Мағжан Жумабаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 10:39, реферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі де – Мағжан. Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын, ол – түрікшіл, санашыл, дарашыл, уайымшыл, өзімшіл ақын. ...Мағжан нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны. Ұлт ақыны!

Содержание работы

І. Кіріспе..........................................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім.............................................................................................
1. ХХ ғасырдың жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаев.....................
2. Мағжан поэмаларындағы философиялық сарын .................................
ІІІ. Қорытынды...............................................................................................
ІҮ. Пайдаланылған әдебиет..........................................................................

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Мағжан поэмаларындағы философиялық сарын.doc

— 168.00 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

 

І. Кіріспе..........................................................................................................

ІІ.  Негізгі бөлім.............................................................................................

1. ХХ ғасырдың жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаев.....................

2. Мағжан поэмаларындағы философиялық сарын .................................

ІІІ. Қорытынды...............................................................................................

ІҮ. Пайдаланылған әдебиет..........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың  өзектілігі. Қазақ әдебиетінің  XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі де – Мағжан. Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын, ол – түрікшіл, санашыл, дарашыл, уайымшыл, өзімшіл ақын. ...Мағжан нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны. Ұлт ақыны!

Өмірі мен өлеңі бір  кезде аңызға айналған ақынның аты  соңғы жылдары оқырманға танылып  келеді. Ақынның кітаптары тыйым  салу салдарынан сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты. Мағжан Жұмабев кім, қандай ақын ....?[1,36]

Мағжан шығармашылығымен тереңірек, молырақ танысқан шақта оның поэзиясының қай қырын ерекше сөз еткен орынды болар еді деген сұрақ туады. Мүмкін ақын туындыларының уақыт сынына төтеп берерлік, бүкіл ұлттық, азаматтық мазмұн – тақырыбын, тіл құнарлығы мен ой тереңдігін, сөз қолдану шеберлігін басты ерекшелігі деп айтуға болады.

Өйткені ақынның нағыз өзіндік бет-бағдары мен айырым қырлары осы маңайдан табылмақ. Тәңірдей талантының, дарын табиғатының көрінісі осы бұлақтай мөлдір поэзиясынан көрінетіні анық. Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігін дәл бағалап, көпшілікке жеткізу  аса қажет іс екені анық. Ой, қиял ұшқырлығы, молдығы, сөз кестесінің әрқилы, сан айшықты болып келуі мүлде еншісі бөлек жайлар.

Мағжан Абай үлгісімен  өзінің шығармашылық ортасында ақындық шеберлігін шыңдаса, Міржақып ықпалымен күллі ел-жұртқа азаматтық келбетін танытып, таза ұлтжанды тұлғаға айналды. Сөйтіп, ақындық өнерін де, азаматтық өмірін де тек қана туған халқының азаттық туының астына өрбітіп, еркіндік-теңдік жолына бағыштайды. Мұның өзі Мағжанның талғамай талпыну, оқу, үйрену, арқылы жеткен білім деңгейі, кеңіген ой-өрісі, сезім, сыр қалыптастырған көзқарас көкжиегі болатын. Оның өз ортасынан оза шабуы да осындай білімдарлығына байланысты.

Демек, сөз өнері арқылы рухани мол мұра қалдырған М.Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу, зерделеу, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру  қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Курстық жұмыстың нысаны:

Ақын- талант. Талант тумыстан... Ақындық бара- бара, өсе келе жетіледі. Демек, ақынның адам ретіндегі жеке өз қара басына тек қана өзінің құдай жаратқан туасы табиғи болмыс- бітімін мұқият тексере отырып, оның ақындық, яки, шығармашылық тағдырына тек қана ол өмір сүрген уақыт пен кеңістік тұрғысынан келу шарт. Мағжан қазақ поэзиясын психологиялық параллелизм арқылы табиғатпен астастыра келе оның бүгінгі қалпы мен халінен түңіле, кешегі тарихына үңіле толғайды.

Адам бойында тұншыға  бұлқынған бұла сезімдерді осынша асау арынмен, еркін тыныспен сыртқа шығарып, сұлу да сырлы жырға айналдырған сыршыл ақын қазақ лирикасына тағы да бір жан тебірентерлік жаңа, таза, ағыс әкеп қосқандай, оның жылылығын еселеп, нәзіктігін тереңдете түседі.

Біз зерттеу еңбегімізде М.Жұмабаев   шығармаларындағы философиялық  сарынды сипаттап, тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін, қаламгерлік шеберлікті талдап, саралауды,  көркемдік ізденістер тұрғысынан қарастырамыз. Осы арқылы ақын шығармашылығына  қатысты проблеманың зерттелу деңгейіне белгілі бір дәрежеде үлес қосуды мақсат  тұттық.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Курстық жұмыстың негізгі  мақсаты – М.Жұмабаев шығармашылығындағы философиялық сарында жазылған шығармаларды талдау.

Зерттеу жұмысының осы  мақсатынан туындайтын мынадай негізгі  міндеттер жүйелі түрде қарастырылады:

  • Ақын шығармашылығына  қатысты  пікірлерді жүйелеу, саралау;
  • Мағжан поэзиясының көркемдік қуатын анықтау;
  • Ақын шығармашылығындағы эстетикалық талғамды қалыптастырудағы философиялық тереңдікті зерделеу;

Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері.

Зерттеу  жұмысының теориялық және әдіснамалық  өзегі Қазақстан және шетел ғалымдарының әдебиет теориясы мәселелері туралы еңбектеріне негізделеді. М.Жұмабаев шығармашылығын зерттеуге ат салысқан, еңбек сіңірген ғалымдар М.Әуезов, М. Дүйсенов, Т.Әбдірахманова, Қ.Кемеңгерұлы, Р.Нұрғалиев, З.Қабдолов еңбектері әдістемелік бағыт-бағдар ретінде қолданылды.

Зерттеу әдістері. Курстық жұмысты жазу барысында, салыстырмалы талдау, жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің  теориялық және практикалық мәні. Курстық жұмыста жасалынған тұжырымдар мен нәтижелерді «Қазақ әдебиеті тарихы», «Мағжантану» курсынан жүргізілетін семинарлық сабақтар барысында, арнайы курстарда пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  ХХ ғасырдың жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаев

Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарық жұлдыздарының бірі — Мағжан Жұмабаев. Өмірі мен өлеңі кезінде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты ғасыр бойы айтылмайтын, аталмайтын болып кеткенді. Сондықтан кейінгі буын бұл ақынды аз біледі, тіпті білмейді де. Ол заманды көрген азды-көпті қариялар Мағжан Жұмабаевты жақсы білген, өлеңдерін жатқа айтқан. Әлі де солай. Олардың өздері де сақталған азын-аулақ газет-журналды оқығанмен, Мағжан Жұмабаев жинақтарына қолы жетпеген.

Мағжан Жұмабаев — XX ғасырдың қайшылықты тіршілігін бойына жинаған, оны ақындық сезіммен толғаған ақын. Ол бұрынғы, қаймағы бұзылмаған қазақ халін еске алады, соны жырлайды. Мұнысы сол бір дәуірдің тым әдемі, уайым-қайғысыз жұмбақ болғанынан емес, жаңа заманның көп қайшылық тудырғанынан, аяғы немен тынары белгісіз жаппай үрейден еді. Жалпы ақындық беті Қазан төңкерісінен көп бұрын қалыптасқан Мағжан Жұмабаев жаңа кезеңде көп нәрселерге байсалды жауап іздейтін, адам тіршілігінің, өмірінің мәнін ұққысы келетін, оның құпия сырын ашуға ұмтылатын сара сезімнің ақыны болып көрінеді.

Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» деген өлеңінде мынандай жолдар бар.

Жалынмын мен, келме жақын — жанарсың,

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.

Күл болсын көк, жемірілсін жер, —  уайым жоқ,

Көз қырымен күліп қана қарармын.

 

Мен өлмеймін. Менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім — патша, өзім — қазы, өзім — би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? [2, 49]

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына, керек десеңіз, өмір-тағдырына кәміл сенетінін байқаймыз. Мұның алдында «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар; Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?» деген жолдар бар. Осының бәрі асып-тасудың, астамдықтың реті емес, асылдықтың, жайдың жасылындай өткірліктің жөні. Ақын сөзі ащы шындықтың айнасы болып отырған. Өзі оны түсінген де, білген де. Асыл сөздерінің қадірменді иесі бар екенін кәміл ұққан. Ол — парасат қайнары, мейірбан жүректі туған елі еді. Мағжан Жұмабаев ақын бар өмірін, өнерін, білгенін сол туған халқына, еліне арнаған, арнаған да, сарнаған да. «Жан сөзі» (1920) деген әйгілі өлеңінде:

Дариға, сол күндерде күнім қараң...

Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған:

Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,

Кінәні жүрекке қой, қойма маған! [2, 64] —

деуінің де төркіні сонда.

Мағжан Жұмабаев — өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын адақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті. «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» дегенде, қауіп-қатер жоқ демегені белгілі, бірақ сонда қылша мойны талша қиылатынын біліп пе? Жалпы алып қарағанда, «мен өлмеймін» деген сөздерде терең шындық жатқаны рас. 60 жылдан аса уақыт бойы әкімшілік ақын үнін шығармай, тұмшалап келсе де, енді естіліп, ақыры жалғастық тапқаны шындық. Философиялық мағынада алсақ, ақынның өлеңі мен дана сөзі өлмек емес. Бірақ, ғажабы сол, кешегі бір заманда ақынның өзі де, өлеңі де көзден таса етілді. Сол дәуір үстімізден енді ғана, бүгін ғана ауып барады.

Мағжан Жұмабаев - өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар           білген-түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында, яғни, таразы басының бір жағында мұңлы толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет, күйініш жатса, таразының екінші басында — романтикалық өршілдік, махаббат, сүйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Көп қайғы-қасірет шеккен, азап пен уайым тауқіметін тартқан ақын осы бір екі оттың жалынына шалынып, соған шарпылған! Оның шығармашылығында тарих тұңғиығын терең түсіну, өткенді бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар замананың астан-кестен, аласапыран жайымен астасып жатады [3, 67].

Мағжан Жұмабаев өлеңдерін оқи отырып, өзі көп айтатын тылсым буғандай әсерге енесің, таңғаларлық күй кешесің, ойлар мен толғамдардың терең тұңғиығына сүңгіп, әсем суреттер дүниесіне кіресің, не суық, не жылы, әлде жарық, әлде көмескі сезімнен хабар беретін алуан бояудың сырларына қанығып, ақынның құдіретті шеберлігін мойындайсың.

Ақын тау туралы толғансын, не дархан даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл немесе жазғы таңды, қысқы кешті, егінді, не жер, күн, ай жайында айтсын, бірінші кезекте өзінің дүние түсінімі, ішкі жан күйі тұрады; сонысымен айнала әлемді бірге толғандырып, бірге тебіренеді («Көкшетау», «Жазғы түнде», «Қысқы жол», «Қайың», «Орман», «Алдамшы өмір», «Ой», «Жел», т.б. өлеңдері куә).

Ақын жырларында табиғат  пен адамның жан дүниесі бірге  өріліп, бірге қанаттасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу, сырлы, тіпті кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттерді көз алдыңа келтіреді. Сөз көбіне ойдың білінер-білінбес сыртқы қауызы ғана сияқты көрінеді де, ақынның құдіретті шабытымен кестелеген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп, сезіміңді қалай билеп алғанын білмей де қаласың. «Жазғы жолда» деген өлеңіне көңіл аударалық:

Дала, Дала. Сар дала!

Жапан түзде бір қара...

Шілде. Оттай ыстық күн.

Дала — өлік. Жоқ бір үн.

Жер де жатыр тұншығып.

Жол жыландай иірілед,

Шаң ерініп, үйірілед.

Ешбір леп жоқ, тып-тыныш.

Көкте жалғыз бұлт жоқ,

Көктің түсі қызғылт көк.

Дүниені тылсым билеген.

Ыңыранғандай әлдекім,

Жылай ма екен әлде жын?

Перілер ме күйлеген?[2,54]

Қарапайым көріністер мол  сырға ие болып, жол, дала, көк аспан, бұлт— бәріне де жан бітіп, адамның өзімен тілдескендей әсер қалдырады. Өзіміз оны көзбен көріп, құлақпен естігендей боламыз. Адам мен табиғат арасы ақын өлеңінде ажырамас бірлікте тоғысқан, яғни айнала өмір, ақынның оны қабылдауы сырлы сөз күшімен әсерлі сурет боп шыққан. Әрине, мұндай көркем сөзді көркем ой тудырмақ. Поэзия шеберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді, Абай Құнанбаев айтқандай, «теп-тегіс жұмыр» етумен бірге, сезім, түйсікке молықтыруында. Онсыз қайсыбір өлең болса да, жай хабарлама, сөзтізбе болып шығатыны анық. «Қысқы жол» деген өлеңінде мына жолдарды оқып қаралық:

Ызғарлы жел долданып,

Екі иінінен дем алып,

Ішінен тартып осқырып,

Кейде қатты ысқырып,

Аңдай ұлып бір мезгіл,

Екі санын шапақтап,

Біресе сақ-сақ күледі.

Кейде кенет баяулап,

Жер бауырлап жаяулап,

Аузы-басы жыбырлап,

Асып-сасып сыбырлап,

Жерді жапқан кебінді

Сүйіп, ақырын құшақтап,

«Әпсүн» оқып үреді.[2,57]

Мұндағы «екі иінінен дем алып», «ішін тартып», «жер бауырлап», «аузы-басы жыбырлап», «жерді жапқан кебінді сүйіп» деген тіркестер қыс, аяз туралы өлеңге қаншама әр, сыр беріп тұрғаны түсінікті. Аяздың ызғарлы болуы, аңдай ұлуы, тіпті сақ-сақ күлуі жаңалық емес, ол бұрыннан бері бар нәрсе. Ал оған әлгіндей «мінездеме» беру, тірі жандай суреттеу, әрі сол арқылы табиғи құбылыстың жұмбақ сырын көз алдыңа келтіру—ақынның сезім тереңдігі, мүлт жібермейтін түйгіштігін аңғартады, ал бүкіл өлең оқушыны, керек десеңіз, аты-жөні жоқ бір ерекше құпия күйге бөлейді.

Бір қарағанда, бұралаң жол суреті де жеткілікті көркемдік жасап тұрғандай. Бірақ Мағжан Жұмабаев жазғы, қысқы табиғат көрінісіне өзінің жан дүниесін қоса жырлайды, «Дала өлік», «Сар дала», «Жапан түз» дегенде жанды табиғатты жоққа шығарып тұрған жоқ, лирикалық қаһарманның сезімі, оның қиялы тоғыса келіп, жанды, тірі сурет жасап тұр. Мағжан Жұмабаев романтикалақ қуат-күшке, фантазияға, қиялға, қанатты ойға ерік берген. Мұны оның бүкіл шығармашылық болмысынан, өлеңдері мен поэмаларынан айқын аңғаруға болады. Мағжан Жұмабаев романтикасы оның поэзиясын ажарландыра түседі. «Жазғы жолда» өлеңінде, жоғарыда келтірілген суретке қосымша, үстеме ретінде айтсақ, алтын шашты пері бейнесі де лирикалық ой-сезімді күшейтіп тұр, таусылмас дала жолында елестеген сиқырлы періште арбай ала жөнелгендей, жыландай созылған ұзын жолға ол елес үйлескен. Жол мен даланы лирикалық әрі романтикалық ретпен осылай көрсету, қазақ жерінің сары жон, ұзақ жол сипатынан алыс емес, қайта оның сырын аша түскендей.

Информация о работе Мағжан Жумабаев