Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:26, курсовая работа
Яғни, бұл курстық жұмыстың міндеті мен мақсаты әділетсіз кер заманның құрбаны болған, жарты ғасырдан астам есемі аталмай, шығармалары көзден тыс, көңілден таса қалып келген қазақтың аяулы ұлдарының бірі, көрнекті лирик, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев жайында, өмірі мен қызметі жайында мәліметтер, деректік материалдар жинастыру, танып білу. Сондай – ақ осы дерек көздерін қазіргі кездегі Мағжан Жұмабаев туралы жаңа деректер арқылы ақын жайлы мәліметтерді жолықтырып, зерттеу. Осы жұмыстар арқылы Мағжан Жұмабаев жөнінде білімді шыңдау, тарихта алатын орнын зерттеп білу.
Кіріспе ...................................................................................................3 - 4
І тарау. Өмір өткелдері. Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы
1.1 М. Жұмабаевтың балалық шағы және білім алуы ........5 - 8
1.2 Дауылды жылдар немесе алынған биік ........................9-10
1.3 Мағжанның алғашқы және ақырғы сотталуы ...............11-13
ІІ тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы
2.1 Ақынның өлеңдері мен поэмалары ............................... 14-18
2.2 Абай және Мағжан ..........................................................19-21
2.3 Жауһар жырдың жаңа өрісі ............................................22-23
Қорытынды .........................................................................................24-26
Сілтемелер ..........................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................28
Сөйтіп, тегі, тарихы, мәдениеті, тілі бір қазақтары басым Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарынан, Ферғана, Самарқандтың қазақ уездерінен Закаспиский облысының Амудария бөлімінен, Алтай губерниясының көршілес қазақ болыстарынан тұратын территориялық – ұлттық автономия жарияланбақ. Оған Алаш аты берілмек ..... Қуаныш үстінде Мағжан Көкшетеу уездік қазақ съездін өткізіп келді.
Бірінші қазақ съезінде Бүкілресейлік құрылтай жиналысына ұсынылған кандидаттар (жиыны 43адам) өткен сайлауларда толық өткені Алаш қозғалысының елде беделінің күшті екендігін аңғартты. Сол сайланғандардың жуан ортасында елдің сүйікті ақыны Мағжан Жұмабаевта жүр еді.
1.3 Мағжанның алғашқы және ақырғы сотталуы. Жиырмасыншы жылдардың бас кезіндегі Мағжан халі Махамбет өлеңге қосқан қызғыш құсқа ұқсайды. Әлдебір тепкін оны Қазақстаннан күштеп айыруға кірісті. 1922 жылы ол Ташкенттен бір-ақ шығады. Одан байыз таптырмаған соң 1923 жылы күзде Мәскеуді сағалайды. Байшыл, ұлтшыл деген жаман атқа ілігіп, жанын қоярға жер таппайды.1920 жылы Қазақ АССР – сы құрылу сәті үстінде Алашордаға қарсы жаңа жарық жарияланды. Қазақстаннан кетіп қалса да, Мағжанның құлағын шуылдата берді. 1924 жылдың аяқ шешінде қазақтың сол кездегі ығайы мен сығайы Мәскеуде арнайы жиналыс ашып, Мағжанның Ташкентте жарық көрген кітабын зиянды жинақ деп тапты, ақынға қызыл баспасөзден бұдан былай орын берілмесін деп ұйғарылды. Бұл мәселеге кеңірек тоқталмас бұрын айтылуға тиісті нәрсе, Қазақстанда аз – кем уақыт ұлтшылдарға қысым бәсеңсігендей болды. Мағжандар біраз тыныстады. 1924 жылдарға дейін қазақ баспасөзінде Мағжан шығармалары ара – тұра жарық көріп тұрды. Дегенмен, «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің» дейді ғой. Сол сияқты Мағжан, Міржақып, Ахмет көретін қоқайлар таяп қалып еді. Сол қатер, негізінен, қазақ елінің басына түсер нәубет сол 1925 жылдың өзінде – ақ сезілді.
1926 жылы жазға салым Мағжан Мәскеуден оқуын бітіріп оралғанда, ел іші алабөтен беймаза хал кешкен жағдайда еді. Ел іші басып кеткен саяси науқан. Апыл – құпыл жүргізіледі, бірінші аяқталмай жатып, екіншісінің басы қылтияды. Солардың халқына пайдалы – зияндылығын айрырам деп Мағжан әлек. Ол енді Кеңеске үзілді – кесілді қарсы емес. Әйтпесе «Қызыл жалау» өлеңін тудыра алмас еді ғой. Соңынан «Тоқсанның тобы», «Толғау» жазылды. Жаңа өкімет бұқара жағында болса, Мағжан сол жерден табылмақ.
Мағжан ізденістерін қазақ зиялылары әр түрлі қабылдады. Бұрынғы ұлтжанды достары тым солақай кетіп барасың дегенді айтты. Шаймерден Тоқжігітов «бұрынғы Мағжан мен тоқсандағы Мағжанның айырмасы жер мен көктей» деп жазды. Әбдірахман Байділдин «Тоқсанға» берген бағаң дұрыс емес, - деп Шаймерденді сынады. Әбдірахманды Тоғжанұлы Ғаббас сойып салды. «Мағжан әлі де өзін ақтағысы келеді. Өткендегі қателігін жақсылағысы келеді. Еңбекшілерге жақындаймын деп еңбекшілерді алдамақшы болды. Бірер өлеңмен бәрін жуып – шайғысы келеді»4 деп жазды Ғаббас Тоғжанов «Әдебиет және сын мәселелері» деген кітабында.
Сол 1927 жылдан кейін біз қазақ баспасөзі жүзінен Мағжан өлеңдерін ұшырата алмадық5. 1929 жылы контрреволюциялық ісі әшекереленіп, 10 жыл концлагерьде отыруға кесілді. Ұстала салысымен ол Алматыға жөнелтіледі. Сол жылдары 1929-1930 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов секілді басқа да алашордалар көсемдері ұсталып, түрмелерден кейін айдауда болады. Мағжан жеті жылдан соң елге 1936 жылы қайтып оралды. Қызылжарға келіп, А.Пушкин атындағы жеті жылдық орыс мектебінде орыс тілінен сабақ береді. Келер наурызда Сәкен Сейфуллиннің шақыртуымен Алматыға келеді.
1937 жылы Мағжан Жұмабаевтың үстінен қозғалған істің рет санына қарағанда Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің Қауіпсіздік басқармасы «халық жауларын» торға түсіру жөнінен жоғарыдағы төрелер қанағаттанатындай қыруар жұмыс атқарып тастады. НКВД сияқты мекемеде еш нәрсе жүйесіз істелмейді. Мағжан үстінен жүргізіліп, басталған істің нөмірі «Дело №3881» деп аталса, мұның да белгілі деректілік сипаты бар. Мағжан 1937 жылдың желтоқсанында ұсталды. Желтоқсан – жыл аяғы. Басқа саладағы сияқты, Ежов қасапшылығының да қорытындысын шығаратын кез келген. Ал Қазақстан астанасындағы зиялылардан Мағжанмен қосқанда 3881 адамның үстінен іс қозғалды.
3881 нөмірлі істің ішінде бір жапырақ қағазда жазылған суық хабарды кім де болса арқасы мұздап, қабағы түйілмей оқи алмайды. НКВД Қауіпсіздік басқармасының кіші лейтенанты Гайковичтің қолымен үкімді жүзеге асыру актісінен мынадай үзінді келтірілген: 1938 жылғы 11 ақпан күнгі Мағжан Бекенович Жұмабаевты ату жөніндегі шешімі (протоколы №377) 1938 жылғы 19 наурызда жүзеге асырылды («приведено в исполнение»).
Мағжанды, сайып келгенде, өмірдің өзі ақтады. Халқына мұрасы қайтарылды. Сонда да Мағжан ісіне тағы үңілеміз. Ондағы мақсатымыз – тарих сабақтарын пысықтауды ғана көздемейді. Ақын өмірбаянына, шығармашылығына байланысты біз үшін әлі көмескі, мәлімсіз жәйттер жетерлік. Бұған жер – жердегі архив атауларының бәрінен Мағжан жайындағы ақпар, мағлұматтар із – тозымен жоғалып кеткенін қоссаңыз, жоғарыдағы 3881 нөмірлі істің мағжантану ғылымымен шұғылданып жүргендер үшін қаншалықты маңызды екені өзінен - өзі айқындалады.
