Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 18:18, курсовая работа
Сөйлемде беретін мағынасына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлініп жататын сөз таптарының бipi — Үстеу. Бұлар көбінесе етістіктің амалын, тәсілін, қимылдық сынын, бейнесін көрсетеді. Қарт алдында шалқасынан сұлық жығылды. Бұл ойын бағана, жолшыбай Ғабитханға айтқанды (М. Әуезов). [1]
Сөз табының бірінен саналатын үстеудің жасалу жолы әр түрлі амалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай амал- тәсілдерді өзара сралап топтағанда, олар екі үлкен арнаға жіктеледі: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалдық (синтаксистік) тәсілдер. Екі тәсілде үстеу сөз табын тудыру үшін қызмет атқарады. Сөз таптары арнасында да түрліше амал – тәсілдер арқылы үстеулер жасалады.
1 Үстеу сөзжасамы 3
Ескерткіш тіліндегі үстеулер 4
Үстеудің шығу тегі 6
2 Үстеудің морфологиялық (синтетикалық) тәсілдер арқылы жасалуы 7
2.1 Үстеулердің жартылай аффиксті көрсеткіштері 8
3 Үстеудің аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер арқылы
жасалуы 21
3. 1 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер 22
3.2 Бірігу арқылы жасалған үстеулер 24
3.3 Сөз тіркестері арқылы жасалған үстеулер 25
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
(А. Байтанов).
-ыс/- іс жұрнағы есім мәндісөздерге жалғаанады да, амалдық мәнді білдіретін үстеулерді туындатады. Өзін өзгелерден ылғи қағас ұстайтын мінезі бір құпия сырдың шетін аңғартқандай еді (Т. Жармағанбетов). Әби құлыны бар бір биені жетектеп, жортып келіп асығыс түсе қалды (С. Бегалин).
Сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай кейде осы аффикс өзінен кейін де басқа қосымшаларды жалғап отырады. Мұндайда бұл сөздер мезгіл не болмаса себеп мәндерінде жұмсалады. Балағы шідерімнің алтын еді, Асығыстан барамын сұрай алмай («Қазақ әндері»).-кірім. Бұл аффикс кейде –құрым түрінде де айтылады: кеш+кірім- кешқұрым. Құрамы жағынан күрделі болып келеді: кі+ рім. Үстеу негізді сөздердің өзіне жалғанып, мезгілдік мәнді нақтылай түседі. Екі жас, жаңа өспірім, Паркте жүрді кешкірім (Ж. Молдағалиев). Есеней тапсырған ту бие кешқұрым сойылды (С. Мұқанов). ...Шоқан Ханхожа ағасына күй тартқызып кештетұрым ауылдарына қайтты (С. Бегалин). [6, 328]
-дыз// -діз. Бұл жұрнақ зат есімді сөздерге жалғанып, мезгілдік ұғымда жұмсалады. Сырдың бойын күндіз көру ғанибет... (С. Мәуленов).
-ғаш// -геш. –ғаш жұрнағы есім мәнді сөздерге жалғанып. Олардың мезгілдік ұғымда жасалуына септігін тигізеді. Ағаңнан алғаш көрген қоқайы емес (хх ғ. қаз. ақынд).
-дық// -дік. Бұл жұрнақта есім мәнді сөздермен бірге жұмсалып мезгілдік мәнді білдіреді. Әуелде өрден ойға түскен ат тұяқтарының тысыры, әрідік жөтелген дыбыстар естіліп тұрды (Ә. Көшімов).
-ай// -ей. Бұл аффиксті –бай// -бей түрінен қысқарған дейді. Өйткені осындай тұлғамен келген сөздер (жолшыбай, жолжөнекей) ықшамдалған түрінде де (жолай) айтылады. -ай// -ей сөзжасамы зат есімді сөздерге қосылып амалдық мәнді үстеуді тудырады: Мектепке бара жатып, жолай магазинге кірдім (Ә. Қалдыбаев).
-нау// -неу. Аталған тұлға есістік түбірлі сөздерге жалғанып, амал мәнді үстеулерді туындатады: Мен Ноғайбектің көрнеу өтірік айтқанына күйініп кетсем де әңгімелеріне араласпадым (Б. Тоғыспаев). Билерді жүзі көрнеу қиянатты әдейі арсыздыққа жеңгізіп, адамды ақтық үстіне не айламен болса да шығарамыз деп жұмыла қарайып алған (М. Әуезов).
-би (префикс). Үстеу сөздер көбінесе сөз соңында қосымша жалғану арқылы жасалса, кейде префикс (сөз алдындағы қосымша) тәсілімен де қолданылады. Бұл ретте би префиксін атауға болар еді. Мұның өзі бей түрінен ықшамдалған. Бұлай дейтін себебіміз- би түрімен келген сөздерді (битарап, бибарақат, бижай) бей формасымен де айта беруге болады (бейтарап, бейбарақат, бей жай). Сәкен революцияны әншейін бір факты ретінде битарап отырып жырлаған жоқ, «Менің революциям» депжан- тәнімен сезініп жырлады (Е. Ысмайылов). Құныс бибарақат жортып- ақ жүр екен жол үстінде... (Х. Есенжанов). Басылды да ойран- бүлік, Дүние бижай тұрды тынып (А. Жұмағалиев.)
-ыртын// -іртін. Бұл жұрнақ есім мәнді сөздерге жалғанып, амал мәнді үстеулерщді жасауға қатысады (астыртын, үстіртін). Олардың кейбір қазақ байларымен астыртын жақындасып жүргендері байқалады (С. Сейфуллин). Әкем қыстай жан адамға сездірмеген астығын көктем туа Қайрақбай арқылы жан- жақтағы елге астыртын тарата бастады
(С. Мұқанов).
-ғары// -гері. Аффикстің бұл түрі зат есімді сөздерге жалғанады да, мекендік ұғымды үстеулерді жасайды. Қақпадан басып кірді, ішкері қадам басып, Бір үйінен өрледі, бір үйге асып (Абай). Қазіргі әдеби тілімізде сөйлем ішінде қролданылу ыңғайына қарай (тысқары отырды,, ішкері кірді) енді бұл қосымшаны бір тұтас, ажырамастай жаңа сөз тудырушы тәсілге айналып кеткен. [5]
3 Үстеудің аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер арқылы жасалуы
Үстеудің морфологиялық тәсілдер арқылы жасалуы тілімізде кеңінен орын алса, синтаксистік (аналитикалық)жолдары да көптеп кездеседі. Синтаксистік жолдар дегенімізде, негізінен, екі сөздердің қатынасуымен жасалған үстецулерді түсінеміз. Мұндай сөздер тіл заңдылығына байланысты бірде қосарлана жұмсалса, енді бірде бірігу жолына түседі. Сондай- ақ кейбір үстеулер екі сөздердің қатарласа жұмсалуы негізінде жасалады. Үстеулердің осы тәрісдес жасалу жолдары қазақ тіл білімінде бір сөзбен күрделі сөздер деп аталады.Сонымен үстеулердің аналитикалық тәсілін айтқанда, оғкан осындай күрделі сөздерді жатқызады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеу сөздердің табиғатын жете түсіну үшін, олардың жоғарыдағыдай, жеке түрлерін саралай талдауымыз керек . ). [6, 342]
3.1 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер. Үстеулердің аналитикалық долында екі сөз қатарласа (қосарлана) қолданылып, әр мәнде жұмсалған осындай сөздерді туындатады.
Қосарлана қолданған үстеу сөздер шығу тегі жағынан әр сөз табынан өрбіп жатады. Ал құрылысы жағынан қосарланған үстеулер бір сөздердің қайталан.уы арқылы (келе- келе, бара- бара, жүре- жүре) берілсе, енді бірде екі түрлі сөздердің қосақтала айтылуы негізінде де ( әне- міне, кеше- бүгін, мәре- сәре) өз көріністерін табатын болады.
Синтаксистік жолмен жасалған үстеулердің аясы тек бұлармен ғана шектелмейді.Бұл үстеулер құрамы жағынан алғашқы сыңары мәнді, екіншісі соған селбесе айтылған мәнсіздік ыңғайда келуімен беріледі (әрі- сәрі, өте- мөте, әрең- мәрең, кеш- меш, т. б). Али енді бір үстеулердің екі жақ қанаты да мағынасы түсінікчіздеу келген сөздердің үйлесуі арқылы қалыптасады (алдыр- бқлдыр, алас- күлес, ебіл- себіл, қым- ғуыт т.б). Тек осылай қосарлана қолджанылғанда ғана бұл тәріздес үстеулер белгілі бір мәнге ие бола алады.
Екі сыңары да мәнді қосарланған үстеу сөздер. Екі жағы да толық мәнді қосарланған үстеулер бір түбір сөздердің не болмаса екі түбір сөздердің қосақтала айтылуы негізінде жасалады.
Бір түбірлес сөздерден қосарланған үстеулер. Бұл үстеулер сөз табы жағынан көбінесе үстеудің өзінен болады және басқалары арқылы да (зат есім, сан есім, еліктеуіш сөздер) беріледі. Мына үстеулерді түбір қалпы жағынан үстеу сөздердің өзінен жасалған: бөлек- бөлек (жүгірісті), дамыл- дамыл (дем алады), енді- енді (түсіне бастадым), т.б. [6. 343]
Бір түбірлес үстеу сөздердің қосарлана айтылуы көбінесе мезгіл, мөлшерлік мәндерді туындатады. Ондай ауру жатқан бөлмеге немесе палатаға мезгіл- мезгіл терезені, есікті ашып, таза ауа жіберіп тұру керек (Е. Оразақов). Ән салып біраз көңілденіп алған соң, екеу- екеу жұптасып, дөңгеленіп би биледік (Ө. Тұрманжанов).
Бір түбірлес қосарланған үстеу сөздер белгілі бір жұрнақтардың қатынасуы арқылы да жасалады.
-ша// -ше жұрнақты қосарланған үстеулер. Мұндай үстеулер сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай амал және салыстырмалық мәндерде жұмсалады. Қомша- қомша киінген, Кешегі кедей баласы... (И. Байзақов).
Бұл жұрнақ кейдеқосарланған үстеулердің соңғы сыңарына жалғанады: Мен сенің жұмысыңнан өле- өлгенше бас тартпаймын (Ш. Айтматов).
-дай// -дей жұрнақты қосарланған үстеулер. Бұлар амалдық мәнді білдіреді. Аңдай- аңдай айтқаның, Ақыл толып, ой өсті. Ақырында байқадым: Әмір күле сөйлесті Ғ. Орманов).
- тын// -тін жұрнақты қосарланған үстеулер зат есім, сан есімді түбір сөздерге жалғанған бұл жұрнақтар мезгіл мәнді үстеулерді туындатады. Жиналған жұрт біртін- біртін тарап кетті (С. Омаров).
Осындай құрылыстағы үстеулер кейде –сын//-сін жұрнағымен алмастырылып айтылады: Әлдеқайда алыста салдырап, қатты айдап бар жатқан арба сарцыны бірсін- бірсін құмығып өшіп барады
(А. Нұрманов). Өзін- өзі ойнаған болыпалдағысы келгенмен демі дірілдеп көзіне бірсін-бірсін жас келе береді (Р. Тоқтаров).
Бұл түрдегі жұрнақтар әрдайым да осылайша алмастырылып айтыла бермейді. Әлсін- әлсін тәріздес үстеулерді әлтін- әлтін түрінде айтуға болады.
-сын//-сін жұрнақты қосарланған үстеулер. Бұл жұрнақ қосарланған үстеулердің алғашқы сыңарына жалғанады да, сөйлем ішінде мезгілдік мәнді білдіреді: Қасқа ат бір дыбысты сезгендей құлағын қадап, әлсін- әлі тыңдап келеді (Ә. Сәрсенбаев). Адамды жатқызып әлсін- әлі сусындатады, жаралы аяғын сәл жоғары көтеріп қояды (Е. Оразақов).
-лап//- леп жұрнақты қосарланған үстеулер. Мұнда жұрнақ үстеулердің екінші сыңарына жалғанады. Қосарланған түбір үстеулер көбінесе сын есімдерден болады: Бір- бірлеп, отыз- қырықтап, бес- бестеп (алдық). Сондай- ақ олар түбір сипаты жағынан басқа да есімдермен де беріледі. Үстеулердің бұл түрі амалдық және мөлшерлік мәндерде жұмсалады: Қыс келсе, қысылмайтын болды заман, мың-мыңдап қой қоздайды, төлдері аман (Т. Молдағалиев). [9,145]
- ма//- ме жұрнақты қосарланған үстеулер. Бұл жұрнақтар үстеулердің алғашқы сыңарына жалғанып, оқиға- әрекеттің орындалуындағы дәлдікті, жедел болған істі айқындап көрсетіп тұрады. Үстеулердің негізі көбінесе зат есім сөздерден болады: ауызба- ауыз, баспа- бас, бетпе- бет, жалма- жан, жүзбе- жүз, жылма- жыл, кезекпе- кезек, көзбе- көз, күнбе- күн, қолма- қол, сайма- сай, сөзбе- сөз т.б. Сол сияқты үстеулердің өз негізінде де туындайды: дәлме- дәл, тезбе- тез. Мұндай құрылыстағы үстеу сөздер әр уақытта да етістіктермен тіркесе жүұмсалып, оқиа- әрекеттер арасындағы тығыз байланыстылықты білдіреді.
ға//-ге тұлғасындағы қосарланған үстеулер. Бұлар негізінен алғанда, көмекші есім сөздерге жалғанып, амал (үсті- үстіне қойғыштайды) мәнін білдіреді. Септік жағауының көрсеткіші екінші сыңарда болады. Бекболат үстіне- үстіне төпелеп жауап беруде. (газеттен).
- да//-де тұлғалы қосарланған үстеулер. Бұл қосымша зат есімді түбірге жалғанып,көбінесе мезгілдік мәнді білдіреді. Басқа балаларды қойғанда, Ділдәнің өзі де баз- базда оның көмегіне тәуелді болып қалады
(Ә. Омарбеков).
Бір түбірлес үстеулердің бұл түрінде қосымша соңғы сыңарына жалғанады.
-дан//-ден тұлғалы қосарланған үстеулер. Үстеудің бұл қосарлы түрінде аталған қосымша бірде алғашқы сыңарына жалғанса, енді бірде керісінше екінші сыңарына үстемеленеді. Алғашқысында көбінесе амалдық мәнде жұмсалады: қарадан қарап (ашуланды), көптен- көп (сәлем айтты), жападан- жалғыз (жатыр), жайдан- жай (тиісті), турадан- тура (жүріп келеміз), бостан- бос (жүруге борлмайды), құрдан-құр (бос жүрме). Жұмыс үстінде ашықтан- ашық сөйлесіп те аламыз (Ә. Шәріпов). Олар құрдан- құр бет- бетімен есі шыға тырайлап барады (О. Бөкеев). Ажар жалғыздан- жалғыз отырып, өзіне өзі осы сұрақтарды қояды (Ә. Қалмырзаев). [11.336]
-ман//-мен тұлғасындағы қосарланған үстеулер. Бұл қосымшанығ қолданылысы да жоғарыдағы тәріздес болып келеді, яғни ол бірде алғашқы сыңарға қосыла айтылса, енді бірде екінші сыңармен біріге жұмсалады.
Алғашқы түрінде -ман//-мен көрсеткіші сан есімдерге жалғанып, амалдық мәдерді білдіреді: ... олар біртұтас бірімен- бірі, тығыз байланыста өмір сүреді (М. Қайрақбаев).
-а//-е тұлғалы бір түбірлес қосар үстеулер сөйлем ішінде келу ыңғайына қарай мезгіл, себеп, амал мәндерінде жұмсалады.Бірақ жастар қыза- қыза өз тілінде сөйлеп кетеді де,Галя бөлініп қала береді (Т. Аханов).
–й тұлғалы бір түбірлес қосар үстеу сөздер амалдық мәнді білдіреді: Құс мойнын қажай- қажай қиып түсуге қалған (Д. Досжанов).
-п тұлғалы бір түбірлес қосар үстеулер де амалдық мәнде келеді: Жақып ұзын бойлы онша созбай, созалаңдап орнынан тұрды да, бөліп- бөліп екі-ақ ауыз сөз айтты (Ғ. Мұстафин). [10. 333]
Екі түбірлес сөздерден қосарланған үстеулер. Қосарланған үстеулер екі түбірлес сөздердің қатар айтылуы негізінде жасалады. Бұл ретте олар түбір қалпы жағынан әр сөз табынан бола береді.
Үстеу+ үстеу. Бұл модельмен жасалған үстеулер бүгін- ертең, қысы- жазы, күні- түні.Бұлардың қайсыбірінің орнын алмастырып айта беруге болады. Алайда бұл сирек кездеседі. Қосарлана жұмсалған үстеулердің орын тәртібі тұрақталып, белгілі бір заңдылықтардың негізінде әдеттегі қалпын сақтап отырады. Амандық екеуміз екі атты жаратып, күндіз- түні жүрдік те отырдық (Б. Майлин).
Зат есім+зат есім: көл жоса, көл- көсір, қоян- қолтық, алма- кезек. Достығы жарасқан әр ұлттың өкілдері қоян- қолтық еңбек етуде (газеттен).
Сын есім+сын есім: ала-құла, ашық- тесік. Мәселеге ала-құла қарауға болмайды.
Екі түбірлес қосарланған үстеулердің жасалуы белгілі бір жұрнақтар арқылы жүзеге асады.
-сыз//-сіз жұрнақты қосарланған үстеулер: із- түссіз, үн- түнсіз, есеп- қисапсыз, енді бірде екеуіне де бірдей үстемеленеді үнсіз- түнсіз, қамсыз- мұңсыз, ақысыз- пұлсыз.
-шаң//- шең жұрнақты қосарланған үстеулер. Сол үнді тосып жатқандай, көйлек- дамбалшаң қоңылтаяқ Тайжан да серең етіп қарсы шықты (З. Шашкин).
-қай//-гей жұрнақты қосарланған үстеулер: жапа- тармағай, жол- жөнекей, көш- жөнекей. Мына дауыс оның есіне көш- жөнекей болған бір оқиғаны түсірген еді (С. Сарғасқаев).
Сонымен үстеулер басқа да бірнеше түрлі жұрнақтардың жалғануымен жасалады. [6. 353]
3.2 Бірігу арқылы жасалған үстеулер
Кейбір үстеулер бірігу арқылы жасалады. Бұл үстеулердің құрамындағы жеке сөздер өзара тығыз байланысқа түсіп, түбір құрамын айқындауға қиындық туғызатындай бір бүтін болып кірігіп кетеді. Мысалы: «бұратыла келдім» дегендегі бұратыла үстеуінің бастапқы толық түрі- біржолата. Бұратыла болып қалыптасқан түрі ауыз екі тілде кездеседі. Осы тәріздес үстеудің қатарына бітегене сөзін жатқызуға болады. Енді ол Балзиямен бітегене танысып, тонның ішкі бауындай жақын жуық жүретін болған
(С. Омаров). [6. 354]
Басыбүтін, бірсыпыра, жайбарақат сөздері айқын бірігіп тұр. Осындай заңдылықтарды ескере отырып, ғалымдар 2 топқа жіктейді: біріккен үстеулер және кіріккен үстеулер.
Кіріккен үстеулердің құрамындағы жеке сөздер деформацияға ұшырайды, не болмаса бір сыңары фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Ең нағыз кіріккен үстеулерге биыл, бүгін жатады. Бастапқы толық түрлері- биылғы жыл, бұл күн. Көкірекке құйыл нұр, Даналардың ойынан. Төгілші жыр, биыл бір,Тереңіне бой ұрам (Қ. Аманжолов).