Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 20:02, курсовая работа
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді.
Кіріспе
I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.
1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы.
1.3. Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.
II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.
2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы.
2.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Республика Президентiнiң “
Экономиканың мемлекеттен тыс
секторларының дамуына жол
Қалыптасқан құқықтық ортаның шағын кәсiпорындарға тигiзетiн келеңсiз ықпалы, бiрiншiден, заңдылықтың дәйексiздiгiнен көрiнедi. Өйткенi кәсiпорындар қызметiнiң ереже-тәртiптерi, әсiресе және сыртқы экономикалық байланыстар саласында тым жиi өзгерiстерге ұшырап отырады. Екiншiден, заңдылықта елеулi олқылықтар бар. Айталық, меншiктiң барлық түрлерiнiң теңдiгiне және жекеменшiктiң қорғалуына құқықтық кепiлдiк өте осал. Үшiншiден, шағын кәсiпорындарды зорлық-зомбылық пен өктемдiкпен, чиновниктердiң парықсыздығы мен бiлiксiздiгiнен қорғаудың нақты тетiктерiнiң жоқтығы да көп зардабын тигiзедi.
Жалпы алғанда, ұсақ кәсiпкерлер әлi де болса қолайсыз әлеуметтiк ортада, халықтың бiрсыпыра топтары тарапынан ұнатпайтын, ықылас та немқұрайды ахуалда, күрделi жағдайда жұмыс iстеп жатыр. Жұртшылықтың мұндай көңiл күйiн сондай-ақ көбiне – көп кәсiпкерлердiң белгiлi бөлiгiнiң өркениетке жат, мәдениеттен алыс әрекеттерi мен мiнез – құлқы отқа май құйғандай қыздыра түседi. Қиын кезеңдегi күрделi iс-кәсiпкерлiктiң бiз байқаған кейбiр қырлары, мiне осындай.
Көптеген экономикалық, әлеуметтiк және саяси мәселелердi шешуге қабiлеттi болғандықтан шағын кәсiпкерлiктiң нарықтық экономикадағы маңызы зор.
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын бизнес құрылымдарының кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар.
Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан да көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар - бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлық дерлік шағын және орта бизнес болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. Адам өздеріне және 46 млн. Адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Қазақстан Республикасында адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8 сәуірдегі №499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.
Қазақстан жағдайында қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындар деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтық шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізінен салушылар жүзеге асырады., олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару – нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай- ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987 ж. АҚШ- тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болады.
Дәстүрлі түрде ірі
Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі фирмалардың әртүрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, құрылыстық – монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы тауашасын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері – бұл ірі бизнес саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар электромонтаж жұмыстарын әлдеқайда тиімдірек орындайды.
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл – шағын бизнестің динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.
Шағын бизнестің басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар (негізінен қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер – бұл ереже бойынша бір адам.
Шағын бизнес шағын және орта қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады. Мысалы, Көкшетау қаласының жағдайында, бұрынғы үлкен «Көкшетаустрой-1», «Көкшетау-2» трестері сияқты құрылыс өндірістерінің көлемі қысқартылып немесе жабылып жатқанда, шағын құрылыстық фирмаларды құру жүздеген құрылыс мамандарына өз қаласынан тысқары шықпай-ақ жұмысқа тұруға мүмкіндік берді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және орта бизнесті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын бизнестің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын бизнес тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде қарастырылады. Шағын фирмаларды көбірек құру – жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.
Біздің Республикамыз үшін шағын
бизнестің негізін қалау
Франчайзингтік қатынастың тағы бір
артықшылығы – бұл франчайзер
тарапынан жасалатын
Соңында, егер тәуелсіз бизнесті бастау айтарлықтай бастапқы салымды қажат етсе, франчайзингтік фирма құрған кезде бұл шығындар анағұрлым аз болуы себепті қаржылық артықшылыққа ие.
Шағын бизнестің негізін қалаудың тағы бір жолы – бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес. Сонымен бірге бұл бизнесте отбасы мүшелері қаласа толық, қаласа жарты күн жұмыс істей алады. Әдетте отбасылық бизнес бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтіп отырады.
Отбасылық бизнес пен бизнестің басқа да түрлері арасындағы айырмашылықтар. ҚР шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері
№ |
Отбасылық бизнес |
№ |
Бизнестің басқа түрлері |
1 |
Фирманы шексіз беріліп басқару, себебі отбасы мүшелерінің өмірі және жақсы тұрмысы бизнестің табысты не табыссыздығына байланысты. |
1 |
Фирма менеджерінің мүдделері арадағы шарт шеңберінде. |
2 |
Отбасы мүшелері өздерінің барлық мансаптарын тек бір жеке отбасылық бизнеспен ғана баланыстырады. |
2 |
Менеджерлердің өздерінің |
3 |
Стратегияны дайындау кезінде отбасы мүшелері шексіз уақыт кеңістігіне ие. |
3 |
Менеджерлер фирманың стратегиясын дайындау кезінде өте қысқа уақыт кеңістігіне ие. |
4 |
Бизнестегі сәтсіздіктер отбасы мүшелеріне, әсіресе оның менеджерлеріне драмалық зардап әкеледі. |
4 |
Бизнестегі сәтсіздіктер менеджерлерге салыстырмалы түрде аз әсер етеді. |
5 |
Отбасы мүшесінің менеджер ретінде қызмет атқаруының тоқтатылу ықтималдығы өте төмен. |
5 |
Фирмада менеджер мансабының
тоқтатылу ықтималдығы өте |
6 |
Отбасы мүшелері фирманың өсуіне және табысты болуына мүдделі, себебі ол жалғыз жұмыс орны және отбасы тұрмысын жақсарту көзі. |
6 |
Менеджер жалақысын арттыруға, мансабын жоғарылатуға және өсіруге мүдделі. |
7 |
Отбасы мүшелерінің кірістері фирма қызметінің түпкілікті нәтижелерімен тікелей пропорционалды. |
7 |
Менеджер жалақысының фирма қызметінің түпкілікті нәтижелеріне тәуелділігі анағұрлым аз. |
8 |
Шешім қабылдау орталықтандырылған сипатқа ие, дегенмен уақыт өте бұл беталыс төмендейді. |
8 |
Шешім қабылдау алқалы сипатқа ие, көбіне менеджерлер командасының қатысуына негізделген. |
9 |
Фирма қызметіне деген ішкі бақылау аз, жалаң сипатқа ие. |
9 |
Фирма қызметіне бақылау тым атүсті. |
10 |
Отбасы мүшелерінің арасындағы бақталастық отағасы мен мұрагерлер арасында жанжал туғызуы және отбасылық бизнестің сабақтастығын проблемалы етуі мүмкін. |
10 |
Сабақтастық бақталастыққа және жанжалға алып келуі мүмкін, бірақ акционерлердің мүдделеріне сәйкес акционерлердің бақылау жасау жанжалды уақытында тыйып, тоқтатуға мүмкіндік береді. |
11 |
Менеджер - өзіне және отбасына есеп беретін отбасы мүшесі. |
11 |
Менеджер акционерлерге есеп береді. |
Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы