Абайдағы ғашықтық мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 00:00, реферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: Абай адамды дүниенін ең манызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен касиет бар. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену,екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу. Ол өзіне дейінгі мәдени мұраны бойына сіңдіре отырып, мәдениетке тың арна салды.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................2
I-Тарау. Абай философиясының қалыптасуы
1.1. Қазақ мұсылмандық негіздері..........................................6
1.2. Сопылық мәдениет және өкілдері..................................29
1.3. Шығыс пен Батыс Абай еңбектерінде...........................44

II-Тарау. Абайдағы ғашықтық мәселесі
2.1. Сопылықтағы махаббат..................................................55
2.2. Қазақ дүниетанымындағы махаббат.............................66
2.3. Абайдағы махаббат мәселесі..........................................69

Қорытынды................................................................................73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................76

Файлы: 1 файл

Абай.doc

— 524.00 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР


 

 

Кіріспе............................................................................................2

I-Тарау. Абай философиясының қалыптасуы

1.1. Қазақ мұсылмандық  негіздері..........................................6

1.2. Сопылық мәдениет  және өкілдері..................................29

1.3. Шығыс пен Батыс  Абай еңбектерінде...........................44

 

II-Тарау. Абайдағы ғашықтық мәселесі

2.1. Сопылықтағы махаббат..................................................55

2.2. Қазақ дүниетанымындағы махаббат.............................66

2.3. Абайдағы махаббат  мәселесі..........................................69

 

Қорытынды................................................................................73

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................76

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе         


 

Зерттеудің өзектілігі: Абай адамды дүниенін ең манызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен касиет бар. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену,екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу.   Ол   өзіне   дейінгі   мәдени   мұраны    бойына   сіңдіре   отырып,   мәдениетке   тың   арна   салды.  

Ислам   діні   қазақ   даласының    кемеңгер   ғалымдарының   назарынан   да   тыс   қалмаған.   Әрі   исламдық   дүниетаным   тарихи - әдеби   шығармаларында   да   өзіндік   орнын   тапқан.   Сол   себепті  «Тарихи   рашиди»   еңбегінен   бастап   Абай   шығармаларына  дейін   қазақ  жырауларының   жырларында   ислам   сеніміне   қатысты   әр   түрлі   шығыстық   жанрлар   көрініс   тауып   келген.

Абай   мұрасының   өзі – ақ  қазақ   тілінің   өрісін   ислам   әлемімен   тұтастай    байланыстыра   алады.  Абайдың   «Алла   деген  сөз   жеңіл»   өлеңіндегі:

                                  Ақыл   мен   Хауас   барлығын

                                  Білмейдүр,   жүрек   сезедүр.

                                  Мүттәкеллимин,   мантиқин

                                  Бекер   босқа   безедүр,-

Біз  бұл    өлең    жолдарында   Абайға   дейінгі   әдебиетіміздің   шағатай   түркілік    тілімізбен   байланысымызды   сеземіз.   Әрі   ақынның   көзқарасы   мен   дүниетанымын   байқаймыз.  Ол – ақыл   хауас,   жүрек,   мүтәкеллемин,   мантиқин   сынды   ислам    философиясының   терминдерін   қолдана   отырып  қазақ   халқына   исламдық   дүниетанымының    түрлі   бағытына   жол   сілтегені   айқын.

Абай  философия   деген   терминді  қолданбаған,   себебі   оны   христиандық   дүниетаным   деп   түсінген.   Ол  «философиялық   бұлақтың»   бастауынан   нәр   алған.   Абай    мойындаған   философтар -  Сократ,  Платон,   Аристотель  -  бұлардың    заманында    христиандық  та,   ислам   да   діни   жүйе   ретінде   анықталмаған.   Діни   туралы   түсінік   басқаша    болатын,   дін   ағартушылық  және   идеологиялық    қызметтеріне   әлі    енбеген.   Дін   ол   кездерде   білімнің   тек   синонимі   емес,   оның   өзі   болатын.   Дін  танымның   әмбебап  формасы   болып   тұрған   заманда   өмір   сүрген   грек   ойшылдары  Абайды   қызықтырған.   Батыс   философиясының,   мәдениетінің   христиандық   іргетасы,  әрине   мұсылмандық   көзқарастармен   үйлесе   бермейді.

 Абай   өз   заманындағы   Аристотель  сияқты   дүниенің   басталуының   бас   себебін   зерттеуші   ойшыл.   Дүниенің   мүмкіндіктен    шындыққа   айналуының    бас    себебін   Абай   «махаббат»  ұғымы  арқылы   түсіндірген.   Махаббат   жаратушының   құдіреті,   нұры,   дүниені   мүмкіндіктен  шындыққа    айналдыруының   басты   себебі.   Қазіргі   ғылымның   қисынды   тіліне   салсақ,   махаббат   бар   болмыстың   заңдылығы   және   де   ол   адамзатқа   тәуелсіз   онтология   заңдылығы   немесе   дүниенің   бар   болуының   мүмкіндігі.   Осы   мәнде   махаббат   адамзат   тарихының   басталуы.


Күдік – таным   басы,   күдік   ойшылдықтың   басты   принципі.   Сөйтіп   махаббатпен   жаратылған   адамзаттың   табиғатына   күдік   енді.   Адамзат   өз  кемістігін   жаратушының   құдіретінен   көре  бастады.  Алайда   мәселе    өзгеше   еді.  Жаратушым   адамзатқа  өз   құдіретін   құпия   етіп   берген    болатын,   бірақ   ол   айнадан   көріне   бермейтін   адамның    өзінің    болмысына   үңілуді   қажет   ететін.   Жаратқанның   құдіретінің    көріну   формасы    адамның   еркінде.   Ерікті   адам   жаратушының   керемет   шеберлігі,   бірақ   Иассауи   айтқандай    Алланың    пендесіне   өзі   берген   еркі   адамға    қауіп   болатын.   Адам   өз   Еркін   меңгере   алмаса,    ол   бүкіл   адамзатты    жойып   жіберетін   жойқын   күшке   айналуы   ықтимал,   сол   себепті   Абай   өзін    махаббатпен  жаратқан   жаратушысын   сүю,   оны   мойындау,   соның    құдіретіне    сай   қызмет   етуді   әрбір   адамның парызы   деп   санаған,   адам   кейпіндегі   «хайуандар»  келеді.  Сонымен  жомарт   адамның   бойында   үш  қасиет   болуы   керек,  олар    әділеттілік,   шапағаттылық   және   даналық.   Ондай    адамдар   кімдер  дегенге   Абай   нақтылы    жауап   берген.  «Бұл   айтылмыш    үш   хасләттің    иелерінің   алды   -  пайғамбарлар,   онан   соң  -  әулиелер,   онан   соң  -  хакімдер,    ең  ақыры  -   кәміл   мұсылмандар».

 Абай   айтуынша   табиғат   өледі,   яғни   өзгереді,   адам    ешқашанда   өлмек  емес.   Адамға   әуел   бастан   өлмейтін   тағдыр   берілген.  Абай:  «Мен»   өлмекке   тағдыр   жоқ   әуелбастан»,-деген. Сонда   Абайдың  айтып   отырған   «Мен» - дегенінің   мәнісі   неде?  Абай   адамды   екіге   бөледі,   бұл   ойын   ол   былай   білдірген:


                        Өлсе   өлер   табиғат,   адам  өлмес,

                        Ол   бірақ   қайтіп   келіп,   ойнап – күлмес.  

                        «Мені»  мен   «менікінің»   айрылғанын

                       «Өлді»   деп   ат    қойыпты    өңкей  білмес.

Абай  діни   қағидалар   шеңберінде   қалмаған   ойшыл.  Дінде,   Құранда   бар   сөзді   ғана   қайталап   айтып   отырса,  ол   хакім  бола  ма?   Абайдың   хакімдігі   сонда,   ол   әр   істің   басталуы   мен   себебін   іздеуші.   Сондықтан   ол   «ақыл   сенбей   сенбеңіз»,-   деп   өзі    айтқандай,   не   істі   болмасын   сау   ақылға   салады.  Ақын  Алланың  өзіне   де,  сөзіне  де   күмән  келтірмейді,  мәселе   Алланың  өзі   кім,   сөзі   не   соны    тану   керек.   Алланы   танудың   қиыншылығын,   ол  «Алла   деген   сөз   жеңіл»  деген   өлеңінде   ашық  айтқан.  Алланы   сөзбен,   ақылмен  емес,  жүрекпен  сезу   қажет,   оның   барлығын   тану  сезім   арқылы   болмақ.  Және  де   Абай   айтады,  Алланың   сөзі  бар,   ол  да  рас,   сонымен  бірге  адамның   сөзі   бар,  бірақ  оның   растығында   үнемі   күмән  бар. Жауапты  тағы   да  отыз   сегізінші   сөзден   табамыз.  Абай   айтады:  «Алланың   сөзі – қаріпсіз,  дауыссыз».

Зерттеудің мақсат-міндеті: Абай философиясындағы махабатының негізгі мақсаты мен міндеті Аллаһ тағаланы өз халқына ашық, шынайы түрде ашып беру болды. Өздерін имам санап, көсем санап жүрген білімсіз, халыққа дінді үйретіп жүрген молдаларға сын айтты. Абай бұл ілімді тәңірінің көркем есімдері мен сегіз тұрақты сипаты бойынша игереді. Әуелден бұл есімдердің мағынасын  біл һәм  сифаттары не деген  сөз, кәміл үйрен дейді ұстаз. Яғни бұл ілімге жеңіл желпі қарамай, оны терең оймен кәміл үйренуге  жүрегімізбен санамызға сіңіруге шақырады.

Оның үшін Аллаһ тағаланың сипаттары хаят, ғылым , құдырет, басар, самиғ, ирада , калам, такуин деп жазады кемеңгер. Бұл сегізінен Аллаһ тағаладай кәмәлат ғазаматпенен болмаса да пендесінде  бірінен өз халінше бар қылып жаратыпты. Соңғы сөйлемнен көріп отырмыз, Абай адамның сипаты мен Аллаһтың сипаты өзара ұқсас деген.(ғылымда антропология тәсілі делінетін) қағиданы басшылыққа алған.


Зерттеудің құрылымы: Зерттеудің  әдеттегідей кіріспеден, бірінші тарау үш бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен және қорытынды пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  I-Тарау. Абай философиясының қалыптасуы.


                              1.1. Қазақ мұсылмандық негіздері.

 

Абай Құнанбаев (1845-1904) - қазақтың ұлы ақыны, философы. Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ-ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердоуси, Сағди, Ширази, Низами, Науаилардың шығармаларын және ислам философтарының көзқарастарын жетік білді. Сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларын және Сократтың еңбектерімен таныс болды. В.Г.Белинскийдің еңбектерін көп окыды. Абай дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер философтардың шығармаларын окып, өз дәүірінің алдыңғы катарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өнеріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды. Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелер: Құдай мен табиғат, адам мен құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, Абай алға. басарлык тұрғыдан жауап беруге тырысты.

Абай өзінің философиялық көзқарасында: дүниенің, әлемнің обьективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпта тұрмай бейне бір ағып жатқан судай әрекеттеніп, өзгеріп отырады деп таниды. Бұл жөнінде Абай былай деп тұжырымдайды:

                          «Дүние бір қалыпта тұдырмайды,

                          адамның қуаты, өмірі бір қалыпта тұрмайды»,

                          «Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел»,

                          «Алдыңғы толқын -ағалар, артқы толқын інілер»- дейді.

Қазақ қоғамдық ой-пікірлерінің тарихында жаңа көзең деп ағартушылықтың философиялык негіздерінің пайда болуы мен қалыптасуы санауға болады. Қазақ тарихында философиялық ой-пікір саласында шыққан ойшыл кайраткерлері философияның   маңызды   мәселелері  жөнінде өз көзқарастарын ортаға қойды.

 

Оны білмеген соң ол жан, адам жаны болмайды, хайуан жаны болады». Абай «адам жанындағы асыл касиеттің бірі еңбек». Бұл тек өзінің кара басының қамын ғана күнттейтін еңбек емес, пайдасы көпке тиетін еңбек деп есептейді. «Өзің үшін еңбек кылсаң,  өзі үшін оттаған хайуан боласың, әрекет ет, пайдасы көпке тисін» дейді.


Абай «адамның ақылды, білімді болуы оның тумысынан емес, айналадағы дүниені сөзіп, біліп, үйренуінен, еңбек етуінен деп қарайды. «Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз» лейді Абай.

Жаралап, жасалып қойған нәрселерді көзбен көріп, акылмен біліп, сөзбекпіз. Демек, Абай білудің сөзімдік және акылдық таным арқылы болатынын құптайды. Бірак ол ақиқатты анықтаудың өлшемі акыл деп есептейді: «Ақыл сөзбен сенбеңіз, бір іске көз келсеңіз, ақсакал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты, акылменен жеңсеніз». «Акыл мидан, өлшеу кыл» деп танымдағы акыл ролін кетермелеп, материалистердің позициясына жақындайды. Абай гуманистік көзқарасты насихаттады. Ол адам атаулы жаратылысында бірдей деп карады. Өзін өзгеден артық санайтындарды сөгіп, «Мені мен сен теңбе деп мақтанасың, білімсіздік белгісі ол баяғы» дейді. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деп «Атаның баласы болма, адмның баласы бол» дейді. Ол жалпы адамзатты түгел сүюге және оларды тең көруге үндейді.

Абай өз кезінде қазақ қоғамының болмысына үңіле қарап, адам-гершілік мінөз-кұлық формасын ұсынады: «.Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз Өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дүшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, бес асыл іс көрсеңіз» -деп әдептілік пен қайырымдылықты дәріптейді.

Абайдың ойынша елдің жақсы жаман болуының тетігі оның ынтымақ-берекесіне байланысты. Ол «Берекелі болса ел жағасы жайлау ол бір көл, берекесіз болса ел-суы ашыған батпақ көл», дейді. Абайдың байқауынша, ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады: «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын»-дейді.

Абай адамдарды осы дүниеде еңбек етіп өнер білім тауып, өз тіршілігін оңалтып, рахат көруге насихаттайды. Халықты өнер-ғылым жолына жұмылдырады. «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба», «Болмасаң да ұғып бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз» дейді. Дүние бір алып бір құрылыс, оған әрбір адам өз үлесін қосу керек деп тұжырымдайды. «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» дейді. Абай ақыл -парасатты дәріптеп, ғылым мен ағарту идеяларын насихаттады. Абайдың философиялык ой-пікірінің әлеуметтік маңызы мен алға басарлық мәні, міне осында.[51/237-238]


Абайдың философиялық көзқарасының мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында «адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» Абай шығармаларын зерттеуге арналған еңбектер жеткілікті болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне байланысты көзкарастары жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір тұжырымдалған жан жоқ. Ойшыл ақнның терең  ойы мен  дүиетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей  келеді. Бұған қоғамдық болмыстың  өзекті мәселелері жөніндегі оның көзқарасының курделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде қарама-қайшылықтары белгілі дәрежеде қиындық туғызды. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы көзеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі  идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да табылды.

Информация о работе Абайдағы ғашықтық мәселесі