Мағжан Жумабаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 10:39, реферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі де – Мағжан. Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын, ол – түрікшіл, санашыл, дарашыл, уайымшыл, өзімшіл ақын. ...Мағжан нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны. Ұлт ақыны!

Содержание работы

І. Кіріспе..........................................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім.............................................................................................
1. ХХ ғасырдың жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаев.....................
2. Мағжан поэмаларындағы философиялық сарын .................................
ІІІ. Қорытынды...............................................................................................
ІҮ. Пайдаланылған әдебиет..........................................................................

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Мағжан поэмаларындағы философиялық сарын.doc

— 168.00 Кб (Скачать файл)

Миллионы — нас, нас — тьмы, и тьмы, и тьмы,

Попробуйте, сразитесь  с нами!

Да, скифы — мы! Да, азиаты — мы — 

С раскосыми и жадными  очами![2,130]

Алайда М. Жұмабаев Шығыс пен Батыс туралы біраз екпінді, қуатты өлеңдерінен кейін, ішкі жайға, өз халқының тағдырына қарай ауысады.

Мұны біз «Қойлыбайдың қобызы». «Оқжетпестің қиясында», «Көкшетау», «Орал тауы», «Көктемде», «Тұранның бір бағында» т.б. өлең-жырларынан ажыратамыз. Ақын өткенге, өткен тарих жолына баса көңіл бөледі. Біраз туындыларында тарихи жағдайлар хақында толғанса, енді бір дүниелерінде ежелгі ескі мекенге үйлеспей жатқан жаңалықтарды айтады. Автордың көз алдында Шыңғысхан, Темір сынды қаһарлы тұлғалар, ата мекеннің иесі және қорғаушылары болған Абылай, Баян, Бөгенбай, Ағыбай, Кенесары т.б. тізбектеліп өтеді. Ақын: батырлық, намыскерлік сияқты ежелден келе жатқан дәстүрлер біртіндеп сағымға айналып бара ма қалай, жаңалық болса, ол өзін-өзі ақтай ма, ақтай алмай ма деген екіталай тұжырымға тіреледі. Халықтың аңызға айналған бағалы дүниелерінің бәрі де ұмыт болып, тоғышарлық басып, надандық тамырын жайып кете ме деп қорқады. Өмірдің көптеген келеңсіз жақтарын уайымдап, жанымен ауыра білетін, жан-тәнімен беріле, сезіне білетін ақын әрдайым тарихқа айрықша ден қояды. Бүған «Батыр Баян» поэмасы, «Домбыра», «Орал тауы», «Тұранның бір бағында», «Алыстағы бауырыма», т.б. өлеңдері куә. Ақын ата-бабасы түрікті, Тұран жерін еске алып, бұл дала, атамекен ежелгі түрік, көшпелі қазақ жері екендігін жырлап, өмірдегі өзгерістер барысында бұл тарихи сабақтастық ұмытылып кетпес пе екен деп уайым жейді:

Бір күнде сенің иең түрік  еді...

Ер түрік ен далаңа көрік еді.

Отырса, көшсе, қонса — ерік еді,

Тұрғанда бақыт құсы бастарында,

Іргесі жел, күн тимей берік  еді...[2, 231]

 

Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта,

Қайғыдан қан жұтамыз. Біздің атқа

Лайық па құл боп тұру! Жүр кетелік,

    Алтайға, ата мирас алтын таққа.[2,232]

 

Ертеден сені іздеген мен едім ғой,

Тұраиға бір сені іздеп кеп едім ғой!

Ширази, шеих Саади, Хайямдардың 

Өртеген өзектерін сен едің ғой!..[2,233]

 

Ертеде Оқыс, Яқсарт — Жейхун, Сейхун,

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағасына

Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін![2,234]

Бүл өлеңдерден бұлдыр сағымдай, көңіл мен көкіректегі елестей аңсау,

сағыну, қасиетті имандай таза, шұғыла күндерді еске алып, торығу сияқты сезім ақынның да, оқушының да өне бойын жайлап, билеген әсерді көресіз. «Оқжетпестің қиясында» деген ұзақ өлеңі де осы тектес. Ескіні ойлап, көксегенде ақынның жүрегі қарыс айырылғандай. Шынында да, қазіргі өлең болсын, поэма болсын — әдебиет туындыларының қай-қайсысында да Тұран жері, түрік елі деген ұғымдар еске де алынбайды ғой. Өкінішті-ақ! Тұран жері деген тек ескі жағрафиялық карталарда ғана болмаса, жаңа әдебиетте мүлде жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Мағжан поэмаларындағы философиялық сарын

Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазу саласында да аса өнімді еңбек еткен. «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Толғау», «Оқжетпестің қиясында», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы» сияқты поэмалары кезінде баспа жүзін көрген. Осылардың ішіндегі күрделісі, көркемдік тұтастығы жағынан да, сюжет желісі мен сұлулығы жағынан да ерекше асып тұрғаны— «Батыр Баян». Мұнда айтылған оқиға бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман жайынан. Ақынның жазуы бойынша, бұл хикаяға Абылай ханның екі ел арасындағы бейбітшілік, достық қарым-қатынас орнатуына дейінгі оқиға өзек болған. Ашу үстінде қол бастаушы батыр Баян өзі қамқор болып жүрген кіші бауыры Ноян мен сұлу қалмақ қызын мерт етеді. Жазығы — олардың көңіл қосып, елден қашуы. Бұған дейін Батыр Баянның өзінің жас қалмақ қызына көңілі қатты ауған еді, бірақ қыз ыңғай бермеген соң, оны қарындас ретінде ұстаған. Алайда екі жастың қашып шығуының аяғы трагедиялық жағдайға әкеп соғады. Қыздың сұлулығын ақын былай сипаттайды:

Сол сұлу, сұлу екен атқан тандай,

Бір соған бар сұлулық жиылғандай.

Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сөздері су сылдырлап  құйылғандай.

Бір улап, көзқарасы, бір  айнытқан,

Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай. 

Лебізі — жібек  лебі, жұмақ желі,

Кәусардай татқан адам қалар қанбай.

Шын ер ғой батыр Баян алып қайтқан 

Еліне сол сұлуды естен танбай.[2,245]

Ноян жайында, оның хал-күйі туралы:

Жас Ноян қызды көріп  от боп кетті,

Көздері қызыл жалын  шоқ боп кетті,

Жер мен көқ ай, жұлдызды тұман басып,

Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті.[2,246]

Қыздың сұлулығы мен жігіттің жалын атқан ішкі сезімін суреттеуде қапы жоқ, мін жоқ. Ақындық теңеулер мен метафоралар әрқайсысы өз орнында — бәрі де жайнап тұр. Тапқырлық, дәлдік, көркемдік — әрбір сөз сайын кездеседі.

Осындай бәйшешектей екі жас өрімнің жан ашуынан, қызғаныш пен күйініш билеп, кешірім ауылынан алысқа алып кеткенін көреміз. Артынан қуып жеткен Баянға:

Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,

Жас Ноян Ер Баянға қарсы  жүрді.

Жақындап келіп қалып  ағасына,

Түсінен шошыды да, тоқтап тұрды...

Дегенше, қалды тартып батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Оқ тиіп жүрегінен, құлап түсті,

Атынан бүктетіліп бөбек  Ноян.

Жын шуы басқандай  боп естімеді,

«Жан көке, аға!» —  деген сөзді Баян.

Садағын сол секундта тартты тағы,

Бір ашып, бір жұмбай да көзді Баян.

Үстіне інісінің денесінің 

Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.

Екі жас аттарынан  ұшып түсті,

Түскенде бірін-бірі құшып түсті...

 

Қомағай қара топырақ  бүлкіл қағып,

Асығып екі жастың қанын ішті.[2,247]

Поэмада әрі қарай  бұл трагедиялық жайды суреттеу — Мағжан Жұмабаев ақындығының тағы бір көрінісі. Жан тебірентер, іш толғантар ұшқыр өлең жолдары ағыла береді. Үстіне көк аспан құлап түскендей ер Баян жайы күйінішті-ақ.

Биік романтикалық сарынға  құрылған аса көркем поэмадан екі түрлі жайды аңғарамыз: Бірі—батырлық, достық, махаббат, мейірім дүниесі болса, екіншісі — ашу, ыза, онан барып әділетсіз қантөгіс, өкініш. Қаһарманның мінез асаулығын, бірбеткейлігін, бірақ ниетінің ақ екенін суреттеп, ақын поэманы романтикалық шарықтау шегіне жеткізеді. Шиеленіскен оқиғаны ақын тау мен судың, қалмақ қызының сұлулығын, айнала табиғат сырларын суреттеу арқылы сезімнің қоюланып, ширығуына, күннің күркірегеніндей, найзағайдың ойнағанындай бітіспес мінездер соқтығысына алып барады, іштей өкініш толғанысына әкеп тірейді.

Мағжан Жұмабаев поэмаларының композициясы өзінше ерекше тұтастықты, ұтымдылықты танытады. Шеберлікті әрі көркемдік талғамды байқаймыз. Еркін, тартымды оқылады. Бұған оқиғалардың айрықша құрылым, кестесі, сөз қолданыс әдісі әсер береді.

Аллегориялық сипатта  жазылған, 1926 жылы жарық көрген «Ертегі» поэмасы да аса қызғылықты. Поэма  сюжеті шын мәнісінде ертегіге ұқсайды. Әңгіме төркіні мысықтар мен тышқандар арасындағы жанжал, соғыс. Оқиға Шығыста, күн шұғылалы елде, бау-бақшалы мекенде өтеді. Жүзім шарабын ішіп масаураған тышқан даңғазаланып, мысықты тілдеп-сөгуге көшеді, оны естіп қалып, ашу қысқан мысық әлгі сорлыны ап деп, жеп қояды. Бұдан әрі мысық пен тышқан арасындағы өткен бірнеше соғыстар суреттеледі. Ақырында тышқан атаулы көптігін жасап, мысықты жеңілуге мәжбүр етеді, мысық патшасын қуып, өз патшасын да тақтан түсіреді. Мұндай аллегориялық, мысал мазмұндас дүниелер дүниежүзілік әдебиетте әлденеше рет қайталанған. Бірақ бұл поэма Мағжан Жұмабаевтың басына бәле боп жабысты, осы шығармасы үшін оған қатал, саяси кінә тағылды, бұл жерде ақын орыс патшасын, Гапон попты, 1905 жылғы революцияны, жұмысшылар мен шаруаларды, тіпті большевиктер мен эсерлерді меңзеп, суреттеп отыр деген сорақы айыптар қойылады. Мұндай тұрпайы сындар ол кездерде ашықтан-ашық айтылатын. Мағжан Жұмабаев көрген қуғынның басы осы болды.

Мағжанның ең соңғы ірі  туындыларының бірі — «Тоқсанның тобы». Бұл поэмада ақын жаңа өмір жолына үңіле қарап, оған шын көңілімен ден қойғанын мойындайды. Бүкіл халықтың жаңа тұрмыс құруға бет алғанын, өзі де оған қосылатынын айтады. Тоқсан деп көпшілікті, жүздіктің онын емес, тоқсанын қолдаймын дейді.

Ес біліп ойлап, толғанып,

Қолыма қалам алғалы,

Сөйлеген емен жасыра:

Мен мұңдымен мұңдастым,

Адассам ел деп адастым.

Он деген емен асылы.

Он демедім, демеспін,

Ой кезінде көмескі,

Жырладым елді жалпылап.

Жасырман, жүзді жоқтадым,

Тоқсанға енді тоқтадым,

Толғанып ойлап талқылап.

 

Сөздің тоқтар түйіні:

Бұл — тоқсанның жиыны,

Осы армансыз білгенім,.

Тоқсаннан сонау он аулақ,

Сонау оннан мен аулақ,

Мен тоқсанмен біргемін.[2,248]

Поэма 1927 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде басылған. Әрі қарай, яғни бүл жылдардан соң, біз Мағжан Жұмабаев шығармаларын ұшырата алмаймыз. Поэмадағы мойындау сөздерге шүбә келтірген уда-шу айқай, балағат сөздер мен орынсыз сындар қаптап кетті де, ақынның үнін өшірді.

«Қорқыт» поэмасының мазмұны ақынның бүкіл әуре-сарсаң өміріне дәл келіп тұрғандай. Белгілі оқиғаны қайта жырлағанда, бар болмыс-қалпын, тағдыр жайын өз түсінігінен, өз ой елегінен өткізіп бергендей. Қорқыт пен өлім Мағжан Жұмабаев үшін аса жұмбақ тақырып. Басқа да өлең, жырларында өлім жайын көп айтып, көп толғанғаны белгілі. «Ой», «Мені де, өлім, әлдиле», «Зар» тағы басқа өлеңдері осындай. «Қорқыт» поэмасында ежелден белгілі өлімнен қашатын Қорқыт жайын шабыттана жырлауы — өлімнен қанша қашсаң да, алдыңнан соншалықты қабір тұруы ықтимал деген тұжырым, философиясын айту. Поэмада мынадай түйін бар:

Өмірде арманым жоқ — Қорқытқа ерсем,

Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.

Жас төгіп, сұм өмірден зарлап, сарнап,

Құшақтап қобызымды көрге кірсем.[2,249]

Ажал — хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде елімді табиғи нәрсе ретінде, болмай қоймайтын  өмір ақиқаты ретінде қабылдау керектігін уағыздайды. Ақынның ой-толғамдары әлемінде философиялық ұғымды тануға болады.

Әлдекім адам деген ермек үшін,

Жүректе от ойнайды сөнбек үшін.

Ойланып қалай ғана уланбассың,

Берілсе адамға өмір өлмек үшін.[2,250]

Бұл орайда Жан-Жак Руссоның: «Напрасно боятся смерти, так как пока мы живем, ее нет, а когда она наступает, мы уже не существуем» деген сопылық тұжырымын еске алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясына таңғажайып жаңалықтар енгізді. Поэзия сүйер қауым кезінде көбіне-көп Мағжан Жұмабаев өлеңдерін қолжазбадан оқыған, өйткені оның кітаптарын шығару тоқтатылған, қалған біразының көзі жойылған. Мағжан Жұмабаев лирикасының құдіреті оның түр-сипатынын, сонылығы, сөз қолданыс қасиетінде. Тілінің дәлдігі, ой-толғамдарының жаңалығы, суреттелген жайлардың айқындығы, сөз ойнату иірімдерінің таңғаларлық жарасымы — осының бәрі жинақтала келе Мағжан Жұмабаев поэзиясының еркеше қасиетін байқатады.

1927-28 жылдардан жазылған, я болмаса, баспа жүзін көрген  Мағжан Жұмабаев жазбалары бізге беймәлім. Бұл арада ақынның бір кезде өзі айтқандай, «қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі» дегені дұрыс екеніне көзіміз жетеді. Ақын өмірінің соңына дейін қуғын-сүргінде болды. Өзінің досы, сол заманның құрбаны, ақын Бернияз Күлеевке арнап жазғанындай, өмір жолын арманда аяқтады:

Өмір, өлім — мәңгі аңдысқан екі  жау,

Екі жауды бауыр қылар жыр  бар-ау.

Сол жыр таппай, садақ тартпай, сабыр  ғып,

Қан майданда күңіренсең еді, сор бала-ау,[2,151]—

деп, ақынның өмірдегі орнын биік қойған еді. Бұл жолдар Мағжан Жұмабаевтың өз өмірі мен өліміне арналғандай. Осыдан кейінгі қалған өмірінің он жылы түрмеде өтті. Енді 60 жылдан соң ғана ақын туралы айтып, жазуымызға мүмкіндік туып отыр.

Мағжан Жұмабаев шығармашылығын нақақтан жамандап, құлдыратуға тырысқандар да, оның ақындық құдіретін бағалап, биікке көтергендер де кезінде аз болған жоқ. Ахмет Байтұрсынов та, Жүсіпбек Аймауытов та, Міржақып Дулатов та өздері нағыз трагедиялық күй кеше отырып, әдебиет пен өнер парызын ұмытпады, ақын талантын жоғары бағалады, оның үлкен болашағына берік сеніммен қарады. Мағжан Жұмабаевтың ерекше сымбатын Сәкен Сейфуллин де, Бейімбет Майлин да құрметпен атап, қасиеттей білді.

1928 жылдың өзінде-ақ  Мұхтар Әуезов қазақ поэзиясына деген ұғымын байытқан Мағжан Жұмабаевқа ғажайыптай өлеңдері үшін риза екенін айтып жазды. Белгілі әдебиетші Қошке Кемеңгеров Мағжан Жұмабаев поэзиясын өте жоғары бағалаған. Мағжан Жұмабаевтың бүкіл түркі тілдес әдебиетке әсерін жоғары бағалаған адам — түрік әлеміне белгілі оқымысты, тегі башқүрт Ахмет Зәки Тоған. Ол: «Қазақтың ұлттық ақыны Жұмабайұлы Мағжан... өз жырларын тікелей Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу бойын мекендеген қалың қазақ пен таулық қырғыздарға арнаса да, оларға бүкіл түркінің және Түркістанның шерін жеткізді, түркілердің бұрынғы шат-шадымын өмірін елестете білді»[5,52]—деп жазды.

Екі дүние шекарасында  қайшылықты өмір кешіп, сол заманның қаралы шындығын өз шығармаларына арқау  еткен Мағжан Жұмабаев—қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі, ірі ақыны. Оның көркемдігі биік поэзиясы — біздің ұлттық жырымыздың інжу-маржаны. Жаңа ғана халқымен табысқан ұлы мұра әлі де зерттеушісін тауып, ел игілігіне аса берері даусыз.

Информация о работе Мағжан Жумабаев