Әскери терминжасам саласының кейбір мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 11:53, доклад

Описание работы

Мақсаты- әскери терминжасамның кейбір саласының лексика- семантикалық сипатын анықтап, оның қазіргі кездегі қолданылу аясын, мән- мағынасын ашып, төл баламаларын қарастыру, зерттеу.
Тақырыптың негізгі ғылыми болжамы- тіліміздің мемлекеттік дәреже алуына байланысты кейбір әскери терминдерді қазақ тіліндегі баламаларының зерттеліп, орынды пайдалануы . Әскери терминжасам саласының сапалы да тиімді аударылып, дұрыс қолданылуының басты мәселе екендігін дәлелдеу. Зерттеу барысында әскери терминжасам саласындағы терминдердің лингвистикалық сипаттары, әскери терминдердің қазіргі кездегі баламалары, оның қолданылу аясы жөніндегі көптеген әдеби журналдар мен ғылыми зерттеулер қарастырылды.

Файлы: 1 файл

науч проект-2011ж.doc

— 139.50 Кб (Скачать файл)

 

1.2  Қазақтың қиял- ғажайып ертегілеріндегі  бүркіттің тотемдік мәні

      Бүркіт бірнеше  жыл қатарынан ұя салып,балапандарын  басып шығарған ағаш қасиетті, бүркіт соның иесі деп нанады. Халық ертегілерінің көпшілігінде  ол алып бәйтерек деп аталады. Бәйтерек - өмір ағашы, жоғарғы,   ортаңғы, төменгі әлемінің арасын байланыстырушы. Ертегілерде ортаңғы әлемдегі мекен етуші адам жер астындағы елге барып, жер үстіне шыға алмай қиналғанда бүркіт көмек беріп жер бетіне шығарып салады. Сондықтан қазақтардың мифтік ертегілерінің көпшілігінде адамдардың досы, ақылшысы, бастарына қиындық туғанда көмектесуге дайын екендіктерін ”Бір тал жүнімді тұтатсаң,  ұшып жетемін” деген сөздері арқылы аңғартады.Оның ұясын бұзған адам бақытсыздыққа ұшырайды.Бірақ ол ертегілерде бүркіт деп емес самұрық құс, кейде қара құс деп аталады.

               Енді тотемдік нанымдардың ертегілердегі  көріністеріне назар аударайық.  “Аюдәу” атты мифтік ертегіде  Аюдәу жер асты елінің егініне  су жібермей зорлық жасап отырған  айдаһарды өлтіреді. Сонда тұрып патша:

Ал енді,шырағым, не тілек етесің? – деп сұрағанда, “Жер бетіне шығарсаңыз болғаны” ,- дейді. Патша ойланып:

Жер астындағы адам баласы жер бетіне шыға алмайды, бірақ Күлтөбе дейтін төбенің басында үлкен шынар  терек бар, сол теректің төбесіне жыл сайын Семір құс деген жер жүзіндегі ең үлкен құс балалайды. Міне сол құстың балапандарын жылда бір айдаһар жылан жұтады. Балаларынан айрылған құс боздап, оның боздағанына бүкіл халық келіп қосылады. Өйткені ол құстың ешкімге зияны жоқ, бірақ тарыққан кісілердің мұңын шешеді деп естиміз. Егер сол құстың балаларын аман алып қалсаң, құс лаж жоқ жер бетіне шығарар еді.

  Аюдәу үлкен шынар теректің  қасына келсе, бір айдаһар теректі  өрмелеп жаңа ғана шығып бара  жатыр екен. Терек басында бастарын төмен салып шиқылдаған құстың балапандарын көреді. Жылан балапандарға жақындап біреуін аузына сала бергенде дәлдеп тұрып басынан алтын садақтың тобылғы сапты оғын отырғызады. Осылайша Семір  құстың балапандарын аман алып қалады. Сөйтіп тұрғанда үлкен дауыл болады.

Бұл не?- деп сұрады бала. Балапандар:

Бұл біздің шешеміздің келе жатқаны, қанаттарын қаққанда пайда болған жел,- деді. Бір  мегілде жаңбыр жауды.

Бұл не?- деп тағы сұрады бала.

Бұл біздің шешеміздің “Балаларымды жылан  жеп қойды ма, әлде тірі ме екен” деп қамығып жылап келе жатқаны,- деді балапандары.

Сәлден  соң аспаннан құйылып теректің басына келіп қонды. Балапандар бала Аюдәуді  қанаттарының астына тыға қойды. Балапандарының аман- саулығын көріп шешесінің қуанғанын  адам айтып болмас. Семір құс:

Осы жерден кісінің иісі шыға ма?- деп  сұрады.

Балапандар:

Егер  бір қасық қанын  кешірсеңіз айтамыз,-деді.

Кешірдім, айт, -деді шешесі.

Айтсақ, жаңа бір мезгілде айдаһар жылан  бізді жегелі жатқанда, бір адам бізді аман- сау айырып алды. Сенбесеңіз анау жатқан жыланды көріңіз,-деді де қанаттарын көтерді.

Жайласып  отырып баладан тегіс жай сұрап, балапандарын аман- сау алып қалғанына  көп рахмет айтып, “Тілегіңді айт” дейді. Бала:

Сізден  менің жалғыз ғана бір тілегім, мені жер бетіне шығарсаңыз,- деді.

Сөйтіп Семір құс балаға көмек береді. Оны жер астынан шығарып қана қоймай, оған сұлу адамзат кейпін береді. “...Семір құс баланы жұтып жіберді де, қайтадан жерге тастады. Жерге түскен бала жер жүзіндегі сұлудың бірі, ақылына ақыл, күшіне күш қосылып адам айтқысыз адамзаттың перизаты болды. Семір құс баламен қош айтысарда:

Шырағым, маған ырза бол, мен саған ырзамын, інішектеріңді өлімнен құтқарғаныңды, ежелгі жауым, жыланды, өлтіргеніңді ұмытпаймын, тарыққан жерде менің қылшығымды тұтасаң, мен даярмын, қайда болмайын, сен үшін қасық қанымды аямаймын,- деді де, қылшық жүнін жұлып берді. ” [6,121]

“Ер Төстік” ертегісінде де дәл сол  оқиға қайталанады . Ер Төстік Самұрық  құстың балапандарын айдаһардан аман-сау  алып қалады. Бірақ бұл ертегіде Самұрық құстың екі басы бар: бір басы адамдікіндей, бір басы құстыкіндей.  “Бұлақтың басында бір үлкен бәйтерек тұрады. Бір мезгілде сол бәйтеректің басынан шуылдаған ащы дауыс естіледі. Қараса, шуылдаған балапандар екен, бұларды жеуге бір айдаһар жоғары өрмелеп бара жатыр екен.

Ер  Төстік садағын алады да, өрмелеп  бара жатқан айдаһардың екі көзінің  арасынан дәлдеп тартып қалады, айдаһар  жерге сылқ ете түседі. Айдаһардың жерге құлап қалғанын көрген соң, балапандар шуылын тоқтатады. Ер Төстік жайланып ұйқыға кіріседі.

Ер  Төстік бір дауыстан шошып оянса, қатты дауыл тұрған екен, дауылдың артынан бұршақ аралас жаңбыр жауады, жаңбырмен қабат суылдаған дауыс естіледі, соның артынан ұзамай- ақ бір дәу қара құс көрінеді. Дәу қара құс суылдаған бетімен бәйтерекке келіп қонғанда, бәйтерек майысып, сынып қала жаздайды.

Бұл дәу қара құс- Самұрық екен. Самұрықтың үлкендігі сондай, жайып жібергенде бір қанатының өзі бір айлық  жерді алып кетеді екен.

   Қонысымен Самұрық бәйтеректің  түбіндегі Ер Төстікті бүруге  тап береді, бірақ балапандары  шыр- шыр еткен соң тоқтайды.

     Самұрықтың екі басы бар екен: бір басы адамдікіндей, бір басы  құстікіндей екен. Самұрықтың адам  басы Төстікке тіл қатады.

Ей, адам, бұл жерге не жұмыспен келдің? Менің балапандарымды аулай келдің бе? Бұл жерді адам басқан емес, бұл менің мекенім,- дейді.

Оған  Ер Төстік:

Мен жер үстінің Ер Төстігі едім, сенің  мекеніңе адасып келдім, балапандарыңа  қастық ойлаған жоқпын, ана жатқан айдаһардан айырып алдым. Нанбасаң, өздерінен  сұра,- дейді.Балапандар Ер Төстіктің  көрсеткен жақсылығын жасырмай айтып береді. Сол арада алып қара құс Ер Төстіктің аяғына жығылып, онымен айрылмас дос болады.

Алып  қара құс Ер Төстікпен дос болған соң: “Не қалайсың?”- деп сұрайды.

    Ер Төстік басынан кешкен әңгімесінің  бәрін айта келіп, адасып жүргенін, енді жер үстіне шыққысы келетінін айтады. Алып қара құс Ер Төстікті қанатына мінгізіп, ұшып тар тесіктен өткізіп, жер үстіне шығарады. Қоштасарында Төстікке бір тал қауырсынын үзіп береді: “Денемдегі ерекше қасиеті бар жалғыз тал қауырсыным осы еді. Қысылған жеріңде, осы қауырсынды тұтатсаң, даяр боламын, қандай қысымшылықта болсаң да құтқарып аламын. Егерде оны жоғалтып алсаң, менен жәрдем күтпе”,-дейді.”    [7, 278-279]

   Ал “Алып қара құс – Cамұрық” ертегісінде Хасан атты жігіт “Ер Төстік” ертегісіндегідей  алып бәйтерекке кез болып, оның басындағы шырылдаған балапандардың даусын естіп, көмекке келеді. Балапандарды айдаһар жыланнан қорғап, оны шауып өлтіреді. Алайда мұндағы кейіпкеріміз Хасан алғыс ретінде  Самұрықтан оны жер бетіне емес, перілердің жеріне жеткізіп тастауды өтінеді.

“…Самұрық балапанды жұтып жібере жаздады. Балапандар шыр- шыр етіп, анасының тамағынан ұстай алды. Содан кейін  самұрық балапандарынан: “Бұл адамзат  сендерге қандай жақсылық істеді?”- деп сұрады және қандай жәрдем керек деді. Хасан басынан кешкен уақиғаны жасырмай айтып берді және перілердің жеріне жеткізіп тастауды өтінді.” . Бұдан біз  Самұрық құстың  орта әлем ғана емес, сондай- ақ жоғары әлем дүниесіне  ене алатын қасиетін көре аламыз. [8,.338- 340]

     Қорыта келгенде,  бұл ертегілердегі бүркіт, яғни  Самұрық құстың қоштасарда бір  қылшық жүнін беруі тотемдік  сарын, екіншіден, оны тұтатқан  кезде жедел жетіп келіп көмек  етемін деуінде сиқырлы күш  бар. Ендеше бүркітке байланысты мифтік ертегілердің бәрінде тотемдік наным мен магиялық наным араласып келіп отырады. Мұны біз жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы дәлелдедік.

      Бүркітке байланысты  тотемдік үғым түркі тайпаларының  фольклорынан мол орын алған.  Яғни бұл ертегілердегі бүркіт, не болмаса самұрық құс ерекше сиқырлы күш иесі, біздің ата- тегіміз деген тотемдік мәні танылады. Қазақтың қиял- ғажайып ертегілеріндегі бүркіттің бейнесі  арқылы біз қазақтардың бүркітпен байланысты айтылып жүрген нанымдары тотемдік ұғымның нәтижесі десек, оның күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан күнделікті тұрмыс- тіршілікте әр түрлі ырымдарға ауысқанын байқаймыз.

       Бұл жөнінде   ғалым           Б. Қанарбаева : «Бүркіт- Тәңір-  күн әкенің міндетін атқаратын  тотемдік мәннің иесі, халықтардың ата- тектері. Біз солардан жаралдық деген ата – бабаларымыздың табиғи танымы кейін мазмұны өзгеріп, мифтік сипат алған. Қайсыбір бақсылардың ойнау алдында бүркітті «иесі» ретінде көмекке шақырып, екі жұдырығын түйіп, екі иығының үстіне келтіріп, олай- бұлай қозғап, екі көзін алайтып, басын екі иығына маңғаздана кезек бұратыны, ұшар алдындағы бүркіттің қомданған қимылын бейнелеуі- тотемдік күш иесіне сыйыну, көрермендер алдында өзіне күш- қуат сұрау» ,- деген [1,59]. Ендеше  қиял- ғажайып ертегілердегі бүркіт бейнесі көктің билеушісі ,  киеліктің белгісі ретінде сипатталады деген тұжырым жасаймыз. Бұлардың барлығы көркем шығармалардағы бүркіт бейнесінің неліктен айрықша сипатқа ие болып, ерекше қадір тұтылатындығын түсіндіреді. 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚТЫҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ  БҮРКІТ БЕЙНЕСІ

2.1 «Саятшылық, аңшылық» тақырып  шығармаларындағы бүркіт бейнесі

                  Көркем шығарма тақырыптарында   бүркіт  бейнесінің  көпқырлылығын  сипаттауда оның екі  түрге  топтастырып қарастыруды жөн көрдік:

1. «Саятшылық, аңшылық» тақырып  шығармаларындағы бүркіт бейнесі.

2. «Еркіндік, бостандық, » тақырып  шығармаларындағы бүркіт бейнесі.

          Қазақ  арасында аңшылықтың кең тараған  түрі- аңды бүркітпен аулау, бүркіт  ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қою. Қазақ арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны- бүркіт болып табылады.  «Аңшылық, саятшылық » тақырыпта бүркіт  ең басты бейне. Себебі аңшылықтың бар сән- салтанаты қыран бүркітпен аңға шығуында жатыр.  «Аңшылық, саятшылық» тақырыбын қозғаған ақын- жазушылар көптеп кездеседі. Біз соның ішінде бүркіт бейнесіне ерекше тоқталып, оның бейнесін  жан- жақты ашып тарқатқан, бүркітті аңшылық құмарды қандырушы ретінде айрықша бағалаған  бірнеше ақын шығармаларын ғана алдық.   

  

2.1.1 Абай Құнанбаевтың  «саятшылық, аңшылық» тақырып шығармаларындағы  бүркіт бейнесі

 

  Қазақ тың ақын- жазушыларының  ішінде бүркітпен аң аулау,  саятшылық құруды көбірек қозғаған- Абай Құнанбаев. «Бір қызық ісім екен сұм жалғанда» деп, Абайдың өзі тебірене еске алады. Ақын аңшылыққа аса құмар болып, алыс- жақын атырапта аты шыққан қыран бүркітті иесінен сұрағанын беріп алады екен.    Ақын Абай атамыздың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде  бүркітті паң, батыр, алғыр құс ретінде   суреттейді. Яғни «сегіз найза» - сегіз темір тұяғын кезеп, қанат, құйрығы суылдап көктен сорғалаған қара бүркітті батырлық пен алғырлықтың символы етіп сипаттайды. қырық пышақтай тісімен қыржыңдап тұрған түлкі осал жау емес. Бірақ өзінің сегіз найзасына, күшіне сенген паң, батыр қыран түлкінің айбатын елең де қылар емес, қанат-құйрығы суылдап, шыдамы кетіп, көктен сорғалап келіп, түлкімен жарық-жұрқ етіп айқасқа түседі. Көк тағысы мен жер тағысының айқасы қан майданға шыққан екі батырдың жекпе-жегіне ұқсайды.

«Бүркітші тау басында, қағушы ойда,

Іздің бетін түзетіп аңдағанда.

Томағасын тартқанда бір қырымнан,

Қыран құс көзі көріп самғағанда.

Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар  деп,

Қанды көз қайқаң қағып шықса  аспанға.

Көре тұра қалады қашқан түлкі,

Құтылмасын білген соң құр қашқанға.

Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,

О да талас қылады шыбын жанға.

Қызық көрер, көңілді болса аңшылар,

Шабар жерін қарамас жығылғанға.

Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі,

О да осал жау емес қыран паңға.

Сегіз найза қолында, көз аудармай,

Батыр да аял қылмайды ертең таңға.

Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,

Көктен қыран сорғалап құйылғанда.

Жарқ- жұрқ етіп екеуі айқасады,

Жеке батыр шыққандай қан  майданға...» [9, 147]

Осы жерде ақын өзгеше бір көркем бейне жасайды. Өлеңдегі  «қанды көз», «батыр» метонимияларын, сондай- ақ  құс  тұяғын «сегіз найза» деген метафоралық тіркесті  қолдануы  аң аулауға әбден төселген, нағыз жыртқыш құс бүркіттің бейнесін аша түседі.  Алпыс екі айлалы түлкіні алған қыран

иесіне қоразданып қояды. Аңшы «алғашқы олжа деп, мұны жолдасына 

тартқанда, ол жымыңдап, үйірімен үш тоғыз» деп қанжығасына байлайды. Аңшылар  көңілі жайланып, тымағын бір сілкіп киеді.

             Жазушы  Ақселеу Сейдімбектің  «Бүркіт» этнографиялық әңгімесінде  Абай Құнанбаевтың Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Жамбыл атындағы ауылдың  тұрғыны Мекеев Сүлеймен ақсақалдың айтуы бойынша түсірген «Бүркіт туралы» өлеңін жазған екен. Ақын бұл өлеңде бүркіттің түр- сипатын егжей- тегжейлі суреттейді, түрлі поэтикалық тәсілдер қолданады. Абай атамыздың бұл өлеңі   алдында айтылған  «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңімен сарындас. өйткені кейбір сөз қолданыстары қайталанып келеді. Біз тек үзіндісін алып отырмыз. 

« ... Қолыңнан өзі тілеп ұшса самғап,

Құрғатпай қанжығаңды күнде қандап.

Дүниенің бір қызығы- қыран бүркіт,

Алыстан ат терлетіп тапсаң таңдап.

Шегір көз, қанды балақ қыран  бүркіт,

Бозбала қапы қалма, малыңды іркіп.

Алпыс екі айлалы түлкіні ұстап,

Байласаң қандай қызық, қарға сілкіп.

 

Қара тіл, қанжар тұяқ, қанға тоймас,

Қанша керіп тұрса да алмай қоймас.

Шұбар тұяқ жиренді тауып салсаң,

Ердің құны берсең де басын жоймас» [10, 276-277].

   Бұдан ақын өзінің аңшылықты  сүйетінін, құс салудың өзі  бір құмарлық екенін    аңғартып, бүркіттің көркем бейнесін жасауда түрлі поэтикалық троп түрлерінен эпитететтердің жаңа түрлерін    өте сәтті қолданады. Олар: мелжемді қожыр табан, көкшіл маңдай, шегір көз, қара тіл, қанжар тұяқ қанға тоймас, шұбар тұяқ, көк тұмсық, т.б.  Бұл жөнінде жазушы Ақселеу Сейдімбек: «Абай сияқты жақсы- жаманның парқын білетін, тіршіліктің қыр- сырына зерде бойлатқан ұлы ақын қыран құстың қылық- қасиетіне тегін таңданбаса керек. Қандай таңданыс, қаншама сұлу сөз, сүйсінуге толы сезім десеңізші! Аң қызығы аңшылық кәсібі өз алдына, соған қоса небір әдемі дәстүр, сұлу саз, сәтті теңеу қалыптасып, неше түрлі мүліктердің, заттық мұралардың дүниеге келгенін көреміз»,- дейді [10, 277]. 

Информация о работе Әскери терминжасам саласының кейбір мәселелері