Абайдағы ғашықтық мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2015 в 20:33, реферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: Абай адамды дүниенін ең манызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен касиет бар. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену,екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу. Ол өзіне дейінгі мәдени мұраны бойына сіңдіре отырып, мәдениетке тың арна салды.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................2
I-Тарау. Абай философиясының қалыптасуы
1.1. Қазақ мұсылмандық негіздері..........................................6
1.2. Сопылық мәдениет және өкілдері..................................29
1.3. Шығыс пен Батыс Абай еңбектерінде...........................44

II-Тарау. Абайдағы ғашықтық мәселесі
2.1. Сопылықтағы махаббат..................................................55
2.2. Қазақ дүниетанымындағы махаббат.............................66
2.3. Абайдағы махаббат мәселесі..........................................69

Қорытынды................................................................................73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................76

Файлы: 1 файл

Абай философиясы.doc

— 524.00 Кб (Скачать файл)

Әуелде, таңғы шықтай тұнық наным байырқалай келе запыранға айналды. Мұның өзі ақындық рухын ашындырды. "Ақыл — ашыған у, ойы — кермек" татыды.

        Абайдың таным қайнары — қазақтың дәстүрлі даналығы. Содан кейін барып: "түрік, араб, парсы", ақыры соңында орысқа ауысты. Өмірінің соңында тағы да исламият пен түрікшілдікке қайтып оралды. Ішкі рухы қатайып, беріштеніп оралды.

          Ол дәуірде Шығыс пен Батысты тұтастырған тұлғалар өте аз еді. Абай бұл бағытты ұстанған тұңғыш түркі қазағы болғанымен де, одан да бұрын исламият пен түрікшілдік әлемінде ұлы өзгеріс әкелген ғұламалар болды. Абай рухани тұрғыдан солардың таным жолын ұстанды. Мүхтар Әуөзов бұл оқымыстылар туралы: жақындап, өзінше: ақыл — діні бола бастайды. Осы жайлары қара сөздерінде де айқын көрініп тұрады. Міні, Шығыс жағасынан Абайдың барлық тұлға мазмұнына орнаған поэзиялық, ой-саналық ілгелері осындай. Аз нәрсе емес. Үстіңгі бір жамылшы ғана, бір қабат жұтқа қабыршақ қана емес. Көңіліне орнаған терең тамырлы бұйымдар... Сонымен өз тұсында, XIX ғасырдың екінші жартысында Шығыс ілімінде майданға шыға бастаған жаңашыл, рационалшылдар дін реформашыларының шеніне араласады.


         XIX ғасырда өмір сүрген, дін ислам мен түркі ұлтының арасынан шыққан, дүние ғылымына түбірлі өзгеріс енгізіп, мұқым мүһминдер мен түркі жұртының көзқарасын жаңаша қалыптастырып, ойлау жүйесінің дәрежесін биіктетіп, исламды дін ретінде де, ғылым ретінде де жаңа сатыға көтерген Шаһабуддин Маржанидей ғұламаны табу қиын. Осы уақытқа дейін Абайдың діни көзқарастары мен таным тамырын араб пен парсы философиясынан іздеп, нақты ой тоғысын таба алмай сандалудың бір себебі — айбаттанушылардың жәдидшілерді, олардың ой ағымы және Маржани, Гаспаралы, Насыри іспетті оқымыстылардың ілімін назардан тыс қалдыруы еді. Ұлы таным тамырының ұшы сонда жатыр.

           Сөйтіп, Абайдың ақылын ұйытқан даналық мәйегі — "арабияттан да, парсияттан" да емес, түркияттан — түркі әлемінен табылды.

Бұл занды да еді. Өйткені, түркі жұрты сол тұста бір-бірімен кереғар екі діннің, екі қоғамның, екі мүдденің шарпуына түсіп, ұлттық тұрғыдан да, діни сенім тұрғысынан да жанталаса арбасқан күйді кешіп жатыр еді. Ресейдің отарлау саясаты мен шоқындыру пиғылы қарсылық туғызды. Ал күрес бар жерде — жаңа нысаналардың тууы табиғи. Шығыс пен Батыстың ырғасуының нәтижесінде — жәдидшілер дүниеге келді.

Оларды заманның өзі екшеп шығарды.


          Дінислам дүниесіне: "Алланың өзі жар болған" діни философияның даналық негізін қалаушы Софы Аллаярдың "Құран" хадистеріндей қасиетті түсінікке айналған тәпсірлеріне түзету енгізген Шаһабуддин Маржани де оқымыстылардың оқымыстысы, Абай айтқан нағыз "хакім" еді.

          Оның әлемдік тұлға дәрежесіне көтерілуіне — туған ұлтының тұйыққа тірелген тағдыры, рухани және ұлттық басыбайлылыққа ұшырауы ықпал етті. Ол дінді — ұлттық, рухани өзгіге қарсы қасиетті құрал деп түсінді. Сондықтан да исламияттың философиялық көзқарасы мен дін тарихын, әрбір ұлы тұлғалардың тұжырымын зерттеп, соларды таным талқысынан өткізеді. Еуропалық жаһангерлік пен жаһилдіктің қармағына іліккен исламият пен түркі жұртының рухани және ұлттық өзгіден құтылуының жолын қарастырды.

        Ғұламалық жолға түсіп "ғылымды — Алланың бір сипаты ретінде имани парыз" деп түсінген Шаһабуддин Багауиддинұлы 1818 жылы жазан шаһарының іргесіндегі Маржан қаласында дүниеге келді. Ғұлама ғалым Ақжан Машановтың мәліметіне жүгінсек, оның атасы Сухбан асқан оқымысты: "Өткенді білгендіктен (ол туралы тарихи хаттарды) жинаймын, келешекке білмегендіктен ұмтылмаймын" — деген қанатты сөз қалдырған данагөй бопты. Медреседе хат таныған Шаһабуддин "әуелі түркіні, содан араб, парсыны біліп", орыс тілін еркін меңгеріп, сол тілдерде ғылыми еңбек жазған. Мұхтар Әуөзовтің кепілдігіне жүгінсек, Абай "Тәржіман" газетін жаздырып алып, үзбей оқыпты. Міне, осындай дүниежүзілік беделге ие болған жадидшілер исі ислам дүниесі мен түркі әлемінің санасына төңкеріс әкелді. Олар біріншіден: барлық тұжырымды "Құраннан" алатын "мүтәкәләм" бағытын өзгертіп: математика, химия, жаратылыстану, қоғамтану, жағырафия пәндерін игере отырып, дінді ғылым дәрежесіне көтерді, сөйтіп Алланың жасырып қойған шындығын ақылмен табуды ұсынды.

        Екіншіден: Әр халықтың өзінің тіл ерекшелігіне сай жазу-сызуын қалыптастырып, дыбысталуы бойынша әріптермен белгілеуді мақсұт етті. Сол арқылы "Құранды" да әр ұлттың өз тіліне аудара отырып оның мағынасын сол тілде жеткізіп, түсіндіріп, тәмсілдерін талдап дінді "жаттаумен" емес, санамен сіңіруді шарт етіп қойды.


Үшіншіден: ұлы рухани (дін исламның) және тарихи (түркілердің) тұтастыққа ұмтылуын басты нысана — идеология дәрежесінде көтерді. Бұл мәселені ғазауат пен жаһатсыз, сана мен санат, таным мен тарих тұтастығы арқылы ғылымға сүйене отырып, ақылмен бейбіт тұрғыда шешуді көздеді.

          Жәдидшілер: руханият пен тектік, тілдік, тарихи тұтастыққа жеткенде ғана жаһанды билеген жаһангерлердің аранына жұтылмай, дін мен тілді, жерді сақтап қалуға болады деп есептеді. Бұлай істемеген жағдайда, бет-бетімен кеткен мұһминдер мен түркілердің бірінің басын біріне қоспай, шіркеулік және отаршылдық жаһангерлердің оларды отарлап, рухани тәуелді етіп алуы, текті аздыруы әбден мүмкін екендігін ғұламалар білді.

       Жәдидшілер "зар заманның" мұндай зауалды ағымын "суық ақылмен" талдады. Олар ХІХ-ХХ ғасырларда ислам дүниесі мен түркі әлемінің адамзаттың даму сатысынан кейін қалып, тоқырауға ұрынғанын мойындады.

Құдіреті күшті жалғыз Алла жебеп, Түркістанның тұтастығы мен азаматтығын сақтау үшін — дінге де, ұлттық дәстүр мен санаға да, оқу жүйесіне де, сыртқы-ішкі саясатқа да жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін түсінді және сол үшін күресті. Ахмет Байтұрсынұлының "Төте жазу әліппесі" мен Әлихан Бөкейханұлы құрған "Алаш" партиясы сол жәдидшілердің ықпалы арқасында өмірге келді.

       Бірақ өзі сондай аңсаған бұл күнді Абай көре алмай кетті. Абайдың діни, тарихи, мантихи (логика) , танымдық, философиялық, дүниеауилық, ұлттық, қоғамдық пікірлері арабияттан, парсияттан таралды. Таяу Шығыстан туған рухани ілім мен көзқарасты бойына сіңірді деген біржақты ұғым қалыптасты.

Бетін қасиетті Қағбаға қаратқан абайтанушы ғалымдардың ниеті дұрыс болғанымен де, түркі дүниесінің ақыл-ойының даму тарихы мен тәжірибесін сыни пікірден сырт қалдыруы жалған пайымдауларға жол ашты. Тек қана түркі әлеміне ғана емес, исі исламияттың қағидаларына тың көзкарас әкелген, оның даму жолын анықтаған Шаһабуддин Маржани, Каюм Насыри, Исмағұл Гаспаралы, Заки Уәлиди іспетті түркі нәсілінің рухани көсемдері ұмыт қалды.


        Абайтанушылардың жүрегі дауаламай, тәуекел еткендерінің таным қайнарын таба алмай, тұспалға ұрынуының кілтипаны осында жатыр. Бірақ та олардың ілімі мен есімі аталмаса да:

                                          Мұны жазған кісінің,

                                          Атын білме, сөзін біл!

                                         Осы жалған дүниеден,

                                         Шешен де өткен не бұлбұл,

                                         Көсем де өткен не бұлбұл.

                                         Сөз мәнісін білсеңіз,

          Ақыл — мизан (таразы), өлшеу қыл, — деп Абайдың өзі айтып кеткендей, түркі табиғатының ақыл өлшемі болып Абай, Мағжан, Мұхтар сияқты ұлылардың жүрегінде өмір сүрді.

       Әлемдегі ұлы діндердің барлығы да мұны іс-тәжірибеде қолдануды үмметтік парыз ретінде мойынсына қабылдады. Ислам дүниесінде де дәстүрге айналды. Әрбір жұма сайын мешітте уағыз айтылып, діннің түрлі қағидаларының мағынасы талқыланды. Заман тудырған қайшылықтарға сол аптаның, күннің арасында өткен оқиғаларға діни тұрғыдан баға беріледі. Шариғат бойынша оған қандай көзқарас ұүстану қажеттігі шешіліп, оны "Құран" хадистерімен негіздейді.

         Мұхаммед пайғамбардың салып кеткен бұл жолы әлі де ықтиятпен орындалып келеді. Сол дәстүрдің негізінде ислам діні діни таным ретінде де, саяси қозғалыс ретінде де, рухани дәстүр ретінде де дүние жүзіндегі ең беделді және белсенді руханияттың бірі есебінде алдыңғы қатарда келеді.                    Мұқым мүһминдер сол үшін де тәубе етіп, иманыңызды үйіресіз. Бұл заңдылықты Абай:

"Аманту " (иман келтіру) оқымаған кісі бар ма ?


 "Уәктубихи " (іліміне сену) дегенмен ісі бар ма ?

                         Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,

                         Жарлықпен — ол сіздерге, сіз де — оларға.

                         Заман, шаруа, мінөз күнде өзгерді,

                         Оларға көз-көзімен нәби (елші) келді.

                         Қағида шариғаты өзгерсе де,

 Тағриф (алланы тану) Алла еш жерде өзгермеді, —

деп баян етеді.

         Шындығында да, егерде дүниедегі барлық жақсылық пен жамандықты істеп және істетіп отырған Алланың өзі болса, онда оған қалай "ақылмен сеніп, иман тілеп, ғибадат етесің?" Осылай жазудың өзі күнә. Бірақ Абай Алланың шындығына күмән келтірмейді. Алланың хаһтығын, растығын мойындайды. Сондықтан да ол:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

 Сен де сүй ол Алланы жаннан тәітті.

        Адамзаттың бәрін сүй "бауырым " — деп,

    Және хаһ жолы осы — деп әділетті", —

деп "Қара сөзіндегі" пікірдің астарын аша түседі. Бұдан әрі:

       Алла — мінсіз әуелден, Пайғамбар хаһ,

           Мүһмин болсаң, үйреніп, сен де ұқсап бақ.

 "Кұран " — рас, Алланың сөзі дүр ол,

Тәуиліне жетерлік ғылымның шақ —

деп ойын нақтылайды.

Сонда Абайдың айтқысы келгені қандай нысана?

         Мұндағы басты мұраты — Алланың атымен көз алдын көлегейлеп, Растың бетін көрсетпей, танымды емес, тек мүнәжәтті ғана уағыздаған әсіре ұстаз — имандарды, қазақ арасындағы молдаларды әшкерелеу. "Бұзық пиғылды", ғылымға карсы, жаттанды нақыл иелерін:

          Ақыл мен хауас (сөзім) барлығын,


Білмей-дүр, жүрек сөзе-дүр.

                                     Мүтәкәллимин мантикин (дінді түсіндіруші адам),

                                          Бекер босқа өзе-дур, —

деп оларды сынға алады.

Барлық діни танымдардың терең ғылыми зерттеулерге негізделгеніне қарамастан, әр заманда да әрбір адамның жүретін тітіркендіріп, ішкі қарсылығын тудыратын пікір. Абай сол екі ұдай сөзім күйін өте ептілікпен шиыра келіп, қара қылды қақ жарып отыр. Оның бұл көзқарасын өз замандастары мен шәкірттері де жақтыра қоймаған. "Орысшылсың, дінсізсің!" — деген құстаналаулар содан туған. "Бірақ осының бәрімен қатар Абай фанатик те емес. Мұсылманның көп молда, көп кітабы даттаған фанатик, схоластик дінді ұстанбайды. Шығыс жағасынан алған нәрдің бәрін Абай өз ақылымен, сыншыл, ойшыл ақылымен, бірақ, әрине, санашылдық жолымен өзінше қорытып алады. Бұған кірген бұйымдардың басы — ислам діні, онан соң Шығыс поэзиясы  және мұсылман ғылымының ілгері-соңғы ғұлама философтарының сөздері болады". Абай осындай биік танымға тек өзі ғана жол тауып шықпаған. Оған жоғарыдағы Мұхтар Әуөзов емеурін танытқан "шығыстың ғұлама философтары" ой салып, бағыт сілтеген. Ал солардың ең беделділері Софы Аллаяр мен Ғазали, Жалаладдин Ауғани мен Дауани, түркі жұртының ішінен шыққан Шаһабуддин Маржани. Қасаң қағидаларды сынаған, дінді ғылыми арнаға бұрған да солар еді.

      Исламияттағы қайшылық — Алланы танудан, оған күмән келтіруден немесе пайғамбардың ақ жолына сенімсіздіктен туған жоқ. Қайшылық — мүһминдердің өз танымында еді. Ол "Құранды" түсіну, талдау мәселесіндегі қарама-қайшы бағыттардың мәмілесіз қақтығысынан туды. Кейбір тәмсілдерге заманның ағымына қарай өзгеше баға берілмеді. Шариғаттың қатып қалған қағидаларын жібіткілері келмей, оны мәңгілік заң ретінде қабылдады. Бұл Алланың өзі сілтеген ақ жолын тұйыққа тіреді. Мұхаммед пайғамбардың: "Кімде-кім ғылымды және ғалымды сүйсе, жаннатта сол менің көршім болады" — деген хадисін ұмыт қалдырады.Соның нәтижесінде бір көздері даналық пен ғылымның бесігі болған елдің ақыл-ойының дамуы тоқырауға ұшырады.Дінислам — қатып қалған қағида емес, рухани ұлы ұғым.Дін — адамзатты ілгері жетелеп, игілікке жеткізуі тиіс еді. Таза мұсылмандық таным жөніндегі пікірлердің өзара қайшылығын былай қойғанда, қоғамдық ойдың дамуына тұсау болды. Бұл — ислам дінінің емес, соның насихатшылары мен уағыздаушыларының жіберген қателігі болатын. Шаһабуддин Маржани бұл ағымға тосқауыл қойып, исламның ұлы Мусаллихы — реформаторы атанды. Ол: дінді — біліммен сіңіруге, Алланы ақылмен тануға, Алла жаратқан нәрсені адамның ақылымен зерттеп, білуге болады. Шындыққа нұқсан келтірмей, нақты жазаға тартпай, ақиқатты ақылмен дәлелдеу керек. Ол үшін діні мен нәсіліне қарап жатырқамай, адамзаттың әр қауымы тапқан амалды танымның мүддесіне пайдалану қажет деп төрелік айтып, өз көзқарасын дәлелдеп шықты. Бұл өзі ертеден келе жатқан діни философияның шешілмеген түйіні болатын. Ақжан Машановтың зерттеуі бойынша баяндасақ, "Құранды" түсіндірудегі пікір қарама-қайшылығы атақты халиф әл-Мумин мен ғұлама Ахмед ибн Ханбалдың тұсында басталыпты. Халифтың ықпалындағылар: "Құран" араб тілінде жазылған. Сондықтан оған талдау жасап, түзетіп, түрліше түсіндіруге болады деген қағиданы ұсынып, қолындағы биліктің күшімен хадистерді орынды-орынсыз бұрмалаған, хадистердің мағынасын өз мүдделеріне пайдаланған. Ал ғұлама Ханбал бұған үзілді-кесілді қарсы шығып, Алланың аяны арқылы жазылған "Құранды" еш өзгертуге де, басқа кітаптар сияқты онымен пікір таластыруға да болмайды деген.

Абай үшін қасиетті үш ұғым бар. Ол — Алланы жаныңнан да тәтті көріп сүю. Адамзаттың бәрін "бауырым!" деп жақсы көру және һах жолын ұстау. Демек, адамзаттың ақылы мен махаббаты ортақ. Қай дәуірде өмір сүрсе де ол Алланың жаратқан пендесі. Ендеше, әл-Ғазалидің ежелгі юнан ғылымын шеттетуі — бақас ғылым. Ол:


Дін де осы, шын ойласаң — тағат та осы,


        Екі дүние бұл тасхид (рас) — хаһтың досы, —

деп қорытады.

Информация о работе Абайдағы ғашықтық мәселесі