Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілердің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:20, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б.

Содержание работы

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------------3
I-ТАРАУ. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері------------------------------------------------------------ 5
1.1 Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері-------------------------------------- 5
1.2. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші
ғалымдардың ой - пікірі---------------------------------------------------------- 16
ІІ-ТАРАУ. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді
пайдаланудың әдіс- тәсілдері----------------------------------------------------23
1. Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу - тәрбие процесінде пайдаланудың жолдары ----------------------------------------------------------- 23
2. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдалану
тәжірибесі және оның нәтижесі ------------------------------------------------- 43
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы.doc

— 306.00 Кб (Скачать файл)

Қазақ ауыз әдебиетінің  бірнеше түрі бар. Соның ішінде бастылары: халық арасында әр алуан тақырыпқа  шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер,    батырлар жыры, тұрмыс-:салт жырлары, айтыс өлендері

т. б.

Ауыз әдебиетінің  бұл аталған түрлері, әрине, бір  мезгілде туып, бірден калыптасқан  жоқ. Әрқайсысының шығу, өсіп-өркендеу тарихы, ұзақ уақытқа созылған даму жолдары бар. В.Г.Белинский «Әдебиеттің түрлері» дейтін мақаласында ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасында елеулі айырмашылықтар барлығын көрсетеді. Оның айтуынша: ең басты айырмашылық шығарманың авторы белгілі болу-болмауында. Осыған байланысты, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В. Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: «...Ауыз әдебиетін

алатын болсақ, оның жүртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің  авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім біл-мейді... Ал әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның авторлары - халық рухының әр алуан жақтарын өзінің акыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі өздерінің праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп, әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді».

Белинский бұл  пікірін «Әдебиеттің түрлері» және «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбектерінде де айтады. Ұлы сыншының пікірінше ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы басты айырмашылықтың бірі жеке авторлардың болу-болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл халықтың «рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы әкономиканың дамыған, қоғамдық ой-сананың ұлғайып өскен кезінде болады; экономиканың дамуы мәдениеттің, техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке авторлардың шығармалары жүртқа жазу үлгісінде, баспа арқылы тарайтын болады»,- дейді.

Демек, жазба  әдебиеттің қандай туындысын алсақ  та оның авторы белгілі болады. Соған  қоса оның өмірбаяны, шығармаларының қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т.б. көпшілікке мәлім болып отырады. Ал ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады.    Бұдан,    әрине,    ауыз    әдебиетінде  автор болмайды деген ұғым

тумайды. Онда автор болған. Мәселен, «Ер Төстік», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Алдар Көсе», «Қобыланды батыр» т.б. сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал шығармалары ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай туған.

Ауыз әдебиетінің  жазба әдебиеттен келесі бір айырмашылығы - ауыз әдебиеті шығармаларында варианттардың көп болуында.

Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің  аттары үқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Мысалға: «Қобыланды батыр» жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың 28 варианты бар. Олардың жалпы мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері бір-біріне үқсас келеді. Бәрінде айтылатын басты әңгіме: Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға қарсы күресі, осы жолда оның жасаған ерліктері. Бұл оқиғалар жырдың варианттарында әртүрлі жырланады, ал ол варианттарда өз ара үлкенді-кішілі айырмашылықтар болып отырады.

Мұнымен қатар  ауыз әдебиетіңде варианттардың  көп болуын шығарманың ауызша шығарылып, халыққа ауызша айту арқылы тарауына байланысты деп білеміз. Мәселен, ертекші өзінің ертегін (немесе жыршы өзінің жырын) көпшіліктің жиналған жерінде айтады.  Сол арада тыңдаушы көпшіліктің арасынан жаңағы ертегінің (немесе жырдың) мазмұнын, оқиғасын ұғып алушылар табылады. Енді олар сол ертегіні екінші бір жерде өзінше әңгімелейді, жаңалап айтады, алғашқы әңгімелерінің кей жерін қысқартып, кей жеріне тыңнан оқиға қосып

ұлғайтады. Сөйтіп, ертегінің (немесе жырдың) екінші бір туынды түрі, варианты шығады.

Ал жазба әдебиетте  мұндай жағдай кездесе бермейді. Әрбір  жазушы (не ақын) шығармасын өз атынан жариялайды, оны екінші бір автор иемденіп кетпейді. Қай шығарманы кімнің, қашан шығарғаны жұртқа белгілі болып отырады.

Ауыз  әдебиетінің жазба әдебиеттен тағы бір айырмашылығы бар. Ол: ауыз әдебиетінде қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдердің тұрақталған ұқсастық пен ұйқастардың жиі кездесетіндігінен көрінеді. Мысалы, ертегілердің көпшілігі:

Ертек, ертек  ерте екен,

 Ешкі жүні бөрте екен,

 Қырғауыл жүні қызыл екен,

Құйрық жүні үзын екен, -

деп, немесе «Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» деп басталады. Ертегілердің бұлай басталуы дәстүрге айналып кеткен. Көптеген ертегілердің басталуы осындай бір-біріне ұқсас келгенімен, одан кейін әңгімелейтін окиғалардың мазмұны, дамуы әр түрлі болады. Ал жазба әдебиетте шығарма мұндай   қалыптасқан   дағдыға   айналған   сөз   тіркестерімен басталмайды. Әр жазушы шығармасын басқа авторға ұқсатпай бастап, өзіңше аяқтайды.

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін келесі бір  белгі деп ауыз әдебиетінде бірнеше өнердің бірлесіп келуін айтамыз. (Мұны, яғни бірнеше өнердің бірлесе көрінуін, синкретизм -деп атайды.) Мәселен, жыршьі ақын жырын көпшіліктің жиналған жерінде шығарған. Сонда ол домбыраның (гармонь немесе қобыздың) сүйемелдеуімен ән (кұй) әуенін келтіріп алып, жыр әңгімесін белгілі бір сарынмен айта берген.

Міне, осы арада  бірнеше өнердің бірлесіп келгенін көреміз. Атап айтқанда: ақындык өнер, ән (күй) әуені, көпшіліктің алдында (сахнада) жыр айтып отырған жыршы-ақын, жырды тыңдаушы қауым бар. Олар бірлесе келіп, жаңа бір ерлік жырдың тууына себепкер болып отырғанын байқаймыз. Бұл сияқты жағдай жазба әдебиетте кездеспейді. Ол тек ауыз әдебиетіне, ғана тән ерекшелік деп қараймыз.

Қазақ  ертегілерінің  ішкі мазмұнына  қарай  отырып , бұл  сұраққа екі  түрлі  жауап беруге  болатын сияқты .

Біріншіден, ертегіні  жасаушы - халық  даналығы  өмір  мұратына  жетудің  басты  жолы ақылдылық  екенін бірінші  кезекте , толық  көлемді берумен  қатар , сол ақылдылықтың  өзі еңбекпен  байланысты екенін  қысқа  болса  да ертегіде  дәлелді  міндетті  түрде  берілуі , ертегінің  сол  кездегі  өмір  жағдайын  толық  көрсете  білу .

Екіншіден, ертегіде  өмір  мұратына  жетудегі  еңбектің  мәнінің  жеткілікті, толық көрінбеуі, керісінше, ақылдылыққа, үлкен  орын  берілуі, ертегі  жасаушының  өзі, бұл  мәселеге  толық  жауап  беруге  әзір  емес  сияқты

 

 

 

 

 

1.2. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші ғалымдардың   ой – пікірі

Қазақ халқының жас  ұрпаққа  тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді.

А.Байтұрсынов «ертегінің  қадірі  қанша  деп  сұрағанда, керегіне  қарай  жауап  беріледі » деп  ой  қорытады. Ертегі  халықтың  қиялынан  пайда  болған. Сондықтан  оның  авторы  халық. Бертін  келе  ауыздан – ауызға  тарап, келешек  ұрпаққа  жетіп  отырған. Ертек  айтушыларды – ертекшілер  деп  атаған. Ертегі  туралы  анықтаманы  М.Әуезов былай  деген: Ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін  көрсететін, онан  соң елдің белгілі салтын  білдіретін, арнаулы үлгі  айтатын, жамандықты  жерлеп, жақсылықты  көтеріп айтқан, ойдан шығарған  көтерме әңгімені  айтады. Бұл анықтамада  шыншыл  ертегі жайында  еш  сөз  айтылмаған. Ертедегі  көзқарас  деп  көрсеткен.

Ертегілердің негізгі  тарихы адам баласының сөйлеу тілі, ойлау қабілеті пайда  болғаннан  басталады.  Алғашқы  уақытта  өте  ақылға  сыймайтын  ертегілер  пайда  болды.   Онда  көбінесе  жан – жануарлар   тіршіліктің барлығында  сөйлейді, ұғады деген адамдарда пікір қалыптасқан. Бұл ертегінің қиал  ғажайып түрі. Одан  кейін XV- ғасырларда  қазақ хандығында  құрылуымен  тұспа – тұс келеді. Ертегілер батырлар  мен небір шешен, ел  билеген  көсемдер  жайлы  өрбейді.  Олардың  халыққа  еткен  еңбектері, қанаушы  топ  шонжарлар мен  байлардың  тепкісіне  шыдамай  қарсы  әрекеттері, айламен  түрлі  тәсілдермен  сабасына  келтіріп  отырған  көріністері  бейнеленеді .

Кейінгі    жылдары    XIX –   ғасырдан     бастап    халық білімге, ғылымға  жол  салды. Онда    ұлы    тұлғалардың    Ш.Уәлихановтың,   Ы. Алтынсариннің, А. Байтұрсыновтың  алар  орны  зор. Олар  өз  шығармашылығын  бұхара  халыққа  арнады. Солардың  тәрбиелілігін, ұғуға  ынталылығын, адамгершілік  қасиеттерін  көрсетті .

Ертегілердің  ең  алғаш  зерттелуі  қазақ  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинаушы, әрі  оны  өзге  халықтарға  танытушы  Ә. Диваевтың  есімімен  тікелей байланысты. Ол 1883 жылы  ертегілер жинауды бастаған . Ең  алғаш  Әулиеата  уезі  болды. Кейін  ол  қызметіне  байланысты  ел  аралап, Шымкент, Сыр бойында  болып,  көне құлақ  қарттардан  ертегілер  жинайды.

Диваев  әңгімелер  мен  ертегілерді  жазып  алып, хат  арқылы  сұрап  отырған.  Ертекшілер  мен  орындаушылармен  кездесіп, фольклорлық  мұралар  жазып  алып  отырған . Ол  ерекше  әдіс  қолданған :  бір  ертегіні  бірнеше  елді  мекеннен, бірнеше  кісінің  аузынан  тыңдауды  әдетке  айландырып, сол  шығарманың  нағыз  халықтық  нұсқасын  айқындауды  мақсат  еткен. Ең соңында  нұсқаның  толығырақ  айтылған  түрін  баспа  бетіне  бірнеше  рет құрастырып  жазып  алады да,  соның  толымды  нұсқасын жасайды. Сөйтіп  барып ол  аңыз – ертегі  жайлы  ойын қоытындылайды .

Ә. Диваевтің  тағы  бір  ерекшелігі  ол  ертегілерді  жинауда  сөзге  мұқият  қарап, баспа  сөз  бетінде  жариялауда  кейбір  түсініксіз  сөздерге  коминтарийлер  жазып,  әрі  сол  ертегі, дастанның  қанша  варианты  бар  екендігінен  мәлімет  те  беріп,  отырған  және  ол  материалдарды екі тілде яғни  орыс, қазақ  тілдерінде  жариялауды  принципке  алған.

     Ж.Аймауытов ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше тоқталды. «Баланы бұзуға яки түзетуге себеп болатын бір шарт рас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке – шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Балаға қайырымдылықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты, адамгершілікті беретін ата – ана».  Баланың бойына сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді.

Жас кезде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық ағаш сияқты өсетінін отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады. Сонымен қатар өнегелі отбасынан бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен отанын, замандас, жора – жолдас, құрбы -  құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуге болатынын дәлелдейді.

«Тәрбиенің негізгі  мақсаты мінезі түзу, адамшылдыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» дей келе, «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала, айтып тұрғаннан көрі көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын іспен көрсете білу керек»- дейді. Бұл еңбекте Аймауытов «Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі дидактикаға ғылыми анықтама берген».

Мағжан Жұмабаев 1922жылы «Педагогика» оқулығын жазған ағартушы. Осы оқулығының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл және сұлулық пен әдеп – ғұрып тәрбиесі: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болганы. Егер де ол ыстық -  суық,ашық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты, берік денлі болса, түзу ойлайтын дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса ған адам балсын дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы.

Балам адам болсын деген  ата – ана осы төрт  тәрбиені дұрыс орындасын. Баланы тәрбиешінің  дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қылып  шығару»- деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Ол «Ұлттың тілі кеми бастауы- ұлттың құри бастағанын көрсетеді». Мағжан педагогикасы аса сезімтал, саясаттан тыс, бала жүрегін жараламайтын адамгершілікті педагогика.

Қазақ жастарына болашақты болжап, келешекке кемелденіп барар жолдар мен маңызды мақсаттарды біздің қазіргі заманымызға сай ұсынылды деп ойлаймыз.

Сөз соңында айтарымыз  «Ертегі – соңғы қазақ ескілігін  жинаушы адамдар арасында бұл  жөнінде В. Радловтан ынталы, ұқыптылық  көрсеткен оқымысты жоқ деуге болады.» - деп ғалым М. Әуезов жоғары бағалай, белгілі төңкеріліске дейінгі қазақ фолькорына арналған жинақтардың ішіндегі ең толыққанды, жүйелі, озық үлгісі болып табылатындығын еңбектерінің қайта басылып, көпшілікке ұсынылатындығына берік сенімдіміз.

Информация о работе Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілердің рөлі