Әскери терминжасам саласының кейбір мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 11:53, доклад

Описание работы

Мақсаты- әскери терминжасамның кейбір саласының лексика- семантикалық сипатын анықтап, оның қазіргі кездегі қолданылу аясын, мән- мағынасын ашып, төл баламаларын қарастыру, зерттеу.
Тақырыптың негізгі ғылыми болжамы- тіліміздің мемлекеттік дәреже алуына байланысты кейбір әскери терминдерді қазақ тіліндегі баламаларының зерттеліп, орынды пайдалануы . Әскери терминжасам саласының сапалы да тиімді аударылып, дұрыс қолданылуының басты мәселе екендігін дәлелдеу. Зерттеу барысында әскери терминжасам саласындағы терминдердің лингвистикалық сипаттары, әскери терминдердің қазіргі кездегі баламалары, оның қолданылу аясы жөніндегі көптеген әдеби журналдар мен ғылыми зерттеулер қарастырылды.

Файлы: 1 файл

науч проект-2011ж.doc

— 139.50 Кб (Скачать файл)

      Сонымен Абай өлеңдерінде  бүркіт аңшылық кәсіптің ажырамас  бөлігі ретінде ғана алынбайды,  мұндағы бүркіт- қанжар тұяқ батыр, құстың төресі. Ақын жыртқыш құстардың ішінде қыран бүркітке ешбірі тең келмейтіндігіне мегзейді. 

  

2.1.2 Міржақып Дулатовтың «Бүркіт  кегі» балладасындағы  бүркіт  бейнесі

            Абай өлеңдерінде бүркіт аңшылық  кәсіптің  ажырамас бөлігі, сондай- ақ қанжар тұяқ батыр құс ретінде сипатталса, Міржақып Дулатовтың «Бүркіт кегі» балладасында бүркіт  иесінің нағыз адал досы. Ол тіпті иесіне қастандық жасағандардан кегін де  қайтарады. Басында ноғай иесінен ешбір жақсылық көрмеген  қыран бүркіт құсбегі  Есетке сатылып, оның нағыз қамқоршы, дос екенін біледі.

  Ноғай қырға барады,

Есет сатып алады 

Қыранды көріп бір күні...

 

Қызықпенен күн өтті,

Жемдеп Есет түлетті

өз үйіне әкеліп.

Мұнда келіп көңілі өсті,

Ноғайды қайтып көрмес- ті,

Бақты Есет мәпелеп [11,149].

Біртіндеп  Есет -қыранның әрі ұстазы, әрі досы, қыранымыз тіпті оны әкесіндей көруге  айналады.

Ат үстінде күнде Есет,

(Бүйтуді ноғай білмес ед),

Бүркітті алып жүреді,

Қаяусыз енді көнігіп,

Иесіне елігіп,

Әкесіндей көреді [11,149]..

     Есетке әбден бауыр  басқан қыран өзгеге көне бермейді. Күннен- күнге қыран бүркіттің  даңқы жайылып,  оған көптеген  саятшылар қызыға бастайды Бірақ  Есет болса, қыранын ешкімге  қимайды.  Күндердің бір күні  Есетке Баймырза деген елдің  мықты төресі келіп, қыран құсын сұрайды. Алайда Есет оған көнбейді.

Баймырза іштей кектеніп, оған қастандық  жасауды ойлайды.

Арам пиғылын  жүзеге асырып бүркітті өзі иемденбекші болады, бірақ  оның дегені болмай шығады.

... Салды бетке қанжармен,

Қансырап Есет құлады.

Қайтарып боп намысты,

Төре құсқа жабысты,

Таңырқап қыран тұрады [11,150]..

Қыран басында не болғанын аңғармай, аң- таң күй кешеді.  Өз иесінің  мерт болғанын  көрген қыран Баймырзадан  кегін алады.

Есетке қыран бір қарап,

Екі көзі қанталап,

Баймырзаға төнеді.

Беттен бүріп алған соң,

Демі құрып аздан соң,

Тұншыға төре өледі.

Достың құны мұнымен,

Бітпегендей шынымен,

Армансыз бүркіт кек алды.

Кеудесін сөгіп төренің,

Суырып алып жүрегін,

Тамызбай қанын жеп алды. [11,150].

Қыран бүркіт Есет иесісіз жалғызсырап, Есетпен қимай қоштасады.

   Жан- жағына қаранды,

Көзін тігіп қадалды.

Есет жатыр жаны жоқ,

өзгені көзі көрмеді,

көрсе көңіл бөлмеді,

есетсіз қырдың сәні жоқ.

Азырақ қыран толғанып,

Қос қанатын қомданып,

Көтерілді қалықтап.

Есетті ұшып айнала

Жүріп біраз жай ғана,

Аспанға асты шарықтап... [11,150].

  Бұдан  қыран өзі баулып, тәрбиелеген адамнан өзгеге көне  бермейтіндігін байқауға болады. Қыранның өз иесіне деген   адалдығын жазушы шеберлікпен  суреттеп жеткізеді. Ақын бүркіт  бейнесі арқылы адалдықты сөз ете отырып, оқырманын еліне, жеріне қамқор жандарға адал болуды, олар үшін басын бәйгеге тігуді үндейді. Сөйтіп, ар тазалығы, жан тазалығы, тіпті адамның жеке басынан да қымбат екендігін көрсетеді.  Яғни бүркіт  жақсы мен жаманды, дос пен қасты ажырата білетін, адалдығымен, еркіндікті сүйетін   ерекше  мінез- құлқымен  танылады.  

 

Сапарғали Бегалиннің «Қыран кегі»  аңыз поэмасы

Сапарғали Бегалиннің «Қыран кегі »  аңыз поэмасында  аң құмар Сұрмерген  құс күштісі, қыран бүркітті, қолына түсіру  амалын ойластырып, жас баласы Тінейді ертіп тауға аттанады.

Аң құмар мерген аңсары

Ауып құсқа күндіз- түн,

Құс жолына телміріп,

Ешадамға қатпайды үн.

Ұзақ көктем күнінде,

Түспей қырдың басынан,

Жас баласы Тінейді

Тастамайды екен қасынан.

Аңдиды құстың ұшқанын

Қай таудан, қандай қиядан,

Әлде қыран ұша ма,

Жақыннан салған  ұядан? [13,252]

Соңынан Сұрмергеннің түскенін сезген қыран одан өшін алмақ үшін баласы Тінейді бүріп ала ұшады.

 

Шаншыла бір құйылып,

Балаға түсіп,жарқ етіп,

Іліп ала жөнелді,

Атқанша болмай жалт етіп.

Мылтығын ала абдырап,

Жүгірді мерген биікке...

Ойда- жоқта кездесті,

Өкінішті осы күйікке. [13,253]

Қыранның тас үңгір ұясында  жатқан бала өте батыл және  тапқыр, өмір мен өлім арасында да оның  қыранды  баулысам, аңшылықпен айналыссам деген  ойы оны тың іс- әрекетке бастайды :

Болса да Тіней қуыста,

Өлім мен өмір шегінде.

Кетпейді ойдан аңшылық,

Құмар ғой жаны тегінде.

 

Әрі ойланып, бір ойланып,

Ақыл түсті Тінейге.

Өлімге көнбек оңай ма,

Өлімді жас жан тілей ме?

 

Ұяда жатқан бөкеннің,

Жон терісін таспалап.

Өрді жуан арқанша,

Қыранды байлап тастамақ. [13,258]

 

Осылайша өзі өрген арқанды  қыранның балағына байлап, онымен бірге  ұядан ұшып шығады. Бұл арада баланың  ептілігі, тапқырылығы ерекше көрінеді. Орман үстімен ұшып келе жатқанда, ол қарағайды құшақтай алып, қыран құсты ағаш бұтағына қонуға мәжбүр етеді.   Сөйтіп, үйіне аман оралып қана қоймай, қыран құсты олжалайды.

Тінейі келді мергеннің

Құмартқан алып қыранын,

Қайғының арты мерей боп,

Тауыпты солай мұрадын. [13,263]   

 

Мұнда алып күш иесі қыран  мен тапқырлығы арқасында аман қалған Тіней іс- әрекеті арқылы ақын қыран қаншалықты күшті, алғыр болғанымен, ақылдылығы мен тапқырлығы жағынан  адам баласынан ешкім де аса алмаған емес деген ойды меңзейді.

             Қорытындылай келе,  жоғарыда  талданған «аңшылық, саятшылық » тақырыптағы  шығармаларда бүркіт бейнесі әр түрлі қырынан танылатындығын дәлелдедік. Абай Құнанбаевтың жоғарыда берілген өлеңдерінде бүркіт- аңшылық, саятшылықтың  біртұтас бөлігі. Ал Міржақып Дулатовтың шығармасында бүркіт  жақсы мен жаманды, дос пен қасты  ажырата білетін, адалдығымен, еркіндікті сүйетін   ерекше  мінез- құлқымен  танылады.  

 

2.2 «Еркіндік, бостандық, » тақырыбы  шығармаларындағы бүркіт бейнесі

«Еркіндік, бостандық» тақырыбы көбінде  «Зар заман ақындары» 

деп аталған XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеті    XX  ғасырдың

  20- 30 жылдардағы әдебиетіне  тән. Себебі аталған кезеңдерде   өмір сүрген қазақ ақындары  Ресейдің отарлау саясаты мен  бертін келе   кеңес үкіметінің  шолақ саясаты кесірінен көп  қуғындалып, зорлық- зомбылық көрді.  Сондықтан да кейбір ақын- жазушылар   өз шығармаларында « еркіндік, бостандық» тақырыбын жырлағанда ешкімге тәуелсіз бүркітті еркіндік пен бостандықтың символдық белгісі ретінде алған.  Осыған байланысты   біз Сәкен Сейфуллиннің «Қара бүркіт» деген шығармасын негізге ала отыра талдау жасадық.

 

 

2.2.1 Сәкен Сейфуллиннің «Қара  бүркіт» өлеңіндегі бүркіттің  бейнесі

            Сәкен Сейфуллиннің «Қара бүркіт»  өлеңіндегі  бүркіт -  аллегориялық  бейне. Себебі  мұндағы бүркіттің   іс- әрекетінің  астарында өзінің алған бетінен қайтпайтын азаттыққа, бостандыққа  ұмтылған сол  үшін жан аямай күресуге дайын, қайтпас қайсар  адамның  іс- әрекетін  меңзеп отыр.

... Күштінің айласына лажсыз  көніп,

Сарғайып ол отырды пенде болып,

Отырды бар арманы еркіндік боп,

Көңіліне шерлі қасірет жалын  толып [12, 147].

  Бостандыққа, еркіндікке үйренген  бүркіт тар қапаста күндерін  санап өткізеді.

 Отырды мойнын салып күндіз- түні,

Түнімен тек қараңғылық көрген күні.

Тұншығып, жарық көрмей сорлы тұтқын

Отырды, қапаланып шықпай үні.

Солайша талай жылдар, күндер өткен,

Кетпекке бүркіт талай талап  еткен.

Талпынып дамыл алмай бостандыққа,

Еш болып сан еңбегі босқа  кеткен. [12, 147].

                                                   

Ақырында босатылып, бүркіт өзін тар қапасқа қамаған жауын іздейді.

Үзген соң көкке шығып аяқ  бауын

Сағынған ол кеп тапты асқар  тауын.

Ысқырып, шырқ айналып тауға келіп,

Іздеді көз жіберіп қалың  жауын. [12, 148].

Әрине, құс төресін көрген барлық жыртқыш оны көріп қашады.

 

Сол кезде таң атқан ед таудан асып,

Шұғыламен тұншықтырып нұрын шашып.

Бүркіт пен күннен қорқып барлық жыртқыш,

Тығылды іннен- інге бетін басып.  [12, 148].

 

Бұл өлеңде бүркіт айбатты, әділдікке  бас иіп, жауыздық, зорлық зомбылықты жаны сүймейтін бейне ретінде  суреттеледі..

Айбатты түсі суық, төсін керген...

Дүниеде сан зорлықтың көрді  бәрін,

Есітті нақақ жанның ащы зарын.

Ол кірді бір зор ойға жаны күйіп,

Түйілтіп қара бұлттай қабақтарын. [12, 150].

дей келе  ақын нақақтан қаны төгілген сан азаматтардың құны қайтарылады деген үмітпен өзін жұбатады.

     Алысқан адамзаттың  әлсіз ұлы,

      Ұраны жауыздардың  болмау құлы.

     Нақатан қанын төкті  сан азамат,

     Алынар қорқаулардан  әлі- ақ құны! [12, 150].

Ақын қамсыз отырма, жан- жақта торлаған жау деп кейіпкерін алдын ала ескертеді, оны жігерлендіріп қайрайды.

 

Қыраным! Топшыңды жи, қанат қомда!

Ұранды қаттырақ сал, оңды- солға,             

Жауың көп алыста да, жақында да,

Ұшсаң да, отырсаң да, қамсыз болма! [12, 151].

 

     Бұл өлеңдегі еркіндікте, азаттыққа үйренген  бүркітті жаулары тар қапаста ұстап, оның сол қапастан босанып шыққанын көрген жаулары тым- тырақай қаша жөнелуі-   барлығы шарттылық. Себебі ақын бүркіт бейнесінде қиын жағдайға тап болып қуғындалып жүрген  адамды меңзеп айтып отыр. Ақын  бостандықтың, еркіндіктің шартты символы болып саналатын бүркіттің өзі де қамауға алынуы мүмкіндігін алдын ала ескертіп айтады. Яғни  кейіпкерін, адамды, жаулардан сақ болуын, сонымен қатар басқаларға бостандық әперу үшін күресу қажеттігін астарлай жеткізіп, оны осы іске ұрандап шақырады, жігерлендіреді. 

 

    

3. ҚАЗІРГІ АҚЫН- ЖАЗУШЫЛАР  ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БҮРКІТ 

       БЕЙНЕСІ

          Қазіргі   қазақ поэзиясында өткен ғасырлардағы  ақындардың қыран құсты әр  қырынан жырлау дәстүрі сәтімен  жалғасып отыр. Ақындар көбіне адамның ішкі жан дүниесін, түрлі қасиеттерін, іс- әрекеттерін қыран мінез- құлқымен  салыстыра отыра жырлайды.   Мәселен, көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиев «Қыран көкте ұшып жүріп өледі...» атты өлеңінде қыран мен адам мұратын салыстыра отыра,  қыран құс мәңгілік биікте ғана туып, биікте ғана өлсе,  адам қиялы одан да ұшқыр, ол өле- өлгенше арманына жетуге асығады деп  түйін жасайды.

Қыран көкте ұшып жүріп өледі,

Көк аспаны – ең соңғы айтар  өлеңі.

Қапылыста жараласа қанатын,

Қайтадан бір ұшарына сенеді.

 

Ал адамның қиялы ұшқыр қыраннан,

Оны өлгенше жетелейді бір арман.

Ол өлгенше асығады бір тойға,

Сонда мәңгі шығатындай құмардан [14.38]

        Ал  «Бүркіт  » өлеңінде еркіндікті аңсайтын  қыранның туған ұясына деген  шексіз махаббаты жырланады.

  Мейлі боран борасын, мейлі шілде шыжысын,

Өзі туған шыңында бәрі бақыт  бұл үшін.

Тастамайды мекенін ыстықта  да, суықта

Арман әнін шырқайды, қар жамылып  тұрып та. [14.212]

 

Ақын осы өлеңі арқылы туған  жерді, Отанды сүю мұратын айтып,  қайда барсаң да, қайда жүрсең де туған жеріңді, өз Отаның алдындағы парызыңды   ұмытпа деген ойын жеткізеді.

                Ақын Мұхтар Шаханов болса,  «Еркектер жыры» атты өлеңінде  жалған мүсіркеу, жаны ашу ер  адамға тән емес дейді. Бұл  ойын жаралы жатқан қыранды  жалған мүсіркеген бала қыранның іс- әрекеті арқылы жеткізеді.  Қанатына оқ тиген   қыранды бала бүркіт күтіп жүреді де, оған осындай халге түскенін көргенде әбден жаны ашитындығын айтады Мұны естіген қыран:

Тоқтат!- деді ата қыран қалш- қалш етіп долданып,-

Бекер жатқан екенмін ғой, ұлым бар деп малданып.

Көкірегін бір алапат ыза буып алды да,

Ұясының аузына әрең жүріп барды  да,

Жан шошытар жалтыр құздан құлап  өлді табанда. [15.47]

Ақын :

Қалқам!

Ерлік даңқы қанат жайған мына ұлы  заманда 

Мүсіркеу сөз есітуден өлім жеңіл маған да[15.47]

. – деп  өлең мұратын ашады. 

             Ал Жұмекең Нәжімиденов  қыран  құстың киелілігін, ерекше, дара  құс екенін еске салғандай.  Мұны  «Қыран қонған » өлеңінен  айқын көруге болады:

«Қыран қонған » деседі,

Қыран тегін қонбайды.

Қыран қонған жерлерді

Сыйламаса болмайды [16.105]

 Жеңіс Қашқынов «Қыран тағдыры»  аңыз поэмасы Тұманбай Модағалиевтің   «Қыран көкте ұшып жүріп өледі»  деген өлеңімен үндес болып  келеді. Өмір бойы биікте еркін  самғап өскен, ештеңеден қаймықпайтын  қыран қартайып, күш- қуаты кемігенде,  ажалын да биікте ұшып ерлікпен қарсы алуын тілейді. 

  Шырқау көкке көтерілді,

Шаңқ еткізді дауысын да,

Қос жанардан от өрілді,

Жаңғырық үн жарысуда.

 

Бірде аспанға көтеріліп,

Бірде төмен құлдырады.

Көз ұшында от өріліп,

Бұйрат, белдер бұлдырады.

 

Бұлдырады ақырғы рет,

Бар табиғат- көз алдында.

Тоқтайтынын батыл жүрек,

Қыран бастан сезе алды ма?. [13.315].

Ақын қыран бейнесі  арқылы батылдықты, ерлікті дәріптейді.

      Қазіргі ақындардың  поэзиялық шығармаларында қыран  бүркіт әр түрлі қырынан көрінеді. Мұнда қыран адамның іс- әрекетін астарлап жеткізуде көбірек қолданғанын аңғарамыз.

                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         ҚОРЫТЫНДЫ

        Қыран бүркіттің ерекше қасиеті мен даралығы қазіргі күні де өз мәнін жоймай, қазақ халқында кие тұтылады. Соның бір дәлелі Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағы қыран бүркіт бейнесі бақыт пен берекеге, өркениет биіктеріне ұмтылған ел мұратын, халық аңсарын аңғартады.

  «Қазақтың көркем әдебиет   шығармаларындағы бүркіттің бейнесі  » тақырыбындағы  ғылыми жобамызды  жазуда жоғарыда аталып кеткен  әдіс- тәсілдер арқылы талдай  отыра, келесі нәтижелерге қол  жеткіздік:

1. Қазақтың көркем шығармаларындағы  бүркітті ерекше құс ретінде бағалауы ертеден келе жатқан бүркіт-   көктің билеушісі ,  киеліктің белгісі ретінде қалыптасып қалған наным- сенімнің  нышаны екенін анықталды .

2. Қазақтың көркем шығармаларындағы  бүркіт бейнесінің қолдануы сипатына  қарай оның екі түрлі тақырыбын: «аңшылық, саятшылық» және «бостандық, еркіндік» айқындадық. «Аңшылық » тақырыпта жазылған екі ақынның шығармасы салыстырылып,  өзіндік ерекшеліктері анықталды.

Информация о работе Әскери терминжасам саласының кейбір мәселелері