Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 19:44, реферат

Описание работы

Немецкой классикалық философияның құралымы, зертте- орталығының смещение нысаннан субъектке. Коперниковский төңкеріс және докритичный және қысылшаң кез Канта шығармашылығында. Сындарлы критицизм және тіл табу қағидалы және тәжірибе ақылға.

Содержание работы

I . Кіріспе.
Иммануил Кант өмірбаянына қысқаша шолу.
II. Негізгі бөлім.
1. И. Канта – неміс классикалық философиясының негізін қалаушы.
2. Кант философиясындағы таным мәселесі.
3. Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері.
4. Кант философия тарихында екінші рет антропологияға, яғни адам мәселесіне бет бұрысы.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Кант философиясы Асем.docx

— 51.82 Кб (Скачать файл)

Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Алғашқысын «өзіндік зат» деп атайды; ол жөнінде біздің санамызда нақты түсінік жоқ, біз онымен қарым-қатынасқа енген жоқпыз. Сондықтан ол дүние танылмайды. Ал объект - бұл «біздік зат», бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние. Объект, сөз жоқ, ерте ме, кеш пе танылады. «Өзіндік зат» та, дейді Ленин, бүгін танылмағанмен кейін бара-бара танылады, «біздік затқа» айналады. Болашақта қойылатын осындай сұрақтарға жауап ретінде Кант мынаны ескертеді: таным объектері үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады, жаңа объектер пайда болады, бірақ қай кезде де әлі таным объектіне айналмаған, сондықтан танылмаған «өзіндік заттар» болады.

Кант философияда тұңғыш рет таным ерекшелігі жөніндегі мәселені қойды. Нақты таным процесіне кіріспестен бұрын, дейді Кант, «таным дегеніміз не?», «таным қалай жүзеге асады?», «танитын кім және танылатын не?», «танымның шегі бар ма?» деген сияқты мәселелерді шешіп алу керек. Таным процесімен барлық ғылымдар айналысады, бірақ жаңағыдай мәселелерді шешу тек философияның ғана қолынан келеді. Өйткені, философияны таным нәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады. Философияның гносеологиялық тұжырымдары басқа ғылымдар үшін методологиялық нұсқау болып табылады. Сонымен, философия, Канттың ойынша, нақты таным процесінен тыс, оған дейін таным жайын, мүмкіндігін анықтап алуы керек. Ұстазының бұл идеясын кейін Гегель келеке кылады: «Кант бұл арада суға түспей тұрып, суда жүзуді үйренбек болған схоластка ұқсап кеткен» - дейді. Гегель сөзінің де жаны бар: суда жүзуді үйрену үшін суға түсу керек, әлденеше рет батып шығу керек. Сол сияқты танымның мәні, мүмкіндігі таным процесінде ғана анықталады. Оған дейін оны қалай білесің?

Сонымен бірге Канттың ойында да терең мағына жатыр: танымның өзіндік ерекшеліктері бар, таным жайын объект арқылы да, субъект арқылы да тиянақты біліп алу мүмкін емес. Адамға салсаң, ол бәрін де танып білгісі келеді, ал бұл мүмкін емес. Кантқа дейінгі материалистер танымды сыртқы дүниедегі заттардың айнадағыдай бейнесі деп танып, таным жайын сыртқы дүние арқылы түсіндірмек болды. Мұндай әрекеттен бірақ ештеңе шықпады. Субъективтік идеалистер, керісінше, таным процесін субъектің іс-әрекеті деп, ал субъекті «Менге», ойлауға, санаға теңеп, таным мәнін субъект арқылы түсіндіруге тырысты. Бұдан да нәтиже шықпады. Таным күрделі кұбылыс болып шықты.

Кант ілімінде осы кезге дейін мәнін жоймаған құнды идеялар жетерлік. Мына бір идеяға назар аударып көрейік: адам кімге, неге болса да құрал болмауы керек; керісінше, өзіне де, басқаға да, қоғамға да мақсат болғандай дәрежеге жетуі керек[6]. Нағыз гуманистік, адами идея! Өкінішке орай, бұл идея әлі де еш елде, еш жерде жүзеге аса қойған жоқ. Барлық жерде адам өзін де, басқаларды да құрал ретінде пайдаланып келеді және басқаға да, қоғамға да өзін құрал етіп пайдалануға мүмкіндік беріп келеді.

Бұрынғы кеңес кеністігінде соңғы кезге дейін Кантты дұрыс түсініп, орынды бағалау деген болған жоқ. Кеңес философтары, маркстік-лениндік философияның өкілдері Канттың алдында үлкен қарыздар. Ол жөнінде сөз бола қалса, еститініміз бір сарын еді: Кант - агностик, Кант - субъективтік идеалист, Кант - дуалист т.т.; Кант танымның өрісін тарылтып жіберді; тұтас дүниені танылатын затқа және танылмайтын затқа бөліп тастады; мән мен құбылыстың арасына өтпестей шек қойды; Кант білімнің, ұғымнын субъект пен объектің әр алуан қарым-қатынасынан, тәжірибеден туғанын көре тұра, априоризмге бой ұрды, яғни, тәжірибеден тыс, тәжірибеден бұрын пайда болатын білім бар деген пікірге келді; материализм мен идеализмнің арасында ауытқып, дәйексіздік танытқанмен, Кант негізінде субъективтік идеализмді жақтайды деген сияқты алып-қашпа пікірлер келтірілетін еді.

Кант ілімінде дүниенің, өмірдің қайшылықты сипаты терең ашылған. Осының салдарынан таным да қайшылыққа, антиномияларға кездесіп отырады. Мысалы, дүние шекті ме, әлде шексіз бе? Бұл сұраққа бір мағынада - шекті не шексіз деп - жауап бере алмайсың; шекті де, шексіз де деп жауап беруге тура келеді. Адам қашан да дүниенің шегіне жете алмайды. Сонымен қатар дүние шегі бар, шекарасы бар заттардан тұрады. Басқаша айтқанда, дүниенің шексіздігі шекті заттардың болуымен байланысты. Бірінсіз бірі болмайды, қарама-қарсылықтар (шектілік және шексіздік) бірін бірі керек етіп тұрады.

Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері.

«Пролегомендер» деген еңбегінде Кант өз философиясының жай-жапсарын қысқаша баяндап береді. Ол еңбегі алғаш рет 1783 жылы басылып шықты. Канттың ғылыми еңбектерi екi кезеңге бөлiнедi: «Сыни кезеңге дейінгі» және «Сыни кезеңдегі».

Сыни кезеңге дейінгі кезеңінің мәні ─ «Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» деген еңбегі бойынша талданады. Бұл еңбекте:

  1. Материяның бірлігі, қозғалысы және оның заңдары туралы жаңа ойлар айтты.

  1. Жаратылыстану ғылым теориясының  саласында тарихи екі жаңа гипотеза ұсынды:

а) күн жүйесінің табиғи жолмен пайда болуы (ғылымға бұл Кант-Лаплас гипотезасы болып кірді). Күн  жүйесінің газ тектес тұмандықтан  пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлесі емес, жалпы дүниетанымдық, әдістемелік маңызы бар жаңалық болды. Оның космогониялық  ілімі неміс философиясына үлкен  әсер етті. Бұл ілім дүниеге деген қалыптасқан метафизикалық көзқарасты жеңді.

б) тасқындар салдарынан жердің айналуының бәсеңдеуі.

  1. «Дүние жаратылды» деген пiкiрдi жоққа шығарып, жаратылыстану туралы еңбегінде оны материализм тұрғысынан шешті. Планеталардың алғашқы газға ұқсас тұмандардың  қоюлануы арқылы, өзіне тән тартылыс және серпіліс секілді қарама-қарсы күштердің арқасында өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің әсерінсіз, пайда болатынын айтты. Хайуандардың пайда болуы, бүкіл дүниеге қалай таралғандығы жайлы, адамның табиғи жолмен шыққандығы туралы идеялар ұсынды.

  1. Кант философиясының тарихы, маңызы, оның диалектикалық ойлауды дамытуында болды.

    Кант екінші  кезеңде өзінің философиялық  жүйесінің орталық мәселесі етіп  адамды, оның тану мүмкiндiгiн қойды. Адамға керегі бостандық, бірақ  ол адамда жоқ. Адамда бардың  бәрі табиғи  қажеттіліктің арқасында  қалыптасты. Адамның рухани тілегі  мына философиялық сұрақтарға  байланысты:

  1. Нені біле аламын? (Метафизика немесе философия). «Таза ақыл-ойды сынау». (1781 ж.)

  1. Нені білуім керек? (Мораль, этикалық ілім). «Практикалық ақыл-ойды сынау» (1788 ж.)

  1. Неге сенуге болады? (Дін) «Ақыл шеңберіндегі дін» (1793 ж.).

  1. Адам деген не? «Антропология» (1798)

     Кант философиясы  болмыс, әдептілік және дін туралы  мәселелерді қарастырмастан бұрын, танып-білу мүмкіндігінің шегiн  белгілеп алуды ұсынады.

«Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде таным мәселесін  талдайды. Канттың пікірінше, таным процесі үш сатыдан өтеді: 1. Сезім-түйсік сатысы. 2. Сараптаушы ақыл-ой. 3. Таза ақыл-ой. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь-в-себе) – заттар мен құбылыстардың мәнi, біздің санамызда берiлген «біздік зат» (вещь-для-нас) - заттар мен құыбылыстардың сыртқы көрiнiсi немесе табиғат, деп екіге бөледі. Бұл дуалистік көзқарас. Өйткені, ол материалдық заттардың объективтік өмір сүруін мойындайды, алайда мәнін танып - білуге болмайтын «өзіндік зат» бар деп агностиктік ұйғарымға келеді. Зат ішіндегі мәнді ешуақытта таза ақыл-оймен анықтауға болмайды. Бұл  трансцендентальдық, яғни  логикалық ойлаудан, тәжірибиеден тыс.

Агностиктік білімнің  пайда болуына байланысты, заңды сұрақ туады: егер жеке  заттарды  және тұтас әлемді тану мүмкіндігі жоқ болса, ғылыми білімнің тегі мен мәні  қандай? Кант осыған өзінің гипотезасы мен теориясын жасады? Осы мәселелерді түсіндіру үшін, ол өзінің таным теориясына априорлық білім түсінігін енгізді, бұл ─ тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден тыс алынған білім болды. Априорлық ─ ақыл-ойда әуел бастан бар және дәлелдеуді керек етпейді. Мысалы, «Адам өмірі уақытпен өтеді», «Барлық дененің ұзындығы бар». Тек априорлық білім дәлелді және сенімді, жалпылық және қажеттілік қасиетіне ие бола алады. Ол априорлық білім түрлеріне біздің кеңістік пен уақыт туралы түсінігімізді жатқызды. Бірлік, көптік, тұтастық, нақтылық, терістеу категориялары тәжірибеге дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олар «бiздiк заттардың», табиғаттың ретсiздiгiн жоюға, жүйеге келтiруге қолданылады, яғни соңғыларды бiздiң санамыздың өзi жасайды - бұл Кант философиясының субъективтiк идеализмге ауытқуы.

Априорлық білімге байланысты адамның өзінің жеке эмпириялық тәжірибесінен шығу қабілеті туады. Осыдан, ол өзінің философиясын ─ транцендентальдық деп атады. Канттың априорлық формаларынан адамзат мәдениетінде қалыптасқан (заттандырылған) дағдылық, іскерлік және қабілет тыс қалған. Атап айтқанда, мәдениеттің негізінде ғылым, техника, өнер бар, біздің білім  жеке  адамға көп тәуелді емес. Бұлар шынында да жеке адам тәжірибесінен бұрын, қалыптасқан және олар үшін априорлық болады. Бірақ таным субъектісі адамзат болғандықтан, бұл білім апостериорлықтан, яғни тәжірибеден алынған.

Апостериорлық білім ─ тәжірибеге негізделген, әрі қолда бар материалдардың  деректеріне сүйенген. Мысалы, адам тәжірибеден білетіні барлық металдар балқиды, бірақ теория жүзінде  балқитынын дәлелдеуге болмайтын металдар бар. Сондықтан тәжірибеден алынған білімнің  (эмпириялық, апостериорлық) дұрыс және толық болмауына байланысты, ол жалпылық болуға таласпайды.

Кант ілімінде танымдық қабілеттің негізгі мәселесі: ақыл-ой мен антиномиялар  туралы, осы ілімнің ықпалы ерекше еді. Бұл жаңа заман философиясының ең маңызды, әрі терең жетістіктерінің бірі болды. Әр ойдың кері түрі бар деген диалектикалық заң ретіндегі антиномияға мыналар жатады:

Кеңістік және уақыт:

Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті.

Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шексіз.

Қарапайым және күрделі:

Әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады.

Дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ.

Бостандық және себептік:

  1. Дүниеде табиғи заңдар бойынша себептілік қана емес, бостандық та бар.

  1. Бостандық жоқ. Дүниеде бәрі де қатал себептіліктегі табиғи заңдар бойынша  жасалады.

Құдай және мән:

  1. Құдай бар - сөзсіз тіршілік иесі, барлық тіршіліктің  себебі, дүние ме?

