Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 19:07, доклад
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір.
4.Табиғат – Құдай – бір;
5.Табиғаттан тысқары
немесе Табиғаттан жоғары
6.Құдай Табиғаттың ішінде;
7.«Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай – «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;
8.жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның – Табиғат + Құдайдың «модустары» - көріністері ғана;
9.модустар тіршілігінің сыртқы көрінісі – біртұтас субстанция (Табиғат + Құдай), модустар. Оған бүтіндей тәуелді. Модустар кеңістікте және уақытта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.
Ал Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:
1.тіршілік етеді;
2.дербес, ештеңеге тәуелді емес;
3.өз-өзінің ішкі себебі бар (модустар сияқты сыртқы емес);
4.көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері (ойлау мен дәйектілік) Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті;
5.уақыт пен кеңістікте шексіз;
6.мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды);
7.қозғалыссыз.
Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол — субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз біртектес, бірреттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән.
Солардың ішіндегі ең маңыздылары кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім құдай да, табиғат та жаратпайды, ол өзінің өзінен пайда болуына себепкер. Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бұлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай: а) кеңістікте көсілу атрибутынан — қозғалыс және тыныштық модустары; б) ойлау атрибутынан — ақыл-ой және жігер модустары, болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелер — модустар. әлем түпнегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар — түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылы көрінуі. әлем универсум (әмбебап жалпы ұғым) ретінде мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады.
Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустер емес, сонымен бірге идеялар да — модустар. Олай болса адамдар өз мүмкіндіктерін, және табиғаттың заңдылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол өзі үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасызіс-әрекеттерден аулақ болып, құдайдың мәнін түсінугежақындар еді. Ал құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай құдайға дегенсүйіспеншілік те — біздің игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені олардың іс-әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.
Құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғылымдардың ісі, ал дінге келетін болсақ, оның құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда діннің шығуына екі турлі себептер әсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзнен табиғаттағы құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы, және 2) олардың табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы қорқынышы.
Бірақ, Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап тұру және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.
Гносеология мәселелерін зерттей келіп Спиноза танымның үш сатысын жіктейді:
1.тікелей адам танымынан
бастау алатын және ешбір
2.ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным;
3.қоршаған дүниенің
санада бейнеленуі нәтижесінде
қалыптасқан таным. Спиноза
Спиноза этикасының өзекті мәселелері: 1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы. Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:
1.субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді;
2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді;
3.модустарда (жеке заттарда)
еркіндік жоқ және олар
4.адам – модус басқа
модустардан ойлауымен
5.жаны азаттықты қалғаныме,
адам қажеттілік талабына
6.сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру – бостандыққа апаратын жол;
7.бостандық – бұл танылған қажеттілік.
Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар орындалуы қажет:
1.Табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу;
2.Аффектілерден (қайғы,
қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет,
өйткені олар бостандыққа
Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!.»
Г.Лейбниц – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер».
Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері:
1.Субстанция;
2.Таным.
Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын зерттей келіп олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді. Декарт пен Спиноза философиясына керісінше, Лейбниц монадалар туралы теория (субстанциялардың көптігі туралы) ұсынды. Егер Декарт өзінің философиясында дүние екі субстанциядан тұрады деп, ал Спиноза ол субстанция - табиғатты жалғыз деп есептесе, Г. Лейбниц мұндай ойлардың ағат екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, субстанция ұшы-қиыры жоқ дүние заттары болып есептеледі және ол өте көп. Философ әрбір субстанция болмыстың «біреу», яғни жалғыз екендігін, монада (дара, қарапайым деген сөз) екендігін анықтады. Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара бірлікте екендігін анықтап берді.
Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары:
1.Бүкіл дүние көп
санды субстанциядан құралған, субстанциялардың
табиғаты дуалистік (Декарт
2.Ол субстанциялар монадалар деп аталады (грек тілінен аударғанда «бір», «біреу»);
3.Монада қарапайым, бөлінбейді, дәйекті емес, материалды-заттық құрылым емес;
4.Монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс, әуестену, қабылдау,елестету.
5.Мәні бойынша монада
– өз жағынан үздіксіз
6.Өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді;
7.Монадалар абсолютті
тұйық және бір-біріне
Барлық монадаларды Лейбниц 4 топқа жіктейді:
1.«жалаңаш монадалар»
- неорганикалық табиғат
2.Жануарлар монадалары – түйсікке және жетілмеген өзіндік санаға ие;
3.Адам (жан) монадалары – санаға, еске, ойлау қабілетіне ие;
4.Жоғарғы монада – Құдай.
Монада класы жоғары болған сайын оның пайымдылығы мен бостандық деңгейі де жоғары. Болмыс мәселелері, субстанциялар (монадалар) туралы іліммен қатар Лейбництің философиялық қызуғышылықтарының келесі саласы гносеология болды. Лейбниц эмпиризм мен рационализмді келісімге келтіру мәселесін былай шешті:
1.Барлық білімді екі түрге: «ақыл ақиқатына», «акт ақиқатына» бөлді;
2.«ақыл ақиқаттары» ақылдан тарайды, логикалық тұрғыдан дәлелденеді, қажетті және жалпы сипатқа ие;
3.«факт ақиқаттары»
- эмпириялық (тәжірибелік) жолмен
алынған білімдер (мысалы, магнит
тартылысы, судың қайнау
4.Тәжірибелік (эмпириялық,
«факт ақиқаттары») тәжірибелі
білім «ақыл ақиқаттары»
Осылайша, таным не рационалды не тәжірибелік болып білімнің бір түрімен ғана шектелмей, оның екі түрін де қажет етеді және олардың бірі – рационалды (ақыл негізінде алынған) – шын білім де, ал екіншісі – эмпириялық (тәжірибеге негізделген) болжамдық сипаттағы білім.
Англияда философияда «идеалистік сенсуализм» деп аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның іргетасын Дж.Беркли және Д.Юм деген ойшылдар қалады.
Беркли Джордж ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат».
Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материялдық денелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түпнегіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық — біздің санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз — құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түбірлері. Мысалы, уақыт — түйсіктердің бірінің соңынан бірінің ауысып отыру дәйектігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себебі, өзіндік «меннен» басқа «бөтен меннің» болуы.
Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол — сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шыңдықтың субъективтік кескіні емес, түйсіктердің «еске алудың» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз нақты денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.
Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған, тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі Давид Юм болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б. Ол Берклидің көзқарастарының ықпалында болды, бірақ олардан скептицизм және агностицизм бағытына ауысты. Егер Берклидің көзқарасы бойынша, сыртқы әлем менің сезінуім болса, Юм сыртқы әлемнің тіршілік етуі туралы мәселе шешілмес мәселе деп сенді. Оның пікірінше, шындық — себептері белгісіз және тануға жатпайтын әсерлердің ағымы. Сонымен бірге, біздің қабылдап-сезінулеріміз сыртқы әлемнің тіршілік етуіне, оның сол сияқты тіршілік етпеуіне де аз дәлелдер береді. Сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.
Юм ешқандай түпнегізді мойындамайды. Себебі, ол үшін шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелерімен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқылы қалыптасады. Мысалы, құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегенділік т.б. с.с қабілеттіерді жинап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болады. Тәжірибенің өзі Юмның түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестігін «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде «ойлауға әдеттену» — өзіне себептілік инстинктінің көмегінің арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әселерінен» туындаған идеяларды субъективтік себептілік ретінде мойындайды.
Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік деректерден транценденттік идеяларға таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты — тәжірибе арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтын көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру.
Адамдардың іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.
Юм осы уақытқа дейін айтып келгендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық антропологиялық тұрғыдан философиялық рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист.