Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 19:49, реферат
Жазушы шығармаларындағы өзектi тақырыптың бiрi – махаббат, ер мен әйелдiң жан сезiмi. Көкiрек қатпарына терең бойлап, не бiр нәзiк дiрiл мен сырлы перненi дөп басынына қайран қаласың. Шарпысқан құштарлық, қасiреттi қимастық арқылы өмiрдiң қуанышы мен тағдырлар трагедиясын барынша шыншылдықпен бедерлейдi. Осы сыршылдығына тәнтi болған оқушы қауым оны «Қазақтың Мопассаны», «Махаббат жыршысы» деп тегiн атамаса керек. Шын талант та гауһар сияқты, уақытқа түсiн алдырмай жарқырай бермек. Сиясы кеуiп үлгiрмеген әңгiмелерiн оқи отырып әйгiлi жазушының жорғасынан жаңылмаған жүрдек қаламның қуатты серпiнiн аңғарамыз.
Жазушының тағы бiр елге ерекше сiңiрген еңбегiн ұмытуға бола ма?! Ол туған жер тарихын тiрiлтiп, атақты Орбұлақ шайқасының шындығын ашып, сол оқиғаның 350 жылдығы республикалық деңгейде атап өтiлуiне өлшеусiз үлес қосқандығы. Сондай-ақ, ақтаңгер ақын Мұқағалидың жарияланбаған өлеңдерiн жинап, бiрнеше жыр кiтабын, артынша 4 және 5 томдық толық шығармаларын оқырман қолына тигiзгендiгi. Оның бер жағында ақынның мерейтойларын биiк деңгейде өткiзiп, оған ескерткiш орнатуға да аянбай араласқан адам Бексұлтан. Осының бәрi жазушының жанқиярлық еңбегi емес деп кiм айтар?!
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы, жазушы көп мәселенiң ортақ бiр түйiнiн табуға аса тапқыр. Ол мысалы, «Күнәлi махаббатта» Зереннiң қайғысынан көп әйелдiң басынан өткiзген қайғы-мұңын көрiп, көпшiлiкке соның сыр-себептерiн ашып көрсетуге асық. Бұл өзi өмiр шындығын өнер шындығына айналдырудың сара жолы ғой. Айталық, бүгiнде ерлi-зайыптылардың аралары суысып, ажырасулары жиiлеп кеттi. Олардың бұл жараспауы, бiр-бiрiн ұғыспаудан туған шығыспау. Иә, оның арты ажырасу екенi белгiлi. Балаларын тiрi жетiмдер қатарына қосып, көңiлдерiне өшпес қаяу түсiру. Бұл болса, жанды жауратып, өкiнiштiң өртiнде күйдiрiп-жандырып, күйзелiспен күй кештiретiн жазылмас жара, қайғы-қасiрет. Ойраны шыққан отбасының осындай бақытсыздыққа душар болмасын ойлап, жан-жүрегiмен жарыла сезім қылын тербеген жазушы Бексұлтанның шынайы шындықты ағынан ақтарыла жазған осындай шығармалары, әсiресе, жас ұрпаққа сабақ болса екен деген тiлек қосамыз. Жазушының осынау ойлы туындыларының өнегесi өмiрлiк екенiне риясыз сенесiң, оның көркемдiк қуатына қоса көсемдiк көрегендiгiне дән риза боласың. Сол бiр жастық дәуренде жүректерде жалындаған ғашықтықтың оттай ыстық сезiмiн сөндiрiп алмаған, оны ғұмырбақи қастерлеп өткен ерлi-зайыптылар нағыз бақытты адамдар. Жазушының жүрегiнде жұптаған, жұртшылықпен бөлiскен сырларының түпкi түйiнi осы.
Қазақ әдебиетiнде Қазан төңкерiсi қарсаңы мен кеңес өкiметi орнаған жылдар, одан кейiнгi қилы кезең – арты үркiншiлiкке ұласқан ұжымдастыру науқаны мен ашаршылық нәубетiнiң қасыретiн, ұлтымыздың бетке ұстар қайраткер азаматтарын қынадай қырған отыз жетiнiң зұлымдықпен әдейi жасалған зұлматының ащы шындығын шырқау биiкке көтерiп жазылған көркем шығармалар некен-саяқ. Сол бiр халық қасыретiн ашып айтудың амалын таппай, ал тәуекел еткен бiрлi-жарым қаламгерлер атылып, иә итжеккенге айдалып кеткендерi де айдан анық ақиқат. Сөйтiп, көзбен көрiп, бастан кешкендерiн жаза алмай арманда кеткен жазушылардың кейiнгi ұрпағы да кеңестiк идеологияның – қитұрқы саясаттың құрығына iлiндi. Бертiн келе қысылып-қымтырылып, астарлап айтудан аса алмаған кiтаптар жарияланып жатты. Әйтсе де, әлi де болса сол зұлмат замандағы халқымыз шеккен шексiз қайғы-қасырет жерiне жеткiзiле жазылған жоқ.
Осы орайда сол олқылықтың орнын толтырған толымды туынды жазушы Нұржекеұлының «Жау жағадан алғанда» романы. Бұл айрықша бағалануға тиiс айтулы шығарма екенiн айту парыз. Әттең, әдебиет сыншыларының сындарлы сөздерiн айта алмай жүргендерi өкiнiштi-ақ. Тарихи дәйектi деректерге сүйене жазылып, Жетiсу өңiрiнде өткен алмағайып заманның айғақтарын барынша батыл, барынша әдiл, барынша көркем бейнелеген бұл романды бiр ауыз сөзбен шерлi жылдар шежiресi десе әсте қателеспеймiз. Романда ел басына түскен ауыртпашылық – азаттық жолындағы азапты қан кешулер көшелi ой, көркем сөзбен тамаша баяндалған. Бұл өзi дәуренi өткен дәуiрдiң шындығын шырайын шығара тереңнен толғап, қоғамдық-әлеуметтiк өмiрдiң құпия қойнауларын әрiден қопара көрсеткен кезеңдiк кемел туынды. Сондықтан да, бұл романды қазақ әдебиетiне ғана емес, сондай-ақ төл тарихымызға қосылған рухани қазынаға балаймыз. Жазушының шығармашылық жолын айту барысында оған арнайы тоқталуымыз да осы себептен.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Б.Нұржекеевтің өмірі мен шығармашылық жолы