол өзі құрған колхоздың
малын сойып, аранын ашқан аштыққа, қолдан
ұйымдастырылған зұлматқа саналы түрде
қарсы тұруы – көзжұмбай батырлық екені
даусыз.
Ал мұндай жайға азаматтың азаматы қараүлектей қайыспай барады. Үркіншілік жылдары шекара асып бара жатқан шекара бойы елдің үлкендерін бөгемей, кілең жас-желеңді жұрт болашағы деп жолдан қайтаруына не дерсің?! Сондай-ақ ақ пен қызылдың бейбіт елге бүйідей тиіп, белін үзіп, қызыл таңын айырғаны да әсірелеусіз бейнеленеді. Атышулы атаман Дутовтың көзін жоюға қатысқан Қасымхан Шанышевтің ерен ерлігін де естен шығарған кешегі қызыл қоғам сиқын – ату мен асу секілді қанішерлікті ту етіп, қаншама адал азаматтар мен жазықсыз жандардың «үндеместен» оралмай қалғанын әшкерелей жазады. «Күтумен кешкен ғұмырда» әнші Әтіке жүгінетін баяғы байтақ қария Байтарақ бұл романда алдымыздан тағы шығады. Бекеңнің Байтарақ қартына қарай отырып бүгінде қазақ ауылында осындай даңғыл көкірек, сұңғыла шежіре қарттар неге қалмады, қазақ қалай өзгеріп барады деген ойға бой алдырасың. Халық пен қоғам жігін жетесінен айыратын сондай сезімтал, есті қарттар туралы еске ала отырып, Бекеңнің бірегей Байтарағының: «…ел мен ел арбасқан небір заманды көріп келеміз ғой. Құдай үлкен халықтың пиғылын бұзбасын, бұзса – айламен де, күшпен де, қайсымен болса да алады. Күші бар күшін жұмсамай, ақылы бар ақылын жұмсамай аяна ма? Мейір мен шапағат арашаламаса, әлсіз бен аздың күні қараң», – дейтін сөзі империялық мемлекеттердің мың бір айлалы, мың бір жалалы сұмдығын сездіріп тұр. Дүниенің беталысын бағдарлайтын осындай адамдар ел арасында күні кешеге дейін мол еді. Енді ше? Ел де азады-ау деген ойға табан тірейсің. Мұның өзі кешегі кеңестік кезеңнің салқыны тиіп, сызы өтіп кеткендіктен де қазақ жұртында енді білініп жатыр-ау дейсің еріксіз. Лайым, ендігі жерде – ес пен сезім ерікті кезеңде санамыз сауығып, қариямыз – ақсақал, жастарымыз – бас болар, еліміз – есті болар деп үміттенесің.
Балалық шағыңнан көзің
мен көкірегіңде біржолата
Бүгінгідей ұлттық тілдің бояуын ұқпайтын,
көркемдік құралына тікелей қатысты суретті
тіл дегенді түсінбейтін, тіпті қарадүрсін
мақаланың стилінен аса алмай, ой мен сезімі
ұшталмайтын, тіл мен сөзі жұтаң жазушы
молайған, өздерін классик сезіне кеуде
соққан кеудемсоқ кезеңде сол 60-жылдардың
толқыны танымыңа түбірлей оралатыны
шындық. Олар баяғы қабырғасы сөгілсе
де, қарасөзі сетінемеген қазақ атты қордалы
жұрттың жұрнағындай көрінеді.
«Күтумен кешкен ғұмырда» жазушы Еренқабырғадай сеңгір сілемнің сұлу табиғатын кейіпкер ой-сезімімен астастыра, авторлық санамен ұластыра суреттейді. «Кей тұста құзар тау екі өкпеңді қысып, аспанның өзін әрең – иненің жасуындай етіп көрсетеді, енді алдыңда ашық жер бары күмән болып, үңгірдің ішіндей қара күңгірттікке кіріп кетесің. Бірақ әлден уақытта барып, көп тұмсықтың бірін айнала қойған сәтте қарсы алдыңнан жарық дүние жарқ ете түседі. Еңсеңді басып келе жатқан екі бүйірдегі жақпар таулар кенет үркіп кеткендей, кеудесін кейін тартып ала қояды. Содан кейін-ақ ілгерілеген сайын таулар шалқая қашып, қашықтаған сайын төбелері аласарып, айналаң ашылып сала береді». Таулы өлкеге тән мұндай тылсым суретті, таулық тарпаң мінезді тек биікті мекендеген адам ғана білсе керек. Бекең – ойдағы бел-белегір мен таудағы шың-шатқалдардың өзіне ғана тән сиқырлы сұлулығын алғаусыз сезіне білген суреткер. «Қарағайдың іші қара түнек, – деп қайырады жазушы: – Ептеп көз үйренгенмен, көңілдегі секем там-тұм тарқамай тұр».
2.2 Қазақ әйелінің психологиясын бейнелеудегі шеберліктері
Сурет пен сезімнің
астасуы, ой мен танымның
Тәңірінің қалауымен қосылған сүйген
жары Үбәтәйдің бір жолғы оғаш қылығын
кешірмеймін деп, өмірде үш түрлі әйелге
жолығып, олардан да тез суынып, жалғыздықпен
жүрген арыстай жігіт ағасының жан дүние
арпалысын дөп бейнелейді. Сөйтіп жүріп
Әсенейдей сұңғыла сұлуға жолығып, тәні
– от, жаны – жалын, ойы – оралымды, сезімі
– сырбаз жанның тұтқынына айналады. Оның
осы тұтқын кебі бүкіл әлемге әйгілі Жаһан
шахтың Мұмтаздай сүйгеніне берілген
суымас сезімімен пара-пар.
Жазушы әңгіменің соңында Әсенейге деген
Нұртаңның асыл да жұмбақ сезімін оқырман
күтпеген қиырдан, шеберлікке тән новеллалық
стильмен ашып салады. Делиден ұшып келген
оны бәйбішесі Үбәтәй күтпеген жерден
– әуежайдан жаңа туған немересін алдынан
алып шығып, тосын күтіп алады. Сол бойда
асыл сезім үшін адасып, өз өмірін құрбан
етіп жүрген жұмбақ азаматты өктемдікпен
жетектей жөнеледі. Бірақ бауыр еті баласымен,
кіндік қандас немересімен байлап, баяғыдай
бой үйретісіп кетесің дегендей адуын
әйелінің ісіне қарап, аналық мейірімін
бағалап, аналық махаббатын аялап отырса
да, «Нұртаңның ойын билеп келе жатқан
– тек Әсеней: басымды кеудесіне қойып,
жас балаша үрпігінен иіскеп, бір секөнт
балқып кетсем-ау деген сағыныш қасындағы
бала-шағасынан алыстатып, адам түсіне
алмайтын арман дүниеге ақырын-ақырын
жетектеп барады». Бекең өзі автор ретінде
Нұртаңдай кейіпкерімен осындай да сұрапыл
сезім, ойранды ой, тегеурінді тағдыр болады
дегенді оқырманына айнытпай ашады. Бұған
кез келген оқырман тәнті болары да сөзсіз.
Өзінің күйеуі бола тұра тәтті сезімнің,
жан тербетер махаббаттың мұнарына Мұмтаз
арудай мас бола алатын, ер азаматты да
мас қыла алатын Әсеней де – кез келген
қыз-келіншектің арманындай символдық
бейне. Ол сонысымен де оқырманға қымбат
һәм жұмбақ. Біз зерттеуші емеспіз. Әйел
жанының жымдай терең қатпарларына үңіле
білген, өрттей алапат сезімдерін сезіне
алған Бексұлтандай белді жазушының мол
шығармашылығын түгел қамту бір мақалада
мүмкін емес. Хал-қадерімізше бетінен
қалқып өттік. Ал оның мәдениет пен әдебиет,
тіл мен тарих туралы өткір ойлы, сұлу
сазды соқталы-соқталы мақала, эсселері
бір төбе. Олар жайында сөз басқа. Оқырманға
да аян.
Бүгінгі күні жеті өзеннен кешіп, жеті
белден асып өткен, қазақтың қаламмен
тағдыр кешкен қабырғалы жазушысына сезіміңіз
суымасын, ойыңыз жусамасын деген ой –
біздің тілге тиек.
Информация о работе Б.Нұржекеевтің өмірі мен шығармашылық жолы