Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 19:07, доклад
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір.
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді, ал ескі ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады.
Жаңа Заманға ағылшын
1.Фр.Бэкон – философиядағы эмпиристік бағыттың негізін қалаушы;
2.Т.Гоббс (мемлекет мәселесін зерттеп, «қоғамдық келісім» теориясы);
3.Дж.Локк (Т.Гоббс дәстүрін жалғасырып, мәселесін зерттеді).
Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді жақтайтын бағыт. Эмпиристер райционалистермен дауласты.
Фр.Бэкон – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида».
Фр.Бэконның философиялық идеясының – эпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты – жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі — қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал жан, рух т.б.ғылыми тұрғыдан танып-білуге болмайтын болғандықтан — нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты нақты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп — табынушылық, жалған эксперимент екендерін түсінулері керек. Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі — индукция. Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және олар бір- бірімен байланыста болмайды.
Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» дегенді ұсынды.
Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау деп түсіндіреді Фр.Бэкон. Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индукция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар: «өрмекші жолы», «құмырсқа жолы», «ара жолы».
«Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады. «ой өрнегін өз ойларынан тоқиды».
«Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніш білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше). Бұл әдіс те біржақты. «Таза эмпирктер» өз назарын практикалық тәжірибеге, түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға аударып, білімнің сыртқы көрінісін, мәселені сыртынан, «қиғашынан» ғана көріп, мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін түсіне алмайды.
«Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы.
Осы жолды ұстаған зертеуші философ
«өрмекші жолы» мен «құмырсқа
жолдарының» жақсы жақтарын алып,
олардың кемшіліктерінен
Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамзаттың ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді елестер, идолдар деп атайды. Оның пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының кезендерінде пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың бойында алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың нақты бейнесін көмескілеп, адамға табиғаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар:
1.Тектік елестер;
2.Үңгір елестері;
3.Базар немесе алаң елестері;
4.Театр елесі.
Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - адамның табиғатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. Мысалы, ғылыми фактілерді толық жинап болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге көбірек сенеді. Бэкон теорияны эксперимент тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға себеп деп көрсетеді, ақылдың қанатына таразы тас іліп қойса, ақыл жерге, фактілерге жақындай болады дейді.
Үңгір идолдары («үңгір» - адасушылық) адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбылыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе.
Базар – театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Алаң идолдары – адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар. Жаман сөздерді қолдану адамның санасын, ойлау логикасын бұзады. Адамдардың көпшілігі оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл жерде қарапайым сананы сынайды. Сөздерді қолдана отырып, олардың артында нақты заттар тұрғанын, нағыз объективтілік тек соларға тән екенін ұмытпаған жөн дейді (номинализм бағытын жалғастырады).
Театр елестері – жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім «философиялық театрларды» туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім. Оны жеңу мақсатымен Бэкон «екі ақиқат» теориясын ұсынады. Философия ақыл-ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. «Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы». Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі кедергелерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.
Фр.Бэкон ғылымдар классификациясын жасауға тырысты. Ғылымдарды Бэкон адам пайдалылығына байланысты классификациялайды. Классификация негізі – адам ақылының қасиеттері: ес, қиял, пайым (рассудок). Еске – тарихи ғылымдар, қиялға – поэзия, пайымға – барлық ғылымдардың негізі – философия сәйкес келеді.
Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері – құдай, табиғат және адам. Философияның аталған 3 саласын адам түрлі жолдармен, құралдармен таниды:
1.табиғатты – тікелей
сезімдік қабылдау мен
2.Құдайды – табиғат арқылы;
3.өзін - ойдың өз-өзіне бағытталуы, ойдың ойды зерттеуі.
Оның ойынша философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі «Білім – күш» деген қағиданың авторы Бэкон еді. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісі: табиғат құбылыстарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайдалана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде – Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және мақсаттық болып белінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері, оларды зерттеу – физиканың міндеті. Бірақ бұл жеткіліксіз, формальдік себептер олардан тереңдеу, оларды талдайтын – метафизика.
Философияның соңғы бөлімі – адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні. Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет. Бұл істе оған көмектесетін практикалық философия, объективтік акиқаттарды танып-білу тәсілі. Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды.
Т.Гоббс – Бэконның философиялық дәстүрін жалғастырушы шәкірті:
1. эмпиризмді жақтады.
Декарттың рационалистік
2. философия мақсаты
– ғылыми-техникалық прогреске
жол ашу, адам әрекетінің
3. нағыз материалист болды;
4. қоғам мен мемлекет
мәселесін маңызды
Негізгі еңбектері: «Азамат туралы бастапқы негіздеме», «Левиафан – материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».
Гоббстың философиялық зерттеу пәні – гносеология және мемлекет мәселесі.
Гоббс адам танымы негізінен сезімдік қабылдау арқылы өтеді деп санады. Сезімдік қабылдау – сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) қоршаған дүниеден сигналдарды қабылдап, өңдеуі. Ол сипаттарды Т. Гоббс «белгілер» деп атап, былайша жіктейді:
1.Дыбыстар – жануарлардың
өз әрекетін немесе ниетін (білдіретін
сигналдар (құстар «әні»,
2. Табиғи белгілер – табиғат «сигналдары» (найзағай, бұлт, т.б.);
3. Еркін коммуникативті белгілер – тілдегі сөздер;
4. Белгілер рөліндегі белгілер – азшылыққа ғана түсінікті, арнайы шифрланған сөз (ғылыми тіл, діни тіл, жаргон, т.б.);
Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар қолдануды жақтады. Философтың мақсаты адамға оның өз әрекеттерінде практикалық жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетте тіршілік ететіндіктен қоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар.
Т. Гоббс өзінің әйгілі кітабы «Левиафанда» қоғам және мемлекет теориясын негіздеді. «Левиафан» («Құбыжық») – теорияның мәні мынадай:
1. Адам әрекеттерінің қозғаушы күштері – жеке пайда мен өзімшілдік, әрікімнің өз қажеттіліктері, аффектілері;
2. Аман қалу үшін
адамдар өзара «қоғамдық
3 .«бәрінің бәріне соғысын» болдырмау, шектен шыққан өзімшілдікті тоқтату үшін қоғамдық өмірді жүйелеудің қоғамдық механизмі (институты) – мемлекет пайда болды;
4.мемлекет дегеніміз – «Левиафан» - өз жолындағының бәрін жеп, жойып отыратын, қарсы тұру еш мүмкін емес, бірақ қоғам тіршілігі және ондағы тәртіп пен әділеттілік үшін өте қажет, мызғымайтын, көп бейнелі, аса күшті құбыжық.
Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзқарастың негізін қалады. Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды. Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі — есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы.