Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілердің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:20, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б.

Содержание работы

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------------3
I-ТАРАУ. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері------------------------------------------------------------ 5
1.1 Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері-------------------------------------- 5
1.2. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші
ғалымдардың ой - пікірі---------------------------------------------------------- 16
ІІ-ТАРАУ. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді
пайдаланудың әдіс- тәсілдері----------------------------------------------------23
1. Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу - тәрбие процесінде пайдаланудың жолдары ----------------------------------------------------------- 23
2. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдалану
тәжірибесі және оның нәтижесі ------------------------------------------------- 43
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы.doc

— 306.00 Кб (Скачать файл)

«Алтын сандық» жинағында  «Түлкінің алдағаны», «Дудар қыз», «Молданың  үйінде оқыған бала», «Тазша», «Хан Шентай», «Қаракөз сұлу», «Қармақ салған жігіт», «Желкілдек», «Еркем Айдар», «Ханның  қызы», «Жақсылықпен жамандық жолдас болған», «Үш ұл» ертегілерін қамтиды.

Ертегі - ауыз әдебиетінің  ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы  асулары, арман-мұраты бейнеленген.

 

Барлық елдің  ауыз әдебиетінен мол орын алған  және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - ертегілер.

Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.

Халық әдебиетінің  басқа түрлері секілді, ертегілер  де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған.

Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық  түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені  қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі «ертегі» деп аталуының өзі-ақ, онда айтылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады).

Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық карым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің үлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер, еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесін, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.

Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері  бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов,  Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Түркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі.

Осы аталған адамдар сол кезде  Орынборда, Омбыда, Казаньда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса (тілі қазақша әрпі орысша), онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың бесінші жылдарынан бастап, «Дала уалаяты» газетінде, Торғай облыстық ведомосында», «Ақмола облыстық ведомосы, «Орынбор газетінде», «Орынбор губерниялық ведомосы, «Астрахань газетінде» т.б. үзбей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.

Жоғарыда аталған  адамдардың ішінен қазақ ертегілерін  жинап бастыруда айтарлықтай  еңбек еткендер - А.Алекторов, А.Пантусов, Васильев, Б.Дауылбаев, М. Досымбековтар. Олар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарған. Мысалы, Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бірнеше жерде бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп 1898 жылы «Киргизская хрестоматия» деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.

 

Қазақ ауыз әдебиетінің  үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде асқан үкыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нүсқаларын жазып алып отырады, жинаған материалдарын орыс тіліне аударады. Оның материалдары, көбінесе, «Дала уалаяты» газетінде (орысша аты «Киргизская степная газета») екі тілде үзбей жарияланып Тұрады. Кейіннен ол «Қазақ-қырғыз» тілін үйренушілерге көмекші материалдар» және «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1899-1909 жылдар арасында (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары Қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға казақ ертегілерінен көп

материалдар енеді.

Қазақ ертегілерінің  қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің түтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демокартия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен түйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  ТАРАУ. Оқушылардың  тіл  байлығын   дамытуда  ертегілерді пайдаланудың   әдіс- тәсілдері

2.1. Ертегілердің  тәрбиелік мәні және  оларды оқу -  тәрби процесінде          пайдаланудың    мүмкіндіктері

Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін қарастырсақ,   атақты әдебиетші М. Әуезов ертегіні үш түрге бөліп қарастырған. Олар: қиял – ғажайып, тұрмыс – салт, шыншыл ертегілері болып табылады. Алайда қазіргі зерттеулер нәтижесіне қарағанда ертегіні төрт түрге бөледі. С. Қасқабасов ертегідегі қияли идеялық қызмет атқарады, бірақ сюжеттен гөрі композицияның рөлі күшті болады деп есептейді. Ол ертегіні: хайуанаттар жайындағы, қиял – ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық деп бөледі.

М. Әуезовтың ертегі түрлерін талдасақ қиял – ғажайып ертегілерінде  «Керқұла атты Кендебай»,  «Аңшы бай» «Ұшқыш кілем» жатады деп есептейді. Оқушы осындай ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал дос адамын ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Оқушы барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой қорытады.

С. Қасқабасовтың пайымдауынша, қиял – ғажайып ертегілер –  шығу тегі жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда  болған, жанрлық жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала,  жауынгер, батыр, т.б. бұқара халық өкілдері. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң – хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы- өз елін бөтен елден, жаудан қорғайтын батыр болды.Ол қазақ өміріндегі  қара шаңырақ иесі-кенже бала болды.

Қиял-ғажайып ертегілеріндегі  басты тақырып-сиқырлы заттардың  көмегімен бас кейіпкердің неше түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Егер қаhарман бар күшін пайдаланып, керемет қиындықтарды жеңсе, ол батыр  атағына ие болады да, мұндай кейіпкері бар ертегі өз ерекшелігімен дараланып, «Батырлық ертегі» деп аталады. Біздің пікірімізше, батыр тұлға  тек ерлігімен ғана емес, алыл-парасатымен де , айласымен де жауын жеңіп отырған.

Қиял  -  ғажайып ертегілердің бір жағында  жалмауыз кемпірлер, дәулер, түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер, аты жоқ балалар, Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр қызындай сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр.

Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы» сюжетіндегі Төбекөз дәу «Одиссеядағы» Полифемге үқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветрогон). Көлтаусар (Опивало яки Объедало), Таусоғар (Горокат) шығыс-батысқа бірдей ортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия, тотемизм, зороастризм, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-кем.

Ертегінің тағы бір  түрі- тұрмыс-салт және хайуанаттар туралы ертегілер.Тұрмыс-салт ертегілерінде  бақташылық тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. Бұл М.Әуезовтің зерттеуі бойынша көрсетілген. Ал С.Қасқабасовтың айтуынша ертегілердің  ішінде хайуанат ертегілерінің алатын орны зор. Жануарлар туралы мифтер мен әнгімелердің жануарлар туралы ертегіден айырмашылығы тура мағына мен ауыспалы мағынаның,шын образ бен оның тұспалы арасында болады.Ертегіде адамдар мен олардың әрекеттерді тұспалдап көрсетеді. Оларда таптық қоғамның көрінісі байкалады.Жануарлар жайындағы ертегілерді 3 топқа бөлуге болады:

1.Мифтік қасиетін жоғалткан  этиологиялық ертегілер.

2.Дүние жүзі халықтарының  жануарлар жөніндегі эпосын құрайтын классикалық ертегілер.

3.Мысал ертегілер. 

Этиологиялық ертегілерде  синкреттік қасиет басым, тұрақты композициялық  құрылым жоқ. Олар этиологиялық мазмұны  жағынан мифке жақын. Оған айтушы да, тыңдаушы да сенбейді. Бірақ адамгершілік тәрбиесі сақталады. Жануар –кейіпкерді суреттеу, мінез-құлқын бағалау жағынан ертегілік қасиеті байқалады. Жануарға берілетін меніздеме көбіне құбылмалы болып табылады. Сол арқылы әр түрлі адамдық проблемаларды айдаhар,дию тағы басқа суреттеле береді. Мәселен, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Маса неге ызыңдайтын болып қалған ?»  деген сияқты  үш сұрақ бірдей жауап беріледі.

Балаларға қатысты мысал  ертегілер жатады.Ә.Дүйсенбаев «Құйрық», «Алатаудың бауырында», М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев «Қоянның ерні неге жырық?», Б.Ысқақов  «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тағы сол сияқтылар.

Қазақ ертегісінің ең мол түрі – шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.

Бізге шыншыл-реалистік  ертегілердің қазақ өмірінен алынған  нүсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша, қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді.

Олардың көбісі - халық ортасынан шыққан қарапайым  адамдар. Көптеген ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.

Қазақтың реалистік  ертегілерінің ең марқаларының бірі -«Алпысқа келгеннен ақыл сұра» сюжеті болуға тиіс. Бұрын жұрт өзінің алпысқа келген әкесін өлтіретін болса, бұл ертегілердегі ақылды қарт елдің ең қадірлі адамына айналады. Бұл аталық қоғам салтының нығаюын көрсететін құбылыс.

«Жақсылық пен  жамандық», «Үш ауыз сөз» ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құрылған. Жамандық жаяу келе жатып, Жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемдеп, мүратына жетсе, ақылсыз Жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.

«Үш ауыз сөз» ертегісінде  жас жігіт ақылды қарияға бір  үйір жылқы беріп «суын ішкен  құдыққа түкірме», «оң қолың ұрысса, сол қолың арашашы болсын», «ертеңгі асты тастама» дейтін үш ауыз өсиет үйренеді. Бала елден кетіп, бір ханға қызметке тұрады. Оған хан әйелі ғашық болып, мазасын алады. Бала әйелдің дегеніне көнбеген соң, әйел баланы ханға жамандайды. Хан баланы ертеңгісін от жағарларға жұмсап: «Кім бұрын келсе, соны пешке тығып жіберіңдер» деп әмір береді.

Таңертең қабын  арқалап бара жатқан балаға бір кемпір жолығып, ертеңгі асты татып кет дейді. Сол екі арада баланы көргісі келіп пешханаға келген ханымды от жағарлар өртеп жібереді. Сөйтіп бала бір өлімнен аман қалады, мұрат-мақсатына жетеді,

«Екі жетім» ертегісінде өгей шешенің қиянаты, «Ұр тоқпақ» ертегісінде ұрылардың өзі ұратын тоқпақтың астында қалғаны суреттеледі. «Ұрлық түбі - қорлық» деген ғибрат осыдан келіп шығады.

Шыншыл-реалистік  ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның  ғажап үлгісі - Аязби». Хан өзінің қырық уәзіріне адамның, құстың және шөптің жаманын тауып әкеліңдер дегенде, адамның жаманына Аязби ілігеді. Бірақ оның жамандығы ақылында емес, тұрмысында, кедейлігінде. Ақыры ол өз заманының нағыз зерек, ақылды адамы болып шығады. Меңсұлуға үйленіп хан болады. Ол кісі болғанда да асып-таспайды, «аяз әліңді біл» деп өзіне-өзі ақыл салып отырады. Сондай ақылды да әділ адамға ханың қырық уәзірі қарсы болады. Аязби ертегісінде халық үстем тап адамдарын, олардың қараулығы мен ақылсыздығын әжуа еткен.

Информация о работе Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілердің рөлі