Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2015 в 20:33, реферат
Зерттеудің өзектілігі: Абай адамды дүниенін ең манызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен касиет бар. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену,екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу. Ол өзіне дейінгі мәдени мұраны бойына сіңдіре отырып, мәдениетке тың арна салды.
Кіріспе............................................................................................2
I-Тарау. Абай философиясының қалыптасуы
1.1. Қазақ мұсылмандық негіздері..........................................6
1.2. Сопылық мәдениет және өкілдері..................................29
1.3. Шығыс пен Батыс Абай еңбектерінде...........................44
II-Тарау. Абайдағы ғашықтық мәселесі
2.1. Сопылықтағы махаббат..................................................55
2.2. Қазақ дүниетанымындағы махаббат.............................66
2.3. Абайдағы махаббат мәселесі..........................................69
Қорытынды................................................................................73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................76
Дәексіз логикалық ойлау жолымен өнделген, корытыңцыланған, яғни, «... естіп білу, керіп білу секілді нәрселерді... сынап, орынды, орынсызын... есеп қылып.....» тәжірибеге сұйену жолымен алынған түйсік мағлұматтары объективті шыңдықтытанудың кажетті жағы болуы мумкін деп түсіндіреді ойшыл ақын. «Ақыл мен білім еңбек жемсі – деп жазды Абай, «еңбек таным сөзімін оятады», естігеніңді санаңда орнықтырады. Тек түйсік мағлұматтарды біртұтас табиғи байланыста болған жағдайда ғана, «сын көзбен қорытып», тәжірибеде сынау арқылы ғана тануға болады». «... Жан қуатыменен адам хасил қылған өнерлері де кунде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесең, тауып алған енеріңнің жоғалғандығын... білмей қаласың. Не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны төздікпенен уғып, уққаңдықпен тұрмай, арты қайдан шығады, алды жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге көп оқу оңды пайяа да бермейді».Абай да рационалистер сияқты әлемді тану жолында ақылдың атқаратын қызметін жоғары бағалады. Дегенмен, ол шынайы білімнің бірден-бір көзі сана деп білетін рационалистердің білімінің тупкі тегі - тәжірибе екендігін теріске шығаратын тұжырымымен келіспейді. Абай сана тек объективті шындықты ғана керсетеді: «Ақыл, ғылым - бұлар -кәсіби (еңбекпен табылған нәрсе)», - деп санайды. Абай адам танымын надандықтан білімге дейінгі, толық емес білімнен неғурлым толық білімділікке дейінгі үздіксіз даму деп түсінді, білімнің қайнаркөзі объективті шындық болып табылады және заттар туралы сол білім толық акиқат. Ол тәжірибе барысында білімнің толыға түсетінін ерекше атап көрсетті: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, устап, татып ескерсе, дұниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады».
Абайдың айтуынша адам ақылды немесе ақымақ, қайырымды немөсе жауыз болып тумайды, ол жағдайға, тәрбие мен еңбек қызметіне қарай қалыптасады. Ақынның бұл ойлары Чернышевскийдің адамның ақыл-ойы оның саяси және баска да дамуы сияқты экономик. өмір жағдайлары мен материаддық өмір сүрү құралдарына байланысты деген тұжырымымен ұйлесіп жатыр. Бірақ, Абай танымның сөзімдік-накты және түсінікті дең-гейлерін тиісті ғылыми атаулармен толык атап керсете алмады. Соған қарамастан оның негізгі ойлары дұрыс бағытта өрістейді, сенсуализм мен рационализмнің шектерінен асып, танымның сөзімдік және рационалдык жақтарын бөлінбейтін катынаста деп карауға умтылысты танытады. Абай таным барысында игерген білім мазмұны туралы айтқанда олардың шынайы болуына баса көңіл бөледі. «Шындық пен өтірікті анықтау»жолы-таным жолы болып табылады. Ол адам таным арқылы шындыққа жетеді дегенге сенді. Ақын «хақиқат... барлығыны білетұғын ғылымға ынтыктықтан» туындайды деген тамаша тұжырым жасайды. Бұл тұжырым Абайдың гносеол. пікірінің сырын ашып, оның топшылауынша шындық бейне мен объектіні тусінуге көмектеседі, өз түпнұсқасына сай, яғни, шындыктың біздің санамызда бейнелеуіне сәйкес қалыптасады, тек рационалды таным мен сөзімнің тұтастығы ғана таным нәтижесі мен сәйкестігінің басты шарты бола алады.
Ғалым алған білімінің көлемімен, көп окығандығымен ғана ардақты емес, ол өз білімін уздіксіз толықтырып, жаттығып, логик. ережелерді еркін меңгеріп, шеберлігі мен өнерін шындай тусуге тиісті. Ойшыл-ақын әл-Фарабидің, сол арқылы Аристотельдің логиканың мәні ғылым ретінде баяндалатын филос. еңбектерімен жақсы таныс болды. Оның логик. түйіңдеу шеберлігін еркінмеңгергендігін кара сөзбен жазылған «Ғақлиялары», сондай-ақ, өзінеқастандық жасалған оқиғадан соң 1898ж. Сенатқа жазылған хаты айқын дәлелдейді. Абайдың бұл кужаттағы сөз жүйелеуі, тұжырымдарының дәлелділігі, ойының айкындығы оның логика саласындағы алымының кеңдігін танытады. Ол жауласқан екі жақтын куәларының сөздеріндегі фактілер мен мысалдарды тиімді пайдаланып, олардан бірден-бір дұрыс қорытынды жасайдьқ.. «Егер куәлар өздері бір мөзгілде көргенбір окиға жайыңда уқсас пікір айтса, онда мұндай жағдай әлгіндей оқиғаның бол-мағаңдығына дәлел бола алады...».Абай неғурлым негізделген логик. заңдылыкқа сүйене отырып, шыңдықтың жекелеген уздік-уздік мысалдар арқылы ғана ашылмай, деректерді тұтас, өзара байланыстыра отырып құдіксіз дәледенүңн, сөйтіп, оның дұрыс тұжырым жасап, танымның шынайы нәтижелеріне жетуге қызмет көрсетуін талап етеді. Ол логик. дәледілік әдістерін басшылыққа ала отырып: «Мен былай деп ойлаймын: егер бір оқиға жайлы бірді-екілі емес, көп адам түсінік берсе және ол жайында мүлде ұксас пікір айтса, онда муның өзі оқиғаның ойдан шығарылмағандығын, шын мәнінде болғандығын дәлелдейді. Әлбетте, сол адамның да әлдебір мүдделер көздеп мулдем болмаған, яки болған оқиғалар жайлы нақ болғандағыдай етіп айтпауы да мумкін жай, оңдай жағдайда мұны жоққа шығару әңгімелер ұксас екен деген бірер тужырыммен түйіңделмей, әлгі әңгімелерді істің басқаша жағдайларында және басақа адамдардың куә-ліктерімен тексеруден өткізумен тұйінделуге тиіс» ,-депжазды.[1/581-586]
Абай қазақ тілін рухани жаңғыртып, тазалығы мен тұнықтығын паш еткен. Фарабимен аралыктағы уақыт кеңістігіне және еңбектерін аудармадан пайдалануымызға байланысты белгілі бір қиындықтар туары анық. Себебі аудармалар жасалған уақыттың қоғамдық саяси - йдеологиялық ой-пікірлері, аудармашылардың дүниетанымдық көзкарастары сияқты көптеген сыртқы факторлардың аудармаға өз табын түсірері анық.
Ал, Абайдың мұсылман әлеміндегі өзінің өзгермейтін тұрақты негізімен ерекшеленетін ғылым-білімді бізге тақау уақытта терең зерттеп игергендігін білеміз. Және қазақ рухани байлығының осы тұракты жүйелі іліммен тығыз байланысын түйсініп оны жаңғыртқан, бүгінгі әдеби-ғылыми тіліміздің бастау көзінде тұрған адам екені белгілі. Екі ғұламаның ортасындағы орасан зор уақыт кеңістігі болса да, олардың мәңгі бақи өзгермейтін ортақ негізге сүйенгенін көреміз. Осы жағдайларды ескере отырып екі ғұламаның көзқарастарын ұштастыра зерттеудің өзіндік маңызы зор.
Екі ғұлама да жалпы мұсылман ғұламалары сияқты имандыпық негізге сүйеніп, сонымен қатар ақылға ерекше назар аударады. Ақылмен тапқан иманның маңыздылығына ден қояды. Олардың әрқайсысы өз заманының ұрпақтары, әрқайсысының өмір сүрген өз дәуіріндегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси қатынастарға араласып, тұлға ретінде кемелденген, ғылыми танымдық көзқарасы калыптасқан ортасы, мектептері, үстаздары болған. Осы тұрғыдан алғанда оларды қатар алып қарастырудың мәні болмас еді. Бірак бұл екі ғұлама да бүкіл адамзат қоғамы үшін көкейкесті ғылыми танымдық мәселелерді өздерінше шешуіне қарап, олардың ілімдерінің бірімен-бірі ұштасар тұсынан кейбір мөселелердің акиқатын пайымдаймыз.
Әл-Фараби философияның мақсатын былай белгілейді. "Философияны зерттеу мақсатына келетін болсақ, мұның өзі барлық нәрсенің қозғаушысы, себебі болып табылатын, өзгермейтін және бірегей, бәрінен жоғары Жаратушыны тану. Ал, мұның осылай болатын себебі, ол -Алла өзінің рахымымен, даналығымен, ғылымымен, әділеттілігімен осы дүниені аса келісіммен жаратушы. Ал, философтың әрекеті адамға тән күш жігермен мүмкіндігінше сол Жаратушының әрекетіне үқсас болуға тиісті" - дейді.
Ал, Абайға жүгінсек, 38-ші қарасөзінде былай дейді: "Адамның ғылымы, білімі хакиқатка, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен табылады. О баста, ол - Алланың ғылымы емес, һәммені білетүғын ғылымға ынтықтық (тың) өзі де адамға өзіндік ғылым береді. Оның үшін де ол - Алланың өзіне ғашықтық. Ғылым - Алланың бір сипаты, ол (Алла) - хақиқат, оған ғашықтык, өзі де хақтык һәм адамдық дүр".
Сөйтіп, әл-Фараби үшін де, Абай үшін де ғылымның мақсаты Жаратушыны тану.
Абай "мұсылман болдың" дегенде бұл жерде шын мөнінде имандылықка келдің деген мағынада қолданып отыр. "Инсанияттың кәмелеттігі"- толық адам болуды талап қылуың ғылымға, мейірімділікке, әділдікке ұмтылумен, өз пиғылдарыңды соған (Аллаға) өз халіңше үқсатумен іске асады. Сондықтан: "Алла тағалаға үқсай алам ба деп надандықпен ол сөзден жиіркенбе, үқсамақ - дәл бірдейлік дағуасы емес, соның соңында болмақ, оның үшін Алла тағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Қүдірет, Басар, Сәмиғ, Ирада, Кәлам, Төкин. Бұл сегізінен Алла тағаладағыдай кәмәлат - ғазалат бірлән болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты. Біз өз бойымыздағы сегіз зәрра аттас сипатымызды Алла тағаланың сегіз үлық сипатына бас бүрғызып, пиғылымызды ертуіміз керек".
Абай "Ақылмен таппай иман жоқ" деген мәселені, яғни адамның ең қымбат қазынасы иманын өсіру үшін, ең асыл қасиеті - ақылды ақиқат тану жолына дұрыс бағыттай білуінің маңызы мен кыр-сырын ашады. Өлшеулінің өлшеусіздің алдындағы кішіктігін білдіре тұра, адамның ақиқат мақсаты ақылды түп Иеге бағыттау дейді. Иманның негізгі мәні - Алланы тану екенін осыған адастырмай бағыт сілтейтін иманның шарттары екенін, ал тағат-ғибадат сол иманның күзетшісі ғана екенін дәлелдейді. "Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселермен", "Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады" деген сөздерінен аңғаратынымыз: адамның адамшылық мақсатының өзі мейірімділік, әділеттілік, ғылымды сүю арқылы Ақикатқа үмтылу дегенін көреміз.
Әл-Фараби де ақиқат мақсаты - түп Иені, Жаратушыны тану екенін накты белгілеп, философияны хақтыққа жетудің бірден бір құралы деп біледі. Ол ұстаздарынан мұра болып қалған ғылыми әдіснамалық жүйеге сүйенеді. Сол ұстаздарының көзқарасын дәлелдеуде де, айшықтап түсіндіруде де, өзінің ғылыми ой-түйіндері мен пайымдауларында да иманның шарттарын негіз қылады. Иман -мұсылман әлеміндегі ғұламалардың барлығы үшін табан тірер ортақ негіз.
Әл-Фараби "Философияны үйренуден бүрын нені білу керектігі туралы" атты еңбегінде философияны зерттеудің алғы шарттарын сөз қылады. Ілгерідегі ғұламалардың философияны зерттеуден бұрын шәкіртке логика, физика, геометрия т.с.с. жекелеген ғылымдарды терең игеру, сондай-ақ жаны мен тәнді тазарту сияқты талаптар қойғанын айтады. Осы көзқарастардың бірде-бірін жокқа шығаруға болмайды деп түйеді, себебі, осының бәрі философияны оқып үйрену алдындағы дайындық, сөзімтал жанның қасиетін негізгі талапқа сай тәрбиелеу жолы дейді.
"Философияны зерттеуден бүрын сөзімтал жанның қасиеттерін, мысалы, рахатқа бату мен мансапқорлық сияқты алдамшы шындыққа емес ізгілікті ақиқатқа талпынатындай етіп тәрбиелеу керек. Бұл мінөз-қүлықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Қателіктер мен адасудан сақтарлықтай таза жолды түсінетін парасатты жанды осылай ғана тәрбиелеуге болады" дейді.
Абай өзінің отыз екінші қара сөзінде "ғылым-білімді үйренудің басы білім-ғылымның өзіне ғана құмар ынтық болып бір ғана білмектің өзін дәулет білу" деп үйретеді. Ғылымды ақиқат мақсатпен үйренуге үндейді. Бақастықпен "мен білемініңді" дәлелдеу үшін ғана үйренген ғылым түпкі мақсаттан адастырады.Бакасшыл адам хақты шығару үшін емес, қалайда жеңуді, өзін өзгеден ерекшелеуді ғана мақсат етеді деп біледі.
Абай "білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Ниет-пейілің басқада болып, білім-ғылымды белгілі бір дүниелік, пенделік мақсатқа жетуге себеп қылып, өгей көңілмен үйренсең жақсылыққа әкелмейді" дейді. "Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп төзірек қолға түседі. Ғылым-білімге мейірленіп, ынталы жүрек, шып көңілмен үмтылсаң соның нәтижесінде көңілге рахат табасың. Осы рахат күйдің дәмін алып, білгеніңді берік үстан, білмегенді тағы да сондай білсем деген үміттен ғашықтык, махаббат пайда болады".
Адамның ғылымы о баста хақиқатқа, шындыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмеққе құмар болудан басталуы керек. Осы ынтығудың да бастау көзі Аллаға ғашықтық. Адамның ғылымға, білімге, ақиқатқа, шындыққа, әр нөрсенің сыры, хикметін білуге үмтылысы да Аллаға ғашықтық. Ғылым - Алланың бір сипаты, хақиқат бір сипаты, осыларға ғашықтыктың өзі адамдық. "Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат қүрмет таппақ" сияқты нәрселердің махаббатымен ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды". Ғылым-білімнің хақиқатын іздеуші -нағыз адам.
