Аристотель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 17:57, доклад

Описание работы

Древнегреческий ученый Аристотель, философ, энциклопедист и основоположник логики, первым в систематическом виде изложил воззрения на душу.
Жил Аристотель в 384-322 годах (IV в. до н.э.).

Файлы: 1 файл

Аристотель.docx

— 484.27 Кб (Скачать файл)

Саясатың әдісі ғылыми талдау әдісі сияқты ерекшеленеді. Ендеше, әрбір қоғамдық, мемлекеттік құрылысты ғылыми жағынан алып, терең талдау қажет. Мемлекет дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап бере келіп, Аристотель мемлекет барлық адамдардың қоғамдық тұрмысының формасы деді. Сондай-ақ мемлекет адамдардың саяси құрылысы деп жауап береді. Мұндай саяси құрылыс барлық азаматтар үшін заңның үстемдік етуін талап етеді. Заңдылық, заң үстемдік етпеген жерде саяси құрылым да болмайды, азаматтар өз бетімен кетіп, қоғамның өмірі құруға айналады.

Шынында да, осы көне грек заманындағы ұлы ойшылдың ой-пікірлеріне  үңіле отырып, біздің еліміздегі соңғы  жылдары заңсыз іс-әрекеттердің әршіп кетуі, Сөйтіп, олардың мемлекетіміздің құрылымына теріс әсер етіп, адамдардың өміріне үлкен қауіп төндіріп отырғандығын байқасақ, қалай таң қалмайсың?

Әсіресе, Аристотельдің саясатта тым қызбалыққа салынуға жол бермеу керек, асығыс шешімдерден сақ болу қажет деген қағидалары бүгінгі күннің талабымен ете сәйкес келеді. Мысалы, парасатты, зерделі саясат жүргізе алмаған басшылардың дәрменсіздігінен “араққа қарсы шабуыл”, “аграрлық өнеркәсіпті жетілдіру” деген-дағы басқа да даурықпалардың неге әкеліп соққанын білеміз. Мұның бәрі гректің ұлы ойшылы Аристотельдің саясаттағы көрегендігін айқындайды. Осыдан келіп, көне грек дәуіріндегі данышпанның айтқан ой-пікірлерінің бүгінгі күні де маңызын жоғалтпағанына таң қаласың.

Аристотельдің ойынша, “Мемлекет  өз табиғаты жағынан сан алуан  болады. Оның құрылымы күрделі әрі көптеген бөліктерден тұрады”. Мемлекеттегі адамдар әртүрлі, олар біркелкі болуы да мүмкін емес. Мемлекет отбасылардан тұрады. Олардың да бір-бірінен айырмашылықтары бар.

Мемлекет ең алдымен азаматтардан тұрады. Мұндағы азаматтардың көзқарастары да әртүрлі. Егер адам сот пен басқару  орындарына қатысса, онда ол азамат болып  есептеледі. Бұл Аристотель берген азаматтықтың абсолюттік анықтамасы. Сонымен бірге азаматқа әскери, әкімшілік, соттық және діни функциялар да тән.

Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарасындағы тағы бір ерекшелік — ол Платонға қарағанда жеке меншік туралы мәселені өзінше дұрыс шешті. Егер Платон идеалды мемлекетті іздей отырып, жеке меншіктен не түрлі пәленің шығатынын дәлелдеуге әрекеттенсе, сөйтіп, оны жоюға ниет білдірсе, Аристотель бұған қарсы шығып, жеке меншікке қорғаушы болды. Аристотельдің ойынша, қоғамдағы пәле жеке меншіктен туып отырған жоқ, керісінше, адамның тілегінің нысапсыздығында және оның ашқарақтығында, дүниеқорлығында жатыр. Осы пікірге жүгіне отырып, Аристотель Платонды сынағанда, оның идеалды мемлекетін жоққа шығарды, ал өзі қандай әлеуметтік идеал принципін ұсынды? — деген сұрақ алдан шығады.

Аристотель де, барлық ұлы  ойшылдар сияқты, мемлекеттің ең тәуір түрін іздеуден жалыққан жоқ. Ол да саяси құрылымы жақсы мемлекетті идеал етіп алуға ұмтылды. Оның ойынша, мұндай мемлекеттегі өмір — ең бақытты өмір.

Адамдардың денсаулығы, дене құрылымы — бәрі де жақсы қалыпта. Бұл мемлекеттегі адамдар күнделікті өмір күйбеңінен босап, ең қажетті деген заттармен толық қамтамасыз етілген. Олардың демалысын да, бос уақытын да бұзатын ештеңе жоқ. Кейде осындай данышпан адамның құлдарды адамға санамай, оларды сөйлейтін құралдар деп қана қарауы қисынсыз-ақ екен. Ол, тіпті, жерге ие болған егіншілердің де құл болуын қалайды, бұл идеяны түсіну қиынға соғады-ақ.

Әрине, өкінішті. Аристотельдің  ондай ой-пікірі, тіпті, орынсыз. Дегенмен, кейбір софистер өз уақытында барлық адамдар туғаннан бастап, табиғатында тең құқықты деді емес пе? Осы ой Аристотельдің “Саясат” атты кітабында да кейде жылт етіп бір көрініп қалады. Бір адам (әрине, Аристотель бұл жерде ерікті адамды айтып отыр) екінші адамды құл етуге құқы бар ма? деген сұраққа Аристотель бір адамның екіншіні құлға айналдыруына болмайды дейді.

Бірақ Аристотельдің ойынша, құл — табиғи құбылыс. Өйткені біреулер өз табиғаты жағынан құлдар, екіншілері еріктілер. Сөйтіп, Аристотельдің ойынша, адам табиғаты жағынан тең болмайды екен. Біреудің екіншіге бағыныштылығы дененің жанға, жануардың адамға тәуелділігі сияқты. Адамдардың өзара тең болмау себебі оның бірі ауыр дене еңбегімен, екіншісі ой еңбегімен, ақылмен айналысады. Құлдар тек қана басқалардың ойлаған ойын, ниетін жүзеге асырады. Олар, әрине, ақылдыны түсінеді. Бірақ өздері ақылға ие болмаған. Олар қожайынның тірі мүлкі және қаруы. Ал қожайын болса ойлайтын, күні бұрын өзінің іс-ниетін дайындайтын адам. Құл қожайын денесінің бір бөлігі сияқты. Ол өзінің қожайынысыз өмір сүре алмаған болар еді. Сондықтан да құл, Аристотельдің айтуынша, тек қожайын үшін ғана жаратылған. Ол табиғаты жағынан өзіне емес, басқаға тиесілі жан.

Бірақ Аристотельдің “Саясатын” оқығанымызда, оның құлдық жөніндегі  пікірі қиян-кескі қайшылықтарға толы екенін көреміз. Ол біресе құлдың тек сойлейтін қару екенін айтып дәлелдесе, бірде оның да ойлау қабілеті, адамдарға тән ержүректік, пайымдаушылық, әділеттілік, тағы басқа да қасиеттері бар екенін атап көрсетеді. Бұл мәселеде Аристотель әбден шатасып, қайшылыққа бата түседі. Өйткені ол кездегі қоғам тек құлдардың еңбегіне ғана тәуелді, солардың арқасында ғана күн көріп отырды. Екіншіден, қоғамның экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани дамуы құлды да адам деп есептеуге мәжбүр ете түсті.

Сайып келгенде, қоғамдық дамудың  барлығы да адам еңбегіне келіп тіреледі. Ендеше, Аристотель осы мәселеге де айрықша көңіл бөлген ойшыл. Біз оны Аристотельдің экономикалық көзқарасынан айқын байқаймыз. Негізінде саяси экономия, яғни қоғамдық қатынастар жөніндегі ғылым өндірістің дамуы, материалдық игіліктердің айырбасталуы мен тұтынылуы, мануфактуралық дәуірдің пайда болуы кезінде өрістей бастады ғой. Бірақ сонау көне грек дәуірінде, Аристотель осы мәселелердің біразына айрықша көңіл аударып, оларды ғылыми негізде талдауға ұмтылды. Сондықтан ойшылдар Аристотельді “Көптеген ой-пікір формаларымен, қоғамдық формалармен және табиғи формалармен қатар құн формасын тұңғыш рет талдаған ұлы зерттеуші” деп атады. Шынында да, сол көне құлдық заманның өзінде-ақ Аристотель тарихта алғаш рет еңбек бөлінісі, тауарлы шаруашылық, айырбас, ақша, құнның екі түрі, қоғамдық өмірдің тағы басқа да құбылыстарын ғылыми негізде зерттеуге тырысты.

Аристотельдің адам тәрбиесі мәселесіне өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда айрықша көңіл бөлгенін айта кетуіміз керек. Адамның жан-жақты мәдени және рухани дамуына ерекше ықпал етіп, айрықша рөл атқаратын ең алдымен — өнер. Ол адамдарды тәрбиелеудегі негізгі құрал болып табылады. Осы өнердің ішінен Аристотель трагедияны ерекше бөліп алып, оның адамдарға тигізетін әсерін барынша бағалады. Трагедия демосқа (демос — грек тілінде “халық”) жақын тұрады. Өйткені демос — бұл күш, саяси шындық, одан ешқайда кете алмайсың. Негізінен біртұтас болған жағдайда демократиялық көпшіліктің көптеген жақсы касиеттері де бар. Бұл көпшілік әрдайым даналық ой-пікірлер айтады. Осы даналық ой-пікірлердің біразы сахнада көрінуге тиіс. Біртұтас демосқа әсер ететін өнер — трагедия. Ендеше, трагедия осы көпшіліктің, халықтың тікелей катысуымен пайда болады. Сөйтіп, халыққа зор әсер етеді.

Афина мемлекетінде (полисінде) маңызды тәрбиелік рөл атқаратын өнердің тағы бір түрі бар. Ол — музыка. Оның әсері адамның сезімін жетілдіреді. Музыка адамның рухани дүниесіндегі жай-күйін қалыпқа келтіріп, әсем дыбыстар мен идеалды тербелістер арқылы объективті өмірдегі орын алатын сезімдік жайларды жете түсінуге көмектеседі. Музыка, сонымен қатар, тек қана дыбыс псн шудың көрінісі болып қалмай, оз тындаушыларын, әсіресе, жастарды адамгершілік пен парасат рухында тәрбиелеуге айрықша кәңіл бөледі.

Аристотель барлық тәлім-тәрбие мәселесін адамның жан-жақты дамуына  бағыттай отырып, өнердің барлық түрлеріне ерекше назар аударды. Бір сөзбен айтқанда, Аристотель өнер және оның түрлері арқылы адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастырып, оларды шын мәніндегі адамның бойына бітетін бірден бір негізгі қасиеттер деп есептеді.

Аристотельдің философиясы  өз заманымен шектеліп қалмай, оның көптеген идеялары кейінгі ойшылдардың арасынан қолдау тауып, шығармашылықпен дамытылды. Бұл жерде Шығыстың орта ғасырдағы үлкен алыбы, философия саласында “екінші Аристотель” атанған әл-Фарабидің еңбектерін атап өтсе де жеткілікті. Оның “Философиялық трактаттары”, “Әлеуметтік-этикалық трактаттары”, “Логикалық трактаттары”, “Тарихи-философиялық трактаттары”, тағы басқа да еңбектері Аристотельдің көзқарасын барынша ілгері дамыта отырып, өз заманына сейкес жаңа көзқарастарының негізін қалады.

Сөйтіп, Аристотель философиясы, бір жағынан, өзіне дейінгі философияның, ғылымның, таным теориясының, әлеуметтік-саяси, экономикалық ілімдердің бәрін жинақтаған көне грек дәуірінің энциклопедиясы болды. Екінші жағынан, Аристотельдің өзі көптеген философиялық, саяси-әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларды өз заманының деңгейінде шешуге ұмтылды. Оның қойған философиялық проблемаларының маңыздылығы сонша, олар келесі дәуірдегі ұрпақтардың игілігіне айналды.

Аристотель философиясының аса бір маңызды жағы — ол софистер, Сократ және Платон бастап, бірақ аяқтай алмаған адам туралы көкейтесті меселеге барынша назар аударды. Ол көне грек философиясында алғашқылардың бірі болып, адамды қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде қарастыруға ұмтылыс жасады. Бірақ оның заманы, құлдық демократиялық дәуір ұлы ойшылдың бұл әрекетін іске асырмады.

Бірақ бұл философиялық мәселелерді  нақты, ғылыми тұрғыдан шешу, көп жағдайда, олар қоғамдағы әлеуметтік-саяси топтардың көзқарастарымен үнемі қарама-қайшы келгендіктен оңайға түспеді. Өйткені әрбір кезеңнің, әсіресе, құлдық демократиялық дәуірдің тұсында мәдениет пен саяси-әлеуметтік салаларда көптеген адамдардың арасында күрес жүріп жатты. Сол күрестің әсері философиялық мәселелерді шешуге де тікелей қатысты болды.

Айталық, көне грек дәуірінің мифологиясында аристократиялық үстем таптың көзқарасы бейнеленіп, олар діни-мистикалық негізде талданса, құлдық қоғамда жаңа экономикалық және саяси қарым-қатынастардың өркендеуі қарапайым түрде болса да ілімдер мен білімдердің пайда болып, әрі қарай дамуына жол ашты. Сондықтан философиялық ойлар да ғылымның, әсіресе, жаратылыстану саласының қауырт дамуына байланысты жаңа сатыға көтеріліп, натурфилософиялық дәуірді дүниеге әкелді. Көне грек философиясының бұл дәуірінде Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит сияқты ғалымдар дүниеге келді. Бұлар ғылыми білімдердің дамуында айрықша рөл атқарды.

Көне грек философиясының аса бір дамыған дәуірі — құлдық демократиялық қоғамның кұлдырап, идеология саласында қиян-кескі күрестің басталған уақыты. Міне, осы кезде философияда бір-біріне қарама-қарсы екі ағымның арасы бұрынғыдан да ашыла түсіп, олардың күресі саяси-әлеуметтік мазмұнға ие болды. Көне грек философиясына көз жүгірте отырып, басқаша түйінге де келуге болады. Көне замандағы философтардың, әсіресе, грек ойшылдарының негізгі мақсаты ұдайы күрес, пікір тартысы, идеологиялық тұжырымдарды қарсыластарына қарсы жұмсап, қалайда жеңіске жетуді көздеу емес. Керісінше, әрбір дәуір тудырған экономикалық, саяси-әлеуметтік қайшылықтарды жете түсініп, дұрыс шешу оңайға соққан жоқ. Мұндағы басты қиыншылықтар философтардың, ойшылдардың сана-сезімінің артта қалғандығынан емес, замана тағдыры, сол кездегі саяси-әлеуметтік жағдай сананың, ойдың осы қайшылықтардан туындаған мәселелерді шешуіне мүмкіндік бермегендігінде.

Бірақ біз бұдан келіп сол кездегі алдыңғы қатарлы ойшыл-философтардың санасы, ойы тек болмысты ғана тікелей бейнелеп, өзінің әлсіздігін, бишаралығын көрсетті деуден аулақпыз. Көне грек тарихындағы әрбір дәуірдің ойшылдары қоғамның мәнін түсінуге барынша қатыса отырып, келелі мәселелер көтерді. Олардың ойлары мен идеялары шығармашылықтың асқан үлгісін көрсетіп, өз дәуірінің шеңберінен шығып, келешектегі проблемаларды да қамтып отырды.

Сондықтан біз қысқаша  шолып өткен дәуірдің философтарына  өз заманымыздың биік кезеңінен ғана қарап, олардан таптық қақтығыстар тауып; “олар таптық позицияда тұрды”; “көзқарасы тек таптық болды” десек, онда сол ойшылдарға жасаған қиянат болады.

Олардың белгілі бір мәселені шешу барысында қайшылыққа тап болып, соның кесірінен әртүрлі позицияларда тұрғанын жоққа шығара алмаймыз. Сондай-ақ, Демокриттің философиясы мен Платонның көзқарасы өзара тіл тауып, бірін-бірі толықтыра түсті деп тағы да айтпаймыз. Бұлардың қарама-қарсы ағымдарда тұрғаны айдан анық. Бірақ мәселе басқа жақта жатыр.

Белгілі бір мәселені шешуге ұмтылғанда, одан туған қайшылықтарды әркім әртүрлі түсінеді ғой. Ендеше, сол мәселелерді шешу занды түрде әртүрлі болады. Тіпті бұл мәселе қоғамдағы әртүрлі топтардың көзқарасының әсерінен ойламаған жерден өзгеше шешілуі де мүмкін. Олай болса, бір топтың мүддесін қорғап отырған философтар қайшылықтарды шешуде бір-бірінен бөлініп, озара айтыс-тартысқа түсіп, дауласа кетуі де мүмкін. Айталық, Платон мен Аристотельдің арасындағы айтысты тудырған мәселелер осыны айқын көрсетеді. Өзінің шәкірті бір кезде ұстазына қарама-қарсы шығады ғой деп кім ойлаған. Ендеше, бұл екі ой алыбының ортасында ақиқат жатыр. Ақиқат барлығынан да, әсіресе, достықтан да, туысқандықтан да жоғары тұр.

Дегенмен өзіміз талдаған, барынша жан-жақты қарауға тырысқан Аристотель философиясы ортақ бір мақсатқа, өзара тіл табысуға ұмтылды. Айталық, әңгімемізге негізгі арқау болған адам туралы мәселе сол кездегі барлық философтардың ойын бір жерге шоғырландырды деуге әбден болады. Әрине, дәл осы мәселені шешуде Платон мен Аристотель бір бағыттағы адамдар болса да, мәселені әртүрлі қарастырды. Бірақ Платон да, Аристотель де негізінен алғанда мәселені біркелкі шешті. Олардың негізгі көңіл бөлген мәселесі адамды тәрбиелеу, оның ішкі рухани дүниесін жан-жақты жетілдіру еді. Оның үстіне Аристотель — көне грек философиясының ең жоғарғы шыңы, ол өзіне дейінгілердің қазынасын толық игере білді. Дегенмен, Аристотельмен көне грек философиясы аяқталған жоқ. Өйткені онан кейін Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм ойшылдары стоялықтар — Аристотельді, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды.

Сондықтан Аристотельден  кейінгі философия тек дағдарысқа ұшырап, одан соң барлығы қайтадан, жаңадан басталды деу қате болар  еді. Әрине, Аристотельден кейінгі  философияның теориялық деңгейі  едәуір төмендеп кетті. Бірақ бір ойшылдың тілімен айтқанда: “батырлардың өлімі керілгеннен жарылып кеткен бақаның өлімі емес, ол күннің қызарып барып батқанына ұқсайды”.

Информация о работе Аристотель