Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:20, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б.
КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------------3
I-ТАРАУ. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері------------------------------------------------------------ 5
1.1 Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері-------------------------------------- 5
1.2. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші
ғалымдардың ой - пікірі---------------------------------------------------------- 16
ІІ-ТАРАУ. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді
пайдаланудың әдіс- тәсілдері----------------------------------------------------23
1. Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу - тәрбие процесінде пайдаланудың жолдары ----------------------------------------------------------- 23
2. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдалану
тәжірибесі және оның нәтижесі ------------------------------------------------- 43
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және қайратгы істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында «Ертегілер еліне саяхат» сабағын өткізуге болады. Сондай-ақ «Ертегіні кім көп біледі?» сайыс сабағын ұйымдастыруға да болады. Сайысты бірнеше бөлімнен тұратын етіп, біріші бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек. Ертегіден үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, қай халық ертегісі екенін айтуы керек.
Қорытынды
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, кайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажст:
1. Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып, бірде қуанып, қиял көгіне көтеріледі, көңілденеді, қиялдау оларды армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерді көрсетсе де анық түсінікті болып келеді.
3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.
4. Ертегі оқушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал 4- сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
5. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.
6. Кейбір ертегілерді пъесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады
7. Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жұмыстары да үнемі іске асырылып отырғаны жөн.
8. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады .
Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегілердің рөлі ерекше.
Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды:
- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуын;
- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына;
- Мәтінді мәнерлеп оқуға;
- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауына;
- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына;
- Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруіне баса көңіл бөлу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
23. Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің ғажап үлгілерінің бірі- ертегілер». // Ұлағат. ─ 2004. ─ №2 47-49 бет.
Информация о работе Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілердің рөлі