Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:26, курсовая работа

Описание работы

Яғни, бұл курстық жұмыстың міндеті мен мақсаты әділетсіз кер заманның құрбаны болған, жарты ғасырдан астам есемі аталмай, шығармалары көзден тыс, көңілден таса қалып келген қазақтың аяулы ұлдарының бірі, көрнекті лирик, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев жайында, өмірі мен қызметі жайында мәліметтер, деректік материалдар жинастыру, танып білу. Сондай – ақ осы дерек көздерін қазіргі кездегі Мағжан Жұмабаев туралы жаңа деректер арқылы ақын жайлы мәліметтерді жолықтырып, зерттеу. Осы жұмыстар арқылы Мағжан Жұмабаев жөнінде білімді шыңдау, тарихта алатын орнын зерттеп білу.

Содержание работы

Кіріспе ...................................................................................................3 - 4
І тарау. Өмір өткелдері. Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы
1.1 М. Жұмабаевтың балалық шағы және білім алуы ........5 - 8
1.2 Дауылды жылдар немесе алынған биік ........................9-10
1.3 Мағжанның алғашқы және ақырғы сотталуы ...............11-13
ІІ тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы
2.1 Ақынның өлеңдері мен поэмалары ............................... 14-18
2.2 Абай және Мағжан ..........................................................19-21
2.3 Жауһар жырдың жаңа өрісі ............................................22-23
Қорытынды .........................................................................................24-26
Сілтемелер ..........................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................28

Файлы: 1 файл

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі.doc

— 172.00 Кб (Скачать файл)

Мағжан  Абай ақынды құлай  сүйген  және оны исі  қазақ  ұстазы данышпан  деп білген.  Сондықтан  Абайды «хакім» атайды. «Алтын хакімді Абайға»  атты арнайы өлең жазады («Шолпан» жинағы, 1912 жыл).

Мағжан  әсіресе  ақындық  ілкі қадамдарында Абайға еліктеп көп  өлең туғызды.  Қазақтың жер –  суынан  айырылуын,  қайыршылануын  далаға уайым,  үрей,  шарасыздық әкелгенін отаршылдықтан  бір  көрсе,  сол көргендерін Абайдың  шерлі, зарлы өлеңдерінен  тағы әсерленіп, аһ ұрды.  Абай «Қазағым,  қалың елім, қайран жұртым» деп жүрегі  қарс айырыла күрсінсе, жас шәкірт ақынның  жүрегі  торға түскен жолбарыстай бұлқынды.

Абай – ұстаз, Мағжан  - шәкірт.  Шәкірт ұстазына ұқсайды да, ұқсамайды да.  Мағжан   бақыты – ол өзінің поэзиядағы уыз сүтін Абай өлеңдерінен  ғана ішті.  Абайдың  тұңғыш жинағы шыққан 1909 жылы ол он алтыда.  Абай  өлең есігін  Шығыс ақындарынан  пәрмен сұрап ашса,  Мағжан  қазақ данышпаны Абайға  сиынды.  Оның өлеңдерін  түйсініп һәм түсініп оқыды.   Абайға  бас иді,  әр  сөзіне мұқят құлақ қойды.  Өз сезіміне  есеп беруге үйренді.  Сырт қарағанда жадау көрінетін дала  поэзияға толы екен.  Содан  таңырқай рухтанды.  Әдебиет замана  айнасына  қалай айналуы керектігін  оқып үйренді.  Және бір түйгені  - поэзияда  қалам десең өз соқпағыңды  тауып ал.

Қазақ әдебиеті Мағжан  тұсында жаңа белеске  көтерілді.  Мұны, әрине, дұрыс түсіну керек.  «Көтерілді», «ілгеріледі» дегенде,  ең әуелі  жаңа кезеңнің  өзгешеліктеріне  байланысты  жәйттерді де  ескеріп отырмыз. Ол айырмашылық, өзгешеліктер атап айтқанда төмендегідей:

    1. Дәуір өзгешеліктері.  Абай мен Мағжан, бірі – дүниенің астын үстіне  келтірген революция  дауылдары  қарсаңында, екіншісі – сол дәуірдің  өртке тигендей құтырынып аласұрған шағында  өмір сүріп, ақындық  құрды.
    2. Әдеби байланыстағы өзгерістер.  Абай реалистік  орыс әдебиетінің  алтын ғасырына  етене жақын тұрса,  Мағжан  осы әдебиеттің  күміс ғасырымен,  символизм (романтизм)  ағымымен т.б. мидай  араласты.  Абай антика, Шығыс сарындарына құлақ түрсе,  Мағжан  түркішіл,  Шығыскер атанып жүрді.
    3. Әдеби ортаның пайда болуы.  ХХ ғасырдың  басында қазақ  зиялыларының айтарлықтай шоғыры құралды. Тарихшы В.Григорьевтің  деректері бойынша: «Жоғарғы және аяқталмаған жоғары білімді 100- ге жуық,  мектептер,  училищелер мен мұғалімдер семинарларын тамамдаған 700- ге жуық азаматтар болған....»9.

Сол сияқты, Абай мен Мағжан  арасы Есіл мен Ертістің аралығынан әлдеқайда жақын.  Мағжан  Абайдан  еш  көз жазбаған.

    1. Жауһар жырдың  жаңа өрісі

Ақынның  110 жылдық мерейтойының қарсаңында жарық көрген ең сүбелі еңбектерінің  бірі деп Алматыдағы  «Жібек жолы» баспасынан шыққан «Пророк»  атты  орыс тіліне  аударылған жинағын атар едім.

Ақынның  400 парақтық бұл кітабы өз атына лайық қомақты болып қолға тигені көрген жанды сүйсінтеді.  Жаңа жинақтың  2000 данасын Қазақстан  Республикасының  Мәдениет,  ақпарат және  қоғамдық  келісім министрі Мұхтар Құл – Мұхаммед республикамыздың  барлық кітапханаларына тарту етті.

Бұл кітап қанша қомақты  болғанымен, ақынның өлеңдері әлі де түгелімен аударылған жоқ. Кейбір аударылған аударылған сөздер Мағжанның  өткір тіл, ұшқыр ой,  тапқыр иірімдеріне  сәйкес болмағандықтан,  редколлегияның  ұйғарымы бойынша  авторларға  қайтарылыпты. Ол өлеңдерді  және жинаққа кірмеген  ақынның  басқа да  туындыларын  орыс тілінде жарыққа шығару  болашақтың  міндеті.  Мағжан   қазақ  поэзиясын  еуропалық  биікке қаншалықты көтере  білсе, біз  Еуропа  халықтарына  дарабоз  ақынымыздың  еңбектерін лайықты түрде жеткізерліктей  Мағжан – жыр даңғылын жасауға міндеттіміз. Бұл игілікті істе өз дамуын  табар деп сенемін.

Екінші үлкен қуаныш  - Мағжан  Жұмабаев  шығармаларының  көп томдық  жинағының жарық көре  бастағаны.  Поэзия күмбезінің  көктемгі қарлығашындай болып қолымызға «Жазушы» баспасы шығарған бірінші  томының  тиюі  осы мақаланы  жазуға  себеп  болып отыр.  Бұл жинаққа Мағжанның өлеңдері мен  дастандары, әңгімесі  еніпті.   Құрамында Ә.Асқаров,  Ш.Елеукенов,  С. Қасқабасов,  Е.Раушанов, М.Шапағи сияқты  елге  есімдері белгілі  әдебиетшілер  бар редакциялық алқа мен «Жазушы» баспасының  таңдап алған редакторы Есенбай Дүйсенбайұлы  қыруар еңбек жасапты.  Әдетте өз кітаптарымыз  жарық көргенде  ішіндегі  қателерін көріп,  қынжылып қалатын болсақ,  Мағжан  сынды ағаларымыздың да жинақтарынан кездесетін «әттегенай -лар»  жүрекке қылыштай  шаншылатын.  Бұл жолы  әдемі безендірілген,  көзге  жылы, көңілге  көтеріңкі көрінген  бұл кітап әлгіндей олқылықтардан ала екен.

Кітаптың алғы сөзін оқығанда айырықша тебіреніске бөленесің. Бұл ғажайып талдама,  ойлы зерттеу,  білгір тұжырымдардың авторы – Мағжан  поэзиясының алтын қазынасын жарқырата түсуге  жан аямай ат салысып жүрген белгілі әдебиеттанушы ғалым, абзал азамат Шериаздан Елеукенов.  Мағжанның қатерлі де қасиетті  өмірін, тағдырдың ыстық –суығына айқын жауап берген асыл поэзиясын  үш кезеңге бөліп, мұқят  зерттеудің  тамаша үлгісін  көрсетіпті.  Кіріспе сөзде автор: «Моласының  қайда екені күні бүгінге  дейін беймәлім. Жорамал айтқан болып ек,  мәйітінің қай жерде көмілгені жөнінде. Әттегене,  көңіл аударған жан болмады»10, - деп өкініш білдіреді.

Көп томдық бірінші кітабындағы  Мағжанның қай еңбегін оқысақ та дауылпаз  ақынның  асқан дарынын  көрсетіп тұр. Жинаққа кірген «Батыр Баян»,  «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Тоқсанның тобы»  атты  дастандарын оқығанда  да көп томдықтың бірі емес,  таңдамалы бөлшегі сияқты көрінеді.  Ол да шындық,  өйткені Мағжанның қай шығармасын оқысақ та қазақ әдебиетінің  таңдамалысы іспеттес емес пе.

Көп томдықтың  көш  басы мейілінше  жақсы жинақталыпты, барша  керуені де осындай болып «Жазушы» баспасының  талғампаздық,  жауапкерлік деген асыл мінезін  одан әрі  айғақтай  түсер деп сенемін. Мағжан  Жұмабаевтың  110 жылдығының қарсаңында  ел қолына ерекше құрметпен  екі тілде жетіп  жатқан кітаптары  туған елдің  асыл перзентіне деген  мақтаныш  тұтар ескерткіштері  саналмақ.  Ақынның  атын мәңгі  есте қалдыру  жолында  арттағы  мұрасына  жаңа өріс талмас қанат байлаудан  нендей сыйлық, қандай белгі  аспақшы.

Қорытынды

Әдебиет бақшасында ұзақ жылдар бойы  еңбектенуге тағдар оған жазбады. Небәрі он бес жылдық шабыт жолының  өзі де жеңіл жол бола қойған жоқ.  Заманымен күресті, арбасты,  айқасты. Ақыры өзі майып болды.  Бірақ  оны жеңілді деп айта  атмайсың. Ол жеңді. Аз ғұмырын саз мұрамен  ұзартты.

Өлең сөз нәрі өзгеше  безбенді керек ететіні,  мұнда  кәдеге  сан емес, сапа жүретіні ежелден  белгілі жәйт.  Жалын атқан  жанын, жүрегінің  қанын сарп  ете жүріп,  ол қазақ поэзиясы  көгінде  Мағжан  жұлдызын жақты.  Талай жылдар  бетін бүркеген қара бұлт бүгіндер  сейілгенде, біз  Мағжан  сынды жұлдызға  сүйсіне  қарадық,  таңырқадық, табындық. Сонда да  сағындырған сұлу жырға  көңіл сусыны қанар емес.

Курстық жұмысты қорытындылайтын  болсам,  Мағжан  Жұмабаев – қазақтың  ұлттық ақыны.  Ол қазақ  қауымын құрайтын барша әлеуметтік таптардың,  топтардың, ру – тайпаның  қай – қайсысына да,  бір адамына дейін бүкіл өлеңімен,  өмірімен жанын сала қызмет  етті. Оның шығармаларының ең сүйкімді қаһарманы – алаш жолында  «жарты жаңқасы» қалғанша күресіп, жанын пида ететіндер. «Қазақта хан Кенеге ер жетпейді» деген  сияқты.  Ақынның жеке өз басы, жағымды кейіпкерлері ұлт пайдасын өз пайдасынан ілгері қойды.

Сонымен  бірге ол ұлт  шеңберінде  қалып қойған жоқ. Нағыз  ұлт ақыны күллі  адамзат  ақыны  да.  «Өз елін сүю дегеннен адам өз халқынан басқа халықтарды  мейілінше жек көрсін, басқа халықтарға қасқыр болып тисін деген сөз шықпайды..  Адам өз халқының  адамдарын сүюінің үстіне басқа халықтардың адамдарын да сүюге міндетті»,- деген де Мағжан.

Мағжанның өз ұлтына махаббаты күллі адамзатқа деген сүйіспеншілікпен ұласты. Осындай  ұлттық һәм әлем  ақынына ұлтшылдық күйесін  жаққан  әсіре қызыл тапшыл белсенділер бұл түсініктің  мәніне қонақ бермеді. Нағыз ұлтшылдар, нацистерге дейін өз халқынан басқа  халықтарды,  елеп - ескермейтінін, менсінбейтінін,  оларды  нәсілсіз, жартыкеш санап,  өркениетті ел қатарына  қосқысы келмейтінін айыруға большевик белсенділердің  өресі жетпеді, құлқы да кем болды.

Мағжан  отаршылдыққа қарсы атой салған поэзия туғызса, бұл  орыс халқының  жағасына жармасқандық емес.  Мағжан қазақ, жалпы Кіндік Азия ақындарының арасынан суырылып шығып, тұранды, түрікті жылады,  ақындық алғыр көзімен тұран халықтарының сонау гуннан басталатын арғы – бергі  тарихын шолды,  бірақ бұларды, айталық,  славян атаулыға қарсы  қойған жоқ.   Қайта осынау  евразиялық  кеңістіктегі  мәдени,  рухани  байланыстарға бөгесіндерді жұлып тастауда ересен қайрат көрсетті.

Қай тақырыпта  қозғаса  да Мағжан  көкейінде әрдайым  ел – жұртына туыс, дос- жаран іздеу мақсаты тұрды. Оның аудармашылық қызметі де қазақ әдебиетін әлем әдебиетімен  сабақтастыруға қатысты.  Басқа қазақ шайырларымен  тізе қоса отырып, ол Гете, Жуковский, Гейне, Пушкин, Лермантов, Фет, Блок, Бальмонт,  Мережковский, тағы сол секілді әйгілі  ақын, жазушылар туындыларын,  яки дүние жүзі  мәдениетінің  інжу – маржандарын өз рухани  байлығымыз етті.

Абай қазақ поэзиясын  әлемдік поэзия  деңгейіне көтерсе,  Мағжан   бұл деңгейді одан  әрі биіктетуге  күш салды.  Оның  поэтикалық  көрігінде жиһандық  нелер үлгілер қорытылды.  Қазақ әдебиеті  кестесінен ромнтизм,  символизм өрнектерін  төгіп, дыбыс – буынның  соны  үндестіктерін тауып,  қазақ жырын күйше күмбірлетті.

Мағжан  поэзияға  экология тақырыбын енгізді. Оның ұлттық дәстүрмен  байланысын, әрі адамзаттың  былайғы  дамуындағы  мәнін әлем әдебиетінде алғашқылардың  бірі боп ашты.

Мағжан  ақын қазақ  поэмасын  баяндау  тәсілінен  шығарып,  суреткерлік арнаға бұрды.  Адам жанының,  психологиялық  әлемінің құпия құбылыстарын  суреттеп, ой ағысы  даму диалектикасын  қазақ әдебиетінде  біріншілердің  қатарында бақылап көрсете білді. Мағжан  поэмаларында лирика мен эпос тығыз ұштасады,  жеке  адам мен ұлт тағдырын  драммалық  сюжетте  үйлестіру  жолымен  зор көркемдік байламдарға байланысты.

Мағжан  салып кеткен соқпақ,  эстетикалық  принциптер бұған дейін  әдебиетімізде  кеңінен  қолданылмаса,  бұл айып,  оның өз сөзімен айтсақ, Мағжандікі емес, бүлінген замандікі.

Мағжандай ақыны  бар  әдебиет  пен тарих ұлы болашағына  сенімді болуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер.

      1. Елеукенов Ш.,  Мағжан  - 17 бет.
      2. Елеукенов Ш.,  Мағжан  - 20 бет
      3. Сонда – 184 бет
      4. Сонда – 185 бет
      5. Сонда – 67 бет
      6. Сонда – 331 бет
      7. Сонда – 311 бет
      8. Сонда – 331 бет
      9. Мағжан  Жұмабаев., Таңдамалы – 18 бет.
      10. Егемен Қазақстан.,  2003. 24 маусым. «Алаш деген елім бар, Сол елімді сүйемін!» - 3 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Пайдаланған  әдебиеттер тізімі.

    1. Әлімбаев М.  Толқыннан толқын туады.  Алматы – 1992 ж.
    2. Әсіп С.  Қазақ қасіреті:  қоғамдық – саяси зерттеулер мен толғаулар. Алматы – 1994 ж.
    3. Қазақтар.  Тарихи тұлғалар ІІ  том.  Алматы – 2003 ж.
    4. Қазақ.  Алматы – 1994 ж.
    5. Елеукенов Ш.Р.  Мағжан  (өмірі мен шығармашылығы) 

                                                                     Алматы -1995 ж.

    1. Мағжан  Жұмабаев. Таңдамалы.  Алматы – 1992 ж.

                    

               Мерзімдік басылымдар.

    1. // Егемен Қазақстан 1996 жыл 26 қаңтар  З.А.Келдібеков., Ғ.Т. Исаханова. Азап пен мазақ.  Қайдар Алдажұманов.  Ақынның арманы мен үміті.
    2. // Егемен Қазақстан 1996 ж. 18 маусым Сүлеймен Мәмбет.  Ақынға құрмат – халыққа құрмет.
    3. // Егемен Қазақстан 2003 ж.  №139  7 маусым 6 бет.  Қ. Омаров.  Мағжан  туралы жаңа деретер.
    4. // Егемен Қазақстан  2003 ж.  24 маусым 3 бет.  Кәкім Салықов,  Өтеген Күмісбаев. Алаш деген елім бар. Сол елімді сүйемін!
    5. // Егемен Қазақстан  2003 ж.  24  маусым 3 бет. Дандай Ысқақұлы «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе жоқ».



Информация о работе Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі