Мағжан Жумабаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 10:39, реферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі де – Мағжан. Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын, ол – түрікшіл, санашыл, дарашыл, уайымшыл, өзімшіл ақын. ...Мағжан нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны. Ұлт ақыны!

Содержание работы

І. Кіріспе..........................................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім.............................................................................................
1. ХХ ғасырдың жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаев.....................
2. Мағжан поэмаларындағы философиялық сарын .................................
ІІІ. Қорытынды...............................................................................................
ІҮ. Пайдаланылған әдебиет..........................................................................

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Мағжан поэмаларындағы философиялық сарын.doc

— 168.00 Кб (Скачать файл)

Тұтасымен алғанда, Мағжан Жұмабаев өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, соны дүние. Мұндай абстракциялық ой-толғамдарды Мағжан Жұмабаевтан бұрынғы поэзиядан көру қиын. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша мол, әр қилы екенін аңғарасың, сонан да терең эстетикалық ләззәт табасың. Ақынның «Жел», «Толқын», «Көктем», т.б. өлеңдерін оқи отырып, К.Бальмонттың «Я вольный ветер, я вечно вею», «Я в бегстве живу неустанном, в ненасытной тревоге живу» («Ветер»), А.Блоктың: «Ветер налетит, завоет снег» деген тағы басқа жыр жолдарын еске аласың.

Мен ақынмын — жел жүйрік,

Гуілдеймін, ұшамын.

Мен — ойыншы көбелек,

Көрінген гүлді құшамын.

 

Бүлдірген бетің сұрланып,

Желге сенбе, жас бала!

Сыбырлар, кетер ұрланып,

Шын жары оның — сар дала...

 

Мен ақынмын, жырлаймыи,

Жүрекке жүйрік жел кірсе.

Мен ақынмын, жылаймын,

Жүрекке ауыр шер кірсе.[2, 87]

Қарап отырсақ, ерікті, ерке желден басталған ой, ақындық асқақ  көңілдің шерімен барып бітеді. Былай қарағанда, желдей ескен көңіл шексіз, шетсіз бай сияқты көрінгенімен, оның да тоқталар, іркілер жері бар екен: ақын көңілі жай, саябыр, егер жүрекке жылы леп тисе, ақын жаралы, егер көңілге шер кірсе. Осы ойдың бәрін, әрине, басқаша айтута болады. Бірақ ақын туған табиғатымен, жаралған жерімен бірге, оның жан-күйі соққан желдің, жарық күннің жаңғырығындай үндес, күндес (күнмен бірғе). Сонан да ол «шын жары оның —сар дала» дейді. Ақын жүрегінің де іздегені сол дала, туған дала. Жел сыбдыры мен жүрек сыбыры бір. Екі табиғи нәрсенің айнымалы, толқымалы жайы бір-біріне сай, ұқсас. Ақын сол үйлесімінен ләззат тауып, сусындап отыр. «Жел» деген тағы бір өлеңінде Мағжан Жұмабайұлы:

     Мазасы жоқ жел ерке,

Оянып-ап тым ерте,

Жорғалай басып кетеді,

Тыныш жатқан түс көріп,

Көлдің бетін кестелеп,

Оны әуре етеді, [2, 112] —

деп жазады. Желдің өзін айтып отыр екен дейсің. Бірақ оған осылай мінез берумен бірге мынадай әрекет те береді:

Кәрі орманды оятып,

Бірдеңе деп жұбатып,

Жымиып күліп өтеді.

Жұрттан ойын жасырып,

Алқынып өзі асығып,

Қарақат көзге жетеді. [2, 153]

Желге адам әрекетін береді. Тіпті адамға жел кейпін береді десек те, қате болмайды. Қалай да мұны табиғат жайындағы өлең деу қате болар еді. Мағжан Жұмабаев өзінің бейнелі ой үрдісіне лайық табиғат көрінісі мен адам мінезінен ұқсастық тапқан.

Мағжан Жұмабаев өлеңдерін әңгіме еткенде, ақынның өмірге көзқарасы, оны түсіну, қабылдауы қалай деген сұрақ туады. Шығармашылық адамының еңбегі, айналып келгенде, оның қалпын, тұрпатын танытады дегенге қол қойсақ, Мағжан Жұмабаев поэзиясынан өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайтын ақын екенін байқаймыз. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ, қараң. Ал табиғат ше ол адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да, сезім бағынбайды. Сондықтан адам бұлқынады, серпіледі, үстем болғысы келеді:

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын,

Күнге ғана бағынам.

Өзім күнмін, өзім — от,

Сөзім, қысық көзім де — от.

Өзіме өзім табынам.

Жерде жалғыз тәңірі — от,

Оттан басқа тәңірі жоқ [2,87]

Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы азаматқа тән әуенге бой ұрады, әлде таланттан ба, әлде тәңір жазғандықтан ба, өзіне тәуелсіз, тек қана жер үсті тіршілігінің, табиғаттың заңына ғана бағынатын құбылыстың құпия ішкі астарына барғысы келеді. Мағжан Жұмабаевтың өзі айтып, өзі тұжырымдағандай, ақын деген — өзі болжап біле бермейтін жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан. Сонда да «қиял құлы мен бір ақын» деуін ұғуға болады. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.

Көз қарашығының нұры болсын, тербелген ақ қайың болсын, толқыған көл болсын, бүкіл кең ғалам болсын, соның бәрі айналып келгенде, ақын жүрегінің бір бөлшегіндей. Бұл жай ақын қиялының байлығын, түйсік қабілетінің молдығын, ешкімге ұқсамайтын қалып-кейпін танытса керек. Мағжан поэзиясының қос қанатындай мұңды, сазды, кейде қайғылы әрі алға тартатын романтикалық әуендері ақын түйсігінің өзгешелігін, сонылығын дәлелдемек. XX ғасырдың басында және революция дәуірінде орыс қоғамының әдебиеті мен мәдениетінің хал-ахуалы жайында айтылған М. Горький сөзін еске алайықшы. Ол: «зиялылық ақыл-ой быт-шыты шығып сынған айнадай. Әрбір сынығы әр түрлі саланы, әр түрлі бағытты байқатады. Бірақ бәрі де ақиқат елінен алыс», —деген-ді. Бір жағынан алғанда, орыс декаденттерінің әр қилы ағымдарының М.Жұмабаевқа бірсыпыра әсер етуі мүмкін. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан ол кездегі адамдардың сан қилы бағытта адасуы сияқты хал Мағжанда да болуы ықтимал. Бірақ Мағжан туралы айтқанда, оны адасу демей, оқу, үйрену, білмекке құмарлық деп түсінген дұрыс болар. Мағжан Жұмабаевтың табиғаты жай еліктеуді көтермес еді [4,96].

Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі қазақ тарихындағы, бір жағынан — ояну, екінші жағынан — жаңа жол іздеп, дағдару дәуірімен тура келеді. Қазақтың демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеу сәті, қазақ зиялы қауымының қалыптасу кезеңі еді. Әлеуметтік құрамы жағынан да, саяси көзқарасы жағынан да әдебиет, мәдениет және оқу-ағарту қайраткерлері сан түрлі күйді басынан кешті. Олардың түсінігінде айқын бір-ақ мәселе болды, ол — бостандыққа, теңдікке ұмтылу, халқының мәдениеті мен бақыты үшін күресу. «Отарлық және әлеуметтік қанаушылықтағы азапты жолдан халқын қалай алып шығу, қараңғылық, сауатсыздық басқан халден жарыққа қалай бастау керек?» деген мәселеге келгенде, анық емес, күңгірт, буалдыр уағыздарды ұстағандар да болды. Таптық көзқарас жағынан таяздық та, шикілік те орын алды. Сондықтан да осындай ортадан кейін мығым қайраткерлердің шығуы, бірте-бірте ұлттық сананы орнықтырып, идеялық жағынан жетілуі оңай шаруа болған жоқ. Қайсыбіреулердің буржуазиялық демократиядан аса алмай, ұлт мәселесін қораш түсінгені де белгілі. Әлеуметтік көзқарас біржолата бекігенге дейін көптеген ұлггық зиялы қауым өкілдері тар жол, тайғақ кешуді бастан кешіп, күмәнданушылық, солқылдақтық қателерге ұшырағаны тарихи шындық. Аса күрделі күрес, пікір таласы мен айтыс үстінде қалыптасқан адамдардың іс-әрекеттеріне талдау жасап, зерттегенде, бұл жайларды ескерген жөн. Әсіресе көрнекті, ірі жазушылар мен басқа да қайраткерлерге баға беру сәтінде бұл өте-мөте қажет. Бұған, әрине, ресми саясаттың ол кездегі жайы тұрақтылықтан алыс жатқанын да ашып айту дұрыс.

Суретшілік көрегендігінің арқасында осындай қым-қиғаш, қарама-қарсылығы  мол дәуір жайын Мағжан Жұмабаев өз өлеңдерінде көрсете алды. Ақынның бұл тұстағы «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жер жүзін топан басса екен», «Бостандық», «Орал», «Орал тауы» т.б. өлеңдерінен заман көтерген әлеуметтік әрі рухани жайларды анық байқауға болады. Шығыс пен Батыс мәселесі ақын жырларынан мол орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы қазақ кедейлерінің көтерілісі, 1917 жылғы екі бірдей төңкеріс ақын көзқарасында өз ізін қалдырмауы мүмкін емес-ті. Бұл тақырып орыс жазушыларының шығармашылығында, әсіресе, А.Блок, В.Брюсов, Н.Клюев т.б.ақындар шығармаларында да айқын көрінеді. Мағжан Жұмабаевтың осы мәселеге килігуі неліктен, қалай деген шүбә тудырмасқа керек—ол өзі Шығыс өкілі ретінде Шығысты пір тұтады, осыған сенеді және үміт артады. Соғыс, тажал, жан мен дененің азғындауы тәрізді, ажалдың қара бұлты боп, қара түтін боп жүзген Батыс кесапатынан сақтандырады. Ақын бостандық Шығыстан келеді, Азия өзінің қараңғылығын жойып, түрменің тор көзін, қолды байлаған шынжырды күл-талқан етіп үзеді деп сендіреді. Атышулы «Пайғамбар» деген өлеңінде былай дейді:

Күнбатысты қараңғылық қаптаған,

Күні батып, жаңа таңы атпаған.

Түнеріп жүр түннен туған перілер,

Тәңірісін табанына таптаған...

 

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен — Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.

Мен келемін, мен келемін, мен келем,

Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар25

«Күншығыс» өлеңінде:

Қысық көзді Күншығыс,

Болсын соңғы бұл жүріс,

Күнбатысқа жүрелік [2,78], —

дейді. Осындағы «Күн», «Күн ұлы», «Күннен туған» деген сөздерге біраз көңіл аударудың реті бар. Өлеңдердің жалпы мағынасы, қояр талабы, айтар тілегі, әрине, үлкен. Ол — белгілі. Бірақ ақын жалпы «Күн» дегенді көп айтады. Басқа да өлеңдерінен оны жиі ұшыратамыз. Түнді, өлімді, кебінді көп жырлайды деп жүрген ақынымыздың күнге де көп жүгінетінін ескермейміз. Мұны, біріншіден, түн мен күнді егіз деп қараудан, бірінсіз бірі жоқ деуден туған деуге болады. Екіншіден, сол түнді күнге жеңдіру, уайым, қайғы, түнек символы түннен— күнге, жарыққа, жылуға, отқа жету тілегі, тіке айтылмаған, бірақ анық ұғылатын көңіл күйі көрінеді. Күнді аса бір ілтипатпен атап, оған тәнті көңілін білдіреді: «Күн алтын жан-жағына сәуле шашты», «Алтын күн алтын сәуле жерге шашар», «Күннен туған баламын», «Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем», «Алтын күн шығып келеді». Осы әр қилы өлеңдерінен алынған жолдардан Күнге деген табыну қалай күшті әрі қалай шын жүректен айтылғанына көз жеткізуге болады. Ал түн жөнінде:

Қараңғылық қаптады,

Қайғы ма басқан, түн бе екен?

Сыбдыр-сыбдыр әлдене, —

Жел ме? Жүрген жын ба екен?...

 

          Түнерген түн өледі —

Ағарған анау таңы ма?

Ақ бәтестің бетінде 

Жүрегіңнің қаны ма? [2,234] —

дейді.

Ақынның осындай ұғымына сүйенсек, жылдар бойы сыналып, күстәна етіліп келген белгілі жолдардан:

Сар дала, бейне өлік сұлап жатқан,

    Кебіндей ақ сәулелер бетін жапқан.

        Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ,

    Сәуле емес, қан шашып тұр, күні батқан,[2,128]—

дегенін әбден түсіңуге болады. Және бұл өлеңнің аты — «Жаралы жан». Ондай жанның хал-күйіне жоғарғы жолдар дәл келіп тұр емес пе? Және өлең Мағжанша болған соң, басқаша айтылмайды да ғой. Жаралы жанға сары даланың сұлап жатқандай, ақ сәулелердің кебіндей көрінуі, қызарған күннің қан шашқандай әсер беруі әбден мүмкін. Белгілі «Әлдиле, өлім, әлдиле» өлеңін алайық. Сүйген жарынан, жас нәресте баласынан бірдей айырылған шақта ақын осылай күңіренген. Жай, қарапайым халықта ең жақын етене біреуі өлсе, «құдай оның орнына мені неге алмадың?» демей ме? Бұл қай халықта болса да бар. Сол ретпен Мағжан Жұмабаевтың көкірегі қарс айырылғанда:

Талпынған жаңа нәресте,

Ақ қанатты періште,

Былдырлаған бұлақтай.

Көрінген жанды күлдірген,

Жаңа піскен бүлдірген,

Балауса нәзік құрақтай,

Қайтыпты қозы көз тиіп,

Бетінен кейде жел сүйіп...

Балқиды жаным бұл күйге.

Мені де, өлім, әлдиле...

Әлдиле, өлім, әлдиле![2,129]—

дейді. Басына түскен драмалық жағдайда осылай өкінген ақын қайғылы жайды әрі шебер, әрі шынайы көрсетіп тұр. Алынған теңеу сөздер, метафора оқушының жан дүниесіне шымырлай батып, қаггы әсер етпей қоймайды.

Сонымен жоғарыдағы Күн  деген сөзге байланысты қосып  айтылатын тағы бір жай—осы атаудың  К. Бальмонт шығармаларында жиі ұшырайтыны. Сол тұстағы (1915—1925 жылдар) орыс ақындарын жақсы білген Мағжан Жұмабаевқа олардың әсері болуы да мүмкін. Мәселен, жоғарыда жел жайындағы жолдарды салыстырдық. Ал күн туралы К. Бальмонт: «Я в этот мир пришел, чтобы видеть солнце, а если день погас, я буду петь, я буду петь о солнце в предсмертный час»,— дейді және көп өлендерінде Күнге табынып отырады. Әрине, Сұлтанмахмұттың: «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып Күн болам» дегені де есте. Біраз ақын Күнді әрқилы символда алып жырлаған. Соның ерекше түрін Мағжан Жұмабаевтан көреміз. Кейбір сырт ұқсастықтарды алатын болсақ, шынында да, К. Бальмонт өлім жайында көп айтқан. Тағдырдың талқысына саятын ой-топшылаулар жеткілікті. Ай туралы: «Красавица тоски беспременной, верховная владычица печали», — дейді Бальмонт. Бұл Мағжан Жұмабаевта да бар. Немесе: «Любовь и смерть, блаженство и печаль во мне живут красивым сочетаньем». Тағы да: «Хотел убить змею печали» дейді. Мағжан Жұмабаев: «Қалың ой—қара жылан жүректі еміп» дегенде сырт ұқсастығы болмаса, мағынасы жағынан өте күшті айтқан. Бұл ақын талантының дүниежүзілік поэзия тәжірибесімен суарылғанын дәлелдейік [5,87].

«Пайғамбар», «Күншығыс» өлеңдеріне қайта оралсақ, ақынның Батыс пен Шығыс аралығына айрықша мән бергенін көреміз. Бұл арада Ж. Аймауытовтың жоғарыда айтылған баяндамасын еске алудың тағы бір орайы келеді. Оның тұжырымдауынша, «Бостандық», «Күншығыс», «Пайғамбар» және «Түркістан», «Қойлыбайдың қобызы» атты өлеңдерінде немістің идеалисі   О. Шпенглердің әсері болуы мүмкін дейді. Өйткені 20 жылдары оның «Еуропаның күйреуі» деген кітабы орыс тілінде жарық көрген болатын. Біз жазушы пікірімен біршама келісе отырып, ақынның Еуропа күнінің батуы туралы ұғымы сол кездегі уақыт, заман әсерінен деуге де болатынын айтқымыз келеді. Бұл тақырып көп ақындардың өлеңіне арқау болған. А. Блоктың «Скифтер» туралы жазғаны есімізде ғой:

Информация о работе Мағжан Жумабаев