Әл-Фарабидің "Екі философтың қасиетті Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы" атты шығармасында "Осы екі данышпан философияның іргесін қалап, негізін салды және оның жеке тарауларын ақырына жеткізіп, аяқтап шықты", - дейді. Осы екі философтың дүниенің жаралуы, Жаратушы, жан мен интеллект, Жаратушыны тану, адамның өзін-өзі тануы арқылы Хақты тануы т.б. көптеген мәселерге байланысты көзқарастары мен пікірін салыстыра отырып, олардың осы көкейкесті мәселелерге әр түрғыдан келгенімен ақиқат негіз жөніндегі түйінді ой-пікірлері бір жерден тоғысатынын дәлелдейді.
Ақиқат біреу, сондықтан жаны жаркын, ақылы айқын адамдардың негізгі мәселелер жөнінде осы екі философтың пікірлеріне сүйенетінін еске ала отырып, егер осы екі данышпандардың ақиқат жайлы пікірлерінде қайшылык, бар десек философияның мәнін жоққа шығарғанымыз дейді. Ал егер екі философ бір ақиқатты дәлелдейтін болса, онда олардың арасынан қайшылық іздеген зерттеушілердің осы философтардың ой-толғаныстарын түсіну мақсаттарында, көзқарастары мен сенімдерінде жалғандык немесе санасындағы хақиқат жайлы адасушылық бар деп түйеді. Әл-Фараби өз замандастарының санасындағы хақиқат жайлы адасушылықты екі данышпанның іліміне сүйене отырып анықтайды, осы ілімді жете түсінбеүден тұған бұрмалаудан, жалған уағыздаудан қорғайды. Ғылымның түп мақсаты имандылык негізге сүйене отырып, Ақиқатка жету екенін дәлелдейді. Мәселен дүниенің жаралуы және мәңгілігі жайлы ой-пікірлерді саралауда әл-Фарабидін жаратушы және жаратылыс жайлы пікірі айқын көрінеді, сонымен қатар екі ойшылдың көзқарастарындағы акиқатты дүдәмал жорамалдарға жол берместей қылып айшықтап береді.
"Қайсыбіреулер Аристотель дүниені мәңгіден бар деп, ал Платон дүние жаратылған деп есептеді деп санайды" дей келе бұндай пікір Аристотельге тағылған жала, ұятты оңбаған жорамал деп табады.
Аристотель жайлы осындай жорамалдың туу себебі ретінде оның "әлемнің (жаратылыстың) уақыт өлшемінде басы жоқ" деген пікірін ашықтап түсіндіреді. Осыны бұрыс түсінген көпшілік "дүние мәңгі" деген пікір туғызып алды дей келе, осы пікірдің жалғандығын былай түсіндіреді. "Уақыттың өзі әлем козғалысының, яки ғарыш денелерінің айналымынан туған өлшем немесе сан. Сондықтан әлемнің (жаратылыстың) басын, оның өзі қозғалысқа енуінен туындайтын уақыт өлшемінің ішінен іздеу ақылға сыймас сөкеттік. Әлемді әлем козғалысынан туатын уақыттан тыс үлы күдіретімен Жаратушының өзі жаратқан деу ғана дүрыс пікір болып табылады". Яғни мәужут мәңгілік сипаты бар Жаратушы уақыт елшеміне сыймайды.
Осы ойын "Философтардың сауалдарына жауап" деген еңбегінде де анықтап айтады. "Бүкіл әлем негізгі екі бөлік материядан және формадан тұрады. Сондықтан осы екеуінің о бастағы құрылу уақыты біреу - бірақ әлемнің өзінен алда және бөлек. Ал, сол әлемнің ішіндегі көптеген бөлшектердің қалыптасуы мен ыдырауы сол әлем уақытының өлшемінде жүзеге асады. Әлемнің о бастағы жаралуы мен ақыры бұл өлшемге сыймайды. Әлем уақыттан тыс пайда болды және уақыттан тыс жоғалады. Басы бар нәрсенің аяғы да болатыны айқың.