Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:26, курсовая работа
Яғни, бұл курстық жұмыстың міндеті мен мақсаты әділетсіз кер заманның құрбаны болған, жарты ғасырдан астам есемі аталмай, шығармалары көзден тыс, көңілден таса қалып келген қазақтың аяулы ұлдарының бірі, көрнекті лирик, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев жайында, өмірі мен қызметі жайында мәліметтер, деректік материалдар жинастыру, танып білу. Сондай – ақ осы дерек көздерін қазіргі кездегі Мағжан Жұмабаев туралы жаңа деректер арқылы ақын жайлы мәліметтерді жолықтырып, зерттеу. Осы жұмыстар арқылы Мағжан Жұмабаев жөнінде білімді шыңдау, тарихта алатын орнын зерттеп білу.
Кіріспе ...................................................................................................3 - 4
І тарау. Өмір өткелдері. Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы
1.1 М. Жұмабаевтың балалық шағы және білім алуы ........5 - 8
1.2 Дауылды жылдар немесе алынған биік ........................9-10
1.3 Мағжанның алғашқы және ақырғы сотталуы ...............11-13
ІІ тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы
2.1 Ақынның өлеңдері мен поэмалары ............................... 14-18
2.2 Абай және Мағжан ..........................................................19-21
2.3 Жауһар жырдың жаңа өрісі ............................................22-23
Қорытынды .........................................................................................24-26
Сілтемелер ..........................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................28
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасы
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі
(курстық жұмыс)
Бейсембекова Н.А.
Қарағанды – 2006
Мазмұны:
Кіріспе ..............................
І тарау. Өмір өткелдері. Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы
1.1 М. Жұмабаевтың балалық шағы және білім алуы ........5 - 8
1.2 Дауылды жылдар немесе алынған биік ........................9-10
1.3 Мағжанның алғашқы және ақырғы сотталуы ...............11-13
ІІ тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы
Қорытынды ..............................
Сілтемелер ..............................
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ..............................
Кіріспе
Қазақ әдебиетінің үлкен тұлғасы Абай шыңына нықтаса орналасқан сеңгірі, сыршыл сөздің бәйге бермес шабандозы Мағжан Жұмабаев ұзақ жылдардан соң алды кең, тынысы еркін, адамгершілігі мол бетбұрыс заманның заманның есігін ашып, қазақ халқына қайта оралды. Өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты ғасыр бойы көмескі болып келді. Бірақ, ол заманның жүзін көрген егде азаматтар немесе солардан үйренген көңілі аяу жандар ақынды білген, оның өлеңдерін жатқа айтып жүрген. Ақынның кітаптарына қол жетпеген, өйткені Мағжан кітаптары аузы ашылмайтын құлыптаулы сандықта сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты. Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық – зомбылық дәуірдің құрбаны болған ақын тағдырының күйініші мол.
Сол олқылықтардың орнын толтыру ретімен арнайы комиссия құрылып, ақын шығармаларын жарыққа шығару, көптеп бастыру қолға алынуда. Мағжанның шығармаларын жинақтау, өмір жолын зерттеу соңғы 15 жылдан бері қолға алынып келеді. 1989 жылы алғашқы шығармалары, 1992 жылы таңдамалы жинағы, 1995 жылы үш томдығы жарық көрген. Мағжан Жұмабаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1993 жылдың маусым айында өткізілген шаралар суреткер есімін жаңғыртып, оқырманды оның тамаша туындыларымен қайта табыстыру ісінде жасалған алғашқы үлкен қадам болды. Ақынның шығармалары басылып шығарылды, туған жерінде ескерткіш ашылды, көптеген жерлерде есімін мәңгілікке қалдыру шешімдері қабылданды. «Батыр Баян» дастаны бойынша көркем фильм түсірілді. Ақын шығармаларын одан әрі халыққа жеткізу мәселесін ескере отырып, сол жылы М.Жұмабаев атындағы қоғамдық қор ұйымдастырылды. Бірақ, Мағжанның қамшының сабындай қысқа ғұмырының ақтаңдақ беттерінде ашылмаған сырлары, сар алтындай кейбір жырлары әлі де бар. Қазіргі кезде осы олқылықтарды жою үшін Мағжантану ғылымымен айналып жүрген, Мағжан шығармаларын жан – жақты зерттеп жүрген белгілі ғалым - әдебиетші Шерняздан Елеукенов ақынның көп томдық шығармалар жинағы жарық көруде.
Яғни, бұл курстық жұмыстың міндеті мен мақсаты - әділетсіз кер заманның құрбаны болған, жарты ғасырдан астам есемі аталмай, шығармалары көзден тыс, көңілден таса қалып келген қазақтың аяулы ұлдарының бірі, көрнекті лирик, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев жайында, өмірі мен қызметі жайында мәліметтер, деректік материалдар жинастыру, танып білу. Сондай – ақ осы дерек көздерін қазіргі кездегі Мағжан Жұмабаев туралы жаңа деректер арқылы ақын жайлы мәліметтерді жолықтырып, зерттеу. Осы жұмыстар арқылы Мағжан Жұмабаев жөнінде білімді шыңдау, тарихта алатын орнын зерттеп білу.
І тарау. Өмір өткелдері.
1.1 М. Жұмабаевтың балалық шағы және білім алуы
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылғы 5 маусымда, сол кездегі әкімшілік бөліну бойынша, Ақмола губерниясындағы Ақмола уезінің Полуден болысында дүниеге келді. Төрт жастан бастап Мағжан үй оқытушысы, башқұрт Ахиетден Ақановтан оқи бастайды, негізінен, шығыс тілдері мен әдебиетіне бейімделеді. Арабша, парсыша және түрікше тілдерде Мағжан Қызылтардағы М.Бегикиевтің медресесінде үйренеді, осында төрт жыл оқып, мұсылманша орталау білім алады.
1910 жылы Мағжан мұсылмандық жоғары оқу орны атақты «Медресе Ғалияға» түседі. Мағжанның бақытына қарай ол медресеге түскенде мұсылман әлемінде игі өзгерістер жасала бастады. Медресе «усули жадид» - төте оқу үлгісі бойынша химия, физика, математика, география т.б. жаратылыстану пәндерінен жүйелі білім беруге көшті. Ал медресе Ғалияда орыс тілі мен әдебиетінің оқытылуы жастардың болашағына жаңа өріс ашқанын дәлелдеп жатудың қажеті аз шығар.
Медресе Ғалияның қабырғасында оқи жүре Мағжан Жұмабаев тапқан үлкен олжа – ол әдеби ортаға енді. Әдеби процесстің бүге – шігесіне қаныға бастады. Мұнда ол тамаша дос – пікірлестер тапты. Бір Ғалымжан Ибрагимовпен танысудың өзі неге тұрады. «Зәки шәкірттің медреседен кетуі» деген әңгімесімен көзге түскен Ғалымжан Ибрагимов өзінен алты жас кіші Мағжан Жұмабаевтың ақындық болашағына татар әдебиетінде алғаш қол қойғандардың бірі. Ол Мағжанның тұңғыш өлеңдер жинағы «Шолпанның» (1912) жарық көруіне қолғабыс етті. Өзінің «Қазақ қызы» (1924) романына эпигроф етіп Мағжанның «Айға өлеңінен шумақ алуы бір жағынан жас ақынға көрсетілген ізет ишарасы еді».
Оқуға зерек адамның білсем, молықсам дейтін талабы үдемесе, кемімейді. Ыстық күні шөлдеген адам сусынға қанбайтыны сияқты, оқуға деген құмарын Мағжан өмір бойы баса алған жоқ. 1910 жылғы мамыр айында Мағжан Мұхаметжан Бегімов медресесін тәмамдады. Бір ғажабы, қаланың оқуына ынтық болғанмен, өзіне қырғиқабақ еді. Қала, дала тақырыбы содан бері Мағжан қаламына талай рет ілікті. Сонымен ауыл мен Қызылжар оқуын Мағжан тауысты. алдында жол сайрап жатты. Оң мен солға қарауға үйренді. Үлкен олжасының бірі – тіл. Жаңа тіл үйренгенің – жаңа дүние ашқаның. Ауылда үш жыл бойы Ахия Аханов Мағжанға арабшаны білдірсе, Қызылжар медресесінде бұл тілге зерек шәкірт жетіге түсті. Татар тіліне төселу арқылы не қилы мәдениетке қол созды. Өзі ер түрік дейтін халық тарихымен танысты.
Медресе Ғалияға мол даярлықпен келген Мағжан едігі білімді орыстан іздеу керек екенін түсінді. Әрі «абыз», «халфе», «мүдәріс» атануға зауқы соқпады. Есілдертін өлең байрап алды. 1909 жылы Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағы жарық көрді. Бұрын да үзіп – жұлып оқып жүрген ақын өлеңдері көктемгі далаға төгілген күн нұрындай әсер етті. Дәп сол жылы Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал», Міржақып Дулатовтың «Оян қазағы!» жарық көріп, қазақ ұлттық санасын және бір саты көтеріп тастады.
Бұлардың Абайдан бастап қай –қайсысы да орыс мектебін басқыш етпесең, көркемдік биікке көтеріле алмайтының айдан айқын деседі. 1910 жылы судьяға аудармашы қызметін істеу үшін Қызылжарға қайтып оралғанда «жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан» дегендей Мағжанның алдынан Міржақып шықпасы бар ма? Патша әкімдерінің тепкісінен болса да, әйтеуір осы кісіні жолықтырғаны болашақ ақын тағдырына айтарлықтай әсер етті. Жиырманың бесеуіне енді ғана көтерілген Жақаң қазақ қауымына сол кезде – ақ белгілі бедел.
Ресми түрде қарағанда судьяға тілмаш қызметінде істеп жүрсе де, шын қызметі – ел қамы екенін жұрт мойындай бастаған. Міржақып пен Мағжан араларындағы сегіз жаспен есептеспей – ақ, тонның ішкі бауындай жарасты. Бас кезде Міржақып орыс тіліне үйрететін мұғалімі болса, бара – бара жас қыранды баулитын құсбегіне айналды. Ел тарихы мен нақты өмір барысын іштей байланыста қарап қорытуға төселтті. Содан исі алаш алдындағы міндеттерді миына сіңірді.
Мағжанның әдебиет табалдырығынан
тұңғыш аттағаны осы кез шамасы.
Сұлулық әлеміне әркім әр түрлі
жолмен келеді. Мағжан өлеңінің тиегі
қалай ағытылғанын Сәбит
Екінші себеп, ол – ақынның – ақынға әсері. Сәбең «Мағжанның ақындығын қозғауға, екінші себеп – Міржақып болуы керек» деген жорамал айтады1.
Ақмола губерниясының орталығы – Омбы отаршылар қамалы есептелсе де, көп қазақ зиялыларының көзін ашқан қала. Қазақтың біртуар ғалымы Шоқан Уалихановты баулып өсірді дегеннің өзі неге тұрады. Мағжан Шоқанды көрмесе де, оның досы Григорий Потанинді көрді. Қазақ ақыны «Потанин қорынан» стипендия алып тұрған2.
Омбы мұғалімдер семинариясының үйі күні бүгінге дейін көзге оттай басылады. Орта тұсы қос қабат, қалған бөлігі жалғыз қабат, қызыл кірпіштен қаланған осы ғимаратты кейін Қазақ АССР Халық Комиссорлары кеңесінің төрағасы Нығмет Нұрмақов оқыды. Тағдыр семинарияда Мағжанды Сәкен Сейфуллинмен жолықтырды. Қазақ әдебиетінің екі полюсындай болған осы ақындардың жолдары екі айырылса да, тағдырлары етовшылар түрмесінде шешілді. Жендеттер олардың Омбыда бірге өткізген күндерін, 1914 жылы екеуінің белсене қатысуымен ұйымдастырылған мәдени – ағатушылық сипаттағы «Бірлік» ұйымын естеріне салды. Ұйым қасында «Балапан» атты қолжазба журнал шығып тұрды. Сол балаң журналға редактор болдың деп те жазғырды Мағжанды.
«Бірлік» концерт қойып, жастардың шығармаларын талқылады. Күлкі шақырса да, оған саяси айып тағылды. Ұйымның бағыты тым күңгірт екені «Балапан қанат қақты» деген мақаладан да байқалады. Мағжан мұны 1922 жылы Қазан қаласында шыққан жинағына енгізгенде, «Балапан» журналына арналып қара сөзбен жазылған өлең деп ескертіпті. Қазір жазылса «мөлтек сыр» дер ме еді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан Жұмабаев көпшілік қауым мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді. «Жан сөзі» атты атақты өлеңінде ақын өзінің «Медресе - Ғалиядан» кетуіне үзілді – кесілді қарсы болған әкесі Бекенмен арадағы салқындықты және жергілікті дау – шараға қатысқысы келмеген жайын, өзінің сол тұстағы қауымға наразылығын зарлай жырлайды. 1919 жылы ақын екі бірдей қасіретке душар болады: тағдыр қосқан қосағы толғақ үстінен қайтыс болса, азамат соғысы уақытысына орай есімін Азамат қойған перзенті бір жылдан соң ол да үзіледі. Осының бәрі ақын жүрегіне зіл батпан ауыртпалығын салып, зіл – залалы ізін қалдырады. «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңі осы сәттерде туған.
1912-1915 жылдары Мағжан Жұмабаев «Қазақ» газетінің редакторы, тюрколог, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы А. Байтұрсыновтан және Шығыс мәдениетімен де, Батыс мәдениетімен де жан – жақты, терең қаруланған, аса дарын иесі Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір қырына көтерілді, Мағжанға европалық білім алуға орыс тілін үйреніп мәдениетімен қанығуға олар көп себін тигізген.
1.2 Дауылды жылдары немесе алынған биік.
«Жоқ іздеп тап!» - дедің сен, таппадым ба?
Сен: «Айға шап!» дегенде, шаппадым ба?
Не керек! Бар бұйрығыңды орындадым,
Сұм жүрек, сол қызметімді ақтадың ба?
Мағжан. «Жан сөзі».
Ресей тарихындағы 1917 жыл бүгіндер қалай бағаланып жатса да, бңр ерекшелігі даусыз. Дүниені астын – үстіне келтірген қос төңкерісі, Ақпаны мен Қазаны барысында ұлан – байтақ елдің түкпір – түкпіріне дейін қалың еңбекші бұқара дауылды күнгі теңіз толқынындай көтерілді. Одан қиыр шет саналатын қазақ елі де сырт қалған жоқ. Бір жыл шамасы ғана бұрын, 1916 жылғы халық көтерілісінде бақайшағына дейін қаруланған патша отаршыларына құр сойылымен тап берген қазақтар еркіндікке еселенген жігермен ұмтылды. Бұл да өз алдына зор хикая. Сол хикаяны зерттеушілердің бірі жазушы Ғаббас Тоғжанов «Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы» кітабында әрайым ұлтшылдарды ілмелеп, кекесіндеп отырса да, сол бір кездің қайталанбас тынысын әдемі жеткізген тұстары бар.
«Теңдік, бостандық» деп «Алаш» туының астына жиналғандардың жуан ортасында Мағжан да жүрді. Ғаббас Тоғжанов жоғарыдағы сөзін жалғап бұл туралы былай дейді: «Тілегені болып, Мағжан да қарық болды. Азаматтың бірі болып ұлт ісіне кірісті»3.
Мағжан жаңа заманнан теріс айналған жоқ. Көрген – білгенінің бәрін шындық тезіне салды. Жүсіпбек Аймауытов 1924 жылы 16 мамырда жазған хатында: «Ең ғажабы өлеңіңнің өтірігі жоқ», - дейді
Мағжанның ұлылығы – ол шындықтың көзін жазбай тапты. Қағазға бедерленген сөзінің салмағын сорлы халқының пайдасын таразылайтын бізбенмен өлшеді. «Жаралы жан» өлеңі осы айтқанға дәлел типтілік шығарма. Өлең қазақ халқының төңкеріс қарсыңындағы хал – жайын бейнелі түрде сораптайды. Қазақ – жаралы жан, құба жолда қансырап жатыр. Бұл бейне ақын жүрегінде неліктен туғанын білгісі келетін кісі алысқа ұзамай – ақ 1916 жылға көз жіберсін.
Мағжан кенет бұрқ ете түскен тайталасқа қатты назаланды. Әйтеуір дес бергенде съезд делегаттары бір мәмілеге келді. Ұлт Кеңесі яки Алашорда бір ай мезгіл ішінде Түркістан өлкесінде тұратын қазақтардың Алаш автонамиясына қосылатын, қосылмайтындығын анықтауға міндеттелді. Олар көнбеген жағдайда қазақтың басқа облыстары атынан автономия жарияланады, ал келісім берген күнде Алаш автономиясы құрылғаны дереу ресми хабарланады.
Съезден Мағжан үлкен жүк артып қайтты. Халыққа білім беру туралы Міржақып Дулатов жасаған баяндама бойынша нақтылы шаралар белгіленді. Ең қиыны – қазақ тілінде оқулықтар әзірлеу. Бұл істі жатпай – тұрмай қолға алатын арнаулы комиссия құрылды. Комиссия құрамын А.Байтұрсынов, Е. Омаров, М. Жұмабаев, Телжан Шопанов енгізілді.