Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 18:18, курсовая работа
Сөйлемде беретін мағынасына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлініп жататын сөз таптарының бipi — Үстеу. Бұлар көбінесе етістіктің амалын, тәсілін, қимылдық сынын, бейнесін көрсетеді. Қарт алдында шалқасынан сұлық жығылды. Бұл ойын бағана, жолшыбай Ғабитханға айтқанды (М. Әуезов). [1]
Сөз табының бірінен саналатын үстеудің жасалу жолы әр түрлі амалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай амал- тәсілдерді өзара сралап топтағанда, олар екі үлкен арнаға жіктеледі: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалдық (синтаксистік) тәсілдер. Екі тәсілде үстеу сөз табын тудыру үшін қызмет атқарады. Сөз таптары арнасында да түрліше амал – тәсілдер арқылы үстеулер жасалады.
1 Үстеу сөзжасамы 3
Ескерткіш тіліндегі үстеулер 4
Үстеудің шығу тегі 6
2 Үстеудің морфологиялық (синтетикалық) тәсілдер арқылы жасалуы 7
2.1 Үстеулердің жартылай аффиксті көрсеткіштері 8
3 Үстеудің аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер арқылы
жасалуы 21
3. 1 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер 22
3.2 Бірігу арқылы жасалған үстеулер 24
3.3 Сөз тіркестері арқылы жасалған үстеулер 25
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Міне, бұл айтылған заңдылықтың қазақ тіл біліміне де тікелей қатынасы бар. Септік жалғауларының ыңғайында жұмсалған үстеу сөздер осындай қасиетімен танылады. Профессор А. Ы. Ысқақов осындай құрылыстағы үстеулердің көрсеткіштерін жартылай аффиксті деп қарайды. Қалай болғанда да бұл қосымшалар түбір сөздермен кірігіп кетіп, әр мәнді үстеулерді жасауға ерте кездің өзінен-ақ ат салысқан. Соларды жекелей сараласақ, олардың көрінісі төмендегідей болып келеді. [6, 322]
2.1 Үстеулердің жартылай аффиксті көрсеткіштері
-да//-де /-та//-те/.
Сөзжасамның осы көрсеткіші үстеу, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптарына қосылып көбінесе мезгілдік, сондай-ақ мекендік ұғымдағы үстеулердің қалыптасуына себепші болған. Қолдағы жиналған материалдар бұл сөзжасам аффиксінің көбінесе үстеу сөздердің өзіне жалғанатындығын аңғартып отыр. Бұдан түбір сөздердің өзі үстеулік мәнде болып, қосымшалардың қосымша, үстемелік қызмет атқарып тұрғандығын байқаймыз. Бұл жерде бір ескерте кететін жайт, үстеу сөздердің түбір құрамын айқындау көп жағдайда қиындық туғызады. Өйткені үстеу сөз табы өз табиғаты жағынан басқалармен үндес түсіп жатады. Осы жағы ескерілген болу керек, проф. Н.К. Дмитриев башқұрт тілінің үстеуі жайында бұл заңдылықты айта отырып, өзге сөз таптарындай мұны басқалардан айқын ажырата алатын өзіне тән ерекше аффикстерінің жоқ екендігін ескертеді.
Үстеу сөздің өзінен пайда болған үстеулер. Мұндай үстеу сөздердің негізгі мезгілдік ұңымда жұмсалып, өзімен біте қайнасып кеткен қосындыны ды осындай мәнде болуға бағыштап тұрады. Қараңыз;
Үлкен айдынмен үркіте, шошыта
келген қалың қайрат, қара бұлттай
қатты ашу қазірде қайта
Кейде осы көрсеткіш басқа сөзжасам аффиксінен кейін мекен сатылып барып та жалғанады: Ертеректе осы өлкені мекен еткен ағайынды екі жігіт болады (Қ.Жұмаділов).
Зат есімнен пайда болған үстеулер. Бұл тәріздес үстеулер болған оқиғаның мезгіл мөлшерін білдіріп тұрады.
Әбден әңгімелесіп, тамақ ішіп болған мезетте келді (С.Талжанов). Бұл мезетте совхоз орталығынан келе жатқан жүргіншілер де келіп жеткен еді (Т.Қаупынбаев). . . .Мынадай бір шана шөпті біз өзі көтереді дегенді өмірде ойламағанбыз (М.Дүзенов).
Сын есімнен пайда болған үстеулер. Мұндайда сқздің түбір қалпы сын есімдік мәнде келеді. Алайда мағыналық үндестігі жағынан кейде мұндай сөздер үстеулермен де астарласып жатады.
Ауылдары алшақта отырған Сүлеймен старшина мен Бәкір молда да келіп, ботаның басында болды (С.Сейфуллин). «Ағайлар» деп бозалаңда, Тоқтатты бір бала танып (Ж.Молдағалиев). Келесі бір күндерде әуелі жылмықта қар ерісе, ... сонда бұл апатқа қарсы тұрар мұнда кім бар? (Ә.Көшімов).
Есімдіктен пайда болған үстеулер. Үстеулердің бұл түрінде сөз түбірі есімдік болады да, -да/-де қосымшаларының әсерімен енді олар мезгілдік ұғымдағы үстеу сөз табын жасайтын болады: Анада Ерғали барып қайтқанда бір сөзінен денем түршіккен (Ғ.Мұстафин). Еламан бұндайда өз бөлмесіне кетіп қалады (Н.Нүрпейісов). Күрес кезінде бұны біз естен әсте шығармаймыз (Ғ.Мұстафин).
Соңғы мысалдағы әсте үстеуі ешқашан деген мағынадағы есімдік арқылы жасалған. [6,325]
Негізгі сан есім арқылы жасалған үстеулер тілімізде өте аз кездеседі. Бұл ретте бір сан есімі арқылы келген үстеулерді атауға болар еді: Бірде ... Әзімхан деген ағайын жігіт екеуміз қашып кетіп едік (С.Сейфуллин).
-ын//-ін.
Бұл аффикс үстеу сөз табын жасауда ең көне түрінің бірінен саналады. Мезгілдік ұғымда жұмсалатын сөздердің құрамында келіп, түбірмен біріге тұтасқан қалпын сақтайды. Сондай-ақ бұл қосымша түбір сөзге қосылу арқылы амалдық мәнді де туындатады.Осындай құрамда келген үстеулер көбінесе ауызекі тілге тән болып келеді.
-ын//-ін аффиксі жайында түркологиялық ілімде, негізінен алғанда, қалыптасқан пікір бар. Ол – мұның септік жалғауының қалдығы деп танылуы.
Мәселен, профессор Н. К. Дмитриев жоғарыда аталған еңбегінде осы
–н(-ын) көрсеткішін көмектес септігінің көнерген түрі деп қарайды.
Қосымшаның осы түріне
академик А.Н.Кононов та назар аударған
болатын. Ол былай деп жазады: «Осы
өнімсіз екпін қабылдамайтын
аффикс бірнеше мезгіл және сын-қимыл
үстеулердің құрамында
Ал зеттеуші А.С.Ефимов түрік тілінде осы көрсеткіштің арнайы күрделі бір топ құрайтындығын айтады. Бұл кісінің айтуынша біздің заманымызға дейін осындай септік формасындағы біраз сөздер келіп жеткен. Бүгінде олар үстеуге айналып кеткен. Мәндік құбылысы жағынан олар жыл мезгілі мен тәулік мөлшерін білдіріп, есім сөздерден өрбіп жатады: қысын, жазын, күзін, күндізін.
Автор бұлардан басқа мекендік және сын-қимыл мәндерінде жұмсалатын үстеулерді де көрсетеді. Сонымен, жоғарыда айтылған пікірлерге қарағанда, -ын көрсеткіші үстеудің арнайы бір форманты ретінде танылады.
Қазіргі қазақ әдеби тілінде -ын аффиксінің сөз аясында жұмсалуынан гөрі түбір мен қосымша аралығында қолданылуы жиірек ұшырасады. Ол төменгі талдаулардан ашық байқалады.
-ында//-інде. Жоғарыда келтірілген қысын, жазын, күзін тәріздес үстеулер әдеби тілімізге көбінесе жатыс септігінің жалғауын қабылдап, қысында, қжазында, күзінде, соңында, аяғында түрінде айтылады. Сонда мұндай заңдылықта түбір мен қосымшаның аралығын байланыстыруда -н көрсеткішінің айрықша қызмет атқаратындығы байқалады. Татар тілінің сөзжасамын арнайы зерттеген Ф. А. Ганиев осындай сөздердегі -н құбылысын интерфикс деп түсіндіреді. [7, 196]
Тіл ғылымында
интерфикс ұғымы <<
Сөйтіп кейде ауыз екі тілде қысын келді де ауызекі тілде қысын келдім, жазын көрдім деп қолданылғаны бомаса, қазіргі әдеби тілімізде, қазіргі қазақ әдеби тілімізде мезгілдік ұғымды жұмсалатын осы тіріздес создер кобінесе осылайша нда түрінде айтыладыы (қысында,жазында). Осы жағын ескере отырып н көрсеткіші көмектес септігінің бұрынғы қалдығы бола тұрса да, Ф. А. Ганиев айтқандай, оның интерфикс қызметін тап осындай қолданыста басым деп санаймыз.
-нда түрінде келген үстеулерді түбірлік жағынан саралай келсек, бұлардың да әр түрлі сөз таптарынан жасалатының байқаймыз.
Зат есім арқылы. Басқа сөз таптарына нда көрсеткіші жалғану арқылы енді мұндай сөздер сын қимыл, мекен, мезгілдік, сипат алып, үстеу қатарынан танылады. Мәдинаның еті әбден бабында піскен екен, шалдар жағы дән риза, (Лен. Жас). Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында болғаны (Абай) Сырламай сол қалпында ұсынайын, Кешір, дос олақ айтсақ мына бізді(М.Әлімбаев). Ол басында күмілжіп ештеңе айта қоймап еді (Қ.Жұмаділов). [6, 328]
Үстеу арқылы. Түбір сөз үстеудің өзінен болады да, -нда арқылы қосымша мән алады.Қапыда өткен дүние-ай,Ақырында еш боды-ау, Ел үшін еткен еңбегім(Махамбет). Ертеңінде ол жұмысқа шыққан жоқ («Қаз.мұғалімі»).
-нда қосымшасы сан есімге жалғанғанда, бұлардың да арасында реттік сан есімнің–шы//-ші жұрнағы қолданылады: Бұл сөзде ақыл да бар, ғибратта бар . Өзіңе екіншіден пайда болар(Абай).
Біздің жоғарыда талдаған сөйлемдерімізде –да жалғауы аралық дәнекер –н арқылы үстемеленсе, төмендегі мысалдардан –ғы арқылы жалғанатынын байқаймыз. Мұның өзінен –да сөзжасамының түбір сөзге бірден жалғануымен қатар осылайша басқа бір көрсеткіштер арқылы сатылай қолданатынын да байқауға болады. –ғы +да түрінде келген осындай құбылыс көбінесе үстеу түбірлі сөздердің өзінде болады. Мұрат алғашқыда немістердің бұл әрекетін түсіне алмайды (Т.Ахтанов). Бүгерім жоқ, әдепкіде ағамнан айбындым, айта алмай біраз жүрдім (Н.Сералиев). Жоғарыда талдаған үстеу сөздердің қолданысынан басқа (қысында, баяғыда) –да жалғаулы үстеулер –тын, -ар,+ман аффикстерінен де кейін жұмсалады: Бұл сөз бертінде ғана өз орнында қолданылып келеді(Тарту). Әкем жас күнінен аңшылықты кәсіп қып, бертінде ғана қойған екен(С.Мұқанов) . Ұрлықпенен қулыққа Байлағанда кестің бау. Берерменде бесеусің. Аларманда және алтау (Абай).
Сөйтіп, -да көрсеткіші әр түрлі сөз таптарына жалғанып, үстеу жасауда айрықша қызмет атқарады. Бұл ретте ол, жоғарыда байқалғандай, түбір сөзден кейін, не болмаса араға басқа бір қосымша салып жалғанады.
Сондай-ақ әдеби тілімізде –да қосымшасы өзінен кейін де басқа бір көрсеткішті (-ғы) қабылдай береді. Мұндайда негізгі сөз көбінесе есімдік, көмекші есімдерден болады да, туынды түрімен мезгіл, мекендік ұғымдарда жұмсалады. Әсіресе, соңғы –ғы қосымшасы осындай мәндік ұғымдарды саралай, нақтылай түседі: Ақпан мен Баймағамбет екеуің Амангелдіге барып, мұндағы хабарды білдіріңдер(С.Шәріпов). Жанат алдағы жиналыста жасайтын баяндамасын жазып бітіріп, әкесінен бірер мәліметті алуға тосқан еді(Ғ.Мұстафин).
Осындағы үстеу сөздерде –ғы жұрнағы міндетті түрде айтылу керек. Сөйлемді егерде осы қосымшасыз айтатын болсақ, мағыналық әрі стильдік жағынан орашолақтық байқалар еді. Алайда осы типтес кейбір сөйлемдегі үстеуді –ғы қосымшасынсыз да айтуға болатын тәрізді. Мен сіздің анадағы бір айтқан сөзіңізді әлі ұмытқаным жоқ (С.Бегалиев).
Тұлғасы жағынан сырттай қарағанда, бұл көрсеткіш те бір кездерде барыс септігі болып танылғанымен, үстеу сөздердің құрамында ол жігі ажырамастай түбір морфемамен қатар қарастырылады. Басқаша айтқанда, осы туындының өзі жалғанған сөзімен бір тұтастыққа үстеу болып келеді. Сондықтан да осындай құрылыста келген үстеулердің табиғаты талданғанда, кірігіп кеткен сол тұтастық қалпы есте сақталады. Талданылып отырған бұл көрсеткіш те көбінесе үстеу сқздердің өзіне жалғанып, мезгілдік өатынаста жұмсалады. Менен әзірге сырыңды жасыра тұр, түбінде ең пайдалы кісің мен болам(С.Мұқанов). Кешке уәделі жерге бір сағат бұрын келдім (С.Жүнісов). [6, 329]
Сондай-ақ бұл сөзжасам зат есім, сан есім, есімдік және сын есім сөз таптарына да жалғанады. Абай сөзін көп қазақ күніге бір рет ауызға алатыны ақиқат шындық(М.Әлімбаев). Жылына бір емес, жүз жаңалық көремін(Ы.Жақаев). Оны өзге әйелдер қостай жөнелді(Ә.Нұршайықов). Ағаш тасасынан шыға еңбектеп алға жылжыдым(М.Иманжанов). Тырнақты жетісіне бір рет сиретпей алып отыру керек (Семья тәрбиесі).
Кейде –қа көрсеткіші басқа бір сөзжасамнан кейін сатылай жалғанады: Күндікке желең жүріспен еті қызған жарау торы ә дегенше-ақ межелі жерге жетпей, арланды қапталға алып, бүйірлей бастады (С.Әлжанов).
-дан//-ден (-тан//-тен).Үстеу сөз табын жасауда шығыс септік жалғауы да айырықша мәнге ие болады. Бұл көрсеткіш те бір кезде шығыс септігі болып танылғанымен, қазірде осы тәріздес сөздерде солармен біте қайнасып, үстеудің міндетіе атқарып тұрады. Бұл құбылыс түркі тілдерінің заңдылықтарында да айтылады. Мәселен, жоғарыда аталған мақаласында Л.С.Ефимова былай деп жазады: Қазіргі түрік тілінде шығыс септік формасынан ажыратылған үстеу мәніндегі сөздер кездесе береді: бірден, бастан
Қазақ тілінің материалында осындай жолмен жасалған үстеулер әр сөз таптарының негізінен құралады. Ең алдымен бұл көрсеткіш үстеулердің өзіне жалғанып, негізінен алғанда, мезгілдік және амалдық мәндерде келеді.
Мезгіз:
Әзелден қонағуар асыл халқым,
Әз тұтам көнермейтін осы
(З. Шашкин).
Амалдық мәнде: Еті қанлдай ығыз, құстың еті сияқты. Өзі де ғайыптан ұшырай кетті (Р. Әбутәліпов). Осы тұста азғантай жұмыс жасайды да, Ақан алғашқы әңгімесін қайтадан жалғайды (Ә. Нұршайықов). Кенеттен жылынған көктем күні қарды күртінен ерітті. (Көктем лебі).
Зат есім арқылы: Мұндағы үстеулер де, көбінесе амалдық мәнде жұмсалады: Азаматтың ойынабаяғы шарт қағазы тап осы жерде кілтесінен түсе қалғаны. (Б. Майлин). Ғабдолла етпетінен жатып, қалығ кітапты қақ жарып, ашып әндете оқиды ( М. Дүйсенов).
Сын есім арқылы: Қатты зақымданған балықтар жүзуге шамасы келмей, су бетінде жалпағынан түсіп жатады (.Т. Телеуғалиев).
Сан есім арқылы: Екі ана үш рет екеуден туған. (С. Мұқанов)
Есімдік арқылы: Бұның іздеп келгеніне Зағираптың неліктен құанғанын ол енді ғана ұғайын деді (А. Жақсыбаев).
Кейде осы сөзжасам басқа бір аффикстерден кейін барып жалғанады.
Айтқанын бұлжытпастан бәрін істеп, Тәуекел, теңіз жаққа бала жүрді (Н. Ахметбеков). ). [6, 327]
-ман//-менҮстеу сөздердің құрамында келетін көмектес септігінің жалғауының (-ман//-мен) сыры да жоғарыда талқыланған –ға//-ге, -да//-де, -дан//-ден қосымшаларымен бірдей түсіп жатады. Бұл қосымша да көбінесе, үстеузат есім сөздер құрамында келіп, жаңа реңктегі үстеулер жасауға қатысады. Мұндай үстеу сөздер, негізінен алғанда, мекен, мезгіл, амалдық мәнді білдіреді.
Үстеу сөздердің өзінен: Қарағым бермен кел, Бізге де көңіл бөл (Абай). Одан әрмен буалдырылған өлке жатыр (Қ. Исабаев). Қожаш ертемен қайтып кетті (С. Көбеев).
Зат есім арқылы: Бетімен жайылып жүрген бір ел баар...(Ғ. Мүсірепов). Осы күй әсерінен Болат сол күні күнімен арыла алған жоқ (З. Шүкіров).
Кейде бұл жұрнақ еотістік түбірлі сөздерге де жалғанып, оларды үстеуге айналдырады: Нұрлан жік- жаппар жалынып, жыларман болып жақындай түсті (З. Шашкин).
-лы//-лі Жұрнағы үстеу сөздердің өзіне жалғанып, мезгілдік мәнді одан сайын нақтылап тұрады.
Балапан мені қашып кетеді деп, ертелі аңдып жүр екен (Н. Сералиев).
Бұл жұрнақты -ман//-мен түрінің синонимі деп те қарауға болады: ертемен келдім, ертелі келдім.
-дай//-дей. Бұл аффикс үстеу сөз табын жасауда кеңінен қолданылады. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік түбірлі сөздерге қосылып, әр мәнді үстеулерді жасауға қатысады. -дай//-дей аффиксінің жалғанған сөзімен беретін мағынасы бір нәрсемен теңдестіру, салғастыра айту болса, мұның ол бастағы негізі тең сөзінен шыққан.