Абайдағы ғашықтық мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2015 в 20:33, реферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: Абай адамды дүниенін ең манызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен касиет бар. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену,екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу. Ол өзіне дейінгі мәдени мұраны бойына сіңдіре отырып, мәдениетке тың арна салды.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................2
I-Тарау. Абай философиясының қалыптасуы
1.1. Қазақ мұсылмандық негіздері..........................................6
1.2. Сопылық мәдениет және өкілдері..................................29
1.3. Шығыс пен Батыс Абай еңбектерінде...........................44

II-Тарау. Абайдағы ғашықтық мәселесі
2.1. Сопылықтағы махаббат..................................................55
2.2. Қазақ дүниетанымындағы махаббат.............................66
2.3. Абайдағы махаббат мәселесі..........................................69

Қорытынды................................................................................73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................76

Файлы: 1 файл

Абай философиясы.doc

— 524.00 Кб (Скачать файл)

        Әлем түтастай алғанда пайда болған және өткінші, өйткенмен оның пайда болуы мен жоқ болуы фәнилік уақыттан тыс, керісінше, сол әлемнің өзінің бөлшектері калыптасып ыдырауы уақыт ішінде жүзеге асады. Бүкіл мактауға лайық болған Алла ғана жалғыз, Акикат, Жаратушы, ол ғана әуелден бар, мәңгі бақи жоқ болмайды".

         Әл-Фараби көптеген діни ағымдардың (секталардың), иудейлердің, бақсы-балгерлердің, сиқыршылардың космологиялық түсініктерін айта келіп, олардың барлығына тән пікір - жаратылыстын мәңгілігі, оның ғайып болмауына саятын адасушылықтарын дәлелдейді. "Осы екі философ және олардың жолын қуушылардың себебімен Алла тағала көптеген ойшыл парасатты жандарды адасудан сақтап, қүтқарып қалды" дей келе "Өйткені жаратылыс ісін айқын, нанымды дәлелдермен түсіндірді,   нәрсенің  нәрседен  тарамайтынын және нәрседен болатын жайлардың барлығы сол нәрсені ір-ітіп тоздырмай коймайтынын, дүние жоқтан бар болғанын және жоққа айналатынын көрсетті"-деп жазады. "Жаратушыда дене бар және ол қозғалыс пен уақыт шеңберінде әрекет етеді деп үғатындар үшін, ол материалдық зат емес, уақыт және қозғалыс шеңберінен тыс әрекет етеді, мекенсіз деп түсіндірудің қиындығын айтады. Бұл түсініктердін көкейкөзі ашык адамдарға түсінікті болса да жалпы көпшіліктің өзіндік интеллект шеңберінен асып жатқандыктан оларды жазғыруға болмайды" дейді.

                               Көк тұман - алдыңдағы келер  заман,


                               Үмітті сәуле етіп көз көп  қадалған.

                               Көп жылдар көп кунді айдап келе  жатыр,

                               Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім  талған.

                               Ол күндер - өткен күнмен бәрі бір бәс,

                                Келер, кетер, артына із қалдырмас.

                               Соның бірі арнаулы таусыншақ күн

Арғысын бірақ Алла біледі рас, -деген Абай өлеңінде торығудың сызы сөзілердей. Бірак бұл мүлдем үмітсіздіктің торығуы емес. Күн артынан күн, жыл артынан жыл келе жатқан ғалам айналымының ішіндегі осынау уақыт өлшемі үздіксіз көрінеді. Бірақ осы үздіксіздік жайлы үғымның өзі жалған.

Оның шегі Абай тілінде "таусыншақ күн" делінеді. Одан арғысы бақилықпен, мәужудтікпен (әуелден бар ешкашан жоқ болмайтын) сипатталатын Аллаға ғана белгілі дейді. Одан әрі "Ақыл мен жан - мен өзім, төн - менікі, "Мені" мен "менікінің" мағынасы екі, "Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, "Менікі" өлсе өлсін, оған бекі" дейді. Бұл үмітсіздік емес, қайта "менікі" уакытша болғанымен "меннің" бақиға үласатынынан үміт ету. Бірақ бақидағы бақытқа жету немесе азапқа душар болу мүмкіндігін  бір Алла ғана біледі дейді. Әл-Фараби Жаратушының мәңгілігін айтса, Абай Жаратушыны танитын адам рухының мәңгілігін айтады.

        "Біз айтарымыз: Жаратушы өзіне ғана тән қасиетімен және өзінің мәнімен басқалардың баршасына қарама-кдрсы тұрады. Ол мағынасы жағынан ең ізгі, ол нағыз армандағыдай, ол ең жоғары нәрсе, тікелей де жанамалай да  оның өзіне сәйкесі де, үқсасы да жоқ.. Сонымен бірге Жаратушыны жалпыға мәлім үғымдармен де бейнелеуге болмайды. Сондыктан оның әрбір сапасын бейнелеу үшін қолданылатын үғымның қандайын да болсын сол сөздің біз білетін мағынасынан басқаша өзінше бір мағынасы болатынын білуіміз кажет. Егер, мысалы, біз оны орасан ізгі және қүдіретті десек, оны сонымен бар нәрсе деп айтуға болады. Сонымен бірге біз оның болмысы өзінен төмен түрғандардың бәрінің де болмысына үқсамайды деп түсінеміз" - дейді әл-Фараби.

         "Ол - Алла Тағаланың заты ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ақылымыз мұқтаж... Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмады. Алла тағала өлшеусіз, біздің акылымыз өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды. Біз Алла тағаланы "бір" дейміз, "бар" дейміз, ол бір демеклік те ақылымызға үғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол бір демеклік те Алла тағалаға лайықты келмейді... Ол "бір" деген сөз ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде, Қүдай табарака уа тағала кітаптарда сегіз субутия (түрақты) сипаттары бірлән, және тоқсан тоғыз әсма-и хүсналар (керкем жақсы есімдер) бірлән білдірген",- дейді Абай .


       Бірінші түлғаның есімдері жайлы әл-Фараби былай дейді. "Мың сан атаулар аркылы, - оған өзіміз тағатын   есімдер арқылы, - көрсетілген бұл кемелділік түрлері (соншалық) көп түрлер екен деп ойламау керек, керісінше, осы мың-сан есімдерді мүлде бөлінбейтін бірегей субстанция және бірегей болмыс деп түсіну керек". Яғни, осы жерден үғарымыз Абайдың да, әл- Фарабидің де айтары Жаратушының барлығы мен оның сипаттарының бірегейлігін естен шығармау керек. Біз онын сипаттары жайлы ақылға салып ойланғанымызбен ешбір сипатын толық ақылға сыйғыза алмаймыз. Біздің ақылға сыйғызуымыз үшін жеке-жеке атайтын әрбір сипатыпың шексіз терең мағынасы бар болуымен қатар, ол сипаттардың барлығы бірегей, біз ақылымызға сиғызуға талпынып, бөлшектеп түсінуге мәжбүрміз. Біздің түсінуімізге ол тіптен мұқтаж емес. Біз имандылығымызды бекітіп, ақылымызды өсіру үшін мұқтажбыз. Ғылым және Ақикат біздің ақыл түсінігіміз үшін жеке-жеке айтылатын өзіндік сипаты бар үғымдар, ал бастаукөзде біреу. Ал, осы екі ұғымнын бірлігін тануға умтылудың өзі Алланы тануға умтылу. Өйткені, қазіргі қазак тілінде қолданылатын осынау руханиятқа байланысты ұғымдардың барлығы Алла тағаланың сипаттарын білдірген атау сөздер. Алла деген сөз олардың барлығының мағынасын сыйғыза алатын жалпы есім. Сондықтан да Жаратушының бірегей біртұтас бірлігінің мағынасын береді. Абай тілінде "Ол" - "Алла" деген сөздік тіркестің қатарластыра қолданылуының бір мәнісі бар. Осы екі жалпы есімді катар колдана отырып Қүдірет, Ақиқат, Ғылым, Рахым, Әділет сияқты Алланың сипаттарын біздің ұғымымызға сыйдыру үшін қолданылатын есім сөздердің түп негізі, яғни рухани мәні тереңде. Уақыт пен кеңістік өлшеміне сыймайтын, бір және бар, бүкіл осы сипаттарын бойына сыйғызатын бірегей қүдірет бар екенін айқындай  түсу үшін қолданады. Осы ұғымдарды қолдану арқылы Хақты тануға умтылу біздің ақыл тиянағымыз үшін кажет. Хақ тағала осынау мың сан сипаттарын бойына біртұтас бірегей сыйғызады. Әрбір сипатқа бөлшектеніп кетпейді, ол бөлшектенуге мұқтаж емес. Біз осынау өлшеусізді өлшеулі ақылымызға сыйғызу үшін әрбір жеке сипаттарын тануға мәжбүрміз.

        Ақылға салып дәлелдеудің өзі ақылдың дәрменсіздігін біле тұра жасаған белгілі бір мәжбүрлік. Абай ақыл мен сөзім мүшелері Алланың барлығын білмейді, жүрек сөзеді, мүтәкәллим (дінді дәлелдеушілер) мен мантикиндер (кисынмен түсіндіріп сөйлеушілер) жүректің білген ақикатын жеткізуде дәрменсіз дейді.


                                           Дененің барша қуаты,

                                           Өнерге сапар бар күшін.

                                           Журектің ақыл-суаты,

                                          Махаббат қылса Тәңірі үшін.

Алланы махаббатпен тану жүректің еншісінде, бірак, оған сусын болар акылға жүгіну керек дейді.

. Әр заманның ойшылдары  да осы такырыпта толғанып, негізгі  үстаным ретінде бекіткен.[52/45-50]

                          

 

                    

1.2. Сопылық мәдениет және өкілдері.


 

Ұлы Мүхтар Абайдың "қаралы көңіліне түскен ақылдың нұры". Ал жарық бар жерде — көлеңке де бар. Сол сияқты Абайдың "қырықжамау жүрегіне" сәуле түспей калған, түссе де Мүхтар Омарханүлы қыртысын жаза алмаған, жазуына мүмкіндік бермеген, бірақ, "есті кісіге" емеурін танытып кеткен қалтарыстар бар.

        Соның бірі — Абайдың исламият дүниесі мен түркі әлемінен тартқан тамыры.

        Түркілік дүние танымының тамырын таппай Абайды танып-білу мүмкін емес. Ол — ақыл бәйтерегіне тамырсыз тамсанғанымен бірдей. Тағдырдың тәлкегіне орай дана Абайды дәл осылай "таным тамырынсыз" талдап, түсіндіріп келдік.

       Өйткені түркі жұрты даналыққа дерменсіз, ақыл-ойға қабілетсіз деген, сол арқылы олардың үлттық намысын, өзіне деген сенімін өлтіріп, дербес өмір сүре аламыз-ау деген үмітін өшірмек болған нәсілдік өктемдік өңешті жыртты. Дауысты тұншықтырды. Бұл қастандық Мүхтар Әуөзовке де жасалды.Бірақ, қазақтың, Абайдың бақталайына орай амалын тауып аман қалды. Сондықтан да ұлы ойшыл өзінің бар талант-қуатын "Абай жолы" эпопеясына жұмсап іштегі запыранын төкті. Онда да мысқылдап отырып шығаруға мәжбүр болды.

       Қарсылықты — қаскүнемдік туғызады. Өшпенділікті — өктемдікті қоздырады.

       Исі ислам дүниесі мен түркі тектес үлттарды басып жаншып, басыбайлы етіп, тұқыртып тұншықтыруға тырысқан шіркеулік һарам пиғыл мен жаһангерлік отарлау саясаты, өздері түркі жүртна бодан болған заманның кегін қайтарудан туған нәсілдік өшпенділік — исламият пен түркілік қозғалысты өмірге әкелді.

       Бұл — ғазғауатта, түрікшіл ортақ майдан да емес, кәдімгі, рухани қарсылық болатын. Діні, тегі, тілі жат жұртка жасаған шабуыл емес, керісінше, дінің, ата тегін, ана тілін сақтап қалуға ұмтылған рухани қозғалыс еді.

       Өйткені ислам мен түркілердің бірлік нысанасы Римде немесе Ресейде насихатталған жоқ.


       Ол өзінің тарихи таным кеңістігінде, тарихи ұлттық Отанында ұрығын септі. Арандату, дздыру, ыдыратып-қоздыру, қырып-жою, шоқындыру, тәуелдендіру іспетті қастандық әрекеттер сол жаншылған ұлттың ішінде зорлықпен, діні, тегі, тілі жат сыртқы жүрттың зорлығымен жүргізілді.

Бүғауға көнгенімен де былауға көнетіндей түркі тектілер мүлдем мәңгүрттеніп кете қойған жоқ болатын.

        Олардың да арасынан Шаһабуддин Маржани, Каюм Насири, Исмағұл Гаспаралы, Абай, Ата Түрік сияқты "ақылдың кені" шықты. Олар ұлттың санасын оятып, екі түрлі ұлы қауіптен: дінді уағыздай отырып тілін ұмыттырған "арабияттың" рухани жалауынан; дініне де, тегіне де, тіліне де, жеріне де өктемдік жасамақ болған ресейлік жаһангерліктен сақтап қалды. Алдыңғы қауіп — Түркияға, Әзірбайжанға, Шығыс Түркістанға төнсе, екіншісі — мұқым Шығыс, Орта, Батыс Түркістанның, Ібір-Сібір елінің басына қарғыс үкіміндей боп үйірілді.

        Бұл пиғылды үлы Мүхтар Әуөзов дер көзінде ашық жария етпегенімен, шәкірттерге арналған дәрісінде айтып, дәптеріне:

"... Жүз жыл бойында  орыс әдебиеті патшаға карсы  ереуіл ойдың үлгісі болған. Осыны түсінген бұратана елдегі азаматтар казақ елінде де шыға бастаған. Тілі бір, тарихы жақын түрік, қырғыз, өзбекті алсақ төз ояна қойған жоқ, ертерек оянған қазақ халқы болды... Шоқанның осындай жолға түсуі, тарихтың қалай көшетінін түсінгені. "Зар заман" ақындары  таба алмаған жолды осылар табуы керек еді... Ертеде арабтан көп мәдениет тараса, бұл шама оның тоқтаған көзі болатын. Иран мәдениеті де музейдің ішінде сақталған мәдениет сияқты. Шағатай, түрік тілін алсақ, бұл тілдегі әдебиет те әлсіз еді. Орта ғасырда шағатай мәдениетінің тарап, бірнеше ақынның шыққан көзі. Бұл 400-550 жыл бұрын болған әдебиет мұралары. XVIII ғасырда сол ертедегіні қайталап қана жырлады. Шығыста да батыстың қысымына қарсы қозғалыс болған. Бұл ескі режимді қайта құру негізінде болды. Дінді қолдарына ту етіп ұстады. Еуропаның өнерінен қашпау керек. Бірақ, оны алғанда исламды күшейту үшін алу керек дейді. Мысырдан Мүхамед Ғабдуку шықты. Бірнеше медіреселер болды. Мұсылманшылықтың логика, философиясын оқыды. Бірақ ертеде жазылған кітаптан ғана оқыды. Онан тысқары кете алмады. Панисламизм көтерілісі Ресейде пантюркизм деген қозғалыстың тууына әсер етті. Халықты діні арқылы үгіттеді. Абай, Ыбырай сияқты жаңа дүниеге жаңа көзкдрас туғызу керек деген үғымды бастаушы аз болды", — деп жазды.Емеурін танытып қана кеткен Мүхтар Әуөзовтің құпия көмбесінің бірі, міне, осы үзақ үзіндідегі пікір.

        Исі түркістандық ұлттардың маңдайына қарғыс таңбасындай басылған, еуропашылдық шовинистік қастандық пен шіркеулік аяр пиғылдан өршіген, қасақана арандату үшін тасталған: "пан — исламизм, пан — тюркизм" — деген атышулы қастаншықпағыр ұран осылай туды.


      ХІХ-ХХ ғасырдағы түркі жұртының басына төнген жан алғыш Әзірейіл осы екі "пантеизм" болды.Бұл обадан бетер қауіп төндірді.Үлтының ең кекті, зиялы, рухы күшті зиялыларын отап түсірді. Ел "өңшең нольдің" ортасында "бір кемелсіз" қалды. "Жынды су" ішкен машайықтар құсап "есті кісіні" ойранға ұшыратты. Көшеге сүйреп шығарып, таспен атып өлтірді. "Ақ", "қызыл" жаһангерлердің "түрмесіне сап қинауын" қозғап, жүлын-жүйкені тоздырмай-ақ қоялық . Мұндай рухқа, ұлтқа, дінге нәсілдік һасап жариялаған қасапхана — қоғамға Мұхтар Әуөзов те жария түрде қарсылық білдіре алмады.

         "Абайдың оқыған медіресесінде... арабияттан басқа түркіні оқыды. Түркі тілі деген бертінге шейін келген. Бұл тіл — кітап тілі, әдеби тіл болып есептелген. Түркі тілі — 1915 жылға шейін түркі елдерінде ортақ тіл болатын. Түркі тілінің негізі шағатай әдебиетінен шықкдн. Шағатай әдебиеті — сол уақаптағы бүкіл түркі еліне ортақ әдебиет болған. XV ғасырда әуелде парсы тілінде, соңынан түркі тілінде жазыла бастаған Науаи, одан кейін Хүсайын Байқара деген кісілер шығады. Осы көзден  бастап түркі тілінде кітаптар жазылды. Сондықтан "Құраннан" әрі шыққандағы оқитындары Орта Азия ақыңдары еді. Абай үйінде, бала көзінде де түркі тілін окдыған. Соңдықтан Абайдың түркі тілімен оқығаны тек медіреседегі 3 жыл ғана емес, Абай түркіні де, арабиятты да Ахмет Ризаның медіресесінде оқыды. Түрюнің қандай, араб мәдениетіне көңіл бөлудің қандай екенін, араб тарихынан әсер алуын Абайдың шығармаларынан көруге болады... Осы шамада екі ананың арасындағы Телғара — кітаптан және елдің аузындағы әңгіме, ертегілерден нәр алған Телғара еді", — дейді Мүхтар Әуезов.

        Яғни, әжесі мен туған анасының мейіріміне қалай қанып өссе, араб пен түркі мәдениетін де солай тел емді.


        Абай бұл сәбилік махаббаты мен ынтызарлығын ғұмырының соңына дейін ұмытпады. Түрікшілдік пен исламият идеясын жанына жақын тартты. Кейіннен орысқа, еуропалық ілімге ден қойды. Бірақ ол жан дүниесіне сіңген тума ілім емес, өзі ақылмен іздеп тапқан суық таным болатын. Ол Шығыс пен Батыстың парасат тізгінін тең ұстап, өзі жүретін сара жол іздеді.

       "Абай батыстың өнер көрмесіне қазақ сақарасынан, Шығыстан шығып: сапар шегіп келіп, әдейі не барын, нендей сырлы екендігін танып қайтайын деген кісі сияқты. Бірақ шын өнер, шын мәдениетті көру — мұң. Көрген соң дәмін татып, нәрін алған соң жым-жылас, түк жұқтырмай кетуі мүмкін емес... Рас, "Шығысым — батыс, батысым — шығыс боп кетті" — деген сөз Абайдың ішкі дүниесінің барлығы бірдей қопарыла өзгеріп кетті дегенді білдірмейді. Еуропаның ғылым, өнер, мәдениеті мұны барған сайын қызықтыра тартып, соңына шыңдап телміргенін білдіреді. Өз ішін бермеймін деп жүрсе да ақын көп жанасу арқылы, бірқатар жаңғырып, түлей бастады" .

Информация о работе Абайдағы ғашықтық мәселесі