  1. Құдай жоқ - дүние мәнсіз. Ешбір абсолютты тіршілік иесі жоқ.

И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген диалектика заңын ашыуына үлкен ықпал жасады.

1783 жылы «Пролегомендер» («кіріспе») кітабында философиялық  категориялар тәжірибеден тыс, оған  дейін адам басында таза идея  күйінде пайда болады деп, олардың 12-сiн атап көрсетті. Сараптау  парасатының түрі - категориялар (жалпы  ұғым), солардың көмегі арқылы  алғашқы түйсіктегіні «жүйе координатында»  ұғыну және реттеу жүредi. Канттың  пікірінше, сараптау категориясының  көмегімен түйсіктегі ретсіздікті  ақыл-ойдың сөресіне орналастырып, ойлау қызметін нәтижелі етуге  болады.  Ол 12 категорияны көрсетіп  оны 4 топқа, әр топта үштен орналастырды. Сонымен бірге алғашқы әр топтың  екі қатегориясы  қарама-қарсы  топтың қасиеті, сипатты, үшіншісі  ─ олардың - синтезі:

 

 

Сан категориясы

Сапа категорияс

Қатынас категориясы

Модальдық категориясы

Бірлік

Нақтылық (реальность)

Субстанциональдық (Уақытша бәсеңдейтін  жеңіл-желпі заттардың  қасиеті)                                                                    

Мүмкіндік және мүмкін  емес-тік.

Көптік

Терістеу

Себеп және салдар

Өмір сүру және өмір  сүрмеу

Тұтастық

Шектеу

Әрекеттестік (екі жақтың өзара қатынасы)

Қажеттілік пен кездейсоқтық


 

 

 

Бұл сатыда априорлы категориялар арқасында жаңа реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, заңдылыққа бағынып жаңа білім пайда болады. Осы екі сатыдан шығатын білімді ─ транцендентальдық білім дейді. Транцендентальдық дегеніміз ─ логикалық ойлаудан, тәжірибеден тыс, заттың өзін емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты қандай деңгейіне дейін түсінуін айтады.

Ақыл-ойдың таза түрі жоғары идеялар, мысалы, Құдай идеясы, жан идеясы, дүниенің мәні идеясы, т. б. Философия ─ Канттың пікірінше, жоғарғы мәлімет идеясы туралы ғылым. Таза ақыл-ой тануға болмайтын әлемдi, «өзіндік заттардың мәнін, табиғатын түсінуге» ұмытылады, бұл қайшылыққа, қиялға, антиномияға алып келеді.

Кант адам мінезін, парызын және құдайдың барлық мәселелерін өзінің «Практикалық ақыл-ойға сын» еңбегінде талдайды. Оның «таза ақыл-ойы», «практикалық ақыл-ойды» құруға қажетті негіз болды. Мораль қандай болу керек? Адамның әдептілігі, оның мінез-құлқы дегеніміз не? Таза әдептілік - қоғам санасындағы адамгершіліктің барын мойындауы, яғни әр жеке адамның оны өз бойына біткен қасиет ретінде түсінуі. Таза әдептілік пен нақты өмірдегі адамның мүддесі, іс-әрекеті (қылығы), ниеті арасында өте күшті қайшылық бар. Ал мораль адамның мінез-құлқынан, қоршаған ортадан тәуелсіз, тек моральдық заңға ғана бағынуы керек. Канттың пікірінше, мораль абсолюттi және міндетті.

Жоғарғы және сөзсіз орындалатын, бәріне бірдей әдептілік заңын ол ─ әдептілік императиві деп атады. Кант: «Жалпыға тән заңға айналғанын, өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет»1 - дейді. Әдептілік императиві - қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлау, өз міндетіңді өтеу, сол ғана әдептілік іс болып саналады. Ол адамдардың игіліктерге, бақытқа ұмытылуын немесе сүйіспеншілік, жақсы көру секілді адамға тән құбылыстарды әдептілік императив шеңберіне енгізбейді. Әдептілік пен әдепсіздік ара қатынасында тәжірибе көрсеткендей сәйкестік жоқ. Өмірдегі ең бір үлкен табыс пен олжаға әдепсіз, көргенсіз, адамдық қасиеті жоқ жандар жетеді, сондықтан, әдепті жандар шет қалып отыр. Бұл біздің әдептілік санамызға қарсы келетіндіктерін, әділеттіктің кепілі ─ Құдай дейді.

Информация о работе Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері