Жаңа заман философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 19:07, доклад

Описание работы

Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір.

Файлы: 1 файл

Жаңа Заман философиясы.doc

— 143.00 Кб (Скачать файл)

Дж.Локк – Бэкон мен  Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе». Бұл еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі - зерттеудің негізгі нысаны. Сондықтан ақылдың мүмкіндігін, оның қабілетін зерттей отырып, оны қалай пайдалану керектігін білуіміз қажет. Білім қандай жолмен пайда болады? Ақыл білімге қалай келді? Локк осы мәселелерді шешуде жалаң рационалистік көзқарасқа сүйенген Декарттың дүниетанымын қатты сынға алды. Ол ең алдымен Декарттың білім «туа пайда болады» деген идеясын сынай отырып, сезімде жоқ нәрсе ақылда да болуы мүмкін емес деп, эмпирикалық таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Ал сыртқы дүние сезім мүшелеріміз арқылы бізге әсер етіп, білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр. Мұндай көзқарас сонау Бэконның философиясынан басталатын белгілі бір эмпирикалық бағыттың сара жолы болатын.

Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:

1.дүние материалды;

2.таным негізінде тек  қана тәжірибе жатады («сезімде  болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»);

3.адамға «туа біткен  идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе  арқылы пайда болады;

4.сана – әр адам  өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet) тәжірибе жазылатын «таза атқат» (tabula rasa);

5.тәжірибе көзі –  сыртқы дүние;

6.философия мақсаты  – адамның өз әрекетінде табысқа  жетуіне көмектесу;

7.адам идеалы –  сабырлы, занды тындайтын және  заңды сыйлайтын, адамшершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен джентельмен;

8.мемлекет идеялы –  биліктің заң шығарушы, орындаушы  және федеративті (сыртқы саяси)  болып жіктелген негізде құралған  мемлекет.

Егер Бэкон білім - тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады:

1.  адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

2.  адамның дүниеге келгенкездегі ақыл-ойыештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ло тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.

3.  ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе — түйсік.

Психиканың қалай қалыптасқанын  түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші  сапалы идеялар және екінші сапалы идеялар. Бірінші сапалы идеяларға  дененің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар қалыптасады. Біріншісі — күрделі пайымдаулар ұғымдар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал екіншісі — сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар.

Ақиқат дегеніміз, Локктың  пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің  өзара келісімі.

Адамның қуанышын тудыратын және күшін өсіретін істің барлығы — игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.

Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалық философияның іргетасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп өзінен кейінгі ғұлама ойшылдарға үлкен әсер етті.

Егер ағылшын философтары  білімді тек сезімдік түйсіну  арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рене Декарт ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің  рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалық олар», «Философия бастамасы» т.б.

Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик  Рене Декарт деп саналады.

Рационализм (лат. ratio – «ақыл») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі:

1. онтологиялық

2. гносеологиялық

3. этикалық рационализм

Онтологиялық рационализм бойынша  болмыс негізінде ақылды бастама  жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.

Гносеологиялық рационализмнің басты  идеясы – «дүниені танып білетін  бірден-бір құрал - адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. «Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес».

Рационалистердің эмпиристерге қарсы  қоятын дәлелдері:

1.ақылдан өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;

2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.

«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм  деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды.

Декарттың философиядағы үлесі мынадай:

1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың  рөлін негіздеді;

2.Субстанция, оның атрибутары мен  модустары туралы ілімді ұсынды;

3.Философиядағы материализм мен  идеализм бағыттарын келісімге  келтіруге тырысып, дуализм теориясын  негіздеді;

4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.

Болмыс пен таным негізінде  ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:

1.Дүниеде адамға түсініксіз  заттар мен құбылыстар көп  (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның  қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі  бар ма? т.б.);

2.Есесіне кез-келген құбылыс  пен затқа күмәндеуға болады (дүние  шынымен тіршілік ете ме? Күн  шығып тұрғаны рас па? т.б.);

3.Түсініксіз, анық емес заттармен,  құбылыстармен салыстырғанда күмәндану  нақты қасиет, шын процесс және  дәлелді қажет етпейді;

4.Күмәндану – ойдың  қасиеті, демек, күмәндана отырып  адам ойлайды;

5.Шын тіршілік ететін  адам ғана ойлай алады;

6.Ойлау – ақылдың  жұмысы болғандықтан, болмыс пен  тану негізінде ғана жата алады.

Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер сияқты философияны да абсолюттік негізде тудыру керек деп санады. Сондықтан да ол философияның негізгі бір тапжылмайтын, нақты принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі болған бұл принцип «күмәндану» деп аталады. Оның «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін объективтік шындықтан іздемейді, керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы бар екенін мойындауға итермелейді. Сөйтіп, Декарттың күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды. Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қиюы қашқан қағидаларды теріске шығарды. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық — «күмәндануды» ойлаудың қабілеті деп мойындау.

Болмыс мәселесін зерттеу  барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын  базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.

Субстанция (латынша «негіз» деген мағынада) - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасиетке тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жеткілікті болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:

1.материалды (заттар),

2. рухани (идеялар).

Бұл екі субстанцияның  мәнісі - басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды. Айталық, материалдық субстанция рухтан немесе санадан пайда болмайды. Сондай-ақ, идеалдық субстанция да алғашқы болып саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.

Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған.

Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады.

Адам өз бойында екі  субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.

Р.Декарт «философияның  негізгі сұрағын» да дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде, сана ма? Таласы мағынасыз. Материя  мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі – материалды және рухани – субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды – олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жылжытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық салаларында шын білімге қол жеткізуге болады.

Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным  және дедукция арқылы алынатын білімдермен  қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер.

Ол білімдер екі түрде:

1.Ұғымдар;

2.Пікірлер түрінде  беріледі.

Туа біткен ұғымдарға  жататындар: «Құдай» (бар); «сан» (бар); «ерік»; «тән»; «жан»; «құрылым», т.б.

Туа біткен пікірлер: «бүтін өз бөлшектерінен үлкен»; «жоқтан ештеңе пайда болмайды»; «бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес», т.б.

Декарт практикалық танымды жақтады. Декарт бойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс:

1.адамның қоршаған  дүние туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;

2.ол білімдерді адам  мүддесі үшін табиғатты барынша  пайдалануға қолдану;

3.адамды жетілдіру;

4.түпкі мақсат - адамның  табиғатқа үстемдігіне пайдалану.

Бенедикт (Барух) Спиноза  – нидерланд философы. Негізгі  еңбектері: «Діни-саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары», «этика» т.б. Европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1.субстанция мәселесі;

2.таным теориясы;

3.этика сұрақтары,  бостандық және қажеттілік мәселелері.

Спинозаның философиядағы  маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен Спиноза Декарттың теориясының  кемшіліктерін жойып, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.

Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:

1.жоғарғы субстанция  – Құдай мен Ол жаратқан  субстанциялар арасында айырмашылық  жоқ;

2.барлығын, бүкіл тіршілікті  өзі қамтып жатқан бір ғана  субстанция бар;

3.ол субстанция Табиғат  пен Құдайды қатар қамтиды;

Информация о работе Жаңа заман философиясы