Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 18:18, курсовая работа
Сөйлемде беретін мағынасына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлініп жататын сөз таптарының бipi — Үстеу. Бұлар көбінесе етістіктің амалын, тәсілін, қимылдық сынын, бейнесін көрсетеді. Қарт алдында шалқасынан сұлық жығылды. Бұл ойын бағана, жолшыбай Ғабитханға айтқанды (М. Әуезов). [1]
Сөз табының бірінен саналатын үстеудің жасалу жолы әр түрлі амалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай амал- тәсілдерді өзара сралап топтағанда, олар екі үлкен арнаға жіктеледі: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалдық (синтаксистік) тәсілдер. Екі тәсілде үстеу сөз табын тудыру үшін қызмет атқарады. Сөз таптары арнасында да түрліше амал – тәсілдер арқылы үстеулер жасалады.
1 Үстеу сөзжасамы 3
Ескерткіш тіліндегі үстеулер 4
Үстеудің шығу тегі 6
2 Үстеудің морфологиялық (синтетикалық) тәсілдер арқылы жасалуы 7
2.1 Үстеулердің жартылай аффиксті көрсеткіштері 8
3 Үстеудің аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер арқылы
жасалуы 21
3. 1 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер 22
3.2 Бірігу арқылы жасалған үстеулер 24
3.3 Сөз тіркестері арқылы жасалған үстеулер 25
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Біріккен үстеулер еркінірек түрде бірігу арқылы жасалады. Олар құрамы жағынан көбінесе екі түрлі сөз табының бірігуі, сөз таптарының бірігуі арқылы да жасалады.
Зат есім+зат есім: жайбарақат, енжар, аракідіріс. Мен... аракідіріс қамыттың үзілген құлақбауын жамаған боп қоям (газеттен).
Зат есім+сын есім: Өй тәйір, басыбүтін беріп тұрған жоқ, ұста мынаны деп жігіт қолына қондырды (М. Әуезов).
Зат есім+сан есім:Сатыбалдин Семейге келген соң Әбікен туралы біреу- міреуден ауызекі естіген ұзын- құлақ хабарын айтады
(С. Төлешов). Ауызекі- бір ауыздан екінші ауызға түсу арқылы үстеу сөз болады. [6. 354]
3.3 Сөз тіркестері арқыл жасалған үстеулер
Тілімізде көптеген ұстеулер сөз тіркестері арқылы жасалады. Бірінде үстеу сөздердің тіркесі еркін түрде болса, бірде тұрақтылық қалпын сақтайды. Күшейткіш мәнді үстеулер жеке өздері қолданылмай, басқа үстеулермен тіркесе жұмсалады. Өсе келе баланың аяқ- қолының қимылдары күрделеніп, алғаш отыруды үйренеді, сонан соңқаз тұрады, ең ақырында аяғын тәй- тәй басып жүруді үйренеді (М. Қайрақбаев).
Алғашқы сыңары әр есімдігі арқылы мекен, мезгіл мәндеріндегі күрделі үстеулер пайда болады: әр жақта, әр заманда, әр күні, әр уақытта, әр кезде т.б. Директор біреумен сөйлесудің алдында көзімен көзілдірігін алып, әр уақытта да бір езу тартып, күлімсіреп алады (С. Ерубаев).
Күрделі сөз тіркестерінің жасалуында фразеологиялық сөз тізбектері айрықша мәнге ие. Фразалық қолданыстағы үстеулер сөйлемдік құрылыста жұмсалады: бетегеден биік, жусаннан аласа; апы кіріп, күпі шықты; елдеен ала бөтен; белшесінен батты. Бетегеден биік, жусаннан аласаболып аз уақыт жүріп көрейінші, менен жақсы адам болмасын
(Ә. Сатыбалдин). [6. 359]
Қорытынды.
Қорыта келе, үстеулердің синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы жасады. Әр тәсілдің өзіне лайық жасалу жолдары болады. Сөзжасамның кейбір жолдары аталған екі тәсілде де қатысып отырады. Олардың сөздерге жалғану сипаты бірдей болмайды: бірінде олар түбір сөздердің өзіне жалғанса (синтетикалық тәсіл), енді бірде олар сол сөздердің қосарлана айтылуын (аналитикалық тәсіл) талап етіп тұрады. Бұл сөзжасамдар көнелген септік жалғаулы сөздердің табиғатынан шығады. Мысалы, басыңда аңғармай қалды, қысы- жазында бірдей жұмыс істейді. Бұл сөйлемдерде құрамынды –ында көрсеткіші үстеудің әрі синтетикалық, әрі аналитикалық тәсілдерін жасауға қатысып тұр. Басқа түрлерінде де осы тәріздес болып жұмсала береді. Ол етпетінен құлады; ашықтан- ашық сөйлестім. Мектептен ертемен оралды; лек-легімен шұбырады.
Бұл тәріздес жұрнақтар үстеулердің екі тәсілін бірдей жасауға қатынасуы олардың функциясының кеңдігін айқындай түседі. [6. 360]
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