ІІ тарау. ХХ
ғасыр басындағы қазақ
2.1 Ақынның өлеңдері мен поэмалары
Бұл күнде Мағжан Жұмабаев творчествосымен тереңірек, молырақ танысуға жол ашылған шақта, оның поэзиясының қай қырын ерекше сөз еткен орынды болар еді? Мұндай сауалға бірден кесіп жауап айту оңай емес. Мүмкін ақын туындыларының уақыт сынына төтеп берерлік тіл құнарлығы мен ой тереңдігін, поэзия рухын меңгерген шеберлігін басты ерекшелігі деп айтармыз. Өйткені ақынның нағыз өзңндік бет – бағдары мен айырым қырлары осы маңайдан табылар. Тәңірдей талантының, дарын табиғатының көрінісі осі бұлақтай мөлдір поэзиясынан табылатыны анық. Ол поэзияға басыңды иіп, тәнті боласың. Түбасалы, Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігін дәл бағалап, көпшілікке жеткізу бір күннің ісі емес. Ой, қиял ұшқырлығы, молдығы, сөз кестесінің әрқилы, сан айшықты болып келуі мүлде ауылы бөлек жайлар. Әңгіменің түп түйініне келсек, Мағжан Жұмабаев Абай тәжірибесін бойына сіңірген де, өзімен қатар өмір сүрген Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және Сәбит Мұқанов творчестволарына мүлде ұқсамайтын, соны, тың жол салған5.
М. Жұмабаев өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар ғұмырын соған сарп еткен суреткер. Оның творчествосының бір қырында, яғни таразы басының бір жағында мұңлы толғаныс, өкіну және қайғы қасірет, күйініш жатса, таразының екінші басында – романтикалық өршілдік, махаббат, сүйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Көп қайғы – қасірет шеккен, азап пен уайым тауқыметін тартқан ақын осы бір екі оттың жалынына шалынып, соған шарпылған! Оның творчествосында тарих тұңғиығын терең түсіну, өткенді бажайлау («Өткен аяулы»), болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар заманының астан – кестен, ала – сапыран жайымен астасып жатады.
Мағжан Жұмабаев өлеңдерін оқи отырып, өзі көп айтатын тылсым буғандай әсерге енесің, таңғаларлық күй кешесің, ойлар мен толғамдардың терең тұңғиығына сүңгіп, әсем суреттер дүниесіне кіресің, не суық, не жылы, әлде жарық, әлде көмескі сезімнен хабар беретін алуан бояудың сырларына қанығып, ақынның құдіретті шеберлігін танисың.
Ақын тау туралы толғансын, не дархан даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл, немесе жазғы таңды, қысқы кешті, егінді, не жер, күн, ай жайында айтсын, бірінші кезекте өзінің дүниені түсінімі, ішкі жан күйі тұрады, сонысымен айнала әлемді берге толғандырып, бірге тебірендіреді («Көкшетау», «Жазғы түнде», «Қысқы жол», «Қайың», «Орман», «Алдамшы өмір», «Ой», «Жел», т.б. өлеңдері куә).
Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге астасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу, сырлы, тіпті, кейде ақыл – ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдыңа келеді. Сөз көбіне ойдың білінер – білінбес сыртқы қауызы ғана сияқты көрінеді де, ақынның құдіретті шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп сезіміңді қалай билеп алғанын білмей де қаласың.
Тұтасынмен алғанда
Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері
үшін жаңа, соны дүние. Мұндай абстракциялық
ой – толғамдарды Мағжаннан
Мағжан Жұмабаевтың бізге жеткен мұрасы аз ба, көп пе деген сауал туады. 1912 жылы Қазанда басылып шыққан «Шолпан» атты жинақ, сонымен қоса белгілі ақын Бернияз Күлеевтің алғы сөзімен Қазанда 1922 жылы жарық көрген «Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері» атты жинақ, белгілі партия және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың алғы сөзімен Ташкентте 1923 жылы басылып шыққан «Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері», сонымен қоса 1928 жылы Москвада басылған «Жүсіпхан» атты ертегі – поэмасы, 1923 жылы Ташкентте «Шолпан» журналында басылған «Батыр Баян» поэмасы және басқа да әртүрлі газет – журналдарда басылған өлеңдері мен поэмаларын айтар едік. Ең соңғы айтарлықтай шығармасы «Еңбекші қазақ» («Социалистік Қазақстан») газетінде 1927 жылы жарияланған «Тоқсанның тобы» поэмасы. Бұл уақытқа дейін, ақын шығармаларын жинап, басып шығару ісімен ешкім шұғылданбаған, әйтпесе, ақын мұрасы бұдан көп, мол екені ақиқат.
Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезіңі қазақ тарихындағы бір жағынан ояну, екінші жағынан жаңа жол іздеп, дағдару дәуірімен тура келеді. Қазақтың демократиялық мәдениетінің өсіп - өркендеу сәті қазақ интеллигенциясының қалыптасу кезеңі еді. Әлеуметтік құрамы жағынан да, саяси көзқарасы жағынан да, саяси көзқарасы жағынан да әдебиет, мәдениет және оқу – ағарту қайраткерлері сан түрлі күйді басынан кешті. Олардың түсінігінде айқын бір – ақ мәселе болды, ол – бостандыққа, теңдікке ұмтылу, халқының мәдениеті мен бақыты үшін күресу. Ұлттық отарлау және әлеуметтік қанаушылықтағы азапты жолдан халқын қалай алып шығу, қараңғылық, сауатсыздық басқан халден жарыққа қалай бастау керек деген мәселеге келгенде, анық емес, күңгірт, буалдыр уағыздарды ұстағандар да болды, таптық көзқарас жағынан таяздық та, шикілік те орын алды.
Ақын өлеңдерін ден қоя оқып, жалпы ауқымына көз жібергенде, аса қалап, сүйіп жырлаған тақырыбы адам, «адамның кейбір кездері» деп Абай айтқандай, адамның ойы, ішкі көңіл – күйі екенін ұғамыз. Не жазса да ең алдымен өз жүрегіне үңіледі, сол арқылы айналадағы әлемді білуге, өмір шындығын ұғуға ұмтылады. Егер шартты түрде өлеңдер тақырыбын жіктеуге тура келсе, туған өлке туралы және оның өткені мен бүгіні жайында, адамның өмірдегі орны, бүкіл адамзаттық ар – ожданы хақында деп бөлуге болар еді.
Жүректі жарып шыққан өлеңдерінің үлкен бір тобы махаббат лирикасы. «Гүлсімге», «Жәмила», «З- ға», «Р - ға», «Махаббат не?», «Сен сұлу», «Жас келін» т.б. өлеңдері қазақ қыздары мен қазақ әйелдеріне арналады, олардың сыртқы да, ішкі де сұлулықтарын тәңірдей көтере жырлайды. Бұл өзі бір жағынан Гетенің өлеңдерін, оның Батыс – Шығыс дивандарын, Зүлейхаға арналған туындыларын еске түсіреді. Бірақ, қаны да, жаны да қазақ топырағы мен ауасынан суарылған бұл өлеңдер мінез бен құлықтың айырықша ұлттық ізет – сипатын аңғартатын сұлу жыртізбе болып шыққан. «Бәрінен де сен сұлу» атты әсем әуезді өлеңі халық арасына кең тараған. Біреулер бұл әннің авторы Мағжан екенін біліп, біреулер білмей жаттап өсті. Бұл тарапта кейіннен біраз әншілер, ақындар өлеңге өзгертулер енгізіп, жаңалап айтқан кездері де болды. М. Жұмабаевтың көпшілік қауым арасында әбден мәшһүр ақын екеніне бұл да бір кепіл.
Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазу саласында аса өнімді еңбек еткен. Оның өте белгілі поэмасы – «Батыр Баян». Сондай – ақ «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы» сияқты басқа да поэмалары кезінде баспа жүзін көрген. Осылардың ішіндегі күрделісі, көркемдік тұтастығы жағынан да, сюжет желісі мен сұлулығы жағынан да ерекше аспы тұрғаны - «Батыр Баян». Мұнда айтылған оқиға бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман жайынан. Ақынның жазуы бойынша, бұл хикаяға Абылайхан тұсындағы екі ел арасындағы бейбітшілік, достық қарым – қатынас орнағанға дейінгі оқиға өзек болған. Ашу үстінде қол бастаушы батыр Баян өзі қамқор болып жүрген кіші бауыры Ноян мен сұлу қалмақ қызын өлтіреді. Жазығы – олардың көңіл қосып, елден қашуы. Бұған дейін Батыр Баянның өзінің жас қалмақ қызына көңілі қатты ауған еді, бірақ қыз ыңғай бермей қойған соң, оны қарындас ретінде ұстаған. Алайда екі жастың Баян айтқанына көнбей, қашып шығуының аяғы трагедиялық жағдайға әкеліп соғады.
Мағжанның ең соңғы ірі туындыларының бірі – «Тоқсанның тобы». Бұл поэмада ақын жаңа өмір жолына үңіле қарап, оған шын көңілімен ден қойғанын мойындайды. Бүкіл халықтың жаңа тұрмыс құруға бет алғанын, өзі де соған қосылатын айтады.
Поэма 1927 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде басылған. Әрі қарай, яғни бұл жылдардан соң, біз Мағжан шығармаларын ұшырата алмаймыз. Поэмадағы мойындау сөздерге шүбә келтірген у – да – шу айқай, балағат сөздер мен орынсыз сындар қаптап кетті де, ақынның үнін өшірді. Нағыз натура, нахақ іс осы болды.
«Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да, танымайтыны қалай?»
Әдебиетке келген әр қаламгер өзіне дейінгі ақын – жазушылардың мұрасына сүйенетіні хақ. Біреуіне сын көзбен қараса, екіншісін жаратпай мансұқ қылады, ал тағы біріне піріндей табынады. Бірақ ол осы үшеуінен де тағылым алмақ, үшеуінің де шиырын баспай, өзінше өрнек салып, шындықтың жаңа қырынан соны көркем сурет жасамақ. Мағжан бұл заңдылықтан тыс тұрмаған. Тек өзге көп жұрттан өнерге қояр талабы қатаңырақ болуға керек. Ақынның әдебиет хақындағы еңбектерінен орны жоқ жөнсіз қолпаштау, мадақтауларды, немқұрайды айтыла салған есімдерді кездестірмейміз. Онда берер бағаса дәріпханашының безбеніне тартылғандай, мысқалына дейін өлшеулі.
Халық ақындарынан Мағжанның аса қадір тұтқандары – Мұрат, Махамбет, Базар жырау, Шортанбай, Ақан сері. Бұларға ол халқының мұң – мұқтажына, қайғы қасіретіне ортақтаса білгендігі үшін іш тартады. Қазақ даласына құжанай қаптаған обыр отаршылардың қиянатын, өзбырлығын әшекерелеген еңбектерін қос тізгіндеп көтерілмейді.
Піріндей табынатыны, әрине, Абай - әдебиетіміздің бас тұлғасы. Мағжанның Мағжан Жұмабаев сынды ақын болып қалыптасуы – алдында Абайдай алыптың тұрғандығы.
Абайдан қалған бір сөз бар: «Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да, танымайтыны қалай?» - деген. Қарашадайынан ұлы ақын поэзиясының мөлдір бұлағынан сусындаған Мағжан әрі ұстаздары, әрі әріптестері АхметБайтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, өз құралпастары Жүсіпбек Аймауытов, Мұқтар Әуезов секілді ол Абай данышпандығын біден тани білді. Ахаң «Абай сөздері дүнияда қалғаны – қазаққа зор бақ»6 десе, Әлекең Абайды «асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы»7 атаған. Міржақып Дулатовтың бағасы тіптен керім. Ол қазақ ұлты мен Абайды бір синонимдік қатарға қояды. «... Абайдың жоғалуы... қазақтың жоғалуы, қазақ атты халықтың ұмтылуымен бірдей» - дейді8.