Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Механика-
математика факультеті
Тақырыбы: Кант
философиясының негізгі мәселелері
мен міндеттері
Орындаған:
Исламова А.
13-2Б
МКМ
Тексерген:
Аташ Б.М.
Алматы 2015
Жоспар:
I . Кіріспе.
Иммануил Кант өмірбаянына
қысқаша шолу.
II. Негізгі
бөлім.
- И. Канта – неміс классикалық
философиясының негізін қалаушы.
- Кант философиясындағы таным мәселесі.
- Кант философиясының негізгі
мәселелері мен міндеттері.
- Кант философия тарихында
екінші рет антропологияға, яғни адам
мәселесіне бет бұрысы.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Иммануил Кант өмірбаянына қысқаша шолу.
Иммануел
Кант (1724 жылғы сәуірдің 22-сі – 1804 жылғы ақпанның 12-сі) — 18 ғасырда Пруссия патшалығының Кенигсберг қаласында тұрған неміс пәлсапашысы. Ол қазіргі заман Еуропасының жәнеАғарту дәуірінің ең ықпалды ойшылдарының
бірі болып саналады. Жалпы қалыптасқан
пікір бойынша, ол пәлсападағыАристотельден кейінгі ең маңызды
тұлға болып табылады.
Иммануил Кант 1724 жылы Кенигсберг қаласында бір отбасында он
бір баланың төртіншісі болып дүниеге
келді (олардың алтауы балалық шағында
көз жұмды). Оған шіркеудегі рәсімде «Емануел»
деген ат берілген болатын, бірақ Канттың
өзі кейінірек еврей тілін үйреніп алғаннан
кейін оны «Иммануил» деп өзгертіп алды.
Ол бүкіл өмірін өзінің туған қаласын Шығыс Пруссияның елордасында және оның айналысында
өткізіп, одан ешқашан 200 шақырым қашықтыққа
ұзап көрмеген.[1] Оның әкесі Йоһанн Георг Кант
(1682-1746) Пруссияның солтүстік-шығысындағы Мемель қаласында туған, кәсібі қолөнерші,
ұлты неміс. Анасы Анна Регина Портер (1697-1737)
Нюрнберг қаласында туған, Шотландиядан
көшіп келген ер-тұрман жасаушының қызы.
Жас шағында Кант тиянақты,
бірақ ерекше жетістік көрсете қоймаған
студент болатын. Ол шынайы діни сенім,
кішіпейілдік және Киелі кітапты көп зерттеуге баса назар аударатын пиетистік көзқарастарды ұстанатын отбасында
туып-өсті. Соның арқасында Кант қатаң
тәрбие алды, оның алған білімінде математика
мен ғылымға қарағанда латын тілі мен діни тәрбие басым болды..
Бар өмірі Кенигсбергте өткен, сонда университетін
бітірді (1745), университеттің 1755 – 70 жылдары
доценті, ал 1790 – 96 жылдары профессоры
болды.[2]
Қарапайым отбасының түлегі, әкесі теріден
ер-тұрман, жүген, шідер жасайтын шаруа
болған. Канттың гимназияға, кейін Кенигсберг
университетіне түсіп, білім алуына Шульц
деген пастор қол ұшын берген. Университетте
Кант философия мен қатар жаратылыстану
ғылымдарын (математиканы, физиканы, астрономияны,
географияны және меднцинаны) тиянақты
оқып, меңгереді. Белгілі грузин, кеңес
философы М.К. Мамардашвилидің жазғанындай,
біз үшін Канттың ілімімен, еңбектерімен
бірге оның өзі, оның өмірі - сабақ аларлық.
Бір қызық жәйт - Канттың өмірінде, дейді
Мамардашвили, назар аударарлық ешқандай
оқиғалар болмаған деуге болады. Өмір
бойы бір қалада – Кенигсбергте тұрған.
Шығыс Пруссия жерінен ешқайда шықпаған.
Басқа жерлерден оны көруге, онымен сөйлесуге
атақты адамдар оған келіп тұрған (Фихте,
Карамзин т.б.), ал өзі ешқайда, ешкімге
бармаған. Сөйткен адам, оқымысты кейін
университетте өне бойы географиядан
сабақ беріп, «Физикалық география» деген
үш томдық еңбек жазған. Еш жерде болмаған
адам калайша мұхиттар, теңіздер, кұрлықтар,
таулар, жан - жануарлар жөнінде, әр түрлі
халықтар, елдер, олардың салт-дәстүрлері,
әдет - ғұрыптары, мәдениеті жөнінде мамандар
күмән келтірмейтіндей мағлұматтар береді?!
Ғажап емес пе? Канттың не нәрсені болса
да көзімен көргендей, сол жерге, сол елге,
өзі арнай барғандай көз алдына келтіре
алатын, сол жерді, сол елді, сол нәрсені
сонда тұрған адамдардай суреттей алатын
ойлау қабілеті болған. Кант ойлау, киял
қабілеті жөнінде кеп жазды, терең пікірлер
айтты. Тектен тек емес екен. Канттың априорлық
(латынша аргіогі-бұрынғыдан) ұғымдар,
априорлық түсінік жөніндегі ілімі бар:
адам санасында тәжірибеден тыс пайда
болатын түсінік.
Кант өмір бойы үйленбеген,
бала - шағасы болмаған. Бірақ бала оқыту,
тәрбиелеу жөнінде аса құнды пікірлерге
толы «Педагогика» деген еңбек жазған.
Кант жасынан шалағай, әлсіз,
әлжуаз болып, бала кезінде көп ауырған.
Тума - туысқандары, көршілері «бұл бала
көп тұрмайтын шығар» деген ойда болған.
Жоқ, Кант творчестволық табысқа толы
ұзақ ғұмыр кешкен; ержеткен соң еш те
бір ауырмаған. Бұл күйге ол өзінің табандылығымен,
еңбекқорлығымен, езін-өзі шынықтырып,
жетілдіруімен, қатаң тәртіппен (режиммен)
жеткен. Ұзақ жылдар бойы бір мезгілде
жатып, бір мезгілде тұрып, бір мезгілде
серуенге шығуды әдетке айналдырған. Қала
тұрғындары Канттың аскан ұкыптылығын,
дәлдігін ескеріп, ол серуенге шыққанда,
айталық, кешкі сағат 5-те, сағаттарын түзей
бастайтын болған. Кант жөнінде біз: «ол
өзін өзі жасады» деп айта аламыз. Канттың
өмірбаянын зерттеушілер оның асқан еңбекқорлығын
атап көрсетеді. Күн сайын (Кант демалыс,
мереке күндерін білмеген) 10-12 сағат студенттерге
дәріс оку және ғылыммен айналысу Кант
үшін үйреншікті әдет болған. Демалғанда
шаршатқан бір пәнді (ғылымды), мысалы,
математиканы қоя тұрып, баска пәнмен
(логикамен), философиямен, физикамен т.т.
мен айналысады екен.
Кант - жан-жақты ғұлама. Ол университетте
жыл сайын 5-6 паннен сабақ беріп, әртүрлі
ғылым салаларынан күрделі еңбектер жазған.
Өзінін ерен еңбекқорлығының, дарындылығының
арқасында қарапайым отбасында дүниеге
келген Кант әлем таныған философ, ғалым,
ұстаз болды, үш академияның толық мүшесі
болды. Әдебиетте Кант шығармашылығын
екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге
айналды: 1770 жылдарға - сыни кезеңге дейінгі
(докритический) және одан кейінгі сыни
кезең (критический период). Алғашқы кезеңде
Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы
– ғалым ретінде танылады және объективтік
дүние жөнінде материалистік тұжырымдар
жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі
мынадай: «маған материяны беріндер, мен
одан дүниені калай құру керек екендігін
көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың
пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына
объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді.
Бұл, - әрине, материалистік түсінік.
Кант өзінің аспан әлемінің
механикалық заңдарға сай табиғи жолмен
пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын
«Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы»
(1755) деген еңбегінде жария қылады. Аспандағы
планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды
түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ
болуы мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды,
түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына тарихи
тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық
тұжырым жасайды. 1754 жылы Кант бір еңбегінде
«Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» -
деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану
саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс,
метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы
берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант
жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін
философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге
жайылған ұлы физик болар еді - деп жазды[3]. Кант бірақ ғылымда жаратылыстану
саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған
тағы бір ғылым саласы философия болды.
Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір
бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді:
төбемдегі жүлдызды аспан мен бойымдағы
моральдық заң»[4].
1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық
өмірінің екінші -«сыни» кезеңі басталады.
Кант философиясын әдебиетте сыни философия
деп атайды. Әңгіме неміс ойшылының өзіне
дейінгі болмаса өз заманындағы философтарды,
философиялық көзқарасты сынауы жөнінде
емес: Кант теориялық және практикалык
зердені, таным теориясын, адам санасында
орын алып келе жатқан түсініктерді, бәрін
де танып білуге болады деген оптимистік
көзқарасты талдап, сын елегінен өткізеді.
Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық
жүйесін құраған атақты сыни кітаптарын
жазады: «Таза зердеге сын» (1781), «Практикалық
зердеге сын» (1788) және «Пікір кабілеттеріне
сын» (1790).
Кант ғылымда ғана емес, философия
саласында да іргелі жаңалықтар ашты,
өзі айтқандай, «коперниктік төңкеріс»
жасады. Бұлай деп мәлімдеуге оның толық
құқы болды.
И. Канта – неміс классикалық
философиясының негізін қалаушы.
Канта философиясы трансцендентальды
идеализм деген атау алды.
Философиялық шығармашылығы
екі кезеңнен тұрды:
1. «Сыни кезеңге дейінгі
кезең» (1746-1770). Қарастырған мәселесі
болмыс, табиғаи, жаратылыстану мәселелері
болды. Ол даму проблемасында
табиғаттың дамуына көңіл бөлген
алғашқы философ болды. Бұл кезеңдегі
шығармасы «Жалпы тарих және
аспан теориясы», кант онда өзінің
космологиялық теориясын түсіндірді.
Күн жүйесінің пайда болуы
туралы болжам жасады (әлемнің
пайда болу ының анологиясын
қарастырды) бұл теория кейін
Кант-Лаплас теориясы деп аталды.
2. «Сыни кезең» (1770-1797)(агностицизм
и априоризм). Осы кезде өзінің негізгі
еңбектерін жазды, олар «Таза ақылға сын»
(таным теориясының сұрақтары), «Практикалық
ақылға сын» (этикалық мәселелер), «Пайым
мүмкіндіктеріне сын» (эстетика және табиғатағы
мақсатылық байланыстар туралы ілімі
жүйеленді).
«Таза ақылға сын» еңбегінде
таным теориясы қарастырылып жаң замандағы
эмпиризм мен рационализмнің тар өрісін
өзара біріктіруге тырысты. Ол танымды
үшке бөлді: сезімдік, пайым, зерде (рационалистік).
Таным теориясында – агностик
болды, танымның қоршаған шынайылықты
толығымен тану мүмкіндігін жоққа шығарды.
Оның болжамында танымның тұйыққа тірелуінде
себеп, қоршаған шынайылық – объекті емес,
таным әрекетіндегі – адам, оның ақылы,
оның танымдық мүмкіндіктері шектеулі.
Шынайы әлемдегі ақыл мен сезімнің
қабылдайтын бейнелері «біз үшін зат»,
ал ақылмен абсалютті түрде танылмайтын
нәрселер «өзіндік зат» деп аталды. «Өзіндік
зат» - трансцендентальды яғни басқа дүниелік
уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүреді.
Кант таным теориясында барлық
білімдер 2-ге бөлінеді: 1) тәжірбиелік
білімдер апострорий; 2) тәжірбиеге дейінгі
білім – априорий.
Адам ақылы өзінің таным құралдарымен
өз мүмкіндіктерінен шығуға тырысқанда,
ол шешілмейтін қайшылықтарға тап болады,
ол антиномиялар – ақылдағы пайымның
бір-бірін өзара терістеуі. Ақыл көмегімен
логикалық дәлелдеуге болады, бір мезгілде
екі қарама-қайшы логикалық дәлел болуы
мүмкін, сөйтіп антиномиялық жағдай туындайды.
Антиномияға Кант төрт мысал (құдайдың
бар немесе жоқ екендігі, дүниенің шекті
немесе шексіз екендігі,) келтірді, оның
әрқайсысында тезис және антитезис бар.
кант бойынша, антиномиялардың болуы –
ақылдың таным мүмкіндіктерінің шектеулі
екендігін дәлелдейді.
И.Кант «Практикалық ақылға
сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген
сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін
қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль,
парасат мәселелерін қарастырды. Кант
теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін
шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық
ақылға өтті.
Практикалық ақыл деп аталуының
себебі, оның функциясы – адамның өзін-өзі
алып жүруін басшылыққа алды, яғни адамгершілік
әрекеттерінің принциптерін жасады. Мораль,
адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір
сыртқы жағдайға тәуелді болмауы керек,
адам адамгершілік, парасатты жан, сондықтан
ол адамгершілік заңдарына сүйенуі керек.
Бұл заңда Кант адамгершілік категорияларының
императиві деп атады және ол былай анықталды:
адамның өзіндік еркі мен мінез-құлқы,
іс-әрекеті, әрқашан жалпы заңдардың принципне
бағынып, соның негіінде жасалуы қажет.
Кант әруақытта «Аспандағы
жұлдыздар мен бздегі адамгершілік заңдарынан
керемет ешнәрсе жоқ» дегенді қайталап
отырды.
Кант философиясындағы таным
мәселесі.
Кант таным мәселелерін жаңаша
қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол
таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады:
бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы,
өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде
Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме
болмады: таным процесінде қайдағы бір
абстракты адам кайдағы бір абстракты
дүниені қалай болса солай тануға тырысады.
Кантқа дейін тіпті философияда субъект
жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген
Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды.
Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында
бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді
сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады
деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект»)
сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана.
Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің»)
әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар
ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап,
объект субъектіге әсер еткенше адам санасында
ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант
осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша.
объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын,
объект ретінде қарастыратын субъект.
Субъект болмаса объект жоқ. Таным процесі,-
деп атап көрсетеді неміс философы, жай
пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет.
Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің
белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі
идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам
кез келген объектіні тани бермейді, өзіне
қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана
таниды. Кант философияда алғаш рет практика
жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның
іс - әрекетімен байланыстырып, танымның
негізі практика болып табылатынын болжап
білді.
Таным процесін жай бейнелеу
деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде
Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр:
таным процесінде субъект объектіні сырттан
жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын,
байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.
Кант «таным субъекті» және
«таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша
қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі
өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон
емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста
болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп
жетілген қоғам өкілі; таным субъекті
— бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат
игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне,
техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде,
ғылымда, философияда қоғам алға тартқан
мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным
объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл
- бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен
субъект қарым-қатынас жасай алмайды.
Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті
сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі
(фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы
дәстүрлі мәселе: «дүние таныла ма?» деген
мәселе - абстракты қойылған мәселе. Ол
жөніндегі әдеттегі түсінікте: «дүние
танылады» деген тұжырым - абстракты. Дәұрысында
- «дүние таныла ма?» - деген сұраққа: - «Жок,
танылмайды» - деп жауап беру орынды. Әрине,
Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән
келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан,
ол ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың
кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик»
деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден
туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи
тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды
тұрғыдан «дүние танылмайды» деген пікір
агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың
пікірі таным процесінін күрделілігін,
дүниенің шексіздігін, ал субъект пен
объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін
түсінуден туған.