Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 19:44, реферат

Описание работы

Немецкой классикалық философияның құралымы, зертте- орталығының смещение нысаннан субъектке. Коперниковский төңкеріс және докритичный және қысылшаң кез Канта шығармашылығында. Сындарлы критицизм және тіл табу қағидалы және тәжірибе ақылға.

Содержание работы

I . Кіріспе.
Иммануил Кант өмірбаянына қысқаша шолу.
II. Негізгі бөлім.
1. И. Канта – неміс классикалық философиясының негізін қалаушы.
2. Кант философиясындағы таным мәселесі.
3. Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері.
4. Кант философия тарихында екінші рет антропологияға, яғни адам мәселесіне бет бұрысы.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Кант философиясы Асем.docx

— 51.82 Кб (Скачать файл)

Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті басқалар үшін үлгі болуы керек. Адам ─ басқа адамға ойланушы жан не өте сирек тұлға ретінде саналуы керек, сөйтіп жәй құрал ретінде  қаралмауы тиiс оның  «Пайымдау қабілетіне сын»  еңбегінің негізгі идеясы - жалпылық мақсат идеясы.

Эстетикадағы мақсат. Адам өз қабілетін өмір мен мәдениеттің саласында барынша ойдағыдай пайдалануы керек.

Табиғаттағы мақсат. Табиғатта бәрінің өз мәні бар - тірі табиғаттың және өлi табиғаттың ұйымдасуы, тірі дененің құрылымы, көбеюі, дамуы.

Рухани мақсат - Құдайдың барлығы.

Канттың ілімі бойынша Дінге тек сену керек. Себебі, Құдайдың бар - жоқтығын тәжірибие арқылы дәлелдеу қиын.

Кант  философия тарихында екінші рет антропологияға, яғни адам мәселесіне бет бұрысы

Кант жүйелі түрде адам туралы ілім жасауға кірісті.

Философ антропологияны физиологиялық және прагматикалық деп екіге бөлді. Физиологиялық антропология адамның қалай пайда болып, дамитынын, яғни табиғи алғышарттарын зерттейді. Ал прагматикалық антропология, яғни адамтану адамды еркін әрекет ететін жан ретінде қарастырып, өзіндік күштерінің көмегімен адам кімге айналатынын жан – жақты талдады.

Кант өзінің шығармашылығының алғашқы кезеңінде жаратылыстану мен табиғат философиясына ерекше көңіл бөледі. «Менің төбемде жұлдызды аспан, жүрегімде мораль заңы» деп жазған Кант өзінің ізденістерінің екі бағыты мен өз философиясының екі тарихи бастауын көрсетеді.

«Менің төбемде жұлдызды аспан» деуі Канттың теориялық философиясына негіз болған Ньютон механикасына меңзейді. Ал «жүрегімде моральдық заң» дегені мораль философиясына мән беретіндігін көрсетуі. Осы екі бағыт Кант философиясының негізгі міндеттері - бір жағынан, табиғи процестің заңдарын қорғап, философиялық негіздеу, екінші жағынан, адамның қадір – қасиеті мен өзара бірлігінің, теңдігінің алғышарттарын дәлелдеу.

Кант өзінің төл еңбектерінде

  1. не білуім керек?

  1. не істеуім керек?

  1. не нәрсеге сенімді болуым керек?

  1. адам дегеніміз не нәрсе? сияқты сұрақтарды қойып, адамның танымдық қабілетінің мүмкіндіктеріне көңіл бөледі. Яғни, Кант таным процесіне біртұтастық жүйелеу тұрғысынан қарап, оның әрбір қырының қасиеттері мен ерекшеліктерін талдады.

Таным – процесс, оның әртүрлі сатылары, кезеңдері бар. Осыған ерекше көңіл бөліп, танымдық қабілетті оның ішкі мүмкіндіктері тұрғысынан бағалау – Кант жасаған коперниктік төңкеріс еді. Кант таным процесіндегі субъектінің белсенді ролін негіздеді.

Кант өзіне дейінгі рационалистер мен эмпириктердің біржақтылығын жеңе отырып, таным процесіндегі адам қабілетін үшке бөледі. Сезімділік, пайымдаушылық, парасаттылық. Ойшылдың пікірінше, математика сезімділікке, жаратылыстану пайымдауға, философия парасатқа сүйенеді.

Таным қабілетін бұлай талдау оның біртұтас бола отырып, ішкі қайшылықты екенін көрсетеді.

Басқа сұрақтарды анықтаудан бұрын ең алдымен, білім қалай пайда болатыны, ғылым қалай қалыптасатынын біліп алу қажет. Канттың пікірінше, ғылым, өнер, мораль адам санасының керемет қабілеттері сезімділік, пайымдаушылық, парасаттылықтың көмегімен қалыптасады.

Кез келген білім тәжірибеден басталады, бірақ онымен аяқталмайды. Өйткені кейбір білімдер адамның танымдық қабілетінен туындайды, сондықтан олар априорлы, яғни тәжірибеден бұрын пайда болады. Тәжірибелі білім жеке, кездейсоқ, ал априорлы білім – жалпы және қажетті. Жаңа философияның қалыптасуын Кант теориялық танымның күрделігімен, қайшылығымен түсіндірген. Теориялық танымның шектілігі әлемнің бірден танылатын құбылыстарға және танылуы қиын «өзіндік затқа» бөлінуімен байланысты. Танымның антиномиялық, қайшылықты табиғаты ойлаудың сезімнің көмегінсіз әлемді біртұтас түсіндіре алмауында.

Мұндай қиыншылықтардың болуы философияға зиянын тигізбейді, бірақ философия танымның ақиқаттығының сыны, оның шегін анықтаушы ретінде дамуы керек.

Априори, апостериори, антиномия, аналитика ұғымдарын кеңінен пайдаланып, Кант диалектика теориясын дамытқан.

Адамның дүниетанымдық мүмкіндігі шектеулі. Ол өзінің танымдық аясынан шыға салысымен шешуі табылмайтын күрделі қайшылықтарға жолығады. Шешімі жоқ осындай қайшылықтарды Кант антиномия деп атады.

Бірінші антиномия – кеңістіктің шектеулігі.

Әлемнің  уақыт пен     Әлемнің уақытта бастауы

кеңістікте бастауы бар    жоқ, шексіз

Екінші антиномия – қарапайым және күрделі

Қарапайым ғана      Әлемде қарапайым элемент

элементтер бар.     те, одан тұратын зат та жоқ.

Үшінші антиномия – еркіндік пен себептілік.

Табиғи заңдарға бағынатын    Еркіндік жоқ. Әлемде бәрі

себеп – салдарлық қатынас    табиғат заңдарына сүйенетін

қана емес, еркінлдік те бар   себеп – салдарлық қатынасқа

бағынады.

Төртінші антиномия – Құдайдың болуы  Құдай жоқ. Бүкіл әлемнің

Барлық болмыстың себебі –    себебі болатын абсалютті

Құдай қажетті бастау. бастау жоқ.

Кант «Таза ақылға сын» еңбегінде білімді танымдық – іс - әрекеттің нәтижесі деп, оны сипаттай үш ұғымға анықтама береді.

Апостериорлық білім – тәжірибе негізінде алынатын білім, оны әруақытта пратикада тексеріп отыру қажет, өйткені ол болжамды білім, кей уақытта шындықта ол болмауы да мүмкін.

Априорлық білім – тәжірибеге дейін ақылда о бастан бар білім, оны дәлелдеудің қажеті жоқ.

«Өзіндік зат» немесе «Өзімен өзі зат» - Кант философиясындағы өзекті ұғым. Ол – зат пен құбылыстың ешуақытта ақылмен танылмайтын ішкі мәнін білдіреді.

Адам ақылы көптеген құбылыстар мен заттардың тек бейнесін, сұлбасын ғана тани алады, ал олардың шын мәні белгісіз, танылмайды.

Кант этика мәселелерімен де кеңінен айналысқан. Өзінің адамгершілік жүйесін негіздеуде Кант адамгершіліктің мәні ретінде игілікті ерік болатындығына сүйенген. Ерік моральдық заңмен анықталады. Философ көңіл аударған игілікті ерік пен моральдық заңнан басқа тағы бір маңызды ұғым – борыш ұғымы. И.Кант категориялық императив заңын ұсынды, оның мәні «әрқашан адамды және адамзатты мақсат деп тұтатын қадамдар жаса, адамды құрал ретінде пайдаланба» деген ережеде ашылған. Оған адалдықты, ақкөңілдікті, табандылықты жатқызған.

Кант әлеуметтік философияға да әдеуір үлес қосқан. Ғалым ағартушылар ұсынған адамзаттың тарихи дамуындағы прогресс ұғымын жақтаған.

Канттың пікірінше, адамзаттың іргелі мәселесі – құқықтық, азаматтық қоғамға жету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

«Философия тарихына шолу»  автор:    Т. Х. Рысқалиев

«Тарихи философиялық таным»    автор: А. Қасабекова

«Философия»  авторлары: С.Т.Әденов, А.Х. Хожамқұл, Ғ.К.Котошева, А.Н.Кудерина

 

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BC%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D1%83%D0%B8%D0%BB_%D0%9A%D0%B0%D0%BD%D1%82

 

 

 


Информация о работе Